Қызметкерлеріне


Жүрек-қантамыр аурулары: сипаттамасы, себептері, алдын алу Сипаттамасы



жүктеу 1,93 Mb.
бет4/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
manual-kz

Жүрек-қантамыр аурулары: сипаттамасы, себептері, алдын алу Сипаттамасы


Қазақстанда және барша әлемде қан айналым жүйесі ағзаларының аурулары (ҚЖА) өлім-жітімге апаруда №1 орын алады. ҚЖА мәні – зақымданған тамыр мен жүректің салдарынан ағзалар мен тіндер жеткілікті қоректенбейді (ауыр жағдайларда ішінара тіршілігін жояды), нәтижесінде бүкіл организм зардап шегеді.
ҚЖА жататындар:

  1. жүректің ишемиялық ауруы (миокард инфарктісі немесе стенокардия ұстамалары)

  2. инсульт (ми қан айналымының бұзылысы, оның салдарынан мидың жасушалары жойылады),

  3. атеросклероз (өзгеріске ұшыраған қан жасушаларынан, холестериннен, қантамыр қабырғаларындағы дәнекер тінінің элементтерінен тұратын түйіндақтар) (1 сурет),

  4. артериалдық гипертензия (қан қысымының жоғарылауы),

  5. көктамырдың тромбозы және өкпе эмболиясы (көктамырда қан ұйындысының түзілуі, олар жылжып, жүрекке және өкпеге қарай қозғалуы мүмкін).

Қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА) – дүние жүзі бойынша жыл сайын 17 млн. адамның өмірін әкетеді. Тек артериалдық гипертензиядан зардап шегетіндер – планетадағы ересек халықтың 20-30%, 65 жастан асқан
адамдардың арасында 50-60% кездеседі. Артериалдық қысымның созылмалы көтерілуі жүректің, мидың, бүйрек пен тамырлардың жұмысын бұзуы мүмкін. Әр 7-ші қазақстандықта қандай да бір ҚЖА бар. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2012 жылы барлығы 158 000 адам өлім-жітімге ұшыраған, оның ҚЖА салдарынан болғаны 54%. Бүгінде ҚЖА салдарынан Қазақстанда күн сайын 100 адамға
жуық өлім-жітімге ұшырайды.


1 сурет. Холестеринді түйіндақпен зақымданған қантамырларының


сұлбалық бейнесі.

Қан айналымы жүйесі ағзаларының ауруларын туындатуға себеп болатын тамақтану және басқа факторлар





  1. Жеңіл сіңетін қарапайым (жылдам) көмірсулар

Қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуының басты себептерінің бірі

  • қандағы инсулин мөлшерінің артуы. Өз кезегінде, инсулиннің артуының себептерінің бірі - жеңіл сіңетін көмірсулары мол тағамды тұтыну. Оларға жататын өнімдер: қант, жоғары және бірінші сұрыпты ұн, тазартылған күріш, кондитерлік өнімдер, фри-картобы және чипсілер, дайын таңғы астар, калориялы сусындар (тәтті газдалған сусындар, зауыттық шырындар, т.б.).

Қандағы инсулин мөлшерінің артуы организмде кейбір жағымсыз механизмдерді іске қосады, олар түбінде қантамыр қабырғаларын зақымдап, оларда холестерин түйіндақтарының түзілуіне апарады.
Күнделікті қантты тұтынудың мүмкін мөлшері – 4-6 қасық, дайын өнімдердегі жасырын қантты қосқанда.

  1. Тағамдағы холестериннің артық мөлшері

Атеросклероздық түйіндақтарда холестерин қайдан пайда болады?
Холестерин организмге екі жолмен түседі:

  1. тағаммен, жануар тектес өнімдердің құрамында,

  2. организмнің өзінде түзіледі, атап айтқанда, бауырда. Тағамдық холестериннің көздері:

    • Жануар майлары (сиыр, қой, шошқа, тауық, сүт майлары, балық пен жылқы майынан басқа);

    • ет, құс етін және балықты қоса;

    • жұмыртқа;

    • балықтың уылдырығы;

    • шұжық өнімдері;

    • ми;

    • бауыр.

Тағамнан холестериннің артық түсуі «нашар» холестериннің қалыптасуын және оның қантамырлар қабырғаларында жинақталуын ынталандырады.
Сондықтан, құрамында холестерин бар өнімдерді аздап тұтынған жөн, тәулігіне тағамнан холестериннің 300-400 мг мөлшері ғана түсуі қажет.

  1. Тұздың артық мөлшері

Тұзы артық тағам организмнің тіндерінде судың іркілуіне апарады, бұл артериалдық қысымның артуына және ісінулердің пайда болуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, тұздың артық болуы қантамырларының созылымдылығын нашарлатады және олардың «нашар» холестерин үшін өтімділігін арттырады.

  1. Зиянды майлар

Қаныққан майларды (сиырдың, қойдың, шошқаның, тауықтың) үлкен мөлшерде тұтыну қандағы «нашар» холестериннің қалыптасуына ықпал етеді, сәйкесінше, ҚЖА қаупін арттырады.
Мұндай майлардың қорытылуы қиын болғандықтан, олардың қорытылуына жауапты бауыр мен ұйқыбезіне жүктеме түсіреді.
Бұл майлардды тұтынуды күніне 20-25 гр. асырмау қажет. Бұл дегеніміз:

    • еттегі көрінетін майды сылып тастау қажет,

    • құстың терісін сылып тастап, жеу қажет, себебі, еттің өзінде жасырын майдың жеткілікті мөлшері бар,

    • шұжық өнімдерінен алшақ болған жөн, себебі, оларда зиянды май мен тұздың мөлшері тым көп.

Сары май, негізінен, қаныққан майлардан тұрады, бірақ, ерекше құрылымды, осыған байланысты жеңіл сіңеді. Ол - салауатты тамақтанудың


құрамбөлігі, бірақ, күніне 20 грамм мөлшерде ғана. Қаймақ пен сырды да күніне 30-40 граммнан асырмай тұтынған жөн.
Жүрек-қантамыр жүйесінің үлкен және қатерлі жауы – транс-майлар, бұлар бастапқыда өсімдік тектес сұйық майлар, химиялық әрекет арқылы қатты түріне айналдырылған.
Жапсырмасында гидрогенделген немесе жартылай гидрогенделген майлар бар екендігі жазылған өнімдерді сатып алудан алшақ болу қажет, себебі, өндірушілер «өсімдік майы» атауымен транс-майларды жасыруы мүмкін.
Транс-майлы химиялық өзгертілген майлар келесі өнімдердің өндірісінде кеңінен қолданылады:

    • кондитерлік өнімдердің,

    • маргариннің (онымен қатпарлы қамырды илейді, өнеркәсіпте өндірілетін печеньеге, кептірілген нандарға, вафлиге және басқа кондитерлік өнімдерге қосады),

    • аспаздық майдың,

    • кейбір балқытылған майлардың,

    • жартылай фабрикаттардың,

    • сары майдың алмастырғыштарының (спредтер),

    • «жеңілдетілген» сары майлардың,

    • фаст-фудтың.

Өндірушілер неліктен транс-майларды ұнатады? Себебі, жасанды майлар өнімнің қаттылығын қамтамасыз етеді, өнімге қажетті май дәмін береді, арзан шикізат саналады, және өндірушілер үшін ең маңыздысы – өнімдердің сақталу мерзімін едәуір ұзартады, себебі, транс-майлар бұзылмайды.

  1. Рациондағы майлардың үйлесімінің болмауы

Өсімдік майлары, сондай-ақ, балық және жылқы майы қандағы
«жақсы» холестерин деңгейін арттырады, яғни, ҚЖА қаупін азайтады, себебі, тамырлардың нығаюына және олардың холестериндік жинақталудан тазаруына ықпал етеді.
Олар, негізінен, қанықпаған май қышқылдарынан тұрады (қатты жануар майлары - қаныққан).
Қанықпаған майлар омега-6 және омега3 болып бөлінеді.
Екеуі де алмастырылмайтын майлар, яғни, организмге тағаммен түсуі қажет, себебі, организм оларды түзе алмайды.
Бірақ, өткен жүз жылда көп қанықпаған омега-6 майларын тұтыну айтарлықтай өскен (олар күнбағыс, жүгері, соя және басқа майларда, жер жаңғағында мол). Ал, омега-3 майларын тұтыну азайған (олар балық майында, зығыр тұқымында, майында және кейбір жаңғақтарда мол).
Шамамен алғанда, бүгінде халық омега-6 майларын омега-3 майларына қарағанда 20 есе көп тұтынады.
Омега-6 майлары организм үшін белгілі бір мөлшерде қажет, бірақ, олардың артық мөлшері қантамырлардың қабырғасын зақымдайтын қабыну үрдістерінің дамуына, қанның қоюлануына, яғни, қан ұйындыларының түзілуіне ықпал етеді.
Денсаулық үшін омега-6 және омега-3 майларының рациондағы оңтайлы қатынасы – 4:1.
Омега-3 майларын тұтынудың нормасы – күніне 3-4 гр. дейін. Шамамен, осындай мөлшер майлы балықтың (албырт, скумбрия) 170 грамм үлесінде болады. Қанықпаған майлардың рациондағы тапшылығы және олардың үйлесімінің болмауы ҚЖА қаупін арттырады.

  1. Алкоголь

Алкогольді шамадан тыс тұтыну – ҚЖА белгілі себебі. Оның жойқын әрекеті көптеген ағзалар мен тіндерге қарсы бағытталған, ал ҚЖА дамуындағы үлесі қандағы инсулин деңгейін арттыруға қабілетімен шартталған.

  1. Темекі шегу

Темекі түтінінде қантамырларының қабырғасын зақымдайтын заттектер бар, бұл атеросклероз даму қаупін арттырады. Темекі шегетін адамдардың ешқашан темекі шекпеген адамдарға қарағанда жүректің ишемиялық ауруынан 2 есе жиірек өлім-жітімге ұшырайтындығы дәлелденген.

  1. Көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтыну

Балғын жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер, минералдар және тағамдық талшықтар мол болуы есебінен ҚЖА-дан қорғайды. Көкөністер мен жемістердегі дәрумендер, минералдар мен басқа қоректік заттектер (антиоксиданттар және т.б.) барлық ағзалардың, жүйелердің үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етеді, ал талшықтың - майдың, холестерин мен қанттың артығын ішектен сіңіретін және уыттарды шығаратын қабілеті бар. Сондай-ақ, талшық – ішекті мекендейтін және көптеген аурулардың, оның ішінде, ҚЖА алдын алуда маңызды роль атқаратын, пайдалы микроорганизмдер үшін қорек.
ҚЖА тиімді алдын алу үшін күніне, кемінде, 450 грамм балғын көкөністер мен жемістерді тұтыну қажет. Көлемі жағынан бұл орташа өлшемді 5 алмаға теңеседі.

жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау