Ж. (№1 хаттама) кеңейтілген Ғылыми Кеңес


Университеттің жастар саясатын жүзеге асыру



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,6 Mb.
#16163
1   2   3   4

Университеттің жастар саясатын жүзеге асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адами мәдениетті, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде іске асырылатын болады.

ҚР Президенті үлгісінде Патриоттық тәрбие беру моделін дамыту үшін:



  • Орта, орта білімнен кейінгі білім беру және ТиПО жүйесінде практикалық пайдалануға оны бейімдеу іске асырылады;

  • Корпоративті Университет кәсіпорындарында және каникулдарда ауылдық жерлерде кәсіби практикалардан өту кезеңінде Модельді насихаттауға ҚарМТУ студенттерін араластыру;

  • «Жас Орда» студенттер кәсіподағының, Ақсақалдар кеңесінің, «Ақниет» жастар қайырымдылық қоғамының мықты потенциалын патритизмді, жастардың жоғары рухтылығын және азаматтық жауапкершілігін пайдалану;

  • Университеттің ғылыми-техникалық әлеуетін күшейту үшін студенттік инновациялар орталығы және жобалық-технологиялық бюро шеңберінде жастар шығармашылық және инновациялық бірлестіктерді жұмылдыру;

  • Студенттік өзін өзі басқаруды дамытуды қамтамасыз ету;

  • Студенттік актив тарапынан жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралардың тиімділігін жоғарылату;

  • ҚарМТУ сайтында әлеуметтік желіні жастармен тиімді жұмыс істеу үшін, соның ішінде кәсіптік бағыт бойынша әлеуметтік желіні құру.

Өмір бойы оқыту Университетпен ТиПО, жоғары білім және қосымша білім беру қызметтері жүйесінде әр түрлі оқыту түрлері (аралық оқыту, біліктілікті жоғарылату курстары) арқылы жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламаларын қосымша қаржыландыруға және икемді сұлбаларды өңдеуге жұмыс берушілер жұмылдырылады.

Қазақ тілін толық меңгеру үшін барлық оқытушылармен және білім алушылармен тілдердерді меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Технологиялық колледж - ЖОО» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесі құрылатын болады, қазақ тілін білу деңгейі бағаланады (Қазтест), сәкес сертификат беріледі.

Өткен оқу жылында көп нәрсе ПОҚ және студенттерді әлеуметтік қорғау бойынша міндеттерді шешу үшін жасалды. Сонымен қатар, оқытушылық және студенттік кәсіподақ комитеттерінің нашар жұмысы Қарқаралыдағы демалыс зонасында «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінің жаңартылған базасын тиімсіз пайдалануға келтірді. Демалушы студенттер бұл сезонда болған жоқ, оқытушылар мен қызметкерлер – кемінде 20 адам. ҚазКСҚҚИ ҒЗИ қызметкерлері мен СҚИ кафедраларының қызметкерлері ерекшеленді, олар 20 жылда қалыптасқан дәстүр бойынша жанұяларымен бірге келіп демалады.

Университеттің инновациялық дамуы бойынша күрделі міндеттерді орындау бізден толық қайтаруды талап етеді. Сонымен бірге, шаруашылық бөлімінің жеке қызметкерлері еңбек тәртібін дөрекі бұзуды жібереді: 2 басқарушы қызметкерлер және 6 жұмысшы, жұмыс орнында ішімдік ішкендері үшін.

Екі күн бұрын, 25 тамызда, 2001 жылға қабылдау бойынша деректер базасы жабылды. Биыл жеңіп алынған гранттардың саны және Университет мамандықтары бойынша жалпы қабылдау 2010 жылға қарағанда аз.



Бұл кәсіптік бағыттағы жұмыстың қанағаттанарлықсыздығымен байланысты, ең алдымен, кафедраларда. Жалпы білім беретін кафедралар осы жұмыстан толық өздігінен жойылды, және де алдағы оқу жылында мектептер мен колледждерде ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Шығарушы кафдралар бұл жұмысты қағаз жүзінде іске асырды. Кафедра меңгерушілері және ПОҚ тіркелген мектептер мен колледждердің оқушыларымен, кәсіпорындардың қызметкерлерімен жеке жұмыс жүргізген жоқ. ТЭАИ мамандықтарын мемлекеттік аттестаттаумен және магистратурамен баяндалған жағдайлар барлық оқыту түрлері бойынша қабылдауға, соның ішінде гранттардың санына кері ісерін тигізді. Сонымен қатар, бірқатар мамандықтар бойынша аз жинақталған топтар жиналады.

Бұл осы мамандықтарды даярлауды жүзеге асыратын кафедралардың толық жөндемегендігі. 2011 жылғы талапкерлердің қабылдану жағдайында кафедра меңгерушілері ең керек кезде демалысқа кетіп қалды, олардың жартысы кейінгі кезде ғана пайда болды, төтенше комиссиясы құрылды және ұтқырлық топтары кәсіпорындардағы қалыс қалған жұмыстарды құтқаруға тырысты.

Сонымен қатар, осы демалыс кезеңінде аз шаруа жасалған жоқ.

4-6 шілдеде Университет Астанада болған ІІ Халықаралық кен-металлургиялық конгресінің жұмысына қатысты. «Золотой Гефест» байқауының «Ең үздік бітіру жұмысы» номинациясының жеңімпаздары ҚарМТУ МЕТ-07-2 тобының студенттері Абаева Милана және Байдурина Гүлнара атанды, олар марапат ретінде алтын ескерткіш алды, ақшалай 200 000 тенге мөлшерінде сыйлық, сонымен қатар, Қазақстиандық компаниялардан көптеген шақырулар.

7-8 шілдеде Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті базасында Орталық Азия жоғары білімінде стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша семинар болып өтті. Орталық-Азия ЖОО ішінде зерттеу университетінің корпоративті моделін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеген ҚарМТУ жоғары білімді қайта құру бойынша қазақстандық команда құрамында ұсынылған.

ҚарМТУ 8 шілдеде коммерциаландыру офистерін құру бойынша «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ республикалық конкурсының жеңімпаздарының бірі болып мойындалды.



12 шілдеде Электрондық білім беру технологиялары ҒЗИ WEB-портфолио оқулық басылымының инновациялық түрлері әзірленді.

15 шілдеде ҚарМТУ базасында «TeachOn» аралық оқыту порталының жұмысын бастады. Бұл инфо-коммуникациялық технологиялар саласында біліктілікті жоғарылатудың инновациялық түрі.

17 шілдеде Ченнай қ. (Индия) ҚарМТУ тарапынан Қазақстан ресми түрде «Халықаралық дәнекерлеу институты» клубына қабылданды. Ол Еуропа, Азия, Америка және Солтүстік Африка ішінде 54 мемлекеттен тұрады. ТМД елдерінің ішінде оған Ресей және Украина кіреді.



Қазақстанның осы дүниежүзілік мекемеге енуі елдің өнеркәсібіне қазіргі дәнекерлеу технологияларының трансфертін және халықаралық стандарттар бойынша мамандардың ҚарМТУ базасында даярлауды іске асыруға мүмкіндік береді.

25 шілдеде ҚазКСҚҚДИ ҒЗИ 226,6 млн. тенге мөлшеріндегі сомаға ғимараттар мен үймереттерді жобалау, салу және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге шаруашылық шарттар жасалды.

27 шілдеде Корпоративті Университет мүшесі «Машзавод №1» ЖШС Мемлекетаралық көрменің ұйымдастыру комитетімен тау-кен ісі бойынша инновациялық әзірлеме үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 20-жылдығына арналған І деңгейдегі «ТМД 20 жыл: серіктестіктің жаңа көзі» дипломдарымен марапатталды.

17 тамызда Университет «Балаларды мектепке жинаймыз!» жалпыреспубликалық акциясына қатысты.

«Жас Орда» студенттер кәсіподақ ұйымымен және «Ақниет» қайырымдылық қорымен жетім балаларға және мүмкіндіктері шектеулі арнайы мектеп балаларына арналған киім-кешектер мен мектепке қажет құрал-жабдықтар жиналды және сатып алынды.



18 тамызда ҚарМТУ «Назарбаев Университеті» ААҚ «Энергетикалық зерттеулер орталығымен» іргелі және қолданбалы ҒЗЖ бірлесіп жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

22 тамызда біздің бұрынғы қызметкер физика-математикалық ғылымдар кандидаты, доцент Матаев Сарқытбек Матайұлы өтеусіз туған ЖОО «Қазіргі бағдарламалау әдістері» және «Жоғары математиканың практикалық міндеттерін шешуге арналған қазіргі бағдарламалауды қолдану» тақырыптарында оқу процесін жетілдіру үшін мемлекеттік тілде әзірленген материалдары бар 500 таспаларды тапсырды.

2011 жылғы 23 тамызда ҚарМТУ-ға Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің жанындағы Аймақтық ағылшын тілі бағдарламаларының офисінің өкілдері келді. Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар үшін олар АҚШ үкіметі демеушілік ететін алдыңғы қатардағы америкалық университеттерде оқыту және ғылыми біліктілікті жоғарылату бойынша алмасу бағдарламаларын ұсынды.

2011-2012 оқу жылында Университет алдына қойылған барлық міндеттерді сәтті шешу кезінде біз алдағы болашақта ҚарМТУ жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің сапасы білім беру саласында үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін болады және оданы әрі жоғары халықаралық мойындауға ие болатынына, ал инновациялық ғылыми-технникалық кешені елдегі кен-металлургиялық секторының шешушісіне айналатынына сенімді бола аламыз.

    1. Сөз сөйлегендер:

1.2.2. А.З. Исағұлов, И және ОӘЖ жөніндегі проректор:

- Құрметтік әріптестер!

Үш жыл қатарынан гранттардың саны бойынша Орталық Қазақстанда абсолюттік көшбасшы болып табылады. Бірақ, 2011 ж. қабылдау кампаниясының нәтижелері бойынша біздің ЖОО 11-шы орынды иеленді, өткен жылмен салыстырғанда 6 позицияны жоғалтты. Биыл ҚарМТУ 745 грантқа ие болды, бұл 151 грантқа аз.

ҚарМТУ-да қабылдауды талдау 3 жыл ішінде демографиялық құлдырау жағдайында студенттер құрамының күрт төмендегенін көрсетеді: 2009 ж.3898 адам, 2011 жылы4344 адам, 2011 ж. – 3743 адам (соның ішінде 700 Технологиялық колледж оқушылары).

Құжаттарды қабылдауды талдау келесі институттар бойынша толық жиналған жоқ: ТЭАИ (Таткеева Г.Г.) - 297, КТЖИ (Сұлтанова Б.К.) – 62, ЭИ (Алпысбаева Н.А.) - 59, СҚИ (Иманов М.О.) – 55, ЕТИ (Тюнин И.Д.) – 49, МИ (Шарая О.А.) - 48.

Тау-кен және Жол-көлік институттары өздерін жинау көшбасшысы ретінде көрсетті және өз көрсеткіштерін 2010 жылға қарағанда жоғарылатты, 161 өтініш көп – Тау-кен институты, 83 өтінішке - ЖКИ көп.

Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда күндізгі оқу түріне қабылдау – 1605 (2010 жылмен салыстырғанда 17 көп), магистратура мен докторантураға – 153 адам (2010 жылға қарағанда 74 көп).

Кафедралардың қанағаттанарлықсыз кәсіптік бағыттағы жұмыстың нәтижесінде бакалавриат мамандықтарының бірқатары бойынша күндізгі оқыту түрінің толық топтарын қалыптастыру мүмкін болмады.

Орыс тілінде:

5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (ТКИ);

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (МИ);

5В074500 - «Көліктік құрылыс» (СҚИ);

5В090400 - «Әлеуметтік-мәдени сервисі» (ЭИ);

5В051100 - «Маркетинг» (ЭИ);

5В060200 - «Информатика» (КЖТИ);

5В070500 - «Математикалық және компьютерлік моделдеу» (КЖТИ).



Мемлекеттік тілде:

5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (ТКИ);

5В060200 - «Информатика» (КЖТИ);

5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту» (ТКИ);

5В073200 - «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5В050600 - «Экономика»;

5В050700 - «Менеджмент»;

5В074500 - «Көліктік құрылыс»;

5В071000 - «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы».

Мемлекеттік тілде оқытумен топтарда қабылдау жоқ:

5В051100 - «Маркетинг» (ЭИ);

5В090800 – «Бағалау» (ЭИ);

5В070500 «Математикалық және компьютерлік моделдеу» (КЖТИ)

2011 ж. 1 тамызда кәсіптік бағыттағы жұмысты бақылаусыз іске асыру нәтижесінде 2010 жылмен салыстырғанда талапкерлерден 348 өтінішке аз қабылданды. Қолданылған шаралар нәтижесінде 2011 жылғы 25 тамызда Университет бойынша 3043 өтініш қабылданды, бұл 2010 жылға қарағанда 229 өтінішке аз. Қабылдау көрсеткітері САОД қысқартып оқу түрі және екінші жоғары білім бойынша байқалады.

Қалыптасқан төтенше жағдайларға байланысты, жазғы мезгілде, демалыстың қызу кезінде, Төтенше Комиссия құрылды, КУ кәсіпорындарының қызметкерлерінен және Орталық Қазақстан колледждерінің түлектерінен құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ету үшін оқытушылар мен кафедра меңгерушілері шақыртылды.



Жаңа 2011-2012 оқу жылында қыркүйектен бастап кәсіптік бағыттағы жұмысты бастау және оны сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.

Соған орай 2011 - 2012 оқу жылына кәсіптік бағыттағы жұмыс бойынша стратегиялық жоспарларға кеесі тармақтар кірді:


  1. Қарағанды облысының Білім беру басқармасымен шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасау;

  2. Қарағанды, Қарағанды және басқа да облыстардың колледждерімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасау;

  3. Білім беру мекемелерінің тізімін оқыту бейіні бойынша сапалы қалыптастыру;

  4. Қарағанды облысы аудандарының мектеп бітірушілері үшін техникалық пәндер бойынша арнайы курстар өткізу;

  5. 10-11 сыныптар үшін Интернет – олимпиадаларды программалық қамтамасыз етуді енгізу;

  6. Университет бойынша экскурсиялар ұйымдастыру (тұрақты негізде);

  7. «Жас орда» студенттер кәсіподағының кәсіптік бағыттағы жұмысына жұмылдыру.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы сияқты маңызды мәселеге тоқталу қажет. 2011 жылы ақпан айынан бастап мамыр айына дейін академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бойынша 21 шарт жасалды. Соның 17 шарты Қазақстан ЖОО және 4 шетелдік ЖОО (8, 9,10 слайдтары). Өкінішке орай, кейбір кафедралар толық мөлшерде жасалған шарттарды нақты жүзеге асыруды іске асырады (оқу жұмыс бағдарламаларын келісу жүргізіледі, студенттердің тізімі қалыптастырылмайды). Сонымен қатар, МТ, ӨПА, ММжәнеН, Энергетика, ӨҰ, ПҚКҚ, ЕТ және ПҚЕ кафедралары оқу жұмыс бағдарламаларын келісуді және студенттердің құрамын қалыптастыруды бастады.

Университеттің ПОҚ әлеуеті өте жоғары және мен қайта мемлекеттік аттестаттауға белсендетілген болады деген сенімдемін.

Мұндай маңызды мәселелерді шешу үшін қажет:


  1. Кафедраларға ЖОО-серіктестермен оқу жұмыс жоспарларын келісу;

  2. Айырбас үшін студенттердің құрамын анықтау;

  3. Нақты пәндерді оқыту, эдвайзерлерді (кураторларды) тағайындау туралы қосымша келісім-шарттар жасау.

ҚарМТУ жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 1-ші орынды 4 мамандық сақтады (Машина жасау, Құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі, Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Бағалау);

  • 7 мамандық рейтингтерін жоғарылатты (Автоматтандыру және басқару, Әлеуметтік-мәдени сервис, Сәулет, Маркетинг, Геодезия және картография, электроэнергетика, Прибор жасау);

  • 6 мамандық рейтингтерін төмендетті (Тау-кен ісі, Тасымалды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау, Металлургия, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Стандарттау, сертификаттау және метрология.)

Шығарушы кафедраларға ұлттық рейтингтің критериялары бойынша мониторингті үнемі жүргізу қажет. Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

1.2.3. В.Ф. Макеев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Құрметті әріптестер!

Біз ректор А.М.Ғазалиевтың “2011-2012 оқу жылында Университет әріптестерінің стратегиялық міндеттері туралы” баяндамасын тыңдадық. Баяндамада білім берудің, адами капиталдың дамуының бәсекеге қабілеттілігін ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен Университет ұжымының міндеттері қалыптастырылды және анықталды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды инновациялық типтегі мемлекетке қалыптастыру бойынша программалық тапсырмаларын, сонымен қатар, ел индустриясының басым салаларын және білім беруді жаңарту бойынша программалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау мақсатында Университетте 2011-12 оқу жылына ҚарМТУ инновациялық дамыту стратегиясы бекітілді.

Білім беру саясатының бөлінбес бөлігі Қазақстан Республикасында кәсіптік міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алатын және білімді мамандарды даярлау сапасын жетілдіру болып табылады. Осы мақсатқа жету тәрбие жұмысы жақсы қойылған кезде ғана мүмкін. Мұндай жағдайда маңызды рөлді студенттік топтардың кураторлары атқарады.

Алайда, басшылықтың тарапынан барлық күштерге қарамастан, кураторлық сағаттарды (семинарлар, әдістемелік көмекші оқу құралдары, бейнелекциялар және т.б) өткізудің сапасын жақсарту үшін оларды өткізуге қағаз жүзінде келу байқалады және кураторлық сағаттарда олқылық жиі кездеседі.

Өткен семинарда Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен 200 астам кураторлық сағаттарға қатысуын талдау, негзігі жүктемені кураторлар баяндама жасайтын студенттерге жүктеп қойғаны анықталды. Соан кейін ол талқыланады, сонымен қатар, талқылауға алдын ала сұрақтарды дайындайды, бұл кураторлық сағатты өткізуге керіс әсерін тигізеді. Сұрақтар терең мәнге ие емес. Кураторлық сағаттардың барысында студенттердің нашар дайындығы мен қатысуы байқалады, мысалы, СИБ-10-2 (кур. Терлецкая А.М.), РЭТ-10-2 (кур. Маженов Н.А.), АиУ-08-3 (кур.Калинин А.А.),ГиК 10-2 (кур. Кайгородова Е.В.) сияқты топтарда. Сабақтарды өткізудің мұндай түрі кураторлардың кураторлық сағаттарға жеңіл қарауына әсер етеді.

Сонымен бірге, кураторлық жиі оқытушылармен қалыптастырылған құрылым ретінде қабылданады, ал «күтуші» сияқты барлық сұрақтарды оңай шешіп ауызға салып беретін адам. Мұнда біз психологиялық-білім беру арқылы қолдау міндеттерімен кездесеміз, оларды кураторлардың әрқайсысы өзі үшін анықтайды немесе мүлдем анықтамайды, себебі рөлін толық түсінбейді. Сонымен, осы проблемаларды шешу үшін біздерге «технарьларға» өзіміздің педагогикалық тәжірибеміз жеткілікті. Психологиялық ғылымдар бойынша арнайы білімдердің қажеттілігі туралы сұрақ терең туындайды. Осыған орай, жас оқытушылардың педагогикалық сауаттылығын жоғарылату, кураторлық қызметті психологиялық қолдау, оқу-тәрбие беру процесін және студенттерді кәсіптендіруді әлеуметтік-психологиялық қолдау қажет.



Баяндалғандардың негізінде және 2011-2012 оқу жылында Университеттің білім беру және ғылыми-инновациялық қызметін сапалы дамыту мақсатында, Ғылыми кеңес қаулы қ а б ы л д а д ы:

1. Ибатов М.К., бірінші проректор міндеттелсін:

1.1. 10.09.2011 ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған Университеттің білім беру және ғылыми-инновациялық қызметінің Күнтізбелік жоспарының жобасын келесі басым бағыттар бойынша әзірлеу:

1.1.1. Ғылым департаментінің құрамында Коммерциаландыр технологиялары офисін құру: кемінде 30 инновациялық жобалар арқылы коммерциаландыру.

1.1.2. «Минералды шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі зертханаларды Халықаралық аккредитация;

1.1.3. «Назарбаев Университеті» АҚ зерттеу орталықтарымен Технологияларды коммерциаландыру офисінің бірлескен қызметін ұйымдастыру;

1.1.4. Шаруашылық шарттық және мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ көлемдерін кемінде 1 млрд. тенге сомасына қамтамасыз ету, соның ішінде кемінде 150 млн. теңге сомасына Инженерлік бейіндегі зертхана бойынша;

1.1.5. ҒЗЗ инновациялық құраушысының 40% өсуі (7 ҒЗИ, 35 ҒЗЗ, 3 ғылыми-техникалық орталықтары, Студенттік инновациялар орталығы, Инженерлік бейіндегі зертханалар және «ПОЛИТЕХ» технопаркі);

1.1.6. Кен-металлургиялық секторы саласында және онымен байланысты сервистік салаларда кемінде 15 инновациялық жобаларды, 5 – дәстүрлі және альтернативті энергетика, ресурс сақтаушы технологияларда; 3 – нанотехнологияларды және жаңа материалдарды құруда әзірлеу және өндіріске енгізу;

1.1.7. Кемінде 3 студенттік инновациялық және кемінде 3 шағын кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасау;

1.1.8. ҒЗЖ, ОКР және инновациялық жобаларда 2011-2012 оқу жылында кемінде 30% ПОҚ, 5% студент және 70% магистрант қатысуы керек.

1.1.9. Инженерлік бейіндегі зертхана бойынша ҒЗЖ қатысатын студенттер, магистранттар және докторанттар санының көбеюі (5%, 70% және 100% сәйкес құрамы).

1.1.10. Кемінде 3 шағын өндірісті Университеттің инновациялық әзірлемелір негізінде іске қосу;

1.1.11. ҒЗЖ нәтижелері бойынша рейтингтік басылымдарда жарияланымдарының сапалы өсуін қамтамасыз ету.

1.2. 20.09.2011ж. дейінгі мерзімде ҚарМТУ ғалымдары тобының технологияларды коммерциализациялау тәжірибесімен алмасу және шығармашылық ынтымақтастық туралы шарттарды жасау бойынша «Назарбаев Университетіне» баруын ұйымдастыру;

1.3. Университеттің инновациялық жобаларының көрме экспозицияларын болашақта дамытуды қамтамасыз ету.

1.4. Кафедра филиалдары қызметінің тиімділігін жоғарылату, тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларды кеңейту, «Политех» Технопаркінің жұмысын ұйымдастыру бағытында Корпоративті Университеттің болашақта дамуын қамтамасыз ету.

1.5. «Тау-кен ісі», «Машина жасау» және «Металлургия» PhD 3 мамандығы бойынша диссертациялық кеңестерді ашу

2. Егоров В.В., ОІ жөніндегі проректор міндеттелсін:

2.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде ТЭАИ, ТКИ және СҚИ жоғары және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарын қайта аттестаттауға дайындауды қамтамасыз ету.

2.2. 10.09.2011 ж. дейінгі мерзімде күнтізбелік жоспарды әзірлеу және ҚарМТУ-да Жұмыс мамандықтары орталығын құру бойынша іс-шараларды өткізе бастау (ҚР Б және ҒМ ұсыныстарды дайындау);

2.3. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған ҚарМТУ-да политілділікті жүзеге асыру бағдарламасын әзірлеуді қамтамасыз ету;

2.4. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде Күнтізбелік жоспарды әзірлеу және мамандарды даярлау кезінде политілділік принципін іске асыру шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыра бастау;

2.5. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған бейінді магистратура түлектеріне арналған педагогика және педагогикалық пратика бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеу;

2.6. 20.10.2011ж. дейінгі мерзімде «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережелері» бойынша ПОҚ, студенттер мен магистранттар үшін оқыту семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

2.7. ТиПО проблемалары бойынша кемінде 5 инновациялық жобаларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;

2.8. «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережелері» бойынша оқу процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

2.9. Инновациялық оқыту технологияларын Университеттің оқу процесіне енгізуді қамтамасыз ету;

2.10. 30% дейін білім бер бағдарламаларының, ТиПО, бакалавриаттың, магистратураның және PhD докторантураның инновациялық құраушысы.

2.11. 6 жаңа буын оқулықтарын, соның ішінде КУ кәсіпорындарының жетекші мамандарының қатысуымен 2 оқулықты дайындауды және басып шығаруды қамтамасыз ету.

2.12. 10.10.2011ж. дейінгі мерзімде «Технологиялық колледж – ЖОО - өндіріс» «Үздіксіз білім беру бағдарламалары» жобасын әзірлеу.

2.13. 25.10.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2015 жылдарға арналған «Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату бағдарламасының» жобасын ұсыну.

3. Исағұлов А.З., ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор:

3.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде «Назарбаев Университеті» АҚ ҚарМТУ шығармашылық ынтымақтастық туралы шарттың жобасын бекіту туралы шарттың жобасын бекіту.

3.2. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған ЭОБ әзірлеудің Күнтізбелік жоспарының жобасын ұсыну.

3.3. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына Мжәне КШБ кәсіптік бағыттағы жұмысының жаңа жүйесінің жобасын ұсыну.

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау