1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты
«Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
Ш. Д. Ахметова
Л. Д. Мукиева
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Педагогикалық тәжірибені жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
(6М071300 «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы
магистранттарына арналған)
Алматы 2015
2
ЖОК 621.86/87 (0,75)
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:
Ш.
Д.
Ахметова,
Л.
Д.
Мукиева.
Педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық тәжірибені жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТУ, 2015. – 1–25 б.
Әдістемелік нұсқау педагогикалық тәжірибені жүргізуге қажетті
материалдардан тұрады. Дәрісті және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге көп
көңіл бөлінген. 6М071300 «Көлік, көліктік техника және технология»
мамандығы магистранттарына арналады.
Пікір жазған: С. Б. Косболав, техн. ғыл. док., проф.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы
Типтік оқу бағдарламасына сай басылды.
©
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2015
3
КІРІСПЕ
Педагогикалық тәжірибе магистрлерді кәсиби дайындауындағы негізгі
білім беру бағдарламасының міндетті бөлігі болады. Тәжірибе өту кезінде
магистранттар жоғары оқу орындарындағы оқу-әдістемелік, педагогикалық
жұмыстардың негіздерін оқып үйренеді; ЖОО-дағы оқу жұмыстарының
заманауи әдістерімен, оқытушылардың педагогикалық қызметінің мазмұны
мен ерекшеліктерімен танысады; пәндер бойынша сабақтардың жеке
түрлерін жүргізу дағдысын алады; жоғары оқу орындарында оқу пәндерін
оқыту әдістемесін меңгереді, пәндердің сабағына дайындалып жүргізу,
сонымен қатар кіші курстар студенттерімен, оқытушылармен бірге жұмыс
істеу тәжірибелерін алады.
Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты магистранттарға ЖОО
оқытушысының заманауи ғылыми және әдістемелік деңгейде оқу және
тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге қабілеттілік құзырлығын беру болады.
Магистрлік деңгейдегі дайындықтың білім беру бағдарламасы дайын
оқытушыны шығаруды мақсат етіп қоймайды, бірақ оқытудың қажетті
дағдысын дамытуға негізді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибелерді
алуға жағдай тудырады.
4
1 ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педагогикалық тәжірибе магистрлерді кәсіби дайындауындағы негізгі
білім беру бағдарламасының міндетті бөлігі болады. Тәжірибе өту кезінде
магистранттар жоғары оқу орындарындағы оқу-әдістемелік, педагогикалық
жұмыстардың негіздерін оқып үйренеді; ЖОО-дағы оқу жұмыстарының
заманауи әдістерімен, оқытушылардың педагогикалық қызметінің мазмұны
мен ерекшеліктерімен танысады; пәндер бойынша сабақтардың жеке
түрлерін жүргізу дағдысын алады; жоғары оқу орындарында оқу пәндерін
оқыту әдістемесін меңгереді, пәндердің сабағына дайындалып жүргізу,
сонымен қатар кіші курстар студенттерімен, оқытушылармен бірге жұмыс
істеу тәжірибелерін алады.
Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты магистранттарға ЖОО
оқытушысының заманауи ғылыми және әдістемелік деңгейде оқу және
тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге қабілеттілік құзырлығын беру болады.
Магистрлік деңгейдегі дайындықтың білім беру бағдарламасы дайын
оқытушыны шығаруды мақсат етіп қоймайды, бірақ оқытудың қажетті
дағдысын дамытуға негізді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибелерді
алуға жағдай тудырады.
Практиканың
ерекшеліктері
ғылыми
және
педагогикалық
құраушыларды іске асыруда жатады да, әрқайсысы практика мазмұнында
және есептік құрастыруда көрсетіледі. Бұдан педагогикалық практиканың
мына негізгі мәселелері шығады:
1) Магистрлік бағдарламаның жалпы кәсіби және педагогикалық
пәндерді оқып үйрену үдерісінде алған білімдерін, дағдыларын бекіту;
2) Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандартына сәйкес білім
беру бағдарламаларын және оқу жоспарын құрастыру тәжірибесін
қалыптастыру;
3) Дәрістік, семинарлық және тәжірибелік, зертханалық сабақтарды
өткізу әдістемесі мен техникасын оқып үйрену;
4) Пән сабақтарын әдістемелік талдау дағдысын дамыту;
5) Жоғары оқу орындарындағы заманауи білім беру технологиялары,
оқытудың белсенді әдістері жөнінде түсініктерді қалыптастыру;
6) Ғылыми-педагогикалық қызмет көрсету кезінде өзіндік білім алу
және оны жетілдіру;
7) Заманауи талаптармен стандарттарға сәйкес кәсіби құзырлықты
жоғарылату;
8) Оқытушының
сабақтарды
жүргізуге
кәсіби
дағдыларын
қалыптастырып дамыту, шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыру;
9) ЖОО
оқытушылар
қызметінің
міндеттері
мен
құқықтары,
лауазымдық нұсқаулары жөнінде түсініктерді қалыптастыру.
Педагогикалық тәжірибені өту үшін магистрант жоғары оқу орнында
оқытуға қажетті білімдерді иемденуі, өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізуге