С. Д. Фазылов, 3. М. Молдахметов,
А. М. Ғазалиев
ҚАЗІРП ЗАМАНҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Оқулық
Алматы, 2003
ББК 28.073 Ф 16
Ф 16 Фазылов С.Д., Молдахметов З.М., Ғазалиев А.М.
Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары/ Оқулық. 2-ші басылым, өңделіп толықтырылған. Алматы, 2003. - 256 бет
Оқулықта әлемнің жаратылыстық-ғылыми даму көріністерінің негізгі кезендері, физика, химия, биология салаларындағы ғылыми ойдың даму тарихы бейнеленеді. Әлемнің ғылыми тұрғыдан негізделгеы даму керінісін қалыптастыруға ықпалын тигізген теориялардың қысқаша мазмұны беріледі. Оқулық жоғарғы оқу орындарының экономика, заң және басқа да гуманитарлық факультеттерінің студенттеріне қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының концепциялары мен негізгі жетістіктерін таныстырады.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Бірінші бөлім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ
БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ.
1.1. Жаратылыстану ұғымының мазмұны.
1.2. Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу
обьектісі ретінде.
1.3. Жаратылысты-ғылыми және гуманитарлы мәдениет
.
1.4. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары.
1.5. Математика - дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі.
1.6. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері.
1.7. Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесі.
Семинарға арналған сұрақтар.
Екінші бөлім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
2.1. Жаратылыстанудың даму кезеңдері.
2.2. Ертедегі грек ғылымының даму кезеңдері.
2.2.1. Атомизм концепциясы.
2.2.2. Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті. Аристотелдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі.
2.2.3. Евклид геометриясы.
2.3. Эллинизм дәуіріндегі ғылымның дамуы.
2.3.1. Архимедтің заттар тепе-тендігі туралы ғылымы.
2.4. Натурфилософияның ертедегі римдік кезеңі.
2.5. Араб әлемінің жаратылыстануға қосқан үлесі.
2.6. Ортағасырлық Еуропадағы жаратылыстану.
2.7. Жаңа уақыт ғылымы кезеңі. Екінші жаратылыстық-
ғылыми төңкеріс.
2.7.1. Коперниктің жүйесіне Галилейдің қосқан үлесі.
2.7.2. Кеплер және оның ғаламшарлардың қозғалысы луралы заңдары.
2.7.3 Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс Заңы.
2.8. Жаратылыстанудың XIX ғ. соңы мен XX ғ.
бас кезіндегі даму кезеңдері.
Семинарға арналған сұрақтар.
Үшінші бөлім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ
ПРИНЦИПТЕР МЕН КОНЦЕПЦИЯЛАР.
3.1. Физиканың негізгі концептуальды жүйелері туралы
жалпы көзқарас.
3.2. Ломоносовтың әмбебап сақталу заңы.
3.3. Электр туралы ғылымның тууы.
3.4. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясын
жасауы.
3.5. Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы.
3.6. Кванттық механиканы жасау. Корпускулярлық-
толқындық дуализм.
3.7. Эйнштейннің гравитациялық өріс теориясы.
Салыстырмалықтың жалпы теориясы.
3.8. Қарапайым бөлшектер және табиғаттағы күштер.
Семинарға арналған сұрактар.
Төртінші бөлім
АСТРОНОМИЯ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
4.1. Астрофизика - физиканың бір бөлігі.
4.2. Астрономияның негізгі объектілері мен оларды
зерттеу әдістері.
4.3. Астрономиялық масштабтардағы материяның
құрылымдық деңгейлері.
4.4. Әлемнің ғарыштық үлгілері.
4.5. Физиканың бірігуі. төртінші ғаламдық
аратылыстық-ғылыми төңкерістің тууы.
Семинарға арналған сұрақтар.
Бесінші бөлім
СИНЕРГЕТИКА КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
5.1. Синергетиканың пайда болуы мен дамуы.
5.2. Синергетика мен термодинамика.
5.3. Бифуркация нүктелері.
Семинарға арналған сұрақтар.
Алтыншы болім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДАҒЫ ХИМИЯ.
ҰЛЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР.
6.1. Химияның ғылым ретіндегі негізгі проблемасы.
6.2. Периодтық заң және Д.И.Менделлевтің химиялық
элементгердің пероидтық жүйесі.
6.3. Химиялық білімдердің даму деңгейлері.
6.3.1. XVII ғасырдың басына дейінгі химияның дамуы.
Натурфилософия мен кәсіптік химия.
6.3.2. Химия дамуының бірінші кезеңі — XVII ғ.
Заттардың құрамы туралы ілім.
6.3.3. Химияның ғылым ретінде дамуының екінші кезеңі
— XIX ғ. Құрылымдық химия.
6.3.4. Химияның ғылым ретіндегі дамуының үшінші кезеңі —XX ғасырдың бірінші жартысы. Химиялық процестер туралы ілім.
6.3.5. Химияның ғылым ретіндегі дамуының төртінші кезеңі - XX ғ. екінші жартысы. Эволюциялық химия.
6.3.6. Химияның жүйесі.
6.4. Заттың құрамы туралы ілім. Оларды шешу мәселелері.
6.4.1. Химиялық элемент проблемасының шешілуі.
6.4.2. Химиялық қоспа проблемасын шешу.
6.4.3. Жаңа материалдар жасау мәселелері.
6.5. Құрылымдық химия. Мәселелер мен шешімдер.
6.5.1. Химиядағы "құрылым" ұғымының эволюциясы.
6.5.2. Органикалық синтездің салтанатты шеруінің
кезеңі.
6.6. Химиялық процесстер туралы ілім. Мәселелер мен
шешімдер.
6.6.1. Химиялық процессті басқару әдістері.
6.6.2. Катализ және экстремальды жағдайлар химиясы.
6.7. Эволюциялық химия - химиялық білімдер дамуының
жоғарғы сатысы.
6.7.1. Химияның эволюциялық мәселелері.
6.7.2. Тірі табиғат тәжірибесін игеру жолдары.
6.7.3. Химиялық эволюция мен биогенез теориясы.
6.7.4. Стационарлық емес кинетика. Жүйелер эволюциясы туралы түсініктердің дамуы.
6.7.5. Химиялық процесстер ғылымының дамуының
жалпы бағыттары.
Семинарға арналған сұрақтар.
Жетінші бөлім
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР.
ТІРШІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРІ.
7.1. Биологияның мәселесі, оның құрылысы мен даму
этаптары.
7.2. Дәстүрлі немесе натуралистикалық биология.
Линнейдің биологиялық жүйесі.
7.3. Физикалық-химиялық биология.
7.4. Эволюциялық биология.
7.4.1. Ч.Дарвиннің эволюция теориясы.
7.4.2. Ч.Дарвиннің эволюциялык теориясының қазіргі заманғы дамуы. Молекулярлық-генетикалық тәсіл.
7.4.3. Адамның тарихи дамуының биологиялықтығы
мен әлеуметтілігі. Антропогенез мәселелері.
7.5. Тіршіліктің түрлері мен деңгейлері.
7.6. Молекулярлық-генетикалық деңгей.
7.7. Тіршіліктщ пайда болуы.
7.8. Тіршіліктің ұдайы жалғасуы мен тіршілік әрекеттері
үрдістерінің молекулярлық негіздерін зерттеу.
7.8.1. Менделдің генетика заңдары. Нуклеин қышқылдарының генетикалық ролін ашу.
7.8.2. Генетикалық репродукция мен ақуыз биосинтезінің
молекулярлық механизмдерінің ашылуы.
7.8.3. Өзгергіштіктің молекулярлық-генетикалық механизмдерін ашу.
7.8.4. Заттар алмасуының молекулярлық негіздерін
зерттеу.
7.9. Онтогенетикалық деңгей.
7.9.1. Ағылшын натуралисті Гуктың жасушаны ашуы. Шванның жасуша құрылысын зерттеуі.
7.9.2. Бүкіл тіршілік дүниесін прокариоттар мен эукариоттарға бөлу.
7.9.3. Онтогенетикалық деңгейде қызмет ету.
7.10. Популяциялық-биоценотикалық деңгей.
7.11. Биосфералық деңгей.
7.11.1. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
7.11.2. Тірі ағзалардың әр алуандығы — биосфера құрылысы мен тұрақтылығының негізі.
7.11.3. Ноосфера ұғымы. Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі.
7.11.4. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және биосфераны қорғау.
Семинарға арналған сұрақтар .
Сегізінші бөлім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚОҒАМДАСТЫҚТА. БҮКІЛӘЛЕМДІК БІЛІМ
АЛМАСУ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.
8.1. Халықаралық ғылыми қоғамдастықтар.
8.2.Әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы білім алмасу.
8.3. Ғылыми алмасуды ынталандыру.
8.4. Халықаралық келісімдер.
Семинарға арналған сұрақтар .
Тоғызыншы болім
ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ (философиялық қорытынды) .
9.1. Қазіргі заманғы жаратылыстанудың жалпы
заңдылықтары.
9.2. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық
бейнесі.
9.3. Ғылымның дамуындағы қиындықтар мен
парадокстар.
9.4. Эволюциялық процесс ретіндегі ғылым.
Семинарға арналған сұрақтар.
Қорытынды.
Сынақ сұрақтары.
Сөздік.
АЛҒЫ СӨЗ
Оқулық жоғарғы оқу орындарының студеготеріне жөне Әлемнің ғьшыми-жаратьшысты бейнесі қызықтыратын кең оқырман қауымға арналған. Оқулықтың негізгі мақсаты экономикалық, гуманитарлық оқу орындарының студенттеріне жаңа пәнді меңгеруге көмектесу, Бүкіләлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін түсіндіру, жаратылысты-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттерді біртұтастық деңгейде көрсету болып табылады. Қазіргі өмірімізде жаратылыстану ғылымының барлық жетістіктері жалпы ғылымдық маңыз алып, өміріміздің барлық салаларында, оның ішінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда да, кеңінен қолданылатынын өздеріңіз жақсы білесіздер.
Бұл оқулықта жаратылыстану үздіксіз даму жағдайындағы табиғатымыз туралы біртұтас ғылым ретінде келтірілген. Физика, химия мен биология сияқты осы ғылымның арнайы бөлімдері білімнің біртұтас иерархиялық жүйесінің бір-бірімен тығыз бай-ланыстағы деңгейлері ретінде қарастырылады. Оқулықта жаратылыстанудағы төрт жаратылысты-ғылыми төңкерістің тізбекті түрде бірінен соң бірі келу себептері, әлемнің физикалық бейнесінің эволюциясы, ғырыш туралы тұжырымдамалар қысқаша түрде баяндалған. Оның ішінде фундаментальдық физикалық принциптердің бүкіл жаратылыстанудың негізін салатыны айталады. Химиялық білімдердің даму бағытына, өмірге қажетті әр түрлі заттарды алудың жаңа әдістеріне, болашақтың энергетикасы ретінде маңызы зор күн энергиясын химиялық отын энергиясына айналдыру әдістерінің маңызына, "тірі
3
организмдер зертханасын" зерттеудегі химиктердің алдында тұрған проблемаларға шолу жасалады. Физикалық-химиялық биологияның, натуралды биологияның және эволюциялық биологияның - биологиялық білімнің қатар дамып келе жатқан үш деңгейіне де көп көңіл бөлінеді. Жаратылыстану ғылымының мәселелерін осындай ретпен баяндау арқылы жаратылыстану пәнінің негізгі мақсаты — Табиғаттың біртүтастығы, тірі мен өлі табиғаттың бірлілігі, олар-дың даму заңдарының ортақтығы екенін көрсету мақсатын алға қойып отырмыз. Оқулықта жаратылыстану терминдері мен түсініктеріне де көңіл бөлінген.
Қазіргі заманғы жаратылыстану концепцияларымен танысу жас мамандарға ғарыш әлемі мен микро-әлемнің құпияларын ашуға арналған зерттеулердің кандай материалдық және интеллектуалдық шығындарды қажет ететінін, қазіргі заманғы теледидардың әдемі көрсетуі мен компьютерлердің жетістіктері қандай қиын бағамен алынатындығын, Табиғатымызды болашақ ұрпақтарымызға сақтап жеткізудің аса маңыздылығын түсінуге көмектеседі деп ойлаймыз.
4
Бірінші бәлім
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ТАБИҒАТ
ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ
Глоссарий
Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымдар
жүйесі.
Дәл жаратылыстану - бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы дүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім
ғылым).
Концепция (лат. Сопсерtio) - құбылыстармен әр түрлі сұрақтар туралы көзқарастар жүйесі; оны түсіну мен талқылау.
Пәнаралық ғылымдар - бірнеше жаратылыстану ғылымдарының қиылысында түрған жаңа ғылымдар.
Ғылымның дифференциясы - қайсыбір ғылымның
тар салаларын жасау.
Ғылымның интеграциясы (лат. Integег - бүтін) — күрделі ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты ғылымдардың жақындасуы мен байланысы.
Иерархизм - құрылымдық деңгейлер немесе кіші жүйелердің бағыныштылығы мен субординациясы-мен мінезделетін күрделі құрылымды жүйенің маңызды қасиеті.
Редукционизм - "жоғарғыны" "төменге" қосу, басқаша айтқанда барлық биологикалық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды - физикаға әкелетін ғылымның бағытгамасы.
5
Космогония - ғарыш өлеміндегі космостық денелер мен олардың жүйелерінің шыққан тегі мен дамуын (эволюциясын) зерттейді.
1.1. Жаратылыстану ұғымының мазмұны
"Жаратылыстану" ұғымы екі сөзден құралған - "жаратылыс" (табиғат) және "тану" немесе "білу". Бұл сөздің синонимі ретінде "табиғаттану" деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану - бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.
Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуаи: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс - тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін.
Ертеректе орыс тіліне "табиғат" деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині "натура" (паіига) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа "Nаtиrwis-sепsсһаft" ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин "натурфилософия" (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды.
Бүкіл Әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда "физика" немесе "физиология" іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды "физиктер" немесе "физиологтар" деп атады, өйткені ежелгі грек сөзі "физис" "табиғат" деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу, жасау дегенді білдірді. Мұндай
6
анықтама XX ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі.
Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстық ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар - физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар - география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстық және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. "Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез-құлықтарын зерттеу болып табылады.Бір жағынан психология жоғары жүйке қызметі физиологиясы саласында жұмыс жасап және мидың қызметін бақылайтын био-логтардың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Екіншіден, бұл ғылым әлеуметтану саласынан да білімдерді пайдалана отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстармен де шұғылданады. Мысалы,әлеуметтік психология қоғамдағы адамдар топтарының қарым-қатынасын зерттейді. Психология барлық жаратылыстық ғылымдардың білімдерін жинақтап, жаратылстық білімнің жоғарғы сатысы мен мақсаты Адам мен Қоғамды танып білу болатын ғылымдар арасына қойылған көпірше қызметін атқарады,
Гуманитарлық ғыдымдардың Табиғатты зерттейтін ғылымдармен өзара тығыз байланыста екені жақсы белгілі. Экономистерге география мен математиканы, философтарға натурфилософия негіздерін білмей болмайды; әлеуметтанушылар психологтармен өзара байланыста әрекет етеді, ал ескіден қалған суреттерді қалпына келтірушілер қазіргі заманғы химияның көмегіне жүгінеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары .Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым-қатынаста
7
болатындығын ұмытпауымыз керек. Мысалы, бірнеше күн ас-су ішпей керіңізші! Мүмкін, тыныс алмай өмір сүру тәсілін білетін шығарсыз? Біздің барлығымыз да - Табиғаттың перзенттеріміз. Ал оның зандарын зерттеп, танып білетін ғылым - табиғаттану немесе жаратылыстану.
Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.
1. Жаратылыстану - бұл Табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.
2. Жаратылыстану - бұл біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы.
Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бүл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, "ғылымдар жиынтығы" деген ұғым жекелеген ғылымдардың қарапайым жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін-бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың бірыңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым.
Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы - ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды "іздеп таба отырып" зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің -химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және
8
одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі зандарды дәл ұғынып түсіну үшін керек.
Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік, бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді - физиканы, химия мен биологияны - жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады, басқаша айтқанда, оның заңдарын жалпы жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан танудың бастамасы деген сөз. Енді біз табиғатты танудың екінші сатысына шығуымыз керек.
Осыдан келіп жаратылыстанудың қос міндеттен тұратын мақсаттары шығады.
Жаратылыстанудың мақсаттары:
1. Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
2. Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.
Бұл - Табиғатты іс жүзінде танып білудің нәтижесіне байланысты шыққан бағдарлама.
1.2. Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай
зерттеу обьектісі ретінде
Жаратьшыстану ғылымы физикаға, химияға, биология мен психологияға бөленетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты - тірі организмдер (ағзалар), ал психология - адам психика-сының құпияларын танып-білумен шұғылданады.
9
Дегенмен, бұлайша бөлудің шартты екендігін ұмытпау керек. Өйткені Табиғаттың өзі біртұтас, ол өзін танып білу үшін адамдар ойлап тапқан ғылымдарды білмейді. Көбінесе әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының зерттеу шеңберінде айналып кел-генде бір ғана табиғи құбылыс тұрады. Ол әр түрлі көзқарас пен әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының позициясынан зерттеледі. Зат туралы өзіндік ғылыми түсінігін құру үшін бұл ғылымдардың әр-қайсысы өздерінің арнайы әдіс-тәсілдерін қолдануға бейім тұрады. Бірақ "құшақ жетпесті құшу" мүмкін емес. Бұл ғылымдардың әрқайсысы зерттеліп отырған күрделі құбылыс туралы арнайы білім-дердің тек бір бөлігін ғана "бере" алады. Зерттеліп отырған заттың біртұтас бүтіндігі туралы нақты дәл білімді осы арнайы ұғым-түсініктерді біріктіріп, әр түрлі ғылымдардың қиылысу нүктелерін тауып. жекелеген жаңалықтардың арасындағы өзара байла-ныстарды анықтап іздеп тапқанда ғана алуға болады.
Зерттеу обьектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пәнаралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Олар - биофизика, физикалық химия, физикалық-химиялық биология, психикалық физика және басқалары.
10
Бүгінгі күні, мысалы, барлық химияны физикалық деп атауға болады. Бұл химиялық құбылыстары таза химиялық тәсілдермен түсіндіру мүмкін болмағандықтан туындайды, сондықтан осы жерде физиканың көмегі керек болады. Физика мен химияның бұлай бірігуі жоғарыда айтылғандай, әр түрлі ғылымдарға бөлуді білмейтін Табиғаттың біртұтастығының нақты көрінісі.
Мұндай бірігу тенденциялары немесе жаратылыстық-ғылыми білімдердің кірігуі ертеректе пайда бола астады. 1747-1752 жылдардың өзінде М. В. Ломоносов (1711-1765) химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеді. )Ол жаңа ғылымға физикалық химия деген ат ойлап қойды.
Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Геология біздің ғаламшарымыздың құрамы мен құрылысын бұлардың миллиардтаған жылдар ішіндегі эволюциялық дамуына зерттейді. Оның негізгі бөлімдері - минералогия, петрография, вулканология, тектоника және басқалары - бұлар кристаллографиядан, кристаллофизикадан, геофизикадан, геохимия мен биогеохимиядан шығады. Сондай-ақ, география да өзінің фи-зикалық география, топырақ географиясы сияқты негізгі бөлімдерінде әр түрлі деңгейде көрініс беретін физикалық, химиялық және биологиялық білімдермен 'суарылған". Осылайша, Табиғаттың барлық зерттеулерін бүгін физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың сан алуан тарамдарын байланыстырып тұрған орасан зор тор түрінде елестетуге болады.
Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша Табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдену мүмкіншіліктері болуы керек. Бұл деген сөз әрбір білім эмпирикалы
тексерістен міндетті түрде өтуі керек деген ұғым емес, бірақ әрбір теорияның қабылдануында тәжірибе нәтижелері негізгі аргумент болып табылады.
11
Осы жерде бір жағынан, жаратылыстық пен техникалық ғылымдардың, екінші жағынан, фундаментальдік және қолданбалы ғылымдардың айырмашылықтарын ескеру қажет. Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның. Әлемді өзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жа-тыр, ал математикадан өзгешелігі - оның әр түрлі математикалық белгілер жүйесін емес, табиғат жүйесін зерттеуінде.
Фундаментальдық ғылымдар - физика, химия, астрономия - бұлар Әлемнің базисті (негізгі) құрылысын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар - фундаменттік ғылымдардың нәтижелерін күнделікті өмірдегі әртүрлі танып-білу мен әлеуметтік-тәжірибелік мақсаттарды шешуге қолданады. Осы тұрғыдан қарастырғанда барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы ғылымдар қатарына жатқызуға болады, бірақ та барлық қолданбалы ғылымдарды техникалық ғылымдарға кіргізуге болмайды. Мысалы, металдар физикасы және жартылай өткізгіштер физикасы теориялық қолданбалы пәндерге жатады, ал жартылайөткізгіштер технологиясы - практикалық қол-данбалы ғылымға жатады.
1.3. Жаратылысты-ғылыми және гуманитарлы мәдениет
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылысты-ғылымнан басқа адамдар қарым-қатынасына, қоғамдық танымға, түйсікке қатысты ғылымның екінші бір үлкен бөлігі - қоғамтану ғылымы бар. Жаратылыстану ғылымының жетістіктері жаратылысты-ғылыми мәдениетке, ал қоғамтану ғылымының жетістіктері - гуманитарлы мәдениетке әкеледі. Бұл екеуі де жалпы адам-зат мәдениетінің қайнар көзі болып табьшады. Соныменен, мәдениет ұғымына анықтама берейік.
Мәдениет дегеніміз - адамның қолымен жасалған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығы және де адамның осы байлықтарды жасау мен қолдана білу мүмкіншіліктері. Басқаша айтсақ, мәдениет
12
- адамдардың іс-әрекетінің, тіршілігінің және қарым-қатынасының мағынасын, қоғамның даму деңгейін көрсететін қоғамдық маңызды информациялардың жиынтығы. Бұған мысал ретінде қоғамдағы әдет-ғұрып пен салтты, халықтың киім киісі мен тұрмыс архитектурасын, армияның құрылысы мен жабық-талуын, мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысын, тілдің дамуын, қоғамның білім жүйесінің, ғылымының, техникасы мен технологиясының даму деңгейін және т.б. келтіреміз.
Жаратылысты - ғылыми мәдениеттің қамтитын аймағы - жаратылыстану ғылымдарына, техникалық жетістіктерге, өнеркәсіптік технологияларға негіз болатын заттардың таза табиғи қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтар. Ал гуманитарлы мәдениет - адамдардың бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын реттеуге бағытталған қоғамдық сана-сезіммен, рухани байлықпен байланысты мәселелерді қарастырады. Бүл сүрақтарды "адамтану" ғылымдары (философия, социология, этика, история, т. б.) және религия, мораль, құқұқ және т. б. ғылымдар зерттейді.
Жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттерді бөліп қарауға болмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне біздің оң мен сол қолдарымыз сияқты, есту мен көруіміз сияқты өте қажет. Бұл мәдениеттердің біртұтастығына мына мы-салдарды келтіруге болады. Біріншіден, жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттер - екеуі де адамның іс-әрекеті мен сана-сезімінің нәтижелері. Екіншіден, жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы мәдениет түрлері мен ғылымдары арасында ортақ "ше-каралық" мәселелер көп. Осы мәселерді шешу олардың бірігуін, жақындауын қажет етеді. Бұл, мысалы, экология, антропосоциогенез, гендік инженерия жөне т.б. мәселелер. Үшіншіден, мәдениеттің осы түрлері адамның өмірлік көзқарасын қалыптастырады; ал көзқарастың біртұтастық сипаттамасы болатынын білесіз - оң көзбен бір нәрсені, сол көзбен басқа нәрсені көруге болмайды.
13
Көп жағдайда жаратылыстану жетістіктері гуманитарлық көмекті қажет етеді. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының тез дамуы мен олардың жетістіктерінің нәтижесінде жасалынатын технологиялар адамдардың өмір сүруіне қатер төндіретін объектілердің (жетістіктердің) пайда болуына әкелуде (ядролық қару, гендік инженерлік монстрлар, адамды клондау, т.б.). Сондықтан осы жетістіктерге, осындай ғылыми экспансияларға гуманитарлық сұрыптама, заңдық және басқа да тежеуіштер қажет.
Кей жағдайларда теориялар мен гипотезаларды дәлелдеуде эмпирикалық нәтижелер жеткіліксіз болады. Осы жағдайда гуманитарлық әдістер көмекке келеді, мысалы, теорияның біртұтастығы, ішкі байланыстылығы, әдемілігі, сәйкестігі және т. б.
Гуманитарлық мәдениеттің барлық салаларында да жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері кең түрде қолданылады (мөлшерлік зерттеу әдістері, байланыс құралдары, компьютерлік технология және т.б.). Әрқашанда тек қана жаратылыстану техникалық ғылымдармен бірге адамзаттың даму барысындағы барлық кезеңді мәселелерді шешіп отырды.
Мәдениет, дәлірек айтсақ мәдени мұра, бұл негізінен бір тарихи дәуірден екінші дәуірге қоғамдық жинақталған тәжірибені беру түрі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай мәдениетті адамның қалыптасуы осы мәдени мұраны игеру арқылы жүреді. Тұрмыстық комфортты жасайтын техника мен технология жетістіктерін игеру негізінен еркениетті тұлғаның қалыптасуына әкеледі. Дамудың жоғары сатысына көтерілу үшін, ең аз дегенде, әрбір адам жоғары білім мен толық түрдегі тәрбие алу керек және де өзінің ой-өрісін ғылым мен мәдениеттің барлық салаларынан толықтырып отыруы керек. Творчестволық белсенді тұлға әрқашанда өзінің қоғамына мәдени мұраға кіретін жаңа байлықтар әкеледі.
Сонымен, қоғамдағы мәдениеттің жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлық аймақтары бір бірімен қиылысып, бірін-бірі толықтырып және бір-біріне әсер етіп тұрады.
14
1.4. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін керсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр.
Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.
XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді бөлу — бұлар ақырында физиканың, химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылым-ның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі -эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір ерекшелігі Табиғаттың жеке затта-рын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды.
Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес бөлімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жаса-
луда.
Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсыбір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғыымының кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондық-
15
тан да жүзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды-дифференциалдық деп атайды.
Қазіргі уақытта таза түрінде тек қана физикаға, химияға немесе биологияға жататын жаратылыстық-ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ. Бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді. Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен ғылымдардың бірігуінде (интеграциясында) жатыр.
Бірақ бүкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін? Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай - барлық жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ бірдеңе бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |