Қызметкерлеріне


Диабет – сипаттамасы, себептері, алдын алу Сипаттамасы



жүктеу 1,93 Mb.
бет9/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
manual-kz

Диабет – сипаттамасы, себептері, алдын алу Сипаттамасы


Қант диабеті қандағы қант (глюкоза) мөлшерінің артуымен сипатталады.
Халықаралық Диабеттік Федерацияның мәліметтері бойынша, ҚР қант диабетіне 526 010 адам шалдыққан, және олардың жартысы бұл ауруға шалдыққандығы туралы білмейді.
Соңғы жылдары Қазақстанда және шетелде диабетке шалдығудың өсу тенденциясы байқалуда.
Қант диабетінің ҚЖА (диабетке шалдыққандардың үштен бірінде қандай да бір ҚЖА дамиды), қатерлі ісік, жасқа байланысты ақыл-ойдың кемуі, бауырдың майлы бұзылысы, аяқтың ампутациясы,
соқырлық, бүйрек қызметінің бұзылысы және денсаулыққа қатысты басқа мәселелер секілді ауыр асқынулары бар. Бұрын 2 типті қант диабеті ересек халықтың арасында кең таралған болса, бүгінде балалар мен жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі.

Себептері


Диабеттің даму себебін ҚЖА және семіздікті туындататын себептер құрайды, атап айтқанда, қандағы глюкоза мен инсулиннің күрт өзгеруін туындататын тамақтану рационы (тәттіге және ұн өнімдеріне әуестік), сондай-ақ, транс-майларды көп тұтыну.
Қандағы глюкоза деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан организмге инсулиннің жоғары мөлшерін тым жиі өндіруге тура келеді, осының салдарынан инсулиннің тиімділігінің әлсіреуі орын алуы мүмкін. Бұл инсулиннің жоғары мөлшері қандағы глюкоза деңгейін нормасына дейін түсіре алмағанның өзінде орын алады. Яғни, қандағы қант деңгейі жоғары болып қалады, себебі, тіндердің жасушалары инсулиннің бұйрығына көнбейтін болады. Мұндай жағдай инсулинге тұрақтылық деп аталады (инсулинге резистенттілік). Осылайша, қант диабеті дамиды, оның қасіретті салдарларын жоғарыда атап өттік. Тәтті мен ұн өнімдерін шамадан көп
тұтынғанда адам өзінің ұйқыбезін әлсіретеді, себебі, оған инсулиннің мол мөлшерін өндіріп, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге тура келеді.

Алдын алу


Салауатты тамақтану рационы, дене белсенділігі – диабеттің алдын алудың негізі.

Семіздік – сипаттамасы, себептері, алдын алу Сипаттамасы


2014 жылы Қазақ тағамтану академиясының өткізген зерттеулері Қазақстандағы ересек тұрғындардың жартысынан астамы (15 жастан асқан әйелдер мен ерлердің 52,4%) семіздікке шалдыққандығын көрсетеді.
14 жастан асқан әр жетінші балада (Қазақстандағы балалардың 14,7%) артық дене салмағы (9,2%) немесе семіздік (5,5%) байқалады.
Семіздік денеде майдың артық жинақталуымен сипатталады. Семіздік асқынуларымен қауіпті:

  1. атеросклероз,

  2. гипертония, инфаркт, инсульт,

  3. қант диабеті (артық дене салмағы бар адамдардың диабетке шалдығу қаупі 6 есе көбірек),

  4. артрит, деформациялайтын остеоартроз, омыртқа аралық дискілердің жарығы,

  5. репродуктивтік қызметтің бұзылыстары,

  6. кейбір онкологиялық аурулар.

Осы аурулар тұрақты мүгедектік пен мезгілінен бұрын болатын өлім- жітімнің себебі болуы мүмкін.
Артық дене салмағы мен семіздік өмір жас ұзақтығын, шамамен, 7 жасқа қысқартатындығы дәлелденген. Семіздіктің ауыр түріне шалдыққан адамдарда 25-35 жастағы өлім-жітімге ұшырау қалыпты салмақты адамдарға қарағанда 12 артық.
Балалық шақтағы семіздік – ересек жастағы семіздіктің, мезгілінен бұрын болатын өлім-жітімнің және мүгедектіктің маңызды болжамды факторы.
Денеде майдың жинақталуы не үшін қажет?

  • денеде майдың жинақталуы – организм үшін энергияның қоры, көзі.

  • Май тіні гормондар мен биологиялық белсенді заттектерді өндіреді,

  • Ішкі ағзаларды механикалық зақымданудан қорғайды.

Сондықтан, денедегі майдың жинақталуының жеткіліксіздігі де, артықшылығы да денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Дене салмағы норма шегінде екендігін білу үшін медицинада дене салмағының индексі (ДСИ) енгізілген. Оны келесі формула арқылы есептейді: ДСИ = салмақ (кг) / (бой (м))2.




жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау