Ж О Б А
Ауыл жастарын
жергілікті өзін-өзі
басқаруға тарту
Павлодар қаласы
2016 жыл
Аталған жарияланым Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қол-
дауымен «Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту» жобасы
шеңберінде шығарылды. Аталған жарияланымның мазмұны авторлар-
дың көзқарасын көрсетеді және Сорос-Қазақстан қорының көзқарасы-
мен сәйкес келмеуі мүмкін.
© «Павлодар аймақтық басқару мектебі» ҚҚ,
2016 ж.
Барлық құқықтар қорғалған. Осы жарияла-
нымда көрсетілген материалдар дереккөз-
дерге сілтеме көрсетілген кезде «Павлодар
аймақтық басқару мектебі» ҚҚ алдын-ала
келісімінсіз толық немесе ішінара пайдала-
ныла алады.
© Павлодар, «Дом печати» ЖШС, 2016.
ӘОЖ 351/354
КБЖ 67.401
А 91
ISBN 978-601-7844-09-7
ISBN 978-601-7844-09-7
ӘОЖ 351/354
КБЖ 67.401
А 91
Жоба
Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту
. – Павлодар:
«Дом печати» ЖШС, 2016. – 40 б.
3
Мазмұны
Жоба туралы ақпарат
4
Ұсынымдар 13
Жоба серіктестері 16
Жоба бойынша фотоесеп 28
Әлеуметтік зерттеудің нәтижелері 40
4
Жоба туралы ақпарат
Кіріспе
Жастарды қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тарту мәселесі
әсіресе, Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде өзекті болып отыр,
сондықтан жастар тұрғындардың демографиялық құрылымын-
да жоғары үлес салмағын алады және қоғамдық қатынастар жү-
йесінің қызмет етуін, саяси процестердің дамуын белгілейді.
Қазақстанда мемлекеттік шешімдерді қабылдау және оларды
жүзеге асыру процесіне азаматтарды тартуға барлық жағдайлар
жасалуда. Бірақ та, көптеген ауылдар әкімдік және мемлекеттік
қызмет көрсетулер бойынша барлық қызметтер орналасқан ауыл-
дардан жүздеген шақырым алыс жерде орналасқан. Ауыл жаста-
ры бюджет, мемлекеттік қызметті кім және қайда көрсететіндігі,
қайдан көмек сұрау керектігі және т.б. туралы хабардар емес.
Онымен қоса, олар билікпен қарым-қатынас жасау түрлері, тұр-
ғындармен жалпы жиын, жекелеген жиын мен жиналыстарды
өткізу тәртібі туралы білмейді. Бұндай жағдай жергілікті мәселе-
лерді шешуде жастарды белсенді түрде тартуға мүмкіндік жаса-
майды.
Сол кезде көптеген елдерде жастар бастамаларын жүзеге
асыруда барлық жастардың атынан сөз сөйлеуге, жастардың мә-
селелерін шешуде билікпен белсенді түрде өзара әрекет етуге
нақты құқығы берілген арнайы құрылған жастар құрылымдары
(кеңестер, палаталар, үкіметтер және т.б.) тиімді түрде қызмет
етуде. Мысалы, 1992 жылы Еуропа Кеңесімен «Муниципалдық
және аймақтық өмірге жастардың қатысу хартиясы» қабылданған
болатын, бұнда жинақталған тәжірибе жалпыланып қана қоймай,
кеңестерді немесе жастар комитеттерін, земстволық комиссия-
ларды, «дөңгелек үстелдерді», форумдарды және т.б. құру арқы-
лы жастарды жергілікті жерлерде шешімдерді қабылдау процес-
теріне қосу туралы ұсыныстар берілген. Бұл әлеуметтік институт-
тарда жастар саясатын құрастыруда жастар белсенді рөл атқарып
5
қана қоймай, өзіне қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру
үшін жауапкершілік алады.
«Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту» жобасы –
бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен шешім қабылдауда
жастардың қатысуына бағытталған іс-шаралар кешені. Жоба Пав-
лодар облысының Павлодарское ауылы, Баянауыл, Железин, Май
және Павлодар аудандарының аймағында жүзеге асырылды.
Барлығы жобаға 2681 адам қатысты.
Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруда азаматтық қатысу
түрлері мен әдістеріне, бюджеттеу принциптеріне, жобалық
менеджмент пен адвокасидің негіздеріне үйрету
2015 жылдың қыркүйек айында «Павлодар облысы жастар
саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Баянауыл ау-
даны ішкі саясат бөлімінің жастар бастамасын дамыту орталығы»
КММ, «Железин ауданының «Айбат» жастар бастамасын дамыту
орталығы» КММ, «Май ауданы әкімдігінің Май ауданы ішкі саясат
бөлімінің «Армандастар жастар орталығы» КММ, «Ақтоғай ауда-
нының ішкі саясат бөлімі «Жас қанат» жастар бастамасын дамыту
орталығы» КММ бірлесе сауалнама жүргізу арқылы жастардың
жаңа білім мен дағдыларға деген қажеттілігіне бағалау өткізілді.
2015 жылдың қазанынан желтоқсанға дейін 5 үш күндік «Әре-
кет ет және жең!» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарларда жастардың негізгі құзыреттерді, соның ішінде
жергілікті өзін-өзі басқару, ауыл бюджетін бағалау мен монито-
рингілеу әдістері, мемлекеттік бағдарламалар және тұрғындарға
қызмет көрсету, жобаларды басқару туралы білімді, атқарушы
органдармен, азаматтармен қарым-қатынас дағдыларын игеруі-
не, адвокаси науқандарын өткізуге негізгі көңіл бөлінді. Көшбас-
шылық қасиеттерді қалыптастыруға және әртүрлі әлеуметтік топ-
тармен тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға жеке
модуль бөлінді.
Алынған білім мен дағдыларды бекіту үшін интерактивті оқы-
тудың тиімді түрлері қолданылды. Бұл – «Сахарадағы дауыл» және
6
«Саяжайдағы таң» іскерлік ойыны, мәселелерді қалыптастыру бо-
йынша ақыл шабуылы, кейс-әдістемелерді талдау, пікірталас.
Семинарға қатысушылар үшін электронды тұсаукесерлер құ-
растырылды:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
дамуының негізгі бағыттары»;
«Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне тұрғындар-
ды тарту. Ауыл жиындары мен жергілікті қауымдастық өкілдерінің
жиналысы»;
«Жобалық менеджментке кіріспе»;
«Қажеттілікті бағалау»;
Сондай-ақ, бастамашылық топтарды құру, жергілікті қауым-
дастық тұрғындарының қажеттілігін бағалауды жүргізу, болашақ
жобаларға арналған идеяларды таңдау бойынша үлестірме мате-
риалдар жасалды.
«Әрекет ет және жең!» оқу құралы басып шығарылды.
Сауалнама нәтижесі бойынша семинар қатысушыларымен
игерілген білім және дағдылармен қанағаттанушылық 95% құра-
ды.
Тестілеудің базалық, аралық және қорытынды бағалау тал-
дауы «4» және «5» бағалары санының 11%-дан 81%-ға дейін арт-
қанын куәландырады.
Семинар-тренингтің қатысушылары алынған білімнің қолдан-
балы сипатын атап өтті: Бұл жобаның көмегімен мен жергілікті
өзін-өзі басқарудың барлық қыр-сырын білдім. Аталған жоба-
да игерілген барлық ақпарат, тәжірибе мен үшін өте пайдалы
және болашақта керек болатыны сөзсіз. Әсіресе берекелі және
білікті бапкерлер мен жоба жетекшілерінің командасын атап
өткім келеді (Лашкевич Наталья).
7
Ауыл жастарының коммуникациялық және көшбасшылық
құзыреттерінің, аналитикалық қабілеттілік пен сыни
ойлауының дамуы
5 игі іс
Өткізілген семинарлар нәтижесі бойынша аудандарда ауыл
жастарынан 28 бастамашыл топ құрылды, негізінде 4 аудан мен
Павлодарское ауылында «5 игі іс» акциясы жүзеге асырылған
дала зерттеулері жүргізілді және ауыл тұрғындарының кезек
күттірмейтін қажеттіліктері анықталды.
Акция барысында көптеген қажетті және пайдалы игі істер
жасалды. Мысалы, Железин ауданының ардагерлері тарапынан
күтпеген ұсыныс түсті: «Балықтарды қыста жаппай қырылудан
сақтау» акциясын өткізу. Тәлімгерлердің бақылауымен жастар
Железин ауданының бір өзенінде 70 шұңқыр қазды, нәтижесінде
мұз астына ауа кіре бастады және қыс уақытында балықтар ауа
жетіспеушілігінен құтқарылды.
Жалғызбасты ҰОС ардагерлеріне, мұқтаж қарт адамдарға,
мүмкіндігі шектеулі жандарға ауланы қардан, қоқыстан тазалауда,
үй-жайларды жинауда, ағаш кесуде және т.б. тимурлықтар көмегі
ұйымдастырылды. Әрбір ауданда мектеп оқушыларымен бірге
бастамашыл топтар құстарға арнап 100 үйшік жасады. Қыс бойы
жастар оқушылармен бірге үйшіктердегі жемнің болуын қадаға-
лады.
Көптеген жастар үшін «5 игі іс» материалдары бұдан әрі бай-
қауда ұсынылған әлеуметтік жобаларды құрастыруға негіз болды.
«5 игі іс» акциясын «Жас Отан» жастар бірлестігінің белсенділері
қостап алып кеткендігін және сондай «25 игі іс», «100 игі іс» ак-
циялары барлық қалалар мен ауылдарда өткендігін атаған жөн.
Қазақстан бойынша осындай акциялардың өтуі туралы әлеуметтік
желілерде ақпарат бар.
Бастамашыл топпен өткізілген әлеуметтік сауалнама талдауы
көмек көрсетілген тұрғындардың 96% жастар акциясымен қана-
ғаттанғанын көрсетеді (5 игі іс).
8
«Өзін-өзі басқару күні»
«Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының белсенді
қолдауы мен қатысуы арқылы 2016 жылғы 22 сәуір күні Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институты базасында «Мен әкім бол-
ған кезде...» тақырыбына эссе байқауы, әлеуметтік жобалар мен
«Жастардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктері» атты пікір-талас тур-
нирлері өткен «Өзін-өзі басқару күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараларға ауыл жастары мен 3 өңірлік ЖОО студенттері қа-
тысты: 83 адам санымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мем-
лекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық инс-
титуты және Инновациялық Еуразияттық университеті.
«Мен ауыл әкімі болған кезде…»
тақырыбындағы эссе байқауы
Эссе байқауына 12 жұмыс ұсынылды, бірақ тек қана 5-уі эс-
сені жазу талаптарына сәйкес өтті. Бұлар:
А.Е. Ибраеваның – Железин ауданы, А.С. Асылованың – Пав-
лодарское ауылы, Н.С. Шайхиннің – Баянауыл ауданы, Н.Б. Ертаев-
тың – Ақтоғай ауданы, Бекше Дәуреннің – ПМУ студенті.
Жастар өз жұмыстарына шығармашылықпен қарады. Жастар-
дың өз ауылына немқұрайлы қарамауы, олардың жақын адам-
дардың тарихымен мақтанатындығы, болашақтан зор үміт күтті-
ретіндігі қуантты. Барлық жұмыстарда игі, оң жаңалықтар және өз
өңірлерінің позитивті болашағына деген сенім бар.
Комиссия мүшелері Железин ауданынан Азиза Ибраеваның
жұмысын ерекше деп таныды. Барлығы виртуалды түрде бола-
шақта болды: оның кабинетінде болды, былғарыдан жасалған
орындықтың иісін сезді, қол қоятын қағаздармен папкаларға толы
үлкен үстелді көрді, ауданды аралады, жаңа әкімнің меншігін
қарай отыра, жергілікті мәселелерді шешті. Болашаққа осындай
саяхаты үшін Азиза үздік эссесі үшін дипломмен және сыйлық -
«Тиімді адамдардың 7 дағдысы» атты С. Ковидің кітабымен ма-
рапатталды: Бұндай жобалар өсем деген ниеті бар және Отан
игілігі үшін қызмет етемін деген қазіргі жастар үшін өте қа-
жет. Ауыл жастары арасында сауатты, талантты және бо-
лашағынан зор үміт күттіретін жастар өте көп. Жоба жас
9
патриоттарды қосатын өзіндік көпір сияқты. Біздің жоба жо-
ғары деңгейде өтті. Дәл осындай жоба маған жаңа мүмкіндік-
тер мен бастамаларға есік ашуы мүмкін. Мен жобаларды да-
йындауды және эссе жазуды үйрендім. Енді мен нық әрекет ете
және осы сияқты іс-шараларға қатыса аламын. Жоба жетекшісі
Батаева Альмираға және ауыл жастарының дамуына баға жет-
пес үлес қосқан бапкерлерге шексіз рахмет айтамын.
Әлеуметтік жобалар байқауы
Комиссияға ұсынылған 15 жобаның тек қана 4-уі жоба жазу
талаптарына сәйкес келді:
«Павлодарское ауылының №40 мектебінде ДМШ балаларға
арналған арт-терапия кабинетін ашу» (Матай Қымбат, Павлодарс-
кое ауылы);
«Железин ауылында интеллект кафесін ашу» (Ибраева Азиза,
Железин ауданы);
«Май ауылында жастар үйін ашу» (Қалиева Қымбат, Май ау-
даны);
«Ақтоғай ауданында сауық орталығын ашу» (Ертаев Нариман,
Ақтоғай ауданы).
Жобаларды дайындауда жастар семинар кезінде алған білім-
дері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданды: ФСК логикалық
рамка пайдаланылды, сауалнама кезінде ауыл тұрғындарымен
ұсынылған идеялар жинақталды.
«Үздік жоба» номинациясында диплом және сыйлықпен
(Э.Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар. Ойын ойнайтын адам-
дар» кітабы) «ДМШ балаларға арналған арт-терапия кабинетін
ашу» жобасын ұсынған Павлодарское ауылынан Қымбат Матай
марапатталды. Бұл қысқа мерзімде құрастырылған және жүзеге
асқан жалғыз ғана жоба болды.
Семинарда жобалық менеджмент бойынша білім алған
соң Қымбат 11 адамнан тұратын бастамашы топты құрды және
300 ауыл тұрғыны арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәти-
жесі бойынша жоба жақын арада өтетін ауыл жиынында жобаны
талқылауды ұсынған Павлодарское ауылының әкімі И.В. Фогельға
таныстырылды. Ауыл тұрғындарының шешімімен 2016 жылғы ақ-
10
пан айында Қымбаттың жобасын жүзеге асыруға жергілікті бюд-
жеттен сомасы 103000 (жүз үш мың) теңге қаражат бөлінді. Ауыл
әкімінің қолдаухаты бойынша Павлодарское ауылының №40 мек-
тебінде кабинет бөлінді. Жергілікті қауымдастықтан бөлінген қа-
ражат кабинетке арналған құрылғыларды, құмтерапиясына ар-
налған үстел, жұмысқа қажетті кеңсе тауарлары мен материалдар
(пластилин, құрғақ құм, витражды айна мен бояулар, сіріңке мо-
заика, гипстан жасалған бұйымдар және т.б.) сатып алуға жұмсал-
ды. 2016 жылғы 18 наурызда арт-терапия кабинеті аптасына бір
күн жұмыс істеу кестесімен ашылды.
Жоба белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, ризашылық
білдірген балалар мен аналардың саны арта түсті: Коррекциялық
кабинеттің ашылғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің
ерекше балалар үшін өте қолайлы. Оларға бір нәрсемен шұғыл-
дануға мүмкіндік бар. Тіпті біздің мектепке барғанымыздың өзі,
олар үшін үлкен жетістік. Қымбат сабақтарды өте қызықты
және олар үшін танымды өткізеді. Бала сабаққа баруға және
«ұдайы!» айналасуға қуанышты – деп мүгедек бала Козлов Ми-
лославтың анасы Козлова Лариса Николаевна жазды.
Қазіргі уақытта Қымбат бұл кабинетті кеңейту және жұмыс
күндерін көбейту бойынша жобаны аяқтап жатыр. Жобаның ерек-
шелігі – бұл жоба кезінде жеке жобаларға бөлінген инновация-
лардың түрленуі болды. Осылайша, Қымбат №40 мектеп оқушы-
ларымен бірге облыс оқушылары арасында бірінші орынды алған
арт-терапия кабинетіне арналған сенсорлық төсенішті жасау бо-
йынша жобаны құрастырды.
Железин ауданынан Мұқанов Бекболат ұсынған Интеллект-
кафесін ашу жобасы да қызықты. Ол жұмыс жастары үшін ойын-
сауық орнының жоқтығы мәселесін көтерді: Негізгі мақсат біз
жастардың өз денсаулығына, салауатты өмір салты мәде-
ниетінің дағдыларына деген көзқарасын қалыптастыруды,
дене шынықтыру және спорт жаттығуларына араласуды көз-
дейміз.
Бұл кафеде әртүрлі дағдыларды құру қарастырылған: «Менің
режимім» тақырыптық кештері, «Зиянды әдеттер шеруі» театр-
ланған көрінісі, «Кітапты немесе интернетті таңдаймын» әңгімесі,
11
«Менің денсаулығым – баға жетпес қазына» тренингі, «Мен жас-
пын, сондықтан бай-қуаттымын!», «Қалаймын» және «Қажет» біт-
пейтін дау» викторинасы, «Батыл болсаң, шық!» байқауы, «Жас-
тайынан денсаулықты сақтаңдар» пікір-сайыстары, «Мен адам-
мын!» әңгімелесу кештері.
Ақтоғай ауданында сауық орталығын ашу – ол жоба Ақтоғай
ауданының әкімі С. Батырғұжиновтың қолдауымен болды. Қазіргі
таңда әкімдікпен бос тұрған ғимаратты қайта құру бойынша ЖСҚ
құрастырылуда.
«Жастардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктері!?»
пікір-сайыс турнирі
Негізгі мақсат – жастарды жергілікті өзін-өзі басқаруды талқы-
лауға тарту болды.
Пікір-сайыс кезінде жастар өздері ұсынған мәселелерді кө-
терді:
студенттік өзін-өзі басқару арасынан лайықты депутат дайындап шығаруға
болады;
студенттер арасынан қоғамдық пікірлер көшбасшыларын дайындап шыға-
руға болады;
ауылдың өзекті мәселелерін шешуге арналған механизмдерді табу үшін
өңірдің ауыл жастарын біріктіруге болады;
ауыл жастары қызметіне инновацияларды енгізу қажеттілігі;
туған ауылын абаттандыру және гүлдендіру үшін ауыл жастарын дайындау;
ауыл жастары ең мәдениетті және үлкен әлеует;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылды дамытуға арналған ең үздік
бағдарлама;
неге жастар ауыл әкімдеріне ұсынылмайды?;
неге ауыл әкімдері арасында жастар аз?
Пікір-сайыс турнирінде интеллектуалды жарыс атмосферасы,
жарыс рухының командалық қолдауы, қызығушылық қыза түсті.
Әрбір келесі мәселемен қызығушылық одан сайын арта түсті. Бұл
жастарға тақырып өте өзекті және түсінікті екендігін көрсетеді.
Біз облыстың ЖОО мен ауыл жастары арасында байыппен
өткізілген іріктеу турнирінен соң орыс тілінде 8 команда және қа-
зақ тілінде 2 команда шығады деп ойлаған жоқпыз.
Павлодар мемлекеттік университетінің «Жұлдыздар» коман-
дасы мен Павлодарское ауылынан шыққан топ дипломдармен
12
және У. Айзексонның «Инноваторы. Как несколько гениев, хаке-
ров и гиков совершили цифровую революцию» кітабымен мара-
патталды.
Мақсатты топтар мен тұрғындарды жергілікті
қауымдастықтың өміріне қатысуға мүмкіндігі және адвокаси
туралы ақпараттандыру
Павлодарское ауылының, Железин, Май ауданының баста-
машыл топтары өз көшбасшылары Матай Қымбат, Ибраева Ази-
за, Қалиева Қымбаттың басшылығымен әкімдермен және әкімнің
орынбасарларымен ұдайы түрде кездесіп тұрды. Кездесулер ба-
рысында біздің «Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тар-
ту» жобасы таныстырылды, жастар оқу нәтижелері туралы, «5 игі
іс» акцияларының жүзеге асырылуы туралы айтты.
Сондай-ақ, ауыл жастарының жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамыту және тұрғындармен қарым-қатынас бойынша мәселелер
мен міндеттер талқыланды. Әкімдер және әкім орынбасарлары-
мен одан әрі жас депутаттармен өткен кездесуде айтылған ұсы-
ныстар берілді.
Жастар көшбасшылары Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары А. Нуркина және А.
Құрмановамен кездесуге шақырылды. Жастар депутаттарды Пав-
лодар облысындағы жобаның жүзеге асырылуы туралы ақпарат-
тандырды. Жоба аяқталған соң ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі
басқаруға тарту бойынша ұсыныстарды депутаттарға жіберу тура-
лы уағдаластық жасалды.
Жобаның қорытынды іс-шарасы – жас көшбасшылардың Пав-
лодар облысының жас депутаттарымен: облыстық мәслихаттың
депутаты – Элина Паулимен, аудандық мәслихаттың депутаты,
жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, «Жас Отан» ЖҚ,
облыстық мәслихаттың өкілдерімен кездесуі болды. Кездесу ба-
рысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жастардың қа-
тысу мүмкіндігін кеңейту, ауылда азаматтық білім беруді жетілді-
13
ру, жастар топтарының өзіндік ұйымдасу белсенділігі бойынша
ұсыныстар талқыланды.
Жас журналистер жобаның жүзеге асырылуы туралы мақала
дайындады:
2015 жылғы 25 наурыздағы «Ауыл тынысы» № м (51-52 (9130)
бетті қараңыз) және 2015 жылғы 21 қарашадағы «Родные просто-
ры» №46 ауыл газеттерінде;
облыстық «Звезда Прииртышья»
«Сарыарқа самалы» газеттерінде.
Мақсаттық топтарды жоба туралы ақпараттандыру 86,2 % құ-
рады.
91% алдағы уақытта осындай жобаларға қатысуға ниет
білдірді.
Бұл жоба ауыл жастары үшін болашаққа бастайтын жоба
болып табылады. Ол ауыл жастары үшін қолдау болады, сон-
дай-ақ өзін қандай да бір жағдайда сенімдірек сезінуге әкеледі.
Алынған оң сергектік және қуат бізге қызықты өмір сүруге кө-
мектеседі. Және де бұл жобаны ұйымдастырушыларға көптен-
көп рахмет (Жукашев Ағыбай).
Аталған жоба өте өзекті және менің өз ойымды білдіруімде
айтарлықтай маңызы бар. Өз ауданы мен өз елінің игілігі үшін
еңбексүйгіштікке негіз бола алады. Әрбір ҚР жас азаматы өз елі
үшін өте маңызды. Өйткені, біз, ҚР жаңа ұрпағымыз және жаңа
істерді біз жасаймыз. Жоба командасына жоба шеңберінде
өткізілген ұмытылмас күндер үшін алғыс айтамын (Есенова
Гүлмира).
Жоба іс-шараларының нәтижесі бойынша ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігіне:
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-қадамын «Есеп бе-
ретін мемлекетті қалыптастыру» V-бөлімін жүзеге асыру мақса-
тында жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларын, жергілікті маңыз-
ды мәселелер бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау
14
процестеріне тұрғындардың қатысу түрлері мен әдістерін халық
арасында түсіндіру бойынша кең көлемде ақпараттық компания-
ны құру қажет;
Аудандық және ауылдық деңгейде азаматтық қоғамның да-
муына жәрдемдесу;
«азаматтық қоғамды дамыту» көрсеткіштері бойынша аудан
әкімдерінің рейтингісін енгізу;
Жергілікті өзін-өзі басқаруға жастарды тарту әлемдік тәжіри-
бені зерделеу, әсіресе, барлық жастардың атынан сөз сөйлеуге,
жастардың мәселелерін шешуде билікпен белсенді түрде өзара
әрекет етуге нақты құқығы берілген арнайы құрылған жастар құ-
рылымдарының (кеңестер, палаталар, үкіметтер және т.б.) тиімді
түрде қызмет етуі.
2. Аудан әкімдіктеріне:
бюджетті жоспарлау кезінде жастар клубтары мен орталықта-
рын қаржыландыруды, сондай-ақ басқа да жастар бастамаларын,
соның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қарастыру;
тұрғындар жиналыстары мен ауыл жиынында белсенді жас-
тардың қатысуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
«Жас Отан» ЖҚ ПОФ және «Павлодар аймақтық басқару мек-
тебі» ҚҚ бірлесе жыл бойы орындарда жастар саясаты мәселе-
лерін түсіндіру бойынша жылжымалы мобильді ақпараттық топ-
тарды ұйымдастыру;
Павлодар облыстық мәслихатымен бірге жас ауыл белсенді-
лерінің облыстық мәслихатта ұдайы түрде тағылымдамадан өтуін
ұйымдастыру;
«Жас Отан» ЖҚ ПОФ және барлық деңгейдегі депутаттармен
бұл жоба аясында құрастырылған жобалардың жүзеге асырылуын
бақылауға алу;
3. Мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде ауыл жастарын ҮЕБ ұйымдарының дағдыларына, жо-
баларды құрастыру, еріктілер іс-шаралары мен әлеуметтік акция-
ларды өткізу кезінде тұрғындардың мұқтажын бағалауға оқытуды
қарастыру.
15
4. Жас депутаттарға жергілікті қауымдастық мәселелерін ше-
шуде ауыл жастарының бірігуіне бағытталған жастар мәслихатта-
рын әрбір ауданда құруға бастамашылық ету.
5. Павлодар облысының үкіметтік емес жастар бірлестік-
теріне:
облыс аудандарында өз өкілдіктерін аша отырып, өз қызмет-
терін жандандыру;
барлық деңгейдегі ауыл әкімдері мен депутаттарына үміт-
керлікке әрі қарай ұсыну үшін жас белсенділер ортақтастығын
құру.
Қорытынды
Қорытындылай келе, оқыту арқылы жергілікті деңгейде
шешімдерді қабылдауда жастардың рөлі мен қатысуын арттыру,
жергілікті жастар ҮЕБ әлеуетін және жастар бастамаларын жүзеге
асыруды арттыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап
өткім келеді.
Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен ауыл
жастарын жаңа түсінікте азамат болуға – құқықтық санасын оятуға
үйрету, азаматтық қызметке қатысуға және жауапкершілікті сезі-
нуге үйрету қажет.
Мемлекеттік мекемелерге өз мәселелерін шешуде жастарды
қатыстырудың жаңа түрлерін іздеудегі үздік әлемдік тәжірибені
зерделеу ұсынылады. Осылайша, жастар өздерін біздің еліміздегі
түрлендірмелі процестерінің субъектісі және қатысушы ретінде
шын мәнінде сезіне алады. Бұл егер де мемлекет жастар саясатын
формальды түрде емес шын мәніде басым етсе ғана, білім алу қол-
жетімді болғанда, өз ісін ашуға, лайықты сыйлықақы үшін алын-
ған кәсіби дағдыларын жүзеге асыруға, отбасы құруға, тұрғын үй
алуға, қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етілгенде,
басқа да әлеуметтік мәселелер шешімін тапқанда болуы мүмкін.
Біздің ортақ міндетіміз – біздің болашақта қалай өмір сү-
ретіндігіміз жастарға байланысты екендігін түсіндіру!
16
Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы
Сауалнамаға барлығы 1960 адам қатысты.
Нақты 1751 сауалнама толтырылды және өңделді , 5 бейрес-
ми сұхбат өткізілді.
146 сауалнама «Жергілікті қауымдастық бағалауын қажет
ететін» (бастамашыл топтың жұмысы), сондай-ақ 17 сауалнама
«Ауыл жастарын жоба мақсаты мен міндеті туралы ақпараттанды-
ру» кем дегенде 50%-ға толтырылды немесе бүлінді және өңдеуге
қабылданды. Конкурстарда және дебаттық жарыстарда жоспар-
ланған 100 адамның орнына 83 адам қатысты.
1751 сауалнама жүргізілді, соның ішінде:
Ауыл жастары (жобаның ықтимал қатысушылары) – 300 адам,
300 сауалнама;
Семинар-тренингтерге қатысушылар – 125 адам, 250 сауална-
ма;
Жергілікті бірлестік тұрғындары – 810 сауалнама өңдеуге қа-
былданған саны бойынша 810 адам:
Павлодарское ауылы – 216;
Ақтоғай ауданы – 153;
Баянауыл ауданы – 110;
Железин ауданы – 211;
Май ауданы – 120;
Ауыл жастары (жобаға қатыспағандардан басқа) – 300 адам,
300 сауалнама;
Конкурс пен дебаттық жарыстарға қатысушылар – 83 адам,
83 сауалнама.
Сұрастыру нәтижесін талдау мен жинақтау әр толтырылған
сауалнаманың жауабын есептеу саны негізінде өткізілді.
Оқытуда мақсатты топтардың қажеттілігін бағалау
Сауалнама талдауы сұрастырылғандардың 100% жергілікті
өзін-өзі басқару туралы білуге және жергілікті қауымдастықтың
мәселелерін шешуде белсенді қатысуға ниет білдірді.
17
Сұрастырылғандардың 45% жергілікті өзін-өзі басқаруды да-
мыту бойынша басқа елдердің тәжірибесі қызықтыратындығын,
сонымен бірге 71% азаматтық қатысудың түрлері мен әдістері ту-
ралы және 80% жергілікті бюджеттің жұмсалуы мен құрастырылу
тәртібі туралы білгісі келетіндігін көрсетеді.
Тек қана ауыл жастарының 10% оқудан соң, жастар ҮЕБ ұйым-
дастыруға және 15%-ы әкімдер немесе депутаттар сайлауына қа-
тысуға дайын. Себебі: қажетті білім мен дағдылардың жоқтығы.
50%-дан астамы әлеуметтік жобаларды құрастыру үшін білім мен
дағдыларды алғылары келеді.
Семинар тыңдаушыларының базалық білімін бағалау
Кіріспе және аралық сауалнама нәтижесі ауыл жастарының
базалық білімінің жеткіліксіз деңгейін көрсетті. Жергілікті өзін-өзі
басқару және жергілікті бюджетті қалыптастыру саласында заңна-
ма нормалары мен негізгі ережелерін жеткілікті білмеуі байқал-
ды. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесі бойынша бірде-бір тыңдаушы
заңнаманы білу сұрақтарына толықтай дұрыс жауап бермегенін
атап өткен жөн.
1-диаграмма. Сауалнамаға жауап бергендердің жергілікті өзін-өзі басқару
саласында заңнаманы білу деңгейі
3% (4 адам) жергілікті бюджеттің кіріс көздері туралы білгені-
мен, бұл сан толық суретті бермейді. Біздің ойымызша, дұрыс
18
жауап бергендер – бұл бюджеттік тапсырыс пен бағдарламаларды
құрастыруға қатысатын Жастар орталықтарының жетекшілері мен
олардың қызметкерлері. Нашар жауап берген сауалнамаға қаты-
сушылардың саны - 62%, бұл алдында көрсетілген диаграммадағы
көрсеткіштен едәуір төмен (40%).
2-диаграмма. Сауалнамаға қатысушылардың жергілікті бюджеттің
кіріс көздері туралы білім деңгейі
Семинар-тренингтердің бағасы
Қорытынды сауалнаманың нәтижесі қатысушылардың тақы-
рыппен, бағдарлама және бапкерлердің жұмысымен қанағатта-
нуының жоғары деңгейін атап көрсетті: тренингті 95-дан 100%
дейін «5-ке» бағалады.
Тыңдаушылардың шамамен 100% интерактивті оқыту әдісі-
мен бірінші рет танысты: топтардың тұсаукесері, «ақыл шабуы-
лы», рөлдік ойындар және т.б.
Сонымен бірге жастардың 2/3 бөлігі жергілікті маңызды мә-
селелерді шешуде өзін-өзі басқару органдарының жеткілікті дең-
гейде қатыспауын атап өтті. Бірнеше адам негізгі себебі ретін-
де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нақты өздерінің,
олардың мәртебелері, өкілдіктері мен мүмкіндіктеріне қатысты
19
жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнаманың толық жетіл-
мегендігін атап өтті.
Тыңдаушылардың көп бөлігі өмірге позитивті қарайды, өз-
дерінің саяси сауаттылығын нақты бағалайды және әрі қарайғы
оқу қажеттілігін мойындайды.
Семинарға қатысушылардың 100% олардың көп бөлігі оқыту-
дан өткендігіне қарамастан, болашақта да осындай семинарларға
қатысуға ниет білдірді.
Жергілікті қауымдастықтың қажеттілігін бағалау
Жобаны құрастырушылардың ойы бойынша «5 игі іс» акция-
сын жоспарлаудың негізі болып жергілікті қауымдастықтардың
семинар-тренингтерді өткізгеннен кейін құрылған бастамашыл
топтарға деген қажеттілік анықталды.
Бапкерлермен бастамашыл топтарды құру алгоритмі егжей-
тегжейлі жазылғанын атап өткен жөн. Бастамашыл топтардың
кейбіреуі тұрғындармен ауланы аралау әдісі арқылы кездесті, бас-
қалары (Павлодарское ауылы) әкімдіктерден мәліметтерді алды
және сол немесе басқа қажеттіліктері бар отбасыларға мақсатты
түрде барды. Үшіншілері (Железин ауданының жастары) тұрғын-
дардың өтініштерін тыңдаған ауыл жиындарының алаңдарын
пайдаланды.
Тұрғындар ауыл әкімдіктерінің жұмысын 80% жақсы бағала-
ғанмен, сұралғандардың 91% жеке сипаттағы мәселелерді шешу-
ге мұқтаж, соның ішінде:
тұрғын үй - тұрмыстық – 53%;
жұмысқа орналастырумен байланысты – 13%;
әлеуметтік көмекпен байланысты – 20%;
ақшаға шағылған материалдық көмекпен байланысты – 11%.
Сұралғандардың 6% ғана жергілікті қауымдастыққа байла-
нысты мәселелерді: экология, абаттандыру, денсаулық сақтау
және білім беруді атады.
20
4-диаграмма. Жергілікті қауымдастық тұрғындарының қажеттілігін бағалау
Жобаның мақсаты мен міндеттері туралы ауыл жастарының
ақпараттануын бағалау (бастамашыл топтардың жұмысы)
Бұл сауалнаманы «5 игі іс» акциясын өткізгеннен кейін баста-
машыл топтар да өткізді.
Сұралған жастардың 86,2% жоба туралы өздері біліп, 5 игі істі
жүзеге асыруға қатысты. 8% жоба туралы газеттерден білді.
91% болашақта ұқсас жобаларда қатысуға ниет білдірді.
Негізгі ұсыныстар ретінде аудан орталығынан алыс орналас-
қан ауыл жастарына барып, оқыту семинарларын өткізу туралы
айтылды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруда жастардың қатысуын бағалау
Респонденттерге: «Сіз өзіңіздің кіші Отаныңыз (ауыл, аудан,
қала) қалай дамып жатқандығы туралы қызығушылық таныттыңыз
ба?». 59,2% ауылдың дамуын мұқият бақылайды. 26,2 % ауылдың
дамуы туралы басқалардан біледі. Тек 14%-ы ғана жағымсыз деп
жауап берді.
Дегенмен, әкімдіктердің жұмысын «жағымсыз» деп бағала-
ған респонденттердің саны көп - 19%.
21
«Сізді қандай күнделікті мәселелер толғандырады?» деген
сұраққа жауаптардың үлесі келесідей болды:
1-гистограмма. Жергілікті өзін-өзі басқаруға жастардың қатысу бағасы
Бірақ та бұл мәселелерді көпшіліктің пікірі бойынша облыс
әкімі мен ауыл әкімдері ғана шеше алады.
2- гистограмма. Жергілікті өзін-өзі басқаруға жастардың қатысу бағасы
22
Дегенмен, респонденттердің 76%-ы олардың әл-ауқаты өз-
деріне байланысты екендігін мойындайды.
Ауыл жастарының өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға бө-
гет жасайтын жағдайларды айта отыра, ауылдың маңызды мәсе-
лелері бойынша оның алдындағы жауаптармен ұқсас 42% «мен-
талитет және қоғамдық өмірдегі төмен белсенділікті» + «жұмыс
істеу үшін дағдыларының және белсенді қоғамдық өмірдің жоқ-
тығын», ал 40% «еңбек нарығында жастарға сұраныс жоқтығын»
+ «жастарға көмек беретін пәрменді мемлекеттік көмектің жоқты-
ғын» атап өтті.
16%-ы еліміз бен облыстағы жалпы әлеуметтік-экономика-
лық жағдайға сүйенді. Ең қызығы, бір де бір респондент кедергіні
«сапалы білімнің жетіспеушілігі» деп айтпаған.
3-гистограмма. Жергілікті өзін-өзі басқаруға жастардың қатысуын бағалау
Жастар өмірінің ажырамас бөлігі қоғамдық қызмет болып та-
былады. Жастарды қоғамдық қызметке тарту арқылы жастарда
мәдени-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үдерісі пай-
да болады.
Сауалнамаға қатысқандардың 52,4%-ы жастар әртүрлі қо-
ғамдық және саяси ұйымдар арқылы («Нұр Отан» партиясы мен
«Жас Отан» бірлестігімен көрсетілген), 52,3% - жастар бірлестік-
тері мен ұйымдарына қатысу арқылы, 35,7%-ы сайлауларда дауыс
23
беруге қатысу арқылы саясатқа әсер етеді деп санайды. Сауална-
маға қатысқандардың үшінші бөлігі – жастар мемлекеттік орган-
дарда жұмыс істеу арқылы саясатқа әсер етеді деп ойлайды. Сол
мезетте 21%ы – жастардың дауысы естілмегеніне сенімді.
Осындай жауаптар сауалнамаға қатысқан жастардың жоға-
ры ұйымдастырушылық деңгейіне негізделген: респонденттердің
92%-ы сол не басқа қоғамдық ұйымдардың мүшесі болып табы-
лады.
4-гистограмма. Жастардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын бағалау
шараларда респонденттердің 45%-ы жергілікті өзін-өзі бас-
қару органдарының жұмысына қатыспайды, бірақ қатысқылары
келеді, 19%-ы оны қалай істеу керектігін білмеген соң қатыспайды
және 14%-ы қызығушылықтары болмағандықтан қатыспайды.
Жастардың қызығушылығын сақтап қалып, респонденттердің
дайындығын бөлу
Сауалнамаға қатысқандардың 60%-дан көбі жастарды бюд-
жетті және әкім есебін талқылауға қатыстырмайтыны немесе
24
олардың ойынша ештеңе өзгермейді және олардың қызығушы-
лығын сақтап қала алмайды деп есептейді.
Өз топтарының қызығушылықтарын мәслихат депутаттары
мен әкімдерді сайлауға қатысу арқылы сақтап қалатыны белгілі.
Соңғы барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлау нәтижесі бойын-
ша Павлодар облысында 12 жас, 30-ға дейінгі жастағы 6 жұмыс
істеп тұрған ауылдық әкімдер сайланғанына қарамастан, жастар
сайлауға қатысуға дайын емес.
Респонденттердің көзқарасы бойынша депутаттар мен әкім-
дерді сайлауда жастардың белсенділігінің төмен себептері:
38%- ы - саяси білімдері мен тәжірибесі, адамдармен жұмыс істеу
дағдысының болмауы, 35,7%-ы – ауылдастарының құптайтынына
сенімділігінің болмауы, сондай-ақ, 19%-ы - ауылдық жастардың
әрекетсіздігі.
Ауыл мәселесін шешуге басқаларды өз еркімен жұмылдырып
респонденттердің дайындығын бөлу
5-гистограмма. Жастардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын бағалау
25
Бұл гистограммадан сұралғандардың 30,9% - ының адамдар-
ды жұмылдыру бойынша үлкен тәжірибесі бар екендігін, ал 35%-
ына әлі де күш салу керектігін көруге болады. Сауалнамаға қа-
тысқандардың 21%-ына адамдардың селқостығы бөгет жасайды
және 11%-ында ниеттері жоқ.
Әкім және депутаттыққа сайлануға респонденттердің
дайындығын біркелкі бөлу
Респонденттердің 64% тиісті білім мен тәжірибе алғаннан
кейін 5 жылдан соң депутат болуға дайын. 14,2% - бүгін дайын. 7%
депутаттар бір де бір мәселе шешетіндігіне сенбейді. 10% - дан
кем емес депутаттыққа ешқандай қызығушылық танытпайды.
21,4% ауыл әкімі болуға ұмтылмайды. Тек жартысы ғана
5 жылдан соң сайлауға түсетін болады. 14,2% - өз кандидатурала-
рын бүгін ұсынуға дайын.
Жастардың жартысы дағдыларды дамытуға тәуелді: көшбас-
шылық - 50%, жобаларды өңдеу және жүзеге асыру - 26%, ерікті-
лер қызметі - 23%, тиімді байланыс - 16%, аналитикалық қабі-
леттілік - 16,6%, ауыл бюджетін қалыптастыру - 7%.
«Сізге қажетті дағдыларды қалай дамытасыз?» сұрағына
47,6% ауыл өміріне белсенді қатысамыз деп, 38% оқимыз деп
(көшбасшылық тренингтері), 16% әлеуметтік жобаларды жүзеге
асыру үшін бастамашыл топтарды құратындықтарын, 9,5% ауыл
жиынына немесе ауыл тұрғындары жиналысында өз кандидату-
раларын ұсынатындықтарын айтты.
Қорытынды
1) Әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жобаны құрастыру кезін-
де оның авторларымен белгіленген негізгі мәселелерді дәлел-
деді: ауыл жастары жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуға дайын,
бірақ та олардың көбіне білім мен дағдылар жетпейді.
2) Жастардың көптеген ұйымдардың қоғамдық іс-шарала-
рына қатысуы білімдеріндегі олқылықтарды толтырмайды және
26
тиімді байланыс және көшбасшылық дағдыларын, аналитикалық
қабілеті мен сыни ойлауды дамытпайды.
3) Ауылдық жерлерде ауыл жастары мен әкімдік және мәсли-
хаттармен конструктивті байланыс жоқ.
4) Мемлекеттік мекемелер, ауылдық әкімдіктер жастар ара-
сында жергілікті өзін-өзі басқаруға жастардың қатысу әдістері мен
түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді: жиналыстарда,
ауыл жиындарында.
5) Барлық жастар іс-шаралары облыстық деңгейде құрасты-
рылады және қаржыландырылады. Аудандық деңгейде тек қана
облыстық мемлекеттік органдардың жобаларына кірген іс-шара-
лар қаржыландырылады.
6) Облыстық деңгейде ауыл жастары арасында ауыл әкімдері
мен депутаттарына әлеуетті кандидаттарды анықтау мен қолдауға
арналған бағдарламалар жоқ.
7) Облыс ауылдарында жастар ҮЕБ төмен белсенділігі байқа-
лады немесе олардың қызметі оқып жатқан жастар мен мемле-
кеттік қызметшілер үшін бір реткі іс-шаралармен шектеледі (КВН,
салтанатты даталарға флешмобтар), жұмыс істейтін, ауыл шаруа-
шылығымен, кәсіпкерлікпен, өндіріспен айналысатын жастарды
қамту деңгейі төмен.
Ұсыныстар
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың әлемдік тәжірибесі
азаматтық білім беруде жастарда ауыл, аудан, қала деңгейінде
мәселелерді шешу кезінде қоғамдық бастамашылықтың маңызды
екендігін көрсетеді.
Ауыл жастарының қоғамдық құзыреттілігін қалыптасты-
ру және әлеуметтік тәжірибе, әртүрлі қоғамдық ұйымдар және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне тарту кезінде
ғана әрі қарай дамуы мүмкін.
Жергілікті қоғамдастық жастар үшін маңызды қоғамдық мә-
селелерге қатысты шешімдерді қабылдау тәжірибесінің, қызмет
көрсетудің, жігерлерін қолданудың кең өрісі болуы мүмкін.
27
Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту мақсатында
келесі ұсыныстар әзірленді:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар
министрлігіне:
жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларын, жергілікті маңызы
бар мәселелер бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау
процестеріне тұрғындардың қатысу түрлері мен әдістерін халық
арасында түсіндіру бойынша кең көлемде ақпараттық компания-
ны құру қажет;
аудандық және ауылдық деңгейде азаматтық қоғамның да-
муына жәрдемдесу;
«азаматтық қоғамды дамыту» көрсеткіштері бойынша аудан
әкімдерінің рейтингісін енгізу.
Аудан әкімдіктеріне бюджетті жоспарлау кезінде жастар
клубтары мен орталықтарын қаржыландыруды, сондай-ақ басқа
да жастар бастамаларын, соның ішінде мемлекеттік-жеке серік-
тестік аясында қарастыру.
Аудан әкімдіктеріне тұрғындар жиналыстары мен ауыл жиы-
нында жастардың белсенді қатысуы бойынша түсіндіру жұмыста-
рын жүргізу.
Мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде ауыл жастарын ҮЕБ ұйымдарының дағдыларына, жо-
баларды құрастыру, еріктілер іс-шаралары мен әлеуметтік акция-
ларды өткізу кезінде тұрғындардың қажеттілігін бағалауға оқыту-
ды қарастыру.
Жас депутаттарға жергілікті қауымдастық мәселелерін шешу-
де ауыл жастарының бірігуіне бағытталған жастар мәслихаттарын
әрбір ауданда құру бойынша бастамашылық ету.
Павлодар облысының жастар бірлестіктеріне облыс аудан-
дарында өз өкілдіктерін ашу арқылы өз қызметтерін жандандыру.
28
«Ауыл жастарын жергілікті өзін-өзі басқаруға
тарту» жобасының фотоесебі
«Әрекет ет және жең!» семинары
Идея!!! Осы сөзден жобаны
әзірлеу басталады
Жастар тренері әрі Павлодарское ауылының
әкімі Ирина Фогельмен ЖМБ бюджетін
қалыптастыру мәселесін талқылау үстінде
Қымбат Матай
командасының
жобаны қорғау
дайындығының соңы
29
Біз – бір командамыз!
Кофе-брейктен кейін энергиямен қуаттану керек!
Семинар бапкері Г.К. Исенова
жергілікті бірлестіктердің
мәселелерін анықтау сабағын
өткізуде
Ақыл шабуылы.
Нұрсұлтан
Шайхиннің командасы ауыл
мәселелерін белсенді түрде
талқылауда
30
Санат Кәрімов ауылдық
мектептің төмен ҰБТ көрсеткіші
мәселесін шешу бойынша
өз командасының жобасын
таныстыруда
Осы уақытта бәсекелестер
өз жобаларын қорғауға
дайындалуда
Оқы, оқы және тағы оқы! – бұны Ақтоғай ауданының
жастары да жақсы меңгерген
31
«5 игі іс» акциясы
Железин ауданындағы «Балықтарды қыста
жаппай қырылудан сақтау» акциясы
Мырзабек Оразалиннің командасы
тұрғындар мұқтажын бағалауды
өткізу жоспарын құрастыруда
С. Әкімбеков
ақыл шабуылын өткізуде
32
Жастардың қолынан кез-келген игі іс келеді!
33
Құстарға үйшік жасау қызықты әрі
танымдық маңызы зор
34
«Өзін-өзі басқару күні»
Студент жастары арасында небір дарындар бар!!!
Күн қызу өтуде. Жастар деканның, кафедра меңгерушісінің,
Күн қызу өтуде. Жастар деканның, кафедра меңгерушісінің,
оқытушылардың уақытша орнын басу мүмкіндігіне ие
оқытушылардың уақытша орнын басу мүмкіндігіне ие
болды. Әркімнің өз міндеті бар...
болды. Әркімнің өз міндеті бар...
35
«Мен ауыл әкімі болған кезде...» тақырыбындағы эссе байқауы
Әлеуметтік жобалар байқауы
«Мен ауыл әкімі болған кезде...»
тақырыбындағы ең үздік эссе» байқауының
жеңімпазы - Ибраева Азиза
Әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпазы Қымбат Матай:
«Павлодарское ауылында ДМШ балаларға арналған
арт-терапия кабинетін ашу»
36
Мұқанов Бекболат «Железин
ауданында интеллект-кафесін
ашу» жобасын ұсынуда
«Жастардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктері»
атты пікір-талас турнирі
Турнир жеңімпаздары: Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институтының «Жұлдыздар» командасы
және Павлодарское ауылының командасы
Өте білікті және әділ
комиссия
37
Марапаттап, дипломдар мен
сыйлықтарды алған қандай
тамаша!!!
Жеңімпаздар!!!
38
Жас ауыл белсенділерінің депутаттармен қорытынды кездесуі
Қымбат Матай ауыл жастарының
әрекетсіздігі туралы айтып жатыр
Азиза Ибраева жастар бастамаларын жүзеге
асыру үшін әкімдіктермен қарым-қатынас
жасау жайында жоба ұсыныстарын қолдады
39
Облыстық мәслихаттың
ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Николай Чудовский ауылдың
жас белсенділеріне облыстық
мәслихатта тағылымдамадан
өтуді ұсынды
«Жас Отан» жастар қанатының ПОФ көшбасшысы
Данияр Айтышев облыс ауылдарында жастар саясаты мәселелерін
түсіндіру жөніндегі мобильді-ақпараттық
топтарды ұйымдастыруды ұсынды
Облыстық мәслихаттың ең
жас депутаты Элина Паули
жастардың әлеуметтік
жобаларының жүзеге асырылуын
бақылауға алуға уәде берді
40
ҚҚ жобадағы серіктестіктері:
Сорос-Қазақстан Қоры
(СҚҚ)
– міндеті Қазақстанда ашық
қоғамның құндылықтарын жылжыту болып табылатын үкі-
меттік емес қайырымдылық ұйым. СҚҚ «Ашық Қоғам» Қорлар
жүйесінің бөлігі болып табылады. Толығырақ www.soros.kz сай-
тында.
«Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалы
– бұл елді
жаңғырту процесінде қазақстандық жастарды саяси үйлесті-
руші. 29 жасқа дейінгі жас азаматтарды өз қатарына біріктіретін
Павлодар облысының ірі жастар ұйымы.
«Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі
басқармасы» ММ
жастар мен жастар ұйымдарының бастама-
ларын қолдауға, шығармашылық, рухани және жастардың дене
мүмкіндіктерін дамытуға, берік салауатты өмір салты дағдыла-
рын және жастар арасында азаматтық-құқықтық және адам-
гершілік мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған жастар саясаты
саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
«Павлодар облысының әкімдігі» ММ, «Баянауыл ауданы-
ның әкімдігі» ММ, «Железин ауданының әкімдігі» ММ, «Ақ-
тоғай ауданының әкімдігі» ММ, «Павлодарское ауылының
әкімдігі» ММ.
«Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық қоры
ҚҚ 2000 жылдың желтоқсан айында өңірде азаматтық білім
беруді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде
бизнес пен билікті қалыптастыру, азаматтық сектор институтта-
рының қарым-қатынасына арналған шарттарды жасау мақса-
тында ұйымдастырылды.
16 жылдың ішінде тұрғындардың барлық әлеуметтік тобын білдіретін
13 мыңнан аса адам оқытылды. Жобада еріктілердің қатысуы есебінен мультип-
ликативтік әсер 17 мың адамнан асады.
Бұл жылдар ішінде 33 жоба. Оның ішінде: 23-і халықаралық ұйымдар грант-
тарының және 12-сі облыстық/қалалық/аудандық бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |