Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 21
Microsoft қызмет провайдерлерімен лицензиялық келісім бағдарламасы (SPLA) арқылы
Windows Server пайдаланатын серіктестер өздеріне немесе тұтынушыларына реттелетін
қолдау көрсетілімін сатып ала алмайды.
Серіктеске фокусталған шешімдер үшін төмендегілер қолданылады:
o
Microsoft корпорациясы реттейтін қолдау көрсетілімі бойынша шығарылған
жылдам түзетулер және қауіпсіздік жаңартулары Қолдау қызметтерін көрсету
үшін қосалқы мердігерлік беру қосымшасы бар Microsoft серіктестері орнында
болмайынша тек ішкі қолданысқа арналған.
o
Қауіпсіздік жаңартулары мен жылдам түзетулерге берілетін лицензиялық
құқықтар Арнайы қолдау бойынша жылдам түзетулерді қайта тарату
формасында анықталған жеке тұтынушылардың ішкі бизнес іс-әрекеттерімен
шектеледі және әрі қарай қайта таратуға арналмаған.
o
Тұтынушы бағалары Қолдау қызметтерін көрсету үшін қосалқы мердігерлік беру
қосымшасы бар Microsoft серіктестеріне тіркелген арнайы қолдау бойынша
жылдам түзетулерді қайта тарату формасында анықталған әр жеке тұтынушыға
қатысты. Сіз Microsoft корпорациясына төлеуге міндетті сома Арнайы қолдау
бойынша жылдам түзетулерді қайта тарату формасында анықталған әр жеке
тұтынушыға арналған барлық бағалардың қосындысына тең; ол барлық
тұтынушыларыңызды жинақтау арқылы анықталмайды.
o
Орналастырылған қауіпсіздік жаңартуын (жаңартуларын) және жылдам түзетуін
(түзетулерін) серіктес қолданысы тек серіктестің тікелей пайдасына арналған
және үшінші тараптарға қосымша таратылмауы мүмкін.
3.4.4 Ұзартылған жылдам түзету қолдауы
Ұзартылған жылдам түзету қолдауы: Ұзартылған жылдам түзету қолдауы
http://support.microsoft.com/lifecycle
торабында анықталған Кеңейтілген қолдау сатысына енген
Microsoft бағдарламалық жасақтамасы үшін қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзетулер
сұрауға мүмкіндік береді.
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Сізде жылдам түзетуге тапсырыс бойынша қолдау көрсету үшін жеткілікті
Проблемаларды шешу бойынша қолдау сағаттары бар қолданыстағы Premier санатты
келісім болуы керек. Егер Premier санатты қолдау туралы келісіміңіздің мерзімі бітсе
немесе күші тоқтатылса, Ұзартылған жылдам түзету қолдауының күші де сол күні
тоқтатылады.
Қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзетулер үшін жіберген сұрауларыңызға жауап
беру үшін коммерциялық тұрғыдан ақылға қонымды күш-жігерімізді жұмсағанымызбен,
сіз қауіпсіздік жаңартуын жасау немесе ұсыну мүмкін болмайтын жағдайлар болуы
мүмкін екенін мойындайсыз.
Жылдам түзетулер сіздегі нақты проблеманы шешуге арналған және регрессиялық
сынақтан өткізілмейді.
Біздің алдын ала жазбаша келісімімізсіз Жылдам түзетулерді аффилиирленбеген үшінші
тараптарға таратуға болмайды.
Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 22
Жұмысқа тапсырысыңызда анықталған тіркелген өнімнің ағылшыншадан басқа тілдегі
нұсқалары үшін жылдам түзетулер жеткізу мерзімдері басқаша болуы және локализация
үшін ақы алынуы мүмкін.
Жылдам түзету сұралған уақытта Жұмысқа тапсырысыңыз бойынша Проблемаларды
шешу бойынша қолдау сағаттары бар болуы керек.
Біз қосымша мүмкіндіктер, функциялар, жаңартулар немесе дизайн өзгерістерін
ұсынбаймыз. Біз тек тіркелген өнімнің істен шығуына, деректердің жоғалуына немесе
өнімнің құжатта сипатталған функцияларынан басқаша жолмен едәуір ауытқуға себеп
болатын ондағы проблемаларды шешеміз.
3.4.5 Premier Ultimate
Premier Ultimate: қажет болған жағдайда Проблемаларды шешу бойынша қолдау ұсыну үшін
оқиғалардан кейінгі қызметтер бойынша көрсетілетін қызметтерді өзгертеді.
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Premier Ultimate Жұмысқа тапсырысыңызда көрсетілген контактілердің санымен ғана
шектеледі.
Premier Ultimate бағдарламасында тіркелгіңізді сақтап қалу үшін, бағалау қорытындысы
жасалған соң 30 күн ішінде сіз немесе Microsoft бастаған бағалауларда анықталған
қандай да бір мәселелерді жоюға коммерциялық тұрғыдан ақылға қонымды барлық
әрекеттерді жасауға келісесіз.
Кез келген бір тарап Premier Ultimate санатты қызмет көрсету келісімін 60 күн бұрын
жазбаша хабарлай отырып немесе тараптардың бірі мәселелерді жоймаған жағдайда
30 күн бұрын жазбаша хабарлай отырып бұзуға құқылы.
Келісімнің күші мәселені жоймау себебінен тоқтатылмаған жағдайда, келісімнің күшін
мерзімінен бұрын тоқтатқан Premier Ultimate санатты тұтынушылар пайдаланылмаған
қызметтер үшін пропорционал түрде есептелген өтемақы алады.
Premier Ultimate кейбір қолдау орындарында қолжетімді болмауы мүмкін.
3.4.6 Үшінші деңгейлі қолдау
Үшінші деңгейлі қолдау: Жұмысқа тапсырысыңызда көрсетілген Microsoft технологиялары
бойынша Проблемаларды шешу туралы сұрауларыңызға жауап беретін анықталған өнім саласында
немесе салаларында ең көп тәжірибесі бар Microsoft корпорациясының мамандарына тікелей
хабарласу мүмкіндігі.
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Үшінші деңгейлі қолдау тобына жіберілетін Проблемаларды шешу туралы сұраулар
бойынша сұрау үшін басты жауапкершілік Үшінші деңгейлі қолдау тобында қалғанымен,
мәселені шешу үшін стандартты өнім бойынша қолдау көрсететін мамандардың
ресурстары қажет болуы мүмкін.
Үшінші деңгейлі қолдау сағаттарын стандартты Проблемаларды шешу бойынша қолдау
қызметтеріне қолдануға болады, алайда стандартты Проблемаларды шешу бойынша
қолдау сағаттарын Үшінші деңгейлі қолдау туралы сұрауларға қолдануға болмайды.