Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет10/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
25 
Осылай,  қалдықтармен  жұмыс  істеу  бойынша  Экологиялық  кодекске 
түзетулер енгізілді:  
  «коммуналдық  қалдықтарды  бөлек  жинау»,  «қайталама  шикізат» 
сияқты ұғымдар енгізілді;  
  қайталама  шикізатқа,  қайталама  шикізатқа  тұтыну  қалдықтарын 
өткізуге, қауіпті қалдықтарды (электронды және электрлік жабдықтар, 
сынап  құрамдас  қалдықтар,  батарейка,  аккумуляторлар)  жинау  мен 
кәдеге жаратуға талаптар орнатылды, өндірушілердің (импорттаушы) 
кеңейтілген  міндеттемелерін  (бұдан  әрі  -  ӨКМ)  іске  асыру  бойынша 
талаптар; 
  полигондарда кейбір қалдықтардың түрін көмуге тыйым салынған
  қалдықтарды  жинау,  тасымалдау,  кәдеге  жарату,  қайта  өңдеу  және 
көму  бойынша  операцияларды  орындайтын  субъектілерге  біліктілік 
талаптарын орнататын жалпыға міндетті ұлттық стандарттарды енгізу 
қарастырылды; 
ҚТҚ  жинау  мен  көмуге,  оның  ішінде  сұрыптау  мен  қайта  өңдеуге  тарифті 
есептеу  әдістемесі  бекітілді.  Әдістемеге  сәйкес  жергілкті  атқарушы  органдар  әр 
операцияға жеке тарифті көздейтін тарифтер жасалуда. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде және 
Қазақстан 
Республикасының 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
жергілікті 
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңында жергілікті атқарушы 
органдарға  ҚТҚ  жиналу,  кәдеге  жарату  мен  қайта  өңдеу  жерінде  бөлшектеп 
жинауды ұйымдастыру бойынша міндет артылған.  
«Мемлекеттік  сатып  алулар  туралы»  заңда  мемлекеттік  сатып  алуларды 
өткізу  кезінде  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қайталама  шикізаттан 
жасалған тауарларға басымдылық берілген. 
Ақтөбе,  Атырау,  Қарағанды,  Талдықорған,  Тараз,  Қостанай  қалалары үшін 
компост,  биогаз  және  қайталама  өнімді  алу  арқылы  қалдықтарды  жинау  және 
кәдеге  жарату  бойынша  үздік  технологияларды  ендіру  үшін  инвестицияларға 
негіздеме жасалған. 
2007  жылғы  9  қаңтарындағы  №212-ІІІ  «Қазақстан  Республикасының 
Экологиялық  кодексінің»  (05.10.2018ж.  өзгертулермен  және  толықтырулармен) 
301 бабына сәйкес полигондар үшін жарамды қалдықтардың тізімі анықталды. 
Келесі қалдықтарды полигондарда көму үшін қабылдауға тыйым салынады: 
1.  сұйық қалдықтар; 
2.  полигон  шарттарында  жарылыс,  коррозиялық,  қышқылдану,  жоғары 
оттану немесе от қаупі бар қауіпті қалдықтар; 
3.  сумен әсерге түсетін қалдықтар; 
4.  инфекцияланған  болып  табылатын  медициналық  немесе  ветеринарлық 
мекемелердің қалдықтары; 
5.  рекультивация  кезінде  тұрақтандыру  материал  ретінде  пайдалану 
жағдайларынан  басқа,  тұтас  пайдаланылған  шиналар  мен  олардың 
бөлшектері; 
6.  тұрақты органикалық ластаушыларға ие қалдықтар
7.  пестицидтер; 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
26 
8.  қабылдау көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін қалдықтар; 
9.  сынап құрамдас шамдар мен аспаптар
10.  түсті және қара металл кесіктері, 
11.  литий,  қорғасын-қышқылды батареялар; 
12.  электронды және электрлік жабдықтар
(13-15  тармақшылардың  әрекеті  2018  жылдың  31  желтоқсанына  дейін 
тоқтатылған) 
13.  Пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефталат қораптың 
қалдықтары; 
14.  макулатура, картон және қағаз қалдықтары; 
15.  шыны кесіктері; 
(16-17  тармақшылардың  әрекеті  2020  жылдың  31  желтоқсанына  дейін 
тоқтатылған) 
16. құрылыс материалдарының қалдықтары; 
17.  тағамдық қалдықтар. 
Қабылдау  көрсеткіштеріне  жету  үшін  қалдықтарды  араластыруға  тыйым 
салынады. 
 


Салаға көрсетілетін қолдау 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
27 
2  САЛАҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ 
2.1  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «МЕМЛЕКЕТТІК-
ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ 
2015  жылдың  31  қазанында  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік-
жекешелік  әріптестігі  туралы»  заң  қабылданды
13
,  заңның  бағдары:  мемлекет  пен 
бизнестің ресурстары мен тәжірибесін біріктіру арқылы қоғамның мүддесіне сай 
инфрақұрылымды дамыту, экономикалық субъектілерге жоғары сапалы қызметті 
көрсете  отырып,  аз  шығындармен  және  тәуекелдермен  қоғамдық  маңызы  бар 
объектілерді іске  асыру.  Мемлекет  үшін  мұндай  әріптестіктің  артықшылықтары: 
бюджеттік  қаражаттың  үнемделуі,  МЖӘ  объектілерін  корпоративтік  басқаруды 
ендіру  және  инфрақұрылымды  дамыту.  Өз  кезегінде,  жеке  сектор  мемлекеттік 
қолдауға, тікелей келісімдерге, секвестрді қорғауға, валюталық тәуекелдерді және 
халықаралық арбитражды алуға ие болады. 
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:  
1)  Қазақстан  Республикасының  орнықты  әлеуметтік-экономикалық 
дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше 
әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау; 
2)  инфрақұрылымды  және  халықтың  тіршілігін  қамтамасыз  ету 
жүйелерін  дамыту  үшін  мемлекеттік  әріптес  пен  жекеше  әріптестің 
ресурстарын 
біріктіру 
арқылы 
мемлекет 
экономикасына 
инвестициялар тарту; 
3)  халықтың,  сондай-ақ  өзге  де  мүдделі  тұлғалардың  мүдделері  мен 
қажеттіліктерін  ескере  отырып,  тауарлардың,  жұмыстар  мен 
көрсетілетін  қызметтердің  қолжетімділігі  деңгейін  және  сапасын 
арттыру; 
4)  Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  инновациялық  белсенділікті 
арттыру,  оның  ішінде  жоғары  технологиялық  және  ғылымды 
қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидалары: 
1)  реттілік  қағидасы  –  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  субъектілері 
арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату; 
2)  конкурстық  қағидасы  –  осы  Заңда  белгіленген  жағдайларды 
қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау
3)  теңгерiмдiлiк  қағидасы  –  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  жобасын 
іске  асыру  процесінде  мемлекеттiк  әрiптес  пен  жекеше  әріптес 
арасында  мiндеттердi,  кепiлдiктерді,  тәуекелдер  мен  кірістерді  өзара 
тиiмдi бөлу; 
4)  нәтижелiлiк 
қағидасы  –  мемлекеттiк-жекешелiк  әрiптестiктiң 
нәтижелерiне 
қол 
жеткiзудi 
бағалауға 
мүмкiндiк 
беретiн 
өлшемшарттар мен көрсеткiштердi белгiлеу болып табылады. 
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері   
                                           
13
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  31  қазанындағы  №379-V  «Мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  туралы» 
заңы
 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау