80
жетіп, Нежашиге барған мұсылмандар оның үстіне ескі киім киіп, жерде отырғанын
кӛріп таңырқап қалады. Ӛйткені, мұндай патша неге бұлай киініп, жерде отырады?
Алдына келген мұсылмандарды неге шақырғанын ол былай түсіндіреді:
-
Мен сендерді қуантатындай хабар беру үшін шақырдым. Сендердің елдерің
жақтан менің бір адамым келіп, маған Аллаһтың нәбиіне кӛмектесіп
дұшпандарды жеңген хабарын әкелді. Олар мисуак ағаштарымен танылған
Бәдір деген жерде кездескен. Ол жерді қазір кӛріп тұрғандаймын, ӛйткені,
мен бір кездері ол жерде түйе баққанмын.
Нежашидің хабарын алып қуанған мұсылмандар орайын тауып сұрайды:
-
Сен неге тағыңда емес, жерде отырсың, мына үстіңдегі киімің не?
-
Біз Аллаһтың ХазіретИсаға түсіргендерінен кӛреміз, Аллаһ (жәллә жәләлуһ)
құлдарына нығмет беріп, жақсылық жасайды, ал құлдарына жарасатын
әрекет - Аллаһ үшін қарапайымдылық танытулары. Міне, Аллаһ (жәллә
жәләлуһ) нәбиіне осындай кӛмекпен нығмет берген соң мен осылай жасап,
хабарды сендерге осындай түрде бергім келді.
Негізінде бұл - басқалардың қасиетті нәрсесіне құрметпен қараудың,
адамдармен сӛйлескенде кесіп пішудің, «Менікі ғана жӛн» деп ӛз кӛзқарасын
қабылдатпаудың және барлық адамды ӛз жағдайында кӛрудің жемісі. Барып-келіп
қатынасудың, жіберілген хаттар мен хабарлардың ешқайсысы босқа кетпей, иман
жолында жаңа бір ӛркениеттің іргетасы қаланған еді.
Бәдірдегі жеңілістің қайғысынан арыла алмаған Мекке біраз уақыттан кейін Амр
Ибнул Ас пен Абдуллаһ Ибн Әби Ребианы қайтадан Хабашстанға жіберіп, ең болмаса
сол жердегі мұсылмандарды кері қайтару арқылы кектерін солардан қайтаруды
қалайды.
-
Кегімізді Хабашстан жерінен алайық! Сол жердің патшасына адам жіберіп,
сол жердегі Мұхаммед сахабаларын бізге беруін сұрайық. Бәдірде ӛлтірілген
адамдарымыз үшін біз де оларды ӛлтірейік! – десті.
Бағалы сыйлықтар беріп, бұрынғыдай күлкілі жағдайда қалмау үшін адамдарына
мұқият әрекет етуді тапсырады. Алайда, олар тағы да қателескен еді.
Ӛйткені, бұл жағдай туралы қысқа уақыт ішінде пайғамбарымыз да хабардар
болып, ХазіретАмр Ибн Умеййеге хат беріп, қайтадан Нежашиге жібереді. Ӛзара
қатынас тағы да жемісін беріп, Нежаши бағалы сыйлықтар мен әдемі сӛздерге
алданбай, Меккенің елшілерін тағы да бос кері қайтарады
152
.
Достарыңызбен бөлісу: