Мектеп тағамы бағдарламасынан тыс сатылатын тағам өнімдері мен сусындар. Бәсекеге түсетін өнімдер – мектеп тағамы бағдарламасынан тыс сатылатын кез келген тағам өнімдері мен сусындар, олар - оқушылар әдетте, мектепте тұтынатын, қоректік құндылығы төмен, калориялар көлемі жоғары өнімдердің көздері. Мектеп тағамы - тамақтану стандарттарына сай болатын өнімдер мен сусындар, мектеп тағамы бағдарламасынан тыс сатылатын немесе жеткізілетін өнімдер мемлекеттік стандарттар мен талаптардан едәуір дәрежеде босатылған болады.
Бәсекеге түсетін өнімдерге қатысты төрт негізгі күмәндану түрі бар (US Department of Agriculture et al, 2001):
Көптеген бәсекеге түсетін өнімдер мен сусындардың қоректік құндылығы төмен, қанты, майы және калориясы көп; бұл өнімдер балалардың
емдәміне теріс әсер етеді және артық салмақ қосу қаупін арттырады (Kubik et al, 2003; Kubik et al, 2005).
Бәсекеге түсетін өнімдер мен сусындарды сатудың артуы оқушылардың мектеп тағамы бағдарламасына қатысуының төмендеуінен болады, бұл бағдарламаның өміршеңдігіне әсер етеді (US Department of Agriculture et al, 2001).
Оқушылар кереғар хабарламалар алады, егер сыныпта оларды салауатты тағамды таңдауға үйретсе, бірақ, олар алдымен, қоректілігі аз өнімдерді ұсынатын ортада болса.
Нұсқаулық 4. Дене белсенділігі бойынша кешенді бағдарламаны енгізу
Күнделікті дене шынықтыруға үйрету ұсынылады: бастауыш сыныптарда - аптасына 150 минут, орта және жоғары сыныптар үшін – аптасына 225 минут (National Association for Sport and Physical Education et al, 2004; National Association for Sport and Physical Education et al, 2001; Taras et al, 2004).
Барлық оқушылар дене шынықтыру бойынша барлық қажетті курстардан өтуі тиіс, қандай да бір алмастыру, бас тарту немесе қатыстырмау болмауы тиіс (National Association for Sport and Physical Education et al, 2006). Мектептер оқушыларды дене тәрбиесінің талап етілетін курсынан келесі жағдайларда босатуға мүмкіндік бермеуі тиіс: басқа курсқа өтуі, мектептің спорттық немесе басқа іс-шараларына қатысуы,т.б. Бас тарту немесе қатыстырмау оқушыларды өмір бойы белсенді өмір салтын қолдауға қажетті қимылдық, қозғалыстық және мінез-құлықтық дағдыларды дайындау үшін шешуші маңызы бар үйретуге уақытынан айырады; сонымен қатар, бас тарту немесе қатыстырмау оқушыларды дене шынықтырудың басқа академиялық пәндерге қарағанда маңызды емес деп ойлауға итермелейді.
Дене шынықтыру сабағына бөлінген аптасына ұсынылатын 225 минутқа қол жеткізу көптеген орта мектептерде белгіленген, сабақ саны аз кестеге сай қиынға түседі, сабақтар икемді кестесі бар мектептерге қарағанда ұзағырақ созылуы мүмкін. Сондықтан, белгіленген сабақ кестесі бар мектептері әр 10 күн сайын дене шынықтыру сабағына 450 минут бөлуі қажет. Қоры (құрал-жабдық және мұғалімдер) жеткіліксіз мектептер күнделікті дене шынықтыру сабақтарына уақытты қосуды біртіндеп арттыруына болады (яғни, дене шынықтыру сабақтарын аптасына 1 немесе 2 күннен, кемінде, аптасына 3 күнге арттыру арқылы).
Достарыңызбен бөлісу: |