Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы



жүктеу 308,57 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата21.11.2018
өлшемі308,57 Kb.
#22929
1   2   3   4   5   6   7

18 

 

 



Семинарлық  және  тәжірибелік  сабақ  жоспарын  құру  мына  негізгі 

моменттерді жасуды енгізеді: 

-  оқытушының кіріспе сөзі (берілген тақырыпты таңдауды негіздеу, 

 оның  өзектілігін  көрсету,  семинардың,  тәжірибелік  сабақтың  мақсатымен 

мәселелерін анықтау); 

-  талқылауға шығарылған сұрақтарды ойлау; 

-  тыңдаушыларды белсендендіру тәсілдерін анықтау; 

-  сайыс, пікір-талас шарттарын анықтау; 

-  жалпы күшпен негіздеуі қажет негізгі ережелерді қалыптастыру; 

-  талқылау барысында пайдаланатын көрнекті құралдарды ойластыру. 

Семинар мен тәжірибелік сабаққа қатысушыларға талқылауға салынатын  

сұрақтар  алдын  ала  студенттерге  оқытушымен  жеткізіледі,  өйткені  оларға 

сабаққа  дайындалуы  керек.  Оқытушылар  алған  білімдерін  ғана  емес  өзі 

тауып  алған  жаңа  ақпаратты  да  пайдалануға,  тұрған  мәселелердің  оңтайлы 

шешімдерін шығармашылық ізденіске бағыттайды. 

 

Дәрісті  шығармашылық  оқу  –  бұл  энергетикалық  шығындармен 



байланысты қажырлы еңбек. Оқытушы, дәрісті оқи отырып, монологты сөзді 

–  ең қиын сөз түрін пайдаланады. Диалогтық сөзден айырмашылығы сол, ол 

аса  қатаң  логикалық  реттілікті,  сөйлемдердің  аяқталуын,  стилистикалық 

дәлдікті  қажет  етеді,  Жазбаша  сөзден  айырмашылығы  сол,  ол  түзетулерді 

жібермейді, олқылық, ұзақ кідіріс және т.с.с. жасауға болмайды. 

 

Дәріс  үшін  пәнді  біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  терминологиялық 



қиындықсыз 

ғылыми 


ережелерді 

баяндайтын, 

дамыған, 

жеткілікті 

бейнелікпен  және  эмоциональдықпен  сөз  қажет,  әрі  жеткілікті.  Жақсы 

лекторлардың көпшілігі импровизация әдісін паддаланады. 

 

Бұл кезде сөз өте қатаң жоспарланатынын айта кету керек, бірақ сөздер 



ешуақытта жадыда сақталмайды. Бұдан басқа лектор жоспар-конпектіні алып 

тастайды да сөзді  қатты дауыспен, әркезде сөздерді ауыстыра айтады. Оның 

сөзі  дұрыс  және  жатталғандай,  әрине,  өте  көркем,  қуанышты,  икемді  және 

жинақты болады. 

 

Егер  дәрісханаға  оқытушы  кіріп,  студенттерді  «көрмесе»,  олармен 



контакт  құруға  ұмтылмаса,  сабаққа  қалай  дайындалғанына  көңіл  аудармаса, 

сабақ  тақырыбы  мен  жоспарын  айтпаса,  дәрісте  тыңдаушылар  немен 

шұғылданып  жатқанына  көңіл  аудармаса,  сонда  студенттер  пәнге  еш 

қызығушылық  танытуы  мүмкін  емес  және  оларды  қатал  жұмысқа  бағыттау 

да  мүмкін  емес.  Кейбір  лектордың  аудитория  алдында  өзінің  «зияткерлік 

артықшылығын»  көрсету  үшін  әдейі  күрделі  тілмен  материалды  баяндауға 

ұмтылуын әдістемелік негізсіз деп айтуға болады. Дәрістерде әрқашан өзара 

түсінісу  тілі  қажет,  әйтпесе  дәріс  материалы  мүлде  қабылданбауы  мүмкін. 

Барлық  таныс  емес  сөздерді  және  терминдерді  аудиторияға  түсіндіру  керек. 

Дәріс  тілін  артығымен  ықшамдау  да  келіссіз  болады,  ғылыми  түсінікті 

қарапайымдауға, тіпті тұрпайылыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Дәріс мазмұны, 

құрылым  және  баяндау  түрі  бойынша  оның  негізгі  ережелерін  қабылдауға 

және  түсінуге,  ғылыми  пәнге  қызығушылық  танытуға,  студенттердің  өзіндік 



19 

 

жұмысын 



бағыттауға, 

олардың 


тану 

қабілетін 

қалыптастырып 

қанағаттандыруға мүмкіндік жасау керек. Лектор студенттер дайындығының 

жалпы  деңгейі  мен  дамуымен  санаспауы  мүмкін  емес,  бірақ  дайындығы 

нашар  студенттерге,  аса  талантты  студенттерге  де  бағдарланбауы  керек. 

Бағдар  ретінде  белгілі  бір  пән  бойынша  үлгерімі  жақсы  дәрістегі 

тыңдаушылардың  негізгі  құрамын  құрайтын  студенттер  болатыны  көрінеді. 

Дәрістің  айтылуына  қарай  оқытушы  қызметі  әртүрлі  құрылуы  мүмкін.  Егер 

дәріс  басында  оқытушыға  студенттер  зейіндерін  тудыруы  қажет  болса,  онда 

одан  кейін  материалды  баяндауымен  зейіндерін  ұстап  қана  қоймай, 

қызығушылық,  зияткерлік  сезім  арқылы  олардың  зейінін  күшейте  отырып, 

дәрістің  негізгі  мазмұнын  белсенді  қабылдап  түсіндіруге  жеткізуі  керек.  Ол 

үшін  дауыс  күшін,  сөз  ықпалын  тиімді  пайдалану,  студенттердің 

тәжірибелеріне және білімдеріне қарау,  шешуі қиын сұрақтарды қою, кейбір 

концепциялардың  тарихын  қарастыру  керек.  Дәрісте  студенттердің  ойлау 

қабілетін,  оқып  үйренетін  ғылым  саласына  олардың  қызығушылығын 

арттыру 


қажет. 

Дәрістің 

негізгі 

бөлімінде 

студенттер 

қызметін 

белсендендірудің мына әдістері дұрыс қолданыс тапқан:  

-  әртүрлі белгілі бір проблема авторларының, зерттеушілердің пікірлерін  

бір-біріне қарама-қарсы қойып қарастыру; 

-  белгілі бір мәселе бойынша оқытушы қорытындыны ақыр аяғына дейін  

жасамайды, яғни негізгі мағлұматтарды қарастырады, студенттердің өздеріне 

қорытынды, жалпы тұжырымдама жасауға мүмкіндік береді; 

-  ғылым  корифейлерінің  өмірлеріне  көркемсуретті  шығармалардан 

фрагмент, бейнелерден эпизодтарды пайдалану;  

-  жалған ғылыми, жалған қиыншылықтар жағдайларын туғызу және т.б. 

 

Әсіресе  осы  әдістердің  бәрі  дәріс  оқытушының  өзінің  терең 



шығармашылық  жұмысының  нәтижесі  болған  жағдайда  жарқын  анық 

болады. 


 

Дәрістің педагогикалық  тиімділігі, оған  деген қызығушылығы қосалқы 

құралдарды  экспериментті  демонстрациялау,  сонымен  қатар,  оқытудың 

техникалық құралдарын пайдалану арқылы жүргізсе, арта  түседі. Дәрістерде 

қосалқы  құралдарды,  негізінен  демонстрациялығын  қолдану  оқып  үйренетін 

материалдарға  қызығушылығын  арттырады,  зейінді  ұштап  бағыттайды, 

қабылдап белсенділігін күшейтеді, берік жадыда сақтауға бағыттайды. 

 

Семинарды 



өткізу 

оқытушының 

үлкен 

педагогикалық 



және 

ұйымдастырушылық 

шеберлігімен, 

өзінің 


әртүрлі 

білімдері 

мен 

эрудицияларын іскерлі пайдалана білуімен тығыз байланысты. 



 

Өзінің  алғы  сөзінде  және  қойылған  сұрақтарға  жауап  берген  соң, 

оқытушы  жалпы  тану  ісіне  өзінің  үлесін  қосу  үшін  зейіндік  жұмысқа, 

қойылған  проблемаға  терең  талдауға,  мазмұнды,  айқын,  еркін  және 

логикалық  сөйлеуге,  алдын  ала  жағдай  жасайды.  Оқытушы  топты  терең 

шығармашылық  ұжымдық  саналық  еңбекке  жолдастарының  зейінін 

тыңдауға,  мүмкін  болатын  белгілі  бір  пікір  таласқа,  әдепті  өзара  дұрыс 

шешімін  табуға,  бір-біріне  сұрақтар  қоюына  баулиды.  Егер  семинар 




20 

 

баяндамамен  бірге  өтетін  болса,  онда  оқытушы  күні  бұрын  оппонентті 



тағайындап  қоюына  болады;  баяндамашыға  сұрақтар  қоюды  ұсынады, 

баяндама сапасын, баяндамашының мәселелерді дәлелдеп баяндау іскерлігін, 

жолдастарымен  қарым-қатынас  жасауын,  аудитория  тәртібіне  дұрыс  көңіл 

аударуын бағалап сөйлеуге шақырады. 

 

Оқытушы  семинар  жұмысын  шығып  сөйлеушілердің  сөзін  зейінді 



тыңдауға, өзінің ескертулерін, түзетулерін, оларға қосымшаларын бақылауға, 

сабақ  өтуін  түзетуге  бағыттап  отыруы  керек.  Студенттердің  сипаттамалық 

қасиетін  (коммуникабельділігі,  өзіне  сенімділігі,  қауіптілігі)  ескере  отырып, 

оқытушы  пікір-таласты  басқарады,  әрі  рөлдерді  үлестіреді.  Өзіне  сенімсіз, 

коммуникабельсіз  студенттерге  дербес,  жеңіл  сұрақтар  қойып,  оларды 

шығып  сөйлеуге  және  жетістікті  психологиялық  сезінуді  сынауға  мүмкіндік 

береді.  

 

Семинардың кездейсоқ жағдайлары әртүрлі боп келеді, әрбір жағдайда 



оқытушы оларды айқын бақылап отыруы керек, барлық болып жатқанды тез 

түсініп,  іштей дайындалып, сәтті кезінде шығып сөйлеуге, реплика  тастауға, 

сұрақ қоюға және т.б. шешім қабылдауы керек. 

 

Семинардағы  сұрақтар  психологиялық  жағынан  студенттердің  тану 



белсенділігін  қоздырғыш  болады  да,  «білемін  не  білмеймін  арасындағы 

шекте тұратын ойдың ерекше түрін» құрайды.  

 

Сұраққа  жауап  саналы  ойды  тудырады  жадының  жай  ғана  жұмысын 



тудырмайды;  әйтпесе,  зияткерлік  ізденіс  атмосферасын  ұстау  үшін  және 

студенттердің  танып  білу  қабілеттерін  дамытуға  қажетті  ақыл-ойы 

жойылады. 

 

Студенттердің  қызығушылығын  тудыру  және  өзінің  көзқарасын  айту 



қажеттілігі,  проблемаларды  талқылау  кезіндегі  өзінің  ойын  белсенді  білдіру 

студенттердің өзінің сенімділігін қалыптастырады. 

 

Пікір-таласта  оқытушының  жетекші  рөлі  одан  әрі  арта  түседі.  Аса 



араласып  кетуді  жіберуге  болмайды,  бірақ  өз  бетімен  кетіп  қалуды  да 

жіберуге  болмайды;  темпераменттеріне  қарай  студенттерге  сөз  беріп  отыру 

керек;  сұрақ  мәніне  қарай  логикалық  дәлелдеме  жасап  отыруы  керек; 

ақиқаттың  шығармашылық  ізденісін,  ұстамдылықты,  тактиканы,  өзара 

сыйластықты ұстау керек; пікір-талас мазмұнына өзінің қарым-қатынасын да 

бірден лезде байқап отыруы керек.  

 

Оқытушының  іскерлігі,  теориялық  проблемаларды  талқылаудың 



жоғары деңгейі. 

 

 



 

 

 



 

 

 




21 

 

 



8 ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚТАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ 

 

 

Сабақтар  сапасын  бағалау  қажеттілігі  көптеген  жағдайларда  пайда 



болады. Сонымен, ең алдымен, оқытушы сабақты аяқтап: 

-  өзі өткізген сабаққа баға беріп, оны әрі қарай жетілдіру жұмыстарын  

анықтауы керек; 

-  ашық сабақ алдында, кафедра меңгерушісі, комиссия, әріптестері және  

т.б. тұлғалардың қатысуы алдында «өзіндік сетификаттау» жүргізуі керек; 

     -  сабақтағы  студенттердің  қызығушылығының  азаюы  (құлдырау) 

себептерін  (шуыл,  зейінсіздік  және  т.б.)  ашып,  меңгерілген  материал 

беріктігін және сапасын, тәрбиелік шаралардың тиімділігін және т.б. анықтау 

керек; 

     -  танып білу белсенділігін және т.б. тексеруі керек. 



 

Сабақтарды  өздігінен  талдау  кезінде  оқытушы  олардың  нәтижелігін 

бағалау  жолымен  мыналарды  анықтайды:  сабақтың  жеткен  мақсаты, 

студенттермен  материалды  меңгеру  сапасы,  тәжірибелік  сабақтардағы  және 

семинарлардағы 

студенттердің 

белсенділігі, 

олардың 


сабақтарға 

қызығушылығы және оқуға қатынасы, сабақ үлгерімі және т.с.с.  

 

Кафедра  меңгерушісі,  әріптестері,  комиссия  және  т.б.  тұлғалармен 



сабақтарды талдау кезінде мына ережелер: 

-  іргелі,  арнайы  және  пәнаралық  ғылыми,  іс-тәжірибелік  және 

психологиялық-педагогикалық дайындыққа негізделетін кәсіби құзырлық; 

-  әлемдік  және  ұлттық,  жалпы  адамдық  құндылықтардың  негіздерін 

білуден тұратын жалпы мәдени гуманитарлық құзырлық; 

-  инновациялық  (жаңашыл)  стратегия  мен  тактиканы,  шығармашылық 

есептерді 

шығарудың 

әдістерін, 

тәсілдерін 

және 

технологияларын 



меңгеретін,  ғылыми-педагогикалық  қызмет  мазмұны  мен  жағдайларының 

өзгерулеріне сезімталдық креативтілік; 

-  әдеби  ауызша  және  жазбаша  сөздерден,  шетел  тілдерін,  заманауи 

ақпараттық  технологияларды,  тұлға  аралық  қарым-қатынастардың  тиімді 

әдістері мен тәсілдерін меңгеруден тұратын құзырлық; 

-  өркениет  дамуының  ғаламшарлық  процестерін  және  заманауи 

қоғамның  өмір  сүруіне,  экономика,  әлеумет,  менеджмент,  экология  және 

т.с.с.  негіздерін  білуді  қарастыратын  әлеуметтік-экономикалық  құзырлық 

бағаланады. 

 

 



 

 

 



 

 

 




22 

 

 



9  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТӘЖІРИБЕ  ЕСЕБІНІҢ  МАЗМҰНЫ  МЕН 

РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

 

Педагогикалық  тәжірибе  бойынша  есеп  беру  тәжірибе  өтуі  жөніндегі 

есептік құжат болады. 

 

Есеп  тәжірибенің  жеке  бағдарламасына  сәйкес  орындалады  да, 



магистрлік  оқу  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қойылатын  талаптарға 

сәйкес рәсімделеді.  

 

Педагогикалық тәжірибе есебі мынадай: 



-  педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары; 

-  магистранттың педагогикалық тәжірибесінің жеке жоспарына сәйкес  

қызмет түрлерінің сипаттамасы; 

-  әдебиеттер тізімі және т.б. 

Жеке жоспарға сәйкес есеп құрамына мына материалдар кіреді: 

-  дәрістердің толық мәтіні, тәжірибелік және семинарлық сабақтар  

мазмұны; 

-  интерактивті сабақ жоспары мен сипаты; 

-  ЖОО-ның  жетекші  ғалымдары  мен  педагогтарының  ғылыми-

педагогикалық тәжірибе барысында өткізілген магистранттардың дәрістеріне 

пікірлер; 

-  әзірленген оқу-әдістемелік материалдардың (кейс, іскерлік жағдай,  

есептер, презентациялар және т.б.) мәтіндері; 

-  әзірленген  бақылау-өлшеу  шаралары  мәтіндері,  тестер,  емтихан 

сұрақтары, курстық және дипломдық жоба және т.б. тақырыптары. 

 

Есеп 



материалдарын 

рәсімдеу 

бойынша 

ұсынылатын 

үлгілер 

қосымшаларда келтірілген. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




23 

 

10  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТӘЖІРИБЕ  ҚОРТЫНДЫСЫ  МЕН 



БАҒАСЫН БЕРУ 

 

 

Магистранттардың  педагогикалық  қызметі  кешенді,  педагогикалық 

қызмет 

функцияларын 



өздігінен 

орындауға 

әзірлігін 

анықтайтын 

сипаттамалардың барлық жиынтығын ескере отырып бағаланады. 

 

Тәжірибе  қорытындысын  рейтингтік  жүйеге  сәйкес  магистрант 



тәжірибесінің  ғылыми  жетекшісі  бағалайды  да,  аттестациялық  тізімге  және 

магистранттың  сынақ  кітапшасына  қойылады.  Ол  баға  теориялық  оқыту 

бағаларымен бірге есептелінеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


24 

 

МАЗМҰНЫ  



 

 КІРІСПЕ.......................................................................................................3 

1 Педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен мәселелері.............................4  

2 Педагогикалық тәжірибенің мазмұны мен бағыттары.............................7 

3 Педагогикалық тәжірибенің өту орны мен мерзімдері.............................8 

4 Педагогикалық тәжірибенің өту реті...........................................................9 

5 Оқу үдерісіндегі педагогикалық технологиялар.........................................10 

6 Жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістері...............................................12 

7 Сабақтарда студенттердің оқу қызметтерін ұйымдастыру.......................17 

8 Өткізілген сабақтардың нәтижелерін талдау..............................................21 

9 Педагогикалық тәжірибе есебінің мазмұны мен рәсімделуіне 

 қойылатын талаптар.........................................................................................22 

10 Педагогикалық тәжірибенің қорытындысы мен бағасын беру...............23  

   


  

 

 



 

     



 

 

  

 

 

 



 

 

               



 

  

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 




25 

 

Құрама жоспар, 2015 



 

 

Шолпан Даулетқызы Ахметова  



Лиза Данелханқызы Мукиева 

 

 



                               ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ 

 

  Педагогикалық тәжірибені жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау  

 

 

 

 

 

 

Редакторы   Т. C. Жақсыбаева 

 

                        



БЕКІТІЛДІ – ӨИИ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы 

                         Ә. Т. Тұрдалиев   « 30 »  қаңтар 2015 ж. 

                                                                                       

КЕЛІСІЛДІ – «КТМжГ» каф. меңгерушісі 

                          Ш. Д. Ахметова  « 29 »  желтоқсан 2014 ж. 

 

 

 



Басуға 30.01.2015 ж.  қол қойылды. 

 

 



 

Таралымы 100 дана. Пішімі 60х84

 1

/16


. №1 баспаханалық қағаз. 

     


Көлемі 1,6  е.-б.т. Тапсырыс № 492. Бағасы келісімді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы 

Оқу-баспа орталығы 

Алматы, Сәтбаев көшесі, 22  

 

 



жүктеу 308,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау