11
- оқытушы мен оқушылар қызметінің сыртқы белгілері бойынша: дәріс,
әңгіме, баяндау; нұсқаулық, демонстрация; жаттығу; есептерді шығару;
кітаппен жұмыс істеу;
- білімдерді алу көзі бойынша:
сөздік; көрнекілік (плакаттар, сұлбалар, кестелер, диаграммалар,
үлгілерді көрсету); техникалық құралдарды пайдалану; кино және
телебағдарламаларды қарау;
тәжірибелік: тәжірибелік тапсырмалар; семинарлар; тренингтер;
ойындар; шиеленіскен жағдайларды талдап шешу, т.б.; оқушылардың танып
білу белсенділігі дәрежесі бойынша:
түсіндірмелік; бейнелік; проблемалық; ішінара ізденістік; зерттеулік;
логикалық
кіріске
қарай:
индуктивті;
дедуктивті;
аналитикалық;
синтетикалық.
Оқыту (педагогикалық) құралдарына оқыту әрекетін (оқу үрдісі)
жүргізетін барлық материалдар (көрнекі құралдар, компьютерлік, кластар);
ұйымдастырушы-педагогикалық құралдар (оқу жоспарлары, емтихандық
билеттер, карточка – тапсырмалар, оқу құралдары, т.с.с.) және т.с.с. жатады.
Оқыту
түрі
(немесе
педагогикалық
форма)
–оның
барлық
құраушыларының бірлестігіндегі педагогикалық үдерістің тұрақты аяқталған
ұйымы.
Педагогикада оқытудың барлық түрлері күрделік дәрежесі бойынша:
қарапайым, құрылымы, кешенді боп бөлінеді.
Оқытудың қарапайым түрлері ең аз әдістері мен құралдардан әдетте,
бір тақырып (мазмұны) бойынша құралады. Оларға: әңгіме, экскурсия,
викторина, сынақ, емтихан, дәріс, кеңес, пікір-талас және т.с.с. жатады.
Оқытудың құрама түрі оқытудың қарапайым түрлерін дамытудан немесе
олардың әртүрлерінің үйлесуінен тұрады. Олар: сабақ, кәсіби шеберлік
сайысы, мерекелік кеш, конференция, КТК және т.б.
Оқытудың кешенді түрі қарапайым және құрама оқыту түрлерінің
бағытталған жинағы ретінде құрылады. Оған мыналар: ашық есік күні, театр,
кітап, музыка спорт және т.б. күндері жатады. Оқыту түрлері қоғам
дамуымен бірге дамып отырды. Оқыту түріне жеке оқытуды, жеке-топтық
тәсілдерін, топтық тәсілді, ұжымдық тәсілді де жатқызуға болады.
12
6 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болып дамуы студенттердің
білімдерін меңгеріп, кәсіби іскерлігімен дағдыларын қалыптастырып қана
қоймай, тұлғалық шығармашылық және коммуникативтік қабілеттілікті де
дамыту, пайда болатын проблемаға тұлға тұрғысында келуін қалыптастыру
мәселелерін қояды.
Сонымен оқу үдерісі кезінде студенттерді бірден белсенді оқу-тану
қызметіне келтіру оқытудың белсенді әдістері деп аталатын тәсілдер мен
әдістерді пайдалана отырумен байланысты.
Білімдерді
бастапқы
меңгеруге
бағытталған
оқытудың
негізгі
ұйымдастырушылық түрі ретінде дәріс болады. Дәрістің негізгі арналуы –
оқытудың теориялық негіздерін қамтамасыз ету, оқу қызметіне және белгілі
бір оқу пәніне қызығушылықты дамыту, білім алушыларда курспен өзіндік
жұмыс істеуге бағдарды қалыптастыру. Дәстүрлі дәріс ақпаратты жеткізу
тәсілі ғана емес, білім алушыларға олардың танып білу белсенділігін
жоғарылататын эмоциональды әсер етуші әдіс ретінде де сөзсіз
артықшылықтарды иемденеді. Бұл лектордың педагогикалық шеберлігі,
оның сөз мәдениеті және сөйлеу өнері есебінде жетіледі. Дәріс оқу кезінде
оқытушы қызметінің жоғары тиімділігі аудитория психологиясын, білім
алушылардың
сезіну
заңдылықтарын,
зейін,
ойлау,
эмоциональды
үдерістерді ескеруде жетіледі.
Ондай дәрістің, әдетте, оқу материалы қайталап оқып бермейтінін айта
кету маңызды; әдеттегі дәрістегідей логикалық байланысқан бағдарламалық
материалдарды жеткілікті толығымен баяндап беру мақсатын қоймайды.
Дәрістен қарапайым, студенттер жақсы меңгеретін сұрақтарды алып тастап,
қиын немесе әлі шешілмеген мәселелер жөнінде әңгімелеуге орын
босатылады; мәселенің заманауи күйі, оқып үйретілетін пәнге байланысты
студенттік ғылыми жұмыстардың тақырыбы, яғни сабақты дәстүрлі құру
кезінде уақыт жетпейтін тақырыптар бойынша әңгіме жүргізіледі. Дәріс
студенттер жақсы түсінетіндей және әдетте, ешбір жазуды қажет
етпейтіндей, қысқа (15–20 мин) айқын болады.
Дәрістік-тәжірибелік сабақ келесі сабаққа тапсырма берумен және
бақылау шараларын өткізумен аяқталады. Әдетте, бақылау жұмыстар немесе
машиналық сұраулар аптасына бір-екі рет, яғни шамамен сабақтың үштен екі
бөлігінде өткізіледі. Егер бақылау жұмысы немесе машиналық сұрау
өткізілмесе, онда келесі сабаққа тапсырма бірден сабақтың соңында беріледі;
бақылау шаралары өткізілетін жағдайда үйге тапсырма сабақ алдында
беріледі. Қашықтықтан оқыту кезінде теориялық материалдарды оқып
үйрену үшін пайдаланылатын негізгі технологиялар негізінде дәстүрлік
дәрістерден басқа мыналарды бөліп алуға болады: бейне-дәрістер,
мультимедиа-дәрістер.
Бейне-дәрістер. Бұл жағдайда оқытушы дәрісі бейне пленкаға
жазылады. Сызықсыз монтаж әдісімен дәріс баяндамасын бейнелейтін