Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет17/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

құрылыста кіМ 

Маңызды? 

Компаниямызда 62 кәсіп пен мамандықтың өкілі жұмыс істейді. Әр маманның жұмысы – болашақ құрылыс салынатын 

жерді  зерттеушіден  бастап  гүлзарларға  көшет  отырғызушыға  дейін  –  қызықты,  күрделі  және  жауапты.  Алайда,  үлкен 

мекемеде  еңбек  ететін  адамдар  әдетте  құрылыстың  әр  кезеңінде  жұмыс  істейтін  мамандардың  қандай  жұмыстарды 

атқаратынын біле бермейді. Сондықтан, біз әр түрлі кәсіп туралы жазылатын жаңа айдар ашып отырмыз. Газетіміздің бұл 

санында құрылыстың негізі -геодезисттердің жұмысын көрсетпекпіз.

Құрылыс неден басталады

Кез-келген  құрылыс  жерді  геологиялық 

зерттеуден  басталады.  Мамандар  жерасты 

ерекшеліктері  мен  жерасты  суының  деңгейін 

анықтау үшін ұңғыма қазады. Мұнан соң бірне-

ше сынама бағана қағып, олардың қаншалықты 

салмаққа төзе алатындығын байқайды. Барлық 

мәліметтер  жобалаушыларға  беріледі,  олар 

сынақ қорытындыларын ескере отырып ауырт-

палықты  есептейді,  бағананың  қажетті  санын 

анықтайды  да  ақпаратты  жобаға  енгізеді.  Осы 

жұмыстардан  соң  құрылыс  алаңына  геодезист 

келеді.  Бұл  жайында  Астанадағы  ЕХРО  Plaza 

және «ЕХРО қатысушыларына арналған тұрғын 

үй  кешені»  құрылыс  алаңдарында  филиал  ди-

ректорының  монолит  жұмыстары  жөніндегі 

орынбасары,  өз  ісінің  нағыз  шебері    Андрей 

Елисеевич Ким айтып, көрсетіп берді. 

–  Бүкіл  құрылыс  геодезисттен  басталады. 

Оған  ғимарат  қалай  орналасуы  керектігі  көр-

сетілген  жоба  тапсырылады.  Ол  таза  алқапқа, 

болашақ құрылыс алаңына бірінші болып кіріп, 

жер қазу жұмыстары жүргізілетін шекараларды 

белгілейді. Алғашқы қазықшаларды жоба бой-

ынша  ғимарат  түсетін  орынға  қағып  шығады. 

Геодезисттің  міндеті  –  сызбаны  тура  табиғи 

үлкендігіндей  етіп  шығару.  Уақытша  дуал  да 

геодезист  айтқан  жерге  қойылады.  Ешқандай 

ауытқу болмауы тиіс – дейді Андрей Елисеевич. 

Геодезист  кәсібінің  (инженер-геодезист) 

жауапкершілігі өте үлкен. Геодезисттер жоғары 

санатты мамандар болуы тиіс. Олар электронды 

тахеометрлермен жұмыс істейді және аспаппен 

жұмыс істей алатындығын дәлелдейтін арнайы 

сертификаты болуы қажет. 

Кәсіпқойдың айтар кеңесі 

Геодезист жұмыс алаңының шекарасын бел-

гілеп бергеннен кейін алаңға ауыр техника кір-

гізіліп, ол шұңқыр қазуға кіріседі. 

– Шұңқыр жоба бойынша қазылады, ал, ге-

одезисттер  барлық  белгіні  бақылап  отырады. 

Экскаватор  босаған  топырақты  жүк  көлігіне 

салады да олар оны бірден құрылыс алаңынан 

алып  кетеді.  Қажетті  көлемде  шұңқыр  қа-

зылғаннан кейін геодезист барлығын тексереді. 

Қажет болған жағдайда жердің кейбір тұстары 

аздап  қазылады  немесе  керісінше  топырақ  үй-

іледі – дейді Андрей Елисеевич. 

Топырақтың  құрамы  құрылыстың  ары  қа-

райғы технологиясын айқындайды. Астанадағы 

топырақ  балшықты  болып  келеді,  ғимарат  ор-

нықты  болуы  үшін  оны  бағаналардың  үстіне 

тұрғызады. 

Шұңқыр  дайын  болғаннан  соң  бағаналар 

қағыла бастайды.

–  Жобаға  енгізілген  әрбір  бағана  номер-

ленген және өзінің орны бар. Геодезист бағана 

қағылатын орынды дайындайды, арнайы қазық-

шаларды  бағаналар  алаңы  жоспарына  сәйкес 

қағады. Бағананың ұзындығы әр түрлі болады. 

Бестен  он  екі  метрге  дейін  жетеді.  Ол  топы-

раққа,  ғимараттан  түсетін  салмаққа  байланы-

сты.  Егер  жердің  беткі  қабаты  қатты  болатын 

болса, бағаналар қысқа болады. Бағаналар жо-

баға сәйкес нақты қағылуы тиіс. Ауытқу үлкен 

болған  жағдайда  ростверк  жасау  кезінде  мате-

риал көбірек жұмсалады, сондықтан, нақтылық 

өте  маңызды.  Барлық  бағаналар  қағылып  біт-

кеннен кейін құрылыс алаңына монолит құюш-

ылар  кіреді.  Олар  шұңқырды  қолмен  реттеп, 

ростверктер  жасауға  әзірлейді.  Жобаға  байла-

нысты  дайындықтың  әр  түрі  қарастырылған: 

ЕХРО  нысандары  құрылысында  ұсақтасты 

және  бетонды  әзірлік  жасалады.  Одан  кейін 

ғимаратқа  су  кірмес  үшін  іргетастың  горизон-

тальді гидроизоляцисы жүргізіледі. Мұнан соң 

темірбетон ростверктері жайғастырылады. Кей-

ін қалған ғимарат тұрғызыла бастайды – дейді 

Андрей Елисеевич. 



Қателікке жол беруге болмайды

Геодезисттің жұмысы қандай және олардың 

неліктен  қателік  жіберуіне  болмайтындығы 

жайында  инженер-геодезист  Всеволод  Копы-

рин  айтып  береді.  Ол  компаниямыз  Алматыда 

салып жатқан нысандарда жұмыс істейді. Все-

волод  Копырин  жас  та  болса  тәжірибелі  және 

жауапты қызметкер. 



Всеволод, геодезисттер немен 

айналысады? 

–  Геодезист  –  бұл  нысанның  жоспар-

лы-биік негіздемесін жергілікті жерге түсіретін 

адам. Бізге жоспарды не электронды түрде, не 

қағазға басылған түрде береді, сол арқылы са-

лынатын  нысанды  табиғи  үлкендігі  көлемінде 

көрсетуіміз  қажет.  Құрылысшылар  біздің  бел-

гілеріміз бойынша жұмыс істейді. Құрылыстың 

дұрыс болуы біздің жұмысымызға байланысты. 

Ғимараттың биіктігін, қай жерде орналасуы ке-

ректігін,  шұңқырды  қалай,  қандай  тереңдікте 

қазу  қажеттігін,  қанша  топырақ  үю  керектігін 

көрсетеміз.  Геодезист  құрылысты  ең  басынан 

–  реперлерді  қабылдаудан  бастап,  құрылыс 

аяқталғанға дейін бақылап отырады. 

Геодезист болып жұмыс істеу қиын ба?

– Егер адам өз кәсібін жақсы білетін болса, 

жұмыс  қиын  болмайды.  Бұрын  барлығы  қол-

мен  жасалса,  қазір  барлық  мәліметтерді  есеп-

теуге мүмкіндік беретін көптеген компьютерлік 

бағдарламалар  мен  аспаптар  бар.  Геодезисттің 

міндеті  –  барлық  цифрлар  мен  мәліметтерді 

бағдарламаға  дұрыс  енгізу.  Қазір  біз  цифр-

ларға  қарағанда  бұрыштармен  көбірек  жұмыс 

істейміз.  Реперлер  туралы  айтатын  болсақ,  біз 

белгілі  бір  аспаптармен  жұмыс  істейміз  –  та-

хеометрлер,  нивелирлер,  GPS  –  навигацияның 

спутниктік  жүйесі  бар.  Әр  аспаптың  өз  ерек-

шелігі, функциялары, қызметі бар. Биіктік бой-

ынша  нивелир  анағұрлым  дәл  жұмыс  істейді, 

тахеометрмен  жоспарда  нүктені  нақты  қоюға 

ыңғайлы. GPS – мүлдем әмбебап аспап, Құрғақ 

порт немесе әуежай секілді алаңды нысандарда 

24

BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау