Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет19/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

МЕн «БазистЕгі» ЖұМысыМды 

Жақсы көрЕМін

Ертеңгі күнге деген сенімділік пен аяғыңмен нық тұру – «Базис» секілді сенімді компаниядағы 

жұмыс адамға дәл осындай сезімді береді. Алайда, әр адам үшін ең бастысы отбасы болып қала 

береді.  BN-нің  бұл  санында  біз  оқырмандарымызды    компаниямызда  14  жылдан  бері  жұмыс 

істеп келе жатқан Игорь Викторович Блащук және оның жары Светлана мен екі сүйкімді қыздары 

жайында айтпақпыз.  

Игорь  Викторович  Блащук  компанияда 

2001 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол Ал-

матыдағы  «12  000  көрерменге  арналған  мұзды 

арена»  нысанында  Андрей  Борисович  Само-

родовтың  бригадасында  еңбек  етуде.  Универ-

сиаданың  басты  спорттық  ғимаратын  салуға 

қатысып  жатқан  Игорь  Блащуктың  кеудесін 

мақтаныш кернейді. «Мұзды арена» нысанында 

еңбек етіп жатқандардың барлығы осы ауқым-

ды жобаны мақтан тұтады. Біз нысан құрылы-

сын  белгіленген  мерзімде  аяқтау  сынды  ортақ 

мақсатқа  жұмыла  жылжып  келеміз»  -  дейді 

Игорь Викторович.

Игорь  Блащук  «Базиске»  тас  қалаушы  бо-

лып  орналасқан  болатын,  алайда,  үш  жылдан 

кейін  Андрей  Борисович  Самородовтың  бри-

гадасына  арматурашы  болып  баруды  ұйғарды. 

«Ол  уақытта  бұл  бригада  үздік  болып  есепте-

летін, қазір де солай. Сондықтан ауысуды жөн 

көрдім» - дейді Игорь Блащук.  Бірнеше меке-

меде  жұмыс  істеген  ол  олардың  ешқайсысын 

«Базиспен» салыстырмайды. «Мұндағы жұмыс 

қызықты, бригадада барлығымыз қиындықтар-

ды  бірге  еңсереміз.  Осы  компанияға  жұмысқа 

тұрғаныма  қуаныштымын.  14  жыл  ішінде  көп 

нәрсе  үйрендім.  Ұжымда  қарым-қатынасымыз 

өте жақсы. Бірін-бірі сыйлайды. «Базистен» ар-

тық компания жоқ, мұнда барлық уақытта қажет 

болса  қолдайды,  ақыл-кеңесін  айтады»  -  дейді 

Игорь Викторович. 

Жұмыс істеп жатқан компания қаншалықты 

сенімді  болсын,  айналаңдағы  ұжым  қанша-

лықты тату болсын, әр адамның өміріндегі ба-

сты нәрсе берік те бақытты отбасы болып қала 

бермек.  Дәл  осы  отбасы  ертеңгі  күнге  деген 

сенімділіктің,  кәсіби  және  мансаптық  өсудің 

негізі. Игорь Викторовичтің сенімді қорғаны – 

әйелі Светлана мен екі қызы. 

Блащуктер  отбасының  шыққан  жері  Жар-

кент.  1993  жылы  Игорь  Викторович  құрылыс 

техникумын  бітірді,  оқуда  жүріп  болашақ  жа-

рымен танысты. Бірге өмір сүріп жатқанына 22 

жыл. 14 жыл бұрын ерлі-зайыптылар Алматыға 

жақындау  қажет  деп  есептейді.  Кәсіби  және 

жеке  тұрғыда  анағұрлым  көбірек  мүмкіндік-

терді пайданалу үшін Боралдайға көшіп келеді. 

Блащуктердің тату отбасында екі қыз – Оля 

мен Юля. «Қазір балалар өсіп қалды, кіші қы-

зымыз  Ольга  10  сыныпты  бітірді,  16-да,  во-

лейболға  қызығады,  салауатты  өмір  салтын 

ұстанады, күн сайын таңертең жүгіреді. Шығар-

машылыққа  бейімі  бар,  мектептегі  қоштасу 

кештері  мен  концерттерді  жүргізеді,  сахнаны 

жақсы  көреді.  Ал,  үлкен  қызымыз  Юля  21-де, 

Қазақ-Ресей  Медицина  Университетінің  «фар-

мацевт»  мамандығы  бойынша  төртінші  курсқа 

өтті. Юля фармацевтиканы қатты ұнатады. Бұл 

мамандықты ол бала кезінде-ақ таңдаған. Уни-

верситетті  бітіріп,  жұмысқа  шығатын  күнді 

асыға күтіп жүр»  - дейді Игорь Викторовичтің 

жары Светлана. 

Светлана  Игорь  Викторовичтің  жары  ғана 

емес, бірінші кезекте ана. Ол медицина инсти-

тутын «фельдшер» мамандығы бойынша бітір-

ген. Светлана қалалық емханада жұмыс істеді, 

бірақ, кейін жердің шалғайлығына байланысты 

ауыстыруға тура келді. Қазір ол сауда саласын-

да істейді. 

Игорь Викторовичтің отбасы жеке үйде тұра-

ды, есіктің алдында аздаған шаруашылығы мен 

бақшасы бар. «Бос уақытта шаруашылықпен ай-

налысамыз, Игорь «Қалада тұратындарға жақсы, 

оларда  ешқандай  шаруашылық  жоқ,  жұмыстан 

келген  соң  жуын  да,  демалып  жата  бер»  дейді. 

Есесіне дастарханымызда күн сайын өзіміз өсір-

ген көкөніс тұрады» - дейді Светлана. 

Күн сайын айналып  келіп отыратын жұмыс 

күндерінен  бір  сәт  сергу  үшін  табиғат  аясына 

шыққанды – Алакөл немесе Қапшағайға барып, 

кәуап  пісіріп,  суға  түсіп,  күнге  қыздырынып, 

таза ауа жұтқанды ұнатады. «Біз Жаркентке жиі 

барып тұрамыз, ол жақта ата-аналарымыз тұра-

ды, қыздарымыз тіпті ала жаздай атасы мен әже-

сінің  үйінде  жүреді.  Ыстық  қайнарбұлақтарға, 

тілегіңді орындайтын қасиетті ағашқа көп бара-

мыз. Юляның екі арманы орындалды, тағы біреуі 

қалды» - дейді Игорь Викторович. 

«Құрылысшылар Күні» кәсіби мерекесі қар-

саңында  Игорь  Викторович  Блащук  «Базисте» 

енді жұмысқа кірісіп жатқан жас мамандарға еш-

теңеден  қорықпауды,  ешқандай  кедергіге  қара-

мастан нық сеніммен алға жылжуды кеңес етеді. 

«Бастысы – қорқыныш пен уайымға бой бермеу 

керек, сонда нәтижеге қол жеткізесің. Мақсатыңа 

қарай жүріп отырсаң кәсіби салада да, өмірде де 

жақсы  жетістіктерге  қол  жеткізесің.  Ал,  қиын 

жағдайда мұндағылардың барлығы көмектеседі, 

жалғыз қалдырмайды. Егер өзің айналысып жүр-

ген ісіңді сүйсең жұмысың тек қана қуаныш пен 

ләззат сыйлайды. Ал жұмыста өткізген әр  күнің 

қызықты да мазмұнды болады». 

26

BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015




Хоккей – нағыз ерлердің ойыны

Әлемде  «нағыз  ерлер  ойынының»  табы-

нушылары  миллиондап  саналады.  Хоккей  Ана-

толий  Фирсов,  Владислав  Третьяк,  Валерий 

Харламов секілді аңыз есімдермен тығыз байла-

нысты.  Хоккейді тек спорттың осы қатал түрін 

өмір  бойы  серік  етуге  бел  буған  күшті,  батыл, 

қажымас  қайратты  спортшылар  ғана  таңдайды. 

Жас спортшы Кирилл Крутский де солай жаса-

ды. Небәрі бір жыл бұрын ғана бала алты жасқа 

толғанда  әкесі  оны  «Барыс»  және  «Авангард» 

командалары  арасындағы  жарысқа  алып  бар-

ды.  Кириллге  хоккей  ә  дегенде  ұнады.  Руслан 

мен Евгения перзентінің ықыласын байқап, оны 

спорт секциясына берді. Әуелі астаналық хоккей 

клубының жаңа келгендер ойнайтын командасы-

на түскен Кирилл бір жылға жетер-жетпес уақыт 

ішінде «Барыс» командасының үздік қорғаушы-

сына айналды.  

Астаналық  «Барыс»  –  Қазақстанның  ең 

мықты  клубтарының  бірі.  Команда  әлемдік 

жарыстардың  бірнеше  дүркін  жеңімпазы.  Жа-

сыратыны  жоқ,  осындай  клубтың  жаттығуына 

қатысудың өзі жетістік. «Барыста» 150 бала жат-

тығады, олардың 22-сі ғана мықтылар команда-

сында ойнайды. Күзде Кирилл жолдастары мен 

жаттықтырушысымен  бірге  Ресейге  «Қазақстан 

– Ресей» чемпионатына қатысуға барады. Онда 

олар  қазақстандық  «Барыстың»  атынан  қатыса-

ды және өз жасындағылар санатында ойын көр-

сетеді.  

-  кирилл,  хоккеймен  шұғылданып 

бастағаныңа  жылға  толмай  жатып  бел-

гілі-бір жетістіктерге де қол жеткізіп үлгердің. 

өміріңді спорттың осы түрімен байланысты-

руды жоспарлап отырсың ба?

- Кәсіби хоккейші болғым келеді. Халықара-



BN-нің бұл санында қызметкерлеріміздің талантты перзенттеріне арналған тұрақты айдарда әріп-

тестеріміз Руслан мен Евгения Крутскийлер отбасындағы балалар жайында әңгімелемекпіз. Юлия 

и Кирилл Крутский ата-анасымен бірге Астанада тұрады. Екеуі де өте дарынды және келешегінен 

көп үміт күттіреді. Олар – үлкен жетістіктерге жетіп, болашаққа жоспар құру жасқа қарамайтын-

дығының жарқын үлгісі. 

лық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанғым ке-

леді. Хоккей – өте қызықты ойын. Мұнда үлкен 

табыстарға жетуге болады. 



- хоккейшілерден кімді үлгі тұтасың?

- Маған Овечкин ұнайды. Ол жақсы ойнай-

ды.  Мәселен,  әлем  чемпионатында  Ресей  құра-

масы  америкалықтарды  4:0  есебімен  ұтты,  сол 

ойында Овечкин керемет ойнады. 

- кирилл, таяу уақытта қандай команда-

мен сайысқа түскен болар едің?

-  Бәлкім,  «Астана»  командасымен.  Хоккей-

мен  айналыса  бастаған  кезде  алдымен  осы  ко-

мандада  жаттықтым,  кейін  «Барысқа»  кеттім. 

Қатарластарыммен  жарысып,  қайсымыз  мықты 

екендігін анықтауға деген құштарлығым зор. 

Қазір  Кирилл  қарқынды  жаттығуларын 

жалғастыруда, чемпионатқа әзірленуде және үл-

кен жеңістерге жетуді армандайды. 

Адам жан-жақты болуы тиіс

тикалық лицейде үздік оқиды, түрлі олимпиада-

ларға қатысады, мектебінің мақтанышы. 

Әрине, баланың аты – бала. Әрқайсысының 

өз қызығушылығы бар. Балалар уақытты доста-

рымен  көңілді  өткізгенді,  отбасымен  табиғат 

аясына барғанды ұнатады. Бірақ, жас дарындар-

дың келешекке деген жоспарлары анық. Кирилл 

мықты  кәсіби  хоккейші  болуға  бет  қойған,  ал, 

Юлия  дәрігер  болуды  армандайды.  Юлия  мен 

Кирилл  Крутскийлердің  компаниямыз  салған 

мектеп  оқушылары  шығармашылығы  Сарайын-

да жаттығатындығын айта кеткіміз келеді. Бұл - 

біздің тұтас бір жеңімпаздар буыны тәрбиеленіп 

жатқан  нысандарды  салатындығымызды  тағы 

бір  дәлелдейді.  Крутскийлер  отбасына  шексіз 

мүмкіндіктер,  қай  салада  болмасын  табыс  пен 

жаңа жеңістер тілейміз!

BN анықтамасы

Ерлі-зайыпты  крутскийлердің  «Базис» 

компаниясында  еңбек  етіп  келе  жатқанда-

рына 15 жыл. руслан компаниямызға кезек-

ші  электрик  қызметіне  жұмысқа  алынған, 

алайда,  көп  ұзамай  электр    монтаждаушыға 

ауысты.  Бастапқыда  шәкірт  ретінде  жұ-

мыс  барысын  бақылап  қана  жүрді,  кәсіптің 

қыр-сырына қанықты. Бірақ, адам жұмысқа 

шындап ден қойса үлкен жетістіктерге жетуге 

болады. Бір жылдан кейін-ақ руслан бригадир 

болды.  қазір  ол  –  электр  монтаждаушылар 

участогының  бастығы.  русланның  жолдасы 

Евгения  қойма  меңгерушісі  болып  жұмыс 

істейді. Барлық бос уақытын талантты да та-

бысты балаларын тәрбиелеуге жұмсайды. 

Балаларды ЖЕңіМпаздық 

рухта тәрБиЕлЕу кЕрЕк

Руслан  мен  Евгения  Крутскийлердің  отба-

сында  мақтан  тұтар  жайттар  жетерлік.  Спортта 

тек ұлдары ғана жетістіктерге жетіп жүрген жоқ. 

Биыл 12-ге келетін қыздары Юлияның көркемө-

нер мектебіне барып жүргеніне төрт жыл. Бейне-

леу өнерімен айналысатын ол осы уақыт ішінде 

Астана қаласы мектептері арасында өткен бірне-

ше байқауға қатысып, жүлделі орындарды иелен-

ді. Ол адам жан-жақты жетілген болуы тиіс деп 

есептейді.  Сондықтан,  Юлия  шығармашылық 

әлеуетін  дамытумен  ғана  шектелмей,  спортпен 

де шұғылданады. Екі жыл бұрын ата-анасы оны 

үлкен  тенниске  алып  барды.  Рас,  әзірге  Юлия 

теннисте  айтарлықтай  жеңістерге  жете  қойған 

жоқ, алайда ол сол мақсатты бетке алып келеді. 

Қанша дегенмен бұл спорттың жеңіл-желпі түрі 

емес,  сондықтан,  қандай  да  бір  нәтижеге  жету 

үшін тер төгу қажет. Бұған қоса, Юлия матема-

біздің балаларымыз

27



жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау