Қызметкерлеріне


Дене шынықтырудың оқу бағдарламасы



жүктеу 1,93 Mb.
бет34/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
manual-kz

Дене шынықтырудың оқу бағдарламасы. Дене шынықтырудың оқу бағдарламасы оқушылардың жасын ескерумен сәйкес нұсқаулықтарды құруға негізделеді. Жазбаша оқу бағдарламасы оқу қызметі бойынша қадаммен саналатын нұсқаулыққа негізделеді, оған келесі тармақтар кіреді:

  1. Қимыл машықтарына, дене белсенділігіне, жасқа және даму деңгейіне сәйкес денелік бағалауға негізделген сабақтар;

  2. Негізгі машықтарды жетілдіруге ықпал ететін қимыл, қозғалу және мінез-құлық машықтарына үйрету әдістері;

  3. Оқушыларды үйрету бойынша тиісті бақылауды жоспарлау.

Дене шынықтыру бойынша оқу жоспарынсыз оқушыларды неге үйрету қажеттігін, үйретілгендігін, қойылған мақсатқа немесе нәтижеге жетуін құжаттау күрделі болады.
Оқу жоспары дене тәрбиесі саласындағы стандарттарға негізделеді
(National Association for Sport and Physical Education et al, 2004). Стандарттар әр сыныптағы оқушының күтілетін нәтижесін анықтау үшін негіз болады. Бұл стандарттарда қарастырылатын ұсыныстардың негізінде нормалар, оқу үрдісінің құрылымы, оқу жопары әзірленеді.
Дене шынықтыру бойынша жоспарда дене белсенділігінің денсаулықтың денелік, әлеуметтік және психологиялық жағдайы үшін пайдасы туралы білімге; дене шынықтыру сабақтарымен байланысты компоненттерге; дене белсенділігі мен дене шынықтыру арасындағы байланысқа (National Association for Sport and Physical Education et al, 2004); жаттығу ұстанымдарына; жарақаттанудың алдын алуға; энергияны шығындауға; дене белсенділігіне әсер ететін әлеуметтік тараптарға сүйену қажет (Ayers et al, 2004).
Мектептер оқушылардың дене шынықтыру сабағында өткізетін уақытының, кемінде 50%-да дене белсенділігінің орташа немесе жоғары қарқындылығымен қамтылуы тиістігі көрсетілген ұсыныстарды ұстануы қажет (National Association for Sport and Physical Education et al, 2009).
Дене шынықтыру мұғалімдері әкімшілік және басқару мәселелерін шешуге байланысты қызметке жиі көп уақыт жұмсайды (мысалы, қатысуды тексеруге және хабарламаларды шолуға), бұл орташа немесе жоғары қарқындылықты дене белсенділігімен айналысуға ықпал етпейді (McKenzie et al, 2000; Fairclough et al, 2005; Scruggs et al, 2003; van Beurden et al, 2003).
Дене белсенділігі саласында машықтарды игеру үшін және оларды орындауға сенімді болу үшін оқушылар оларды біртіндеп, қарапайымнан күрделіге көшу арқылы үйренуі тиіс (Pangrazi et al, 2006). Оқушыларға дене шынықтыру сабағы кезінде таңдау жасауды ұсыну олардың жалпы дене белсенділігінде қатысу қабілетіне сенімін арттырады (Xiang et al, 1998; Xiang et al, 2004). Мысалы, оқушыға нақты дене белсенділігінің түрін немесе қарқындылығын таңдауды ұсыну оның болашақта осы қызмет түрін орындау қабілетіне сенімін арттыруға, біртіндеп, жаттығуын қарқынды ете алуына ықпал етеді (Shimon et al, 2009).
Сыртқы кедергілерді жеңе алатындығына сенімді балалар мен жасөспірімдер белсенді өмір салтын ұстануға қабілетті болады, дене белсенділігіне қатысуға ынтасы зор болады (Motl et al, 2005). Сондықтан, оқушыларға ішкі және сыртқы кедергілерді анықтауға және жеңуге мүмкіндік беретін іс-шаралар мен тапсырмалар дене тәрбиесі саласына енгізілуі шарт.
Дене белсенділігін оқушылардың қабылдауына оң әсер ету олардың дене тәрбиесінен тыс уақытта да дене белсенділігінің әр түрімен айналысуына әсер етеді. Дене тәрбиесі дене белсенділігінің әр түрімен айналысудың маңызды, ұнамды екендігі туралы оқушының көзқарасын ынталандыруы тиіс. Дене белсенділігіне қатысуда оқушының өзін бағалауын арттыруы өзімен қанағаттану сезімін алу мүмкіндігін арттырады, демек, дене
белсенділігінің әр түрімен айналысуын да арттырады. (Dishman et al, 2005; Dishman et al, 2005). Түрлі іс-шаралар, дене белсенділігінің артықшылығына назар аудару арқылы барлық оқушылардың қажеттілігі мен мүддесін қанағаттандыру, алған машықтарын қолдануға мүмкіндік беру оқушыларға дене белсенділігіне оң қарым-қатынасын дамытуға көмектеседі.


    1. жүктеу 1,93 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау