Ж. (№1 хаттама) кеңейтілген Ғылыми Кеңес


ж. дейінгі мерзімде Корпоративті Университет кәсіпорындарымен



жүктеу 0,6 Mb.
бет3/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,6 Mb.
#16163
1   2   3   4

3.4. 15.09.2011ж. дейінгі мерзімде Корпоративті Университет кәсіпорындарымен келісілген бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның 8 мамандығы бойынша бесінші буын МЕСТ жобалары ұсынылған.

3.5. 20.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеудің Еережелері мен Күнтізбелік жоспарының жобасын ұсыну;

3.6. 10.10.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған педагогикалық шеберлік бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру туралы бұйрықтың жобасын ұсыну;

3.7. Сабақтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттің және ЭОБ мазмұнында инновациялық бағыттылықты дамыту бойынша шаралар қолдану;

3.8. 100% жалпы білім беретін, 50% базалық және 30% кәсіптік пәндер бойынша инновациялық оқу-әдістемелік кешендерді оқу процесіне әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету, ЭОБ жалпы саны 7000 жетуі керек;

3.9. Мемлекеттік тілде 50 оқу құралдарының және әдістемелік ұсынымдардың дайындығы мен басылуын қамтамасыз ету;

3.10. 10.10.2011ж. дейінгі мерзімде PhD докторантурасының 4 мамандығы бойынша дайындыққа лицензия алынды;

3.11. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде Университет Сайтын дамыту бойынша 2011-2012 оқу жылына Күнтізбелік жұмыс жоспарын ұсыну;

3.12. Университеттің ғылыми-инновациялық қызметін Сайтта сапалы ақпараттық қолдау бойынша шаралар қолдану;

3.13. Бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары, ПОҚ арналған зерттеу бағдарламалары, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы бойынша кемінде 200 адам академиялық ұтқырлықтарын дамытуды қамтамасыз ету;

3.14. Студенттермен айырбас, алыс және жақын шетел ЖОО жаңа және бар шарттарды жасасу бойынша Халықаралық бөлімінің жұмысын күшейту;

3.15. ЖОО кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3.16. Ұлттық және әлемдік рейтингке ҚарМТУ қатысуын қамтамасыз ету;

3.17. 01.09.2011 ж. дейінгі мерзімде МЕСТ әзірлеу бойынша топтың базасында РОӘК бөлімін құруды қамтамасыз ету.

4. Байжабагинова Г.А., ТІ жөніндегі проректор м.а.:

4.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде «2011-2012 оқу жылына арналған Корпоративті Университеттің Ресурстік бейінді оқыту орталығының базасында Патриоттық тәрбие беру моделін жүзеге асырудың Күнтізбелік жоспарын әзірлеу;

4.2. 01.02.2012ж. дейінгі мерзімде жастармен жұмыс үшін ҚарМТУ Сайтында әлеметтік желіні құру.

4.3. Бағыттарда тәрбие жұмысының сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету;

4.3.1. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың үлгісінде Патриоттық тәрбие беру моделін жүзеге асыру және жетілдіру;

4.3.2. Студенттерде салауатты өмір салтын орнату, белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру;

4.3.3. Студенттік өзін өзі басқаруды дамыту.

5. Кропачев П.А., ректордың кеңесшісі:

5.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде «2011-2012 оқу жылына арналған ҚарМТУ кадрлық резервті дамыту бағдарламалары» жобасын әзірлеу.

6. Иманов М.Ө., Оқытушылар және қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы міндеттелсін:

6.1. 01.07.2012ж. дейінгі мерзімде «Политехник»спортивно-оздоровительного лагерінің толыққанды жұмысы, Университеттің ұжымында корпоративті рухты насихаттау бойынша шаралар қабылдау.

7. Урбисинов Б.К., ӘЭЖ және ӘШЖ жөніндегі проректор м.а.:

7.1. ҚарМТУ кафедраларының және құрылымдық бөлімшелерінің материалдық базасын нығайтуды мемлекеттік қазіргі заманғы ұйымдастыру техникасын 2011-2012 оқу жылына бекітілген жоспарға сәйкес сатып алулар бойынша қамтамсыз ету.

7.2. 2011-2012 оқу жылына бекітілген жоспарларға сәйкес зертханаларды жаңартуға, ЖОО ақпараттық-білім беру ортасын, университетік кампустағы жаңа және бар ғимараттар мен үймереттерді салуды және қайта құруды дамытуға арналған қазіргі заманғы жабдықты мемлекетік сатып алулар бойынша иелікке алу есебінен УИНТК инфрақұрылымын нығайтуды қамтамасыз ету;

7.3. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде 1000 орынға арналған студенттік жатақхананың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тендер өткізу.

8. Қамаров Р.К., БЖИ директоры:

8.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына ГМК-да және онымен байланысты сервистік салаларда инновациялық жобаларды әзірлеу және фирмаларды құру, технологияларды коммерциаландыру бойынша ПОҚ мен кәсіпорындардың мамандарының біліктіліктерін жоғарылату бағдарламасын ұсыну.

9. Әубәкіров Н.М., Ш. Құдайбердиев атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры міндеттелсін:

9.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына арналған ҚарМТУ политілділік принципін жүзеге асыру бағдарламасын ұсыну.

10. Бейсембаева Б.О., кітапхана директоры:

10.1. 2011-2012 оқу жылы барысында 50 000 дана көлемінде жаңа әдебиетпен кітапханалық қорды толықтыру;

10.2. 01.10.2011ж. дейінгі мерзімде электрондық кітапханада пәндер бойынша 100% оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді орналастыру;

10.3. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде күндізгі және аралық оқытуға, сонымен қатар, халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған 3 білім беру порталын іске қосу.

11. Малыбаев Н.С., ТКИ директорының м.а.:

11.1. 10.09.2011ж. 2011-2012 оқу жылына арналған Тау-кен институтының қайта қалыптасу жұмыстарының Күнтізбелік жоспарын ұсыну.

12. Институт директорлары міндеттелсін:

12.1. 2011-2012 оқу жылы барысында кафедралық ҒЗЗ, зертханалық кешендердің және шығарушы кафедралардың іске қосылған филиалдарының базасында институттың инновациялық құрылымын құру;

12.2. Кемінде студенттердің 5%, магистранттардың 70% және докторанттардың 100% институттың инновациялық жобаларына қатысуды қамтамасыз ету;

13. Джантасова Д.Д., ШТ кафедрасының меңгерушісі м.а.; Қалыбекова Қ.С., ҚжәнеМ кафедрасының меңгерушісі:

13.1. 15.09.2011ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылына ҚарМТУ политілділік принципін жүзеге асыру бойынша Күнтізбелік жұмыстар жоспарын ұсыну.

14. Исабек Т.К., ПҚКҚ кафедрасының меңгерушісі, Жетесова Г.С., МТ кафедрасының меңгерушісі, Куликов В.Ю., ММжәнеН кафедрасының меңгерушісі, Брейдо И.Ф., ӨПА кафедрасының меңгерушісі, Шарипов Н.Х., КА және ЕҚ кафедрасының меңгерушісі, Балғабеков Т.К., ӨК кафедрасының меңгерушісі, Рахимов М.А., ҚМБТ кафедрасының меңгерушісі және Ынтықов Т.С., АК кафедрасының меңгерушісі:

14.1. 10.09.2011ж. дейінгі мерзімде халықаралық аккредиттеуден өткен немесе оған дайындалатын мамандықтар бойынша 2011-2012 оқу жылында ағылшын тілінде сабақтардың өткізілуін қамтамасыз ету бойынша Күнтізбелік жұмыстар жоспарын ұсыну.

15. Исабек Т.К., ПҚКҚ кафедрасының меңгерушісі, Жетесова Г.С., МТ кафедрасының меңгерушісі, Куликов В.Ю., ММжәнеН кафедрасының меңгерушісі, Ударцева С.М., КОжәнеАӘД кафедрасының меңгерушісі және Таранов А.В., Энергетика кафедрасының меңгерушісі м.а. міндеттелсін:

15.1. 10.10.2011ж. дейінгі мерзімде PhD мамандықтары – «Тау-кен ісі», «Машина жасау», «Металлургия», «Кәсіптік оқыту» және «Электроэнергетика» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестерді ашу бойынша материалдарды дайындауды қамтамасыз ету.

16. Таранов А.В., Энергетика кафедрасының меңгерушісі м.а., Рева М.В., СжәнеД кафедрасының меңгерушісі, Низаметдинов Ф.К., МІжәнеГ кафедрасының меңгерушісі, Брейдо И.Ф., ӨПА кафедрасының меңгерушісі:

16.1. 10. 09.2011ж. дейінгі мерзімде қайта мемлекеттік аттестаттауға қыркүйек бойы дайындалу және одан сәтті өту.

17. Кафедра меңгерушілері міндеттелсін:

17.1. 15.09.11ж. дейінгі мерзімде тіркелген мектептерде, колледждерде және кәсіпорындарда кәсіптік бағыт бойынша кафедраның жеке жұмыс жоспары мен ПОҚ жұмыс жоспарларын дайындау.

17.2. 2011-2012 оқу жылында инновациялық жобалар бойынша шаруашылық шарттардың ҒЗЖ көлемі кемінде 25 млн. теңге;

17.3. Кафедралық ҒЗЗ инновациялық жобаларында ПОҚ кемінде 30% қатысуын қамтамасыз ету;

17.4. Инновациялық технологияларды құру және коммерциаландыру бойынша кемінде 1 ғылыми мектеп және кемінде 1 шағын кәсіпорынды дамытуды қамтамасыз ету;

17.5. Жақын және алыс шетел ЖОО кафедрааралық байланыстар негізінде жоғары және ЖОО кейінгі білімі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз ету;

17.6. 100% дейін ИКТ-сертификатталған ПОҚ санын көбейту және 100% сабақтарда АКТ қолдануды қамтамасыз ету;

17.7. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде кафедраның пәндері бойынша 100% оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің электрондық кітапханасында орналастыру үшін ұсыну.

17.8. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілетін бейнелекцияларды «2011-2012 оқу жылына арналған ЭОБ Күнтізбелік әзірлемелер жоспарында» болуын алдын ала қарастыру.

17.9. 01.09.2011ж. дейінгі мерзімде «Өнеркәсіптік маркетинг», «ҒЗЖ коммерциаландыру» және «Инновациялық жобаларды әзірлеу» өзекті курстарын КУ бойынша серіктестермен келісу.

18. Нұғожинов Ж.С., ҚазКСҚҚИ ҒЗИ директоры:

18.1. Кемінде 300 млн. теңге сомасына ғимараттарды, үймереттерді сараптау, мониторинг жүргізу бойынша инновациялық жобаларды дамытуды қамтамасыз ету;

18.2 2011-2012 оқу жылында ҚазКСҚҚДИ ҒЗИ зерттеулерінде кемінде 20 студент пен магистранттың қатысуын қамтамасыз ету.

19. Бартенев И.А., «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ директоры міндеттелсін:

19.1. Кемінде 20 млн. теңге сомаға дәнекерлеу технологияларының трансферті бойынша инновациялық жобаларды дамытуды қамтамасыз ету;

19.2. Кемінде 250 адам санында халықралалық сертификаттарды берумен мамандардың дайындығын қамтамасыз ету;

19.3. КАЖ ҒЗИ зерттеулерде кемінде 25 студент пен магистранттың қатысуын қамтамасыз ету.

20. Хрусталев Д.П., «Жаңа материалдар» ҒЗИ директоры:

20.1. Кемінде 20 млн. теңге сомасына жаңа материалдарды құру бойынша инновациялық жобаларды дамытды қамтамасыз ету;

21.2. Нано – және ресурс сақтаушы технологияларды коммерциаландыру бойынша кемінде 2 шағын өндірісті құруды қамтамасыз ету;

21.3. ЖМ ҒЗИ зерттеулеріне жылсайын кемінде 25 студенттің және магистранттың қатысуын қамтамасыз ету.

22. Смирнова Г.М., ТиПО Аймақаралық ғылыми-практикалық орталығының директоры міндеттелсін:

22.1. Германиялық халықаралық ынтымақтастық бойынша қауымдастықтығы жобасының шеңберінде кәсіптік педагогика оқытушыларын даярлау және олардың біліктіліктерін жоғарылатудың Ұлттық желісін құру жөніндегі Ұшқыштық орталығын ұйымдастыру.

22.2. Кемінде жылсайын 10 млн. теңге сомасына ТиПО проблемалары бойынша инновациялық білім беру жобаларын дамытуды қамтамасыз ету;

22.3. Жылсайын кемінде 350 адам ТиПО қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету.

23. Жеребцова Е.П., Электрондық білім беру технологиялары ҒЗИ директорынығ м.а.:

23.1. Кемінде 1 млн. теңге сомасына программалық өнімді әзірлеу және коммерциаландыру бойынша инновациялық жобаларды дамытуды қамтамасыз ету;

23.2. Университеттің ақпараттық-білім беру ортасын дамытуға қамтамасыз ету:

23.2.1. 30.12.2011ж. дейінгі мерзімде ҚарМТУ АЖЖ, аралық оқыту АЖЖ, Интернет трафигін басқару АЖЖ, сауалнаман жүргізу АЖЖ және Университет Сайтына кіру жүйесі бар АРМ кешенін әзірлеуді аяқтау;

23.2.2. «TeachOn» аралық оқыту порталында АКТ саласында біліктілікті жоғарылатудың инновациялық түрін ұйымдастыру;

23.2.3. Өзекті курстар бойынша WEB-портфолионы кафедралармен құру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

24. Борисенко А.В., «Өнеркәсіптік экология» ҒЗИ директоры:

24.1. Өнеркәсіптік газдарды тазарту бойынша қондырғыларды өнідіріске әзірлеу және енгізу бойынша инновациялық жобаларды дамытуды қамтамасыз ету;

24.2. 2012 жылға тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылардың бірінші партиясын шығаруды қамтамасыз ету.

25. Осы шешімдердің орындалуын бақыла міндеті ҚарМТУ ректоры А.М. Ғазалиевке жүктелсін.

«2011-2012 оқу жылына кафедралардың

дайындығы туралы» екінші сұрақ бойынша:

2011-2012 оқу жылына кафедралардың дайындығы туралы ОІ жөніндегі проректор В.В. Егоров тыңдалды (баяндама ұсынылады).

Оқу процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Портнов В.С. баяндамасын тыңдап және талқылап, Ғылыми кеңес келесіні атап айтады:

Университеттің 2011-2012 оқу жылына толық дайын болуы үшін 08.06.2011ж.№ 354 бұйрығы мен ҚР Б және ҒМ жіберілген оқу, оқу-әдістемелік және ұйымдастыру қызметін жетілдіру бойынша Іс-шаралар жоспары басып шығарылды.

Кафедралардың жаңа оқу жылына дайындық мәселесі 2011 жылғы 1 шілдедегі Ғылыми кеңес отырыснда қарастырылды.

Энергетика (каф.меңг. Таранов А.В.) және ӨПА (каф.меңг. Брейдо И.В.) кафедраларымен ұйымдастырушылық жұмысқа, мемлекеттік аттестаттауға дайындалу барысында кеңес беру сағаттарын және 5В071700 (050717) «Жылу энергетикасы» және 5В071800 (050718) «Электроэнергетика» мамандықтары бойынша кешенді тестілеуге жоғары курс студенттерін дайындайтын жоғары білікті ПОҚ іріктеуге, әдістемеік қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бүгін 2 кешенді тестілеу жүргізілді, 5В071800 (050718) «Электроэнергетика» мамандығы бойынша орташа балы 67% құрайды. 5В071700 (050717) «Жылу энергетикасы» – 59 %, бұл бастапқы балдан төмен.

Мемлекеттік аттестаттаудың ескертулерін жою үшін 9 – ҚР МЕСТ 5.03.009-2006 «Жоғары оқу орындарының оқу-материалдық активтері. Негізгі ережелері» 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша (каф.меңг. Рева М.В.) талаптарын сақтамау бойынша сурет және кескіндеме мен макет шеберханасын құру үшін қосымша аудандар бөлінді (150а, 150б ауд., 1 оқу корпсы). Оқу жылының басына қарай студияны арнайы мамадандырылған жабдықпен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алулар бөлімі арқылы бұл жабдықты иелікке алудың қиындығына байланысты мүмкін емес.

БТЖ (каф.меңг. Мехтиев А.Д.), Энергетика (каф.меңг. Таранов А.В.), ПЖ (каф.меңг. Есенбаев С.Х.), КМ (каф.меңг. Давлетбаева Н.Б.), КАжәнеЕҚ (каф.меңг. Шарипов Н.Х.) кафедраларымен жоғары импакт-факторымен шетелдің рейтингтік журналдарындағы жарияланымдары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ескертулері толық көлемде жойылды.

КМ (каф.меңг. Давлетбаева Н.Б.), ҚЖМ (каф.меңг.м.а Грузин В.В.), МІжәнеГ (каф.меңг. Низаметдинов Ф.К.) кафедраларымен ҚР МЕСТ 5.04.033-2008 «ЖОО кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер» талаптарына мемлекетік аттестатау коммисясының ескертулері жойылған жоқ. 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 6М074100 «Картография» мамандықтары бойынша ғылым докторлары жоқ.

ҚР МЕСТ 5.03.010 - 2006 «Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор» талаптарын бұзу, атап айтқанда, келтірілген құрамның 1 студент басына оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетпен мемлекеттік тілде жеткіліксіз қамтамасыз етілмеушілік туралы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ескертулерін жою барысында электрондық ресурстарды ескерусіз қамтамасыз етушілік деңгейі келесі түрде өзгерді:

«Тау-кен ісі», «Ақпараттық жүйелер», «Прибор жасау», «Металлургия» – 111 басылымнан асты;

«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» – 100 басылымнан асты;

«Математикалық және компьютерлік моделдеу», «Сәулет», «Алғашқы әскери дайындық», «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын қазу» – 85 басылымнан асты;

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Кәсіптік оқыту» – мемлекеттік тілде оқитындардың құрамын барынша көбейту, бұрынғыдай 80 бірліктен аспайды.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ескертулері ӨЭ және Х кафедрасында жойылмаған (каф.меңг. Ибраев М.К.). Химиялық зертханаларда ыстық сумен қамту жоқ.

ҚР МЕСТ 6.08.-2010 шығуымен байланысты, 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық», 5В012000 «Кәсіптік оқыту», 5В050600 «Экономика», 5В050700 «Менеджмент» және 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша КО және АӘД (меңг. Ударцева С.М.), КЭ (меңг. Ахметжанов Б.А.), КМ (меңг. Давлетбаева Н.Б.) және МТ (меңг. Жетесова Г.С.) шығарушы кафедраларымен 2011-2012 оқу жылының 1 курсына арналған оқу жұмыс бағдарламалары әзірленді.

2011-2012 оқу жылынан бастап 5В012000 «Кәсіптік оқыту» - «Металлургиялық өнідірісі», «Шаруашылық сбъектілер экономикасы», «Байланыс және телекоммуникациялар» және біреуі 5В071200 «Машина жасау» - «Машина жасау технологиясы, өндірісті конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша жаңа білім беру траекториялары енгізілді. Осыған байланысты, ММжәнеН (каф.меңг. Куликов В.Ю.), КЭ (каф.меңг. Ахметжанов Б.А.) және БТЖ (каф.меңг. Мехтиев А.Д.) шығарушы кафедраларымен 5 және 6 семестрлерінің пәндері бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз ету әзірленеді.

ЭОБ пайдалану деңгейі әлі де басылымдардың саны мен сапасы тұрғысынан жетілуді талап етеді. Директорлар мен кафедра меңгерушілерінің тарапынан дұрыс бақылаудың жоқтығы ЭОБ әзірлеу жоспарларының орындалмауына әкелді. Қазіргі таңда 43 қарыз бар, соның ішінде мемлекеттік тілдегі қарыз 20 бірлікті құрайды.

Персоналды басқару департаментімен бейінді магистратура түлектерінің тізімі дайындалды, олар 2011-2012 оқу жылында педагогикалық қызметке араластырылады. Оларды оқытуды ұйымдастыру педагогикалық бейіндегі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаларды (ғылым тарихы мен философиясы, педагогика, таңдауы бойынша компонентң, педагогикалық практика) игермейінше, бейінді магистратураны бітірген магистранттар ЖОО-да педагогикалық қызметке жұмылдырыла алмайды. Дәл солай бакалавриатты бітіргендер де.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығымен бірлесіп 2011 жылғы 19-20 тамызда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тіркеудің қазақстандық моделі бойынша Халықаралық семинар өткізілді.

Болон процесінің міндетті, ұсынылатын және факультативтік параметрлерін орындау мақсатында ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тіркеудің қазақстандық моделін дамытудың басты мақсаты ретінде қарастыра келе, Университетке:

1. 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жж. арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Болон процесінің негізгі, ұсыныстық және факультативтік параметрлерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

2. Жоғары және ЖОО кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелерінің (ҚР Б және ҒМ 21.06.2011ж. № 261 бұйрығы) және Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерінің (ҚР Б және ҒМ 20.04.2011ж. № 152 бұйрығы) негізгі нормаларын сақтау:

- академиялық ұтқырлықтың әрі қарай жылжуына қолдау көрсету;

- ECTS қолдануды ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру;

- білім беру бағдарламаларын Дублинск дескрипторларына және Болон процесіне қатысушы-елдер университеттерінің білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастыру қажет.

Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Университетте барлық қажет құрылымдық бөлімшелер құрылған және ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді, соның ішінде 2011-2012 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру туралы Өкімінің жобасы соңғы жылдары шыққан ҚР Б және ҒМ бұйрықтарына және басқа да нормативтік құжаттарына негізделген.

Оқу процесінде қолданылатын зертханалық жабдық, көбінесе кафедралардағы, 2011-2012 оқу жылының басталуына дайын және жабдықтарды пайдаланылатын барлық пәндер әдістемелік қамтамасыз етілген.

Университеттің аудиториялық қорын талдау келесіні анықтады:


  1. Бас, Бірінші, Төртінші, Бесінші оқу корпустарының және Спорт кешенінің аудиториялық қоры жаңа оқу жылына дайын.

  2. Екінші корпус жаңа оқу жылына дайын емес. Пайдалануға ПҚКҚ, МІжәнеГ, КАжәнеЕҚ кафедраларының зертханаларын енгізу қажет.

Оқу процесін оңтайландыру және студенттерді сапалы даярлау мақсаттарында ТКМжәнеЖ (каф.меңг. Малыбаев Н.С.) және Информатика (каф.меңг. м.а. Лихачев В.В.) кафедралары Екінші және Бірінші корпустарына ауыстырылды (ауд. 206а және 215) және (ауд. 157). Информатика кафедрасына 6 компьютерлік кластар тіркелген (Бірінші корпустың 169, 171, 173, 175, 177 және 179 ауд.).
2.2. Сөз сөйлегендер:

2.2.1. Г.И. Әбенова, СМжәнеАО бастығы:

- ҚарМТУ Болон процесін дамыту бойынша Департаменті құрылған ҚР бірінші ЖОО бірі. Оның функциялары Болон процесінің принциптерін Университеттің оқу қызметіне СМЖ қызмет етуі, білім берудің сапасы және аккредитация саласының ұлттық және халықаралық рейтингтерін орындау, екі дипломды білім беру бойынша ұйымдастыруды және дайындауды іске асыру, ЖОО барлық қызметкерлерінің жауапкершіліктерін жоғарылату негізінде енгізу болып табылады.

Болон процесінің негізгі ережелерін енгізу бойынша жұмыс Университетте үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Элективті пәндер каталогтары қалыптастырылған, оқытушыны студенттің өзі таңдауы қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша міндет ҚР шегінде ғана емес, бүкіл шетелде де қойылады, осыған байланысты ECTS типі бойынша кредиттерді қайта тіркеу қамтамасыз етілген.

ОПҰД құрыманыа Сайтты дамыту орталығы кіретіндіктен, қазіргі уақыттың шындықтары, талапкерлердің 70% ЖОО туралы ақпаратты электрондық әлеуметтік желілері арқылы алатынын көрсетеді. Сондықтан, Университет сайтының мазмұнына және соның ішінде ағылшын тіліндегісіне назар аудару қажет. Оның толығуы ағылшын тілінде сөйлейтін талапкерлер үшін қызықты болуы керек.

Одан әрі дамуды, өзара әрекет етуді және жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің бірігуін, жоғары дәйексөзділікті қамтамасыз ету үшін ағылшын тілінде магистерлік және докторлық жұмыстардың жазылуын тәжірибеге енгізу қажет.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау