2.2.2. Н.С. Малыбаев, ТКИ директорының м.а.:
- Құрметті Арстан Мауленұлы!
Құрметті Университеттің Ғылыми кеңесінің мүшелері!
Жаңа 2011-2012 оқу жылына Тау-кен институты кафедраларының дайындығы туралы мәлімет Сіздердің назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер.
ТКИ жаңа 2011-2012 оқу жылына немен кіреді:
1. Біріншіден, 2011 жылғы қабылдау 718 адамды құрады және олардың 383-күндізгі бөлім, қалғандары - САОИ. Бұның барлығы ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевтың және біздің Институтты қадағалайтын ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор А.З. Иағұловтың және ТКИ директоры И.Д. Арыстанның аянбай жұмыс істеуінің арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, жыл бойы қала мен облыстың мектептері мен кәсіпорындарында кәсіптік бағыттағы жұмысты жүргізген Тау-кен институтының қызметкерлері жүргізді.
2. Оқу-әдістемелік жұмыс:
Алты кафедрада, ал 2011ж. 27 тамыздан бастап 7 кафедрада профессор Дрижд Н.А., проф. Блялов Б.Д., проф. Жетесов С.С. сынды жоғары кәсіби кадрлар еңбек етуде.
Баспалық тұрғыдан біз көптеген әдістемелік нұсқауларды, оқу құралдарын, ЭОЖ әзірленді. Бірақ саны жеткіліксіз. Жаңа МЕСТ талаптарына сәйкес ПОӘК, ОЖБ, Силлабустарды қайта өңдеуге тура келеді. Соның ішінде Университет бойынша 7000 ЭОН әзірлеу қажет.
Мемлекеттік комиссиялардың ескертулерін жою тұрғысынан, МІжәнеГ кафедрасы бойынша «Геодезия және картография» магистратура мамандығы докторларды табу қажет. ӨЭ және Х кафедрасында 2-қабаттағы зертханаларда ыстық су жоқ. Мемлекеттік тілде әдістемелік әзірлемелер жеткіліксіз.
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы:
ТКИ шаруашылық шарттар мен бюджеттік тақырыптар бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі.
Кемшілігі – бұл ӨЭ және Х мен КАжәнеЕҚ кафедраларында жоғары импакт факторы бар журналдардағы жарияланымдардың шағын саны. Келісемін, жою қажет.
4. Тәрбие жұмысы:
ТКИ студенттері Қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік мәдениеті, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру рухында тәрбиеленуді жалғатсыруда.
ТКИ алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін проф. Әлиев С.А. және ТКИ барлық қызметкерлерінің ұсыныстарымен ТКИ қайта қалыптастыру жоспары әзірленді.
Қорытындысыда мынаны айтқым келеді, ТКИ барлық қызметкерлеріне сыртқы бақылаушы болмай, кемшіліктерді жою бойынша процеске белсенді кірісу қажет.
Назарларыңызға рақмет.
Баяндалғандардың негізінде, Ғылыми кеңес қаулы қ а б ы л д а д ы:
1. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ескертулерін жоймағаны, бакалавриат мамандықтарының пәндерін электрондық оқу басылымдарымен толық қамтылмағаны, кафедралардың ПОҚ қызметтік міндеттерін уақытында орындамағаны үшін:
1.1. Келесі кафедра меңгерушілеріне ескерту жариялансын: БТЖ Мехтиев А.Д., Энергетика Таранов А.В., ПЖ Есенбаев С.Х., КМ Давлетбаева Н.Б., КАжәнеЕҚ Шарипов Н.Х., ӨЭжәнеХ Ибраев М.К., ҚЖМ Грузин В.В., МІжәнеГ Низаметдинов Ф.К., ГФ Пономарева М.В., АЖ Баймульдин М.К., ҚМБТ Рахимов М.А., ҚӨҰжәнеТ Қожас А.К., ӘГП Балшикеев С.Б., ДжәнеҚӨ Бартенев И.А., АЖЖ Көккөз М.М., Қазақстан тарихы Смағұлов Н.К., ҚТжәнеМ Қалыбекова Қ.С., СжәнеД Рева М.В. және Механика Бәкіров Ж.Б.
1.2. Жоғарыда аталған кафедралардың меңгерушілері міндеттелсін:
1.2.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде ЭОБ әзірлеуді аяқтау, оларды білім беру порталында және электрондық кітапханаға орналастыру, мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған барлық ескертулер мен кемшіліктерді жою.
1.3. Келесі кафедралардың меңгерушілері міндеттелсін: КМ Давлетбаева Н.Б., ӘГП Грузина В.В., МІжәнеГ Низаметдинов Ф.К.:
1.3.1. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» және 6М074100 «Картография» магистратура мамандықтарының бейіні бойынша ғылым докторлары кафедралардың штатына алынды.
2. Келесі кафедра меңгерушілері міндеттелсін: Энергетика Таранов А.В. және ӨПА Брейдо И.В.:
2.1. 20.09.2011ж. дейінгі мерзімде 5B071700 «Жылу энергетикасы» және 5B071800 «Электроэнергетика» мамандықтарының жоғары курс студенттеріне кеңес беруді ұйымдастыру.
3. Келесі кафедра меңгерушілері міндеттелсін: Қазақстан тарихы Смағұлов Н.Қ., ӘГП Балшикеев С.Б., ҚТ жәнеМ Қалыбекова Қ.С., О және ШТ Оспанова Б.Р., ШТ Джантасова Д.Д., Информатика Лихачев В.В., ЖМ Тұтанов С.К., Физика Смирнов Ю.М., Механика Бәкіров Ж.Б., КАжәнеЕҚ Шарипов Н.Х., ӨЭжәнеХ Ибраев М.К. және КМ Давлетбаева Н.Б.:
3.1. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық», 5В012000 «Кәсіптік оқыту», 5В050600 «Экономика», 5В050700 «Менеджмент» және 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша) мамандықтарының 2011 жылғы 1 курс студенттері үшін екі тілде оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
4. Келесі кафедра меңгерушілері міндеттелсін: ММжәнеН Куликов В.Ю., КЭ Ахметжанов Б.А. және БТЖ Мехтиев А.Д.:
4.1. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде екі тілде 5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының жаңа білім беру траекториялары бойынша 5, 6 семестрлерінің «Металлургиялық өндірісі», «Шаруашылық субъектілердің экономикасы», «Байланыс және телекоммуникациялар»пәндері бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Болон процесін және академиялық ұтқырлықты дамытудың тиімділігін жоғарылату үшін міндеттелсін:
5.1. Егоров В.В., ОІ жөніндегі проректор:
5.1.1. 30.10.2011ж. дейінгі мерзімде ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тіркеудің нормативтік ережелерін әзірлеуді қамтамасыз ету;
5.1.2. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде ECTS принциптерін ескерумен білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және модульдеу бойынша Университеттік семинарлар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
5.1.3. 15.09.2011ж. дейінгі мерзімде ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тіркеуді қамтамасыз ету үшін Болон процесін және институттарды дамыту бойынша Департаменттің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды Ректоратқа ұсыну;
5.2. Исағұлов А.З., ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор міндеттелсін:
5.2.1. 15.10.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жж. арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
5.2.2. 30.09.2011ж. дейінгі мерзімде ECTS қолдануды ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірлеу;
5.2.3. naric.kz сайтының жүйелік мониторингісін қамтамасыз ету, оған сәйкес Университеттің kstu.kz веб-сайтын жаңартылып отыруы тиіс.
5.3. Институт жиректорлары:
5.3.1. 15.09.2011ж. дейінгі мерзімде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ЖОО кеткен және Университетке шетелдік ЖОО келген білім алушылар туралы ақпаратты Болон процесін дамыту бойынша департаментіне ұсыну;
5.4. Кафедра мңгерушілері:
5.4.1. 30.09.2011ж. дейінгі мерзімде академиялық ұтқырлықты жылжыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
5.4.2. 31.08.2011ж. дейінгі мерзімде силлабустары мен 1 курс пәндерінің ОӘЖ, жеке оқу жоспары, анықтамалық-сілтеуіші мен «За политехнические знания» газетінің мерекелік шығарылымы бар CD-дисктан тұратын Бірінші курс студенті Пакетін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
5.5. Жеребцова Е.П., Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТ ҒЗИ директоры:
5.5.1. 03.10.2011ж. дейінгі мерзімде кредиттік оқыту технологиясын қолдауды программалық қамтамасыз етудің қайта өңделуін қамтамасыз ету және Ректоратқа аппараттық қамтамасыз ету туралы негізделген ұсыныстарды беру;
5.6. Сергеев В.Я., Тіркеу офисінің жетекшісі:
5.6.1. 15.09.2011ж. дейінгі мерзімде кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және модульдеу бойынша Университеттік семинарларды өткізу бағдарламасын әзірлеу;
5.6.2. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде ECTS кредиттерін көрсетумен транскриптерді беруді әдістемелік және программалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
6. Бірінші корпус әкімшісі Янишевская Л.Н. және Екінші корпус әкімшісі Әлімжанова С.К. міндеттелсін:
6.1. 29.08.2011ж. дейінгі мерзімде Информатика және ТКМ және Ж кафедраларының көшуі үшін қажет жағдайлар жасау.
7. Урбисинов Б.К., ӘШЖ жөніндегі проректор м.а. міндеттелсін:
7.1. 31.08.2011ж. дейінгі мерзімде Екінші корпустың КАжәнеЕҚ, МІжәнеГ, ПҚКҚ кафедраларының аудиториялық қорын жөндеуді аяқтау.
8. Осы шешімдердің орындалуын бақылау міндеті Оқу ісі жөніндегі проректор В.В. Егоровқа жүктелсін.
Ғылыми кеңестің төрағасы А.М. Ғазалиев
Ғылыми хатшы С.Қ. Қабиева
МАЗМҰНЫ
2011 ж. 27 тамыздағы Ғылыми Кеңестің Күн тәртібі
|
2
|
|
|
«2011-2012 оқу жылында Университет
ұжымының стратегиялық міндеттері туралы» Ғылыми Кеңестің шешімі
|
3
|
«2011-2012 оқу жылына кафедралардың
дайындығы туралы» Ғылыми Кеңестің шешімі
|
25
|
Достарыңызбен бөлісу: |