Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет4/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 
 

5.1.3  Қолданылатын  материалдар  сапасын,  изоляциялық  және  пісіру 
жұмыстары өндірісін тексеруді зертхана немесе пайдалану ұйымының басқа да 
арнайы бөлімшелері жүргізеді.  
5.1.4  Техникалық  пайдалану  бойынша  жұмыстардың  құрамы,  олардың 
орындалу  мерзімі,  әдістері  мен  тәсілдері  «Газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерінің 
қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің  және  осы 
Ереженің талаптарына сәйкес болуы қажет.  
5.1.5  Газ  қауіпті  жұмыстарды  ұйымдастыру  техникалық  қауіпсіздік 
бойынша ережеде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.  
5.1.6  Өндірістік  нұсқаулықтар  «Газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерінің 
қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің,  Сұйық 
көмірсутек газдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының, 
осы  Ереженің,  жабдық  шығарушылар  құжаттамасының,  белгіленген  тәртіпте 
бекітілген типтік нұсқаулықтар мен ережелердің талаптарына сәйкес әзірленеді.   
5.1.7 Пайдаланушы ұйымдағы өндірістік бақылау сұйық мұнай газдарын 
пайдалану  кезінде  Өнеркәсіптік  қауіпсіздік  талаптарына  сәйкес  әзірленген 
ережелер  негізінде  орындалатын  жұмыстар  бейінін  ескере  отырып  жүзеге 
асырылады.  
Өндірістік 
бөлімшелер 
(қызметтер) 
мамандарының 
біліктілігін 
арттыруды  арнайы  оқу  курстарында  (оқу  орталықтарында,  комбинаттарында 
және т.б.) 5 жылда 1 рет немесе одан жиі өткізу ұсынылады.  
5.1.8  СМГ  объектілерінде  және  өз  жеке  газ  қызметі  бар  ұйымдарда 
авариялық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қажет болғанда аварияларды 
оқшаулау  және  жою  жоспарына  сәйкес  АДҚ-ны  қатыстыра  отырып,  осындай 
ұйымдардың персоналы орындайды.  
 
5.2 Жер асты газ құбырларын тығыздау 
 
5.2.1  Резервуарлық  қондырғыдан  СМГ-дың  жер  асты  газ  құбырларын 
нығыздау кезінде жұмыстар мынадай тәртіпте орындалады:  
-  редукциялық  бастағы  жоғары  қысым  шұрасы,  төмен  қысым  газ 
құбырының краны жабылады; 
- тұтынушыларға кірмедегі крандары жабылады, бітеуіштер орнатылады;  
-  үрленген  штуцерге  жалғанған  резеңке-мата  майысқақ  түтік  арқылы  газ 
қауіпсіз жерге жүргізіліп, мүмкіндігінше жағылады; 
-  газ  құбырын  газдан  босатқаннан  кейін  үрленген  штуцерге  компрессор 
мен манометрлерді жалғауға арналған құрал орнатылады. 
Газ құбыры ұзын болмағанда, компрессор орнына қол сорғыны қолдануға 
рұқсат беріледі.  
 
5.3  СМГ  пайдаланушы  тұтынушыларды  тауарлық  газға  көшіру 
кезінде газды беру 
 


 
 

5.3.1 Резервуарлық және баллондық қондырғыдан СМГ-ды пайдаланатын 
тұтынушыларды  тауарлық  газға  көшіру  тауарлы  газдың  сыртқы және  ішкі газ 
құбырын және газ пайдаланатын жабдықты пайдалануға қабылданғаннан кейін 
жүргізіледі. 
5.3.2 Жұмыстар олардың орындалу мерзімдері мен тәртібі, персоналдың, 
механизмдер  мен  құралдардың  қажеттігі,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
шаралары  көзделетін,  сондай-ақ  жұмыстарға  жалпы  басшылықты  жүзеге 
асыратын адамдар анықталған жоспар бойынша  жүргізілуі тиіс.  
5.3.3  Тауарлы  газға  көшіру  бойынша  жұмыстар  басталғанға  дейін 
мыналарды: 
-  жаңадан  салынған  және  қолданыстағы  газ  құбырларының  орындау-
техникалық құжаттамасын зерделеу; 
-  қайта  монтаждауға  жатпайтын  қолданыстағы  жер  асты  газ  құбырлары 
учаскелерінің  изоляциялық  үстінің  сапасын  аспаптық  әдіспен  (топырақты 
ашпастан) тексеру және анықталған кемшіліктерді жою; 
-  қайта  монтаждауға  жатпайтын  қолданыстағы  сыртқы  және  ішкі  газ 
құбырларында  орнатылған  бұрандалық  қосындылардың  тұмшалануы    және 
өшіру  құрылғыларының  жұмысқа  қабілеттігін  тексеру,  анықталған  ағындылар 
мен ақаулықтарды жою; 
-  қайта  монтаждауға  жатпайтын  қолданыстағы  жер  үсті  және  ішкі  газ 
құбырларының  газ  ағындысының  жоқтығын  аспаптық  әдіспен  (ағындыны 
іздеуішпен,  газ  индикаторымен),  сыртқы  қарап  тексеру  арқылы  газ 
құбырларының қосылулары мен түсінің жағдайын тексеру; 
-  бу  және  желдеткіш  арналардың  тартуын  тексеру,  газ  пайдаланғыш 
жабдықтың  техникалық  жағдайын  қарап  тексеру  және  анықталған 
ақаулықтарды  жою,  газ  аспаптары  мен  аппараттарының  жанарғы  шүмектерін  
ауыстыру; 

абоненттерде  орнатылған  газ  құралдары  мен  жабдықтарға 
шығарышылардың  техникалық  төлқұжаттарының  болуын  тексеру,  онда 
көрсетілген газдың басқа түріне көшіру тәртібімен танысу; 
-  пәтерлердің,  ғимараттардың  меншік  иелеріне  (жалдаушыларға,  жалға 
алушыларға) тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережесі бойынша нұсқау беру. 
5.3.4  Газ  тұтынушыларды  (абоненттерді)  үш  күннен  кешіктірмей 
пайдалану  ұйымы  персоналына  белгіленген  уақытта  газ  пайдаланғыш 
жабдыққа рұқсат беру қажеттігі туралы ескерту қажет. 
5.3.5 Тауарлы газды беруді газбен жабдықтау желісінің қолданыстағы газ 
құбырына  жаңадан  салынған  газ  құбырларын  қосумен  қатар  бір  уақытта 
жүргізу қажет. 
5.3.6  Бұрын  резервуарлық  немесе  топтық  баллондық  қондырғылардан 
СМГ  пайдаланған  тұтынушыларды  тауарлы  газға  көшіру  кезінде  газды беруді 
мынадай тәртіпте жүргізу ұсынылады: 
- резервуарлық қондырғыдан газды өңдеу және шығару; 


 
 

-  резервуарлық  және  топтық  баллондық  қондырғыларды  бу  фазасының 
қолданыстағы газ құбырларынан өшіру; 
- ғимаратқа кірмеде өшіргіш арматурасын жабу; 
- өшірілген сыртқы газ құбырын ауамен үрлеу; 
-  бітеуішті  орната  отырып,  қайта  монтаждалатын  газ  құбыры  учаскесін 
кесу; 
- ауамен бақылау тексеруді жүргізу және жаңадан салынған газ құбырын 
қолданыстағы жер асты немесе жер үсті газ құбырына қосу; 
-  ғимаратқа  кірмеде  өшіргіш  арматурасын  ашу  және  газ  құралдары 
(газбен үрлеу жүргізілетін құралдан басқа) алдындағы крандарды жабу; 
- жалғанған сыртқы және ішкі газ құбырларын газбен үрлеу; 
-  газ  құралы  алдындағы  газ  қысымын  тексеру,  жанарғыларды  жағып 
тексеру және газдың жануын реттеу;  
-  жер  асты  газ  құбыры  қосылуының  пісірілген  құрамасын  оқшаулау, 
пісіру жұмыстары жүргізілген ордың алдын сеуіп тастау;  

газ  құбырларының,  резервуарлық  және  топтық  баллондық 
қондырғылардың өшірілген учаскелерін қайта монтаждау. 
5.3.7 Газ құбырларын ауамен және газбен үрлеу, ауамен бақылау тексеру 
жүргізу  және  жаңадан  салынған  газ  құбырларының  қолданыстағыларға 
жалғануы  РДС  РК  4.03-04-2001  «Газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерін  салу  мен 
қайта  құруды  алдын  ала  қадағалау  туралы  ереженің»  және  осы  Ереженің 
талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
5.3.8  Өшірілген  резервуарлық  қондырғылар  және  жер  асты  газ 
құбырларының учаскелері қайта монтаждау алдында дегаздалуы тиіс. Жер асты 
газ құбырлары дегазациялаудан кейін пісіріледі. 
Резервуарлардың  қайта  монтаждалуы  дегазациялаудан  кейін  10  күннен 
кешіктірілмеген мерзімде жүргізілуі тиіс. 
СМГ  резервуарларын  басқа  ұйымдарға  беру  кезінде  оларды  қайта 
монтаждау  бойынша  жұмыстарды  пайдаланушы  ұйымның  өкілі  орындаған 
резервуарларды  дегазациялау  туралы  актінің  болуы  кезінде  оның  қатысуымен 
осы ұйымдардың персоналы жүргізуі мүмкін.  
5.3.9  Жеке  баллондық  қондырғылардан  СМГ-ды  пайдаланатын 
тұтынушыларды тауарлы газға көшіру кезінде жеке баллондық қондырғыларды 
қайта  монтаждау  және  газ  құралдары  мен  жабдығын  ішкі  газ  құбырларына 
жалғау жүргізіледі.  
5.3.10  Жұмыстар  аяқталғаннан  кейін,  акт-жүктелімдер,  дегазациялау 
туралы  актілер  және  абоненттерді  жүргізілген  нұсқау  беру  туралы  мәліметтер 
ғимараттардың  газ  жабдығына  техникалық  қызмет  көрсетуді  және  жөндеуді 
жүзеге асыратын пайдаланушы ұйымға беріледі. 
 
5.4 Сұйытылған мұнай газын алғашқы ағызу 
 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау