Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының негізгі көрсеткіштеріне статистикалық шолу
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
67
2018 жылдың басында 117 жаңа кәсіпорын пайда болғанын және
тіркелгенін атап өту керек, 2017 жылы – 137 кәсіпорын, 2016 жылы – 143
кәсіпорын, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 2 есе артық, ол кезде 74 жаңа
кәсіпорын пайда болған. Бұл дерек соңғы 5 жылдың ішінде осы қызмет түріне
кәсіпкерлік мүдденің артуын растайды.
5-диаграмма 2018 жылдың қыркүйегінің соңындағы аймақтар бойынша
қалдықтардың барлық түрлерін жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен
айналасатын тіркелген кәсіпорындардың үлестік таратылуы (бірлік, %-бен
үлесі)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Талданып отырған экономикалық қызмет түрімен айналасу үшін тіркелген
кәсіпорындардың ең үлкен саны Алматы қаласында – 290 кәсіпорын немесе
республикалық деңгейдің 16%. Бұдан кейін Қарағанды облысы – 171 кәсіпорын
(10%), Түркістан облысы – 162 кәсіпорын (9%) және Астана қ. – 142 кәсіпорын
(8%).
Статистика жөніндегі ҚР комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылы
коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығару бойынша қызметті 546 кәсіпорын
іске асырды, бұл 2016 жылдың қорытындылары бойынша ұқсас кәсіпорындардың
санынан 32,5% асып түседі.
Осы қызмет түрімен айналасатын кәсіпорындардың жалпы санынан 105
кәсіпорын немесе 19% жеке кәсіпкерлікке жатады.
2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық қалдықтарды
шығарумен және жинаумен айналасатын 488 кәсіпорын немесе 89% жеке меншік
нысанына ие, 55 кәсіпорын (10%) – мемлекеттік, ал 3 кәсіпорын (0,5%) шетелдік
меншік нысанына ие.
Ақмола; 96; 5%
Акқтөбе; 95; 5%
Алматы; 124; 7%
Атырау; 56; 3%
Батыс Қазақстан; 57;
3%
Жамбыл; 55; 3%
Қарағанды; 171; 10%
Қостанай; 58; 3%
Қызылорда; 56; 3%
Маңғыстау; 101; 6%
Павлодар; 57; 3%
Солтүстік Қазақстан;
43; 2%
Түркістан; 162; 9%
Шығыс Қазақстан;
120; 7%
Астана қ.; 142; 8%
Алматы қ.; 290; 16%
Шымкент қ.; 97; 5%
Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының негізгі көрсеткіштеріне статистикалық шолу
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
69
4.3 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУМЕН, ӨҢДЕУМЕН ЖӘНЕ КӘДЕГЕ
ЖАРАТУМЕН АЙНАЛАСАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ
ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ САНЫ
2017 жылы орташа есеппен алғанда, қалдықтарды жинаумен, өңдеумен
және кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындардағы (кәсіпкерлік қызметпен
айналасатын
шағын
кәсіпорындарды
есепке
алмағанда)
жалдамалы
жұмыскерлердің саны 9104 адамды құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 5,1%
төмен.
2018 жылдың бірінші жарты жылында жалдамалы жұмыскерлердің саны
9111 адамды құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезенінен 6,7% аз және Қазақстан
Республикасының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс істейтін
жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санының 0,2% құрайды.
8-диаграмма 2018 жылдың І жарты жылындағы қызмет түрі бойынша
қалдықтарды жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын
кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының
таратылуы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Осы көрсеткішті қызмет түріне
бөліп
қарастырғанда,
талданып
отырған қызмет түріндегі жалдамалы
жұмыскерлердің едәуір сан үлесі
қалдықтарды жинаумен айналасатын
кәсіпорындарға тиесілі – 7,1 мың
адам немесе 78%. 2018 жылдың І
жарты
жылындағы
қалдықтарды
кәдеге
жаратумен
айналасатын
кәсіпорындардағы жұмыскерлердің
саны 611 адамды (7%).
Қызмет түрлері бойынша жалдамалы жұмыскерлердің санының
динамикасын талдау қалдықтарды жинаумен айналасатын кәсіпорындарда ғана
өсу тенденциясы бар екендігін көрсетеді, ал қалдықтарды өңдеу және кәдеге
жарату кәсіпорындарында жұмыскерлер санының азаюы байқалуда.
78%
15%
6,7%
Қалдықтарды жинау
(7138 адам)
Қалдықтарды өңдеу
және жою (1362
адам)
Қалдықтарды кәдеге
жарату (611 адам)