3
ешкім қабылдамайды. Сонда тек Мутим ғана қабылдап, балаларын қаруландырып,
пайғамбарымызды қалаға кіргізеді.
Арада бірнеше жыл ӛтеді, Мутим Бәдір соғысында
құрайыштармен бірге
мұсылмандарға қарсы соғысып, ӛлтіріледі. Пайғамбарымыздың ақыны Хассан оның
ӛлімінен кейін оған арнап ӛлең жазып, кезінде оның пайғамбарымызға қамқорлық
танытқанын да атап ӛтеді.
Пайғамбарымыз ӛзіне танытылған осындай адалдыққа қатты қуанған болатын.
Дұшпан тұтқындарына не жасау керектігі тартыс болып жатқанда пайғамбарымыздың
айтқан мына сӛзі оның адалдығының қандай екенін кӛрсетіп береді: «Егер Мутим Бин
Адый тірі болып менен тұтқындарды сұраса ақысын сұрамастан бәрін босатар едім».
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) серіктестеріне де адал болған.
Худайбия келісімінде мұсылмандармен бірге келісімге
қатысқан Хузаа қауымы
құрайыштармен бірге келісімге кірген Бәни Бәкірдің шабуылына ұшырайды.
Құрайыштар да осы шабуылды қолдаған болатын. Хузаа қауымының ӛкілдері
жағдайды пайғамбарымызға (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) жеткізгенде Ол дереу
құрайыштарға бір шарт қойып, әскер дайындайды. Бұл оқиға Меккенің алынуына себеп
болып, тарихтан ӛз орнын алды. Осылайша, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи
уәссәлләм) шабуылға ұшыраған
серіктесін жалғыз қалдырмай, оған кӛмек қолын
созды
4
.
Пайғамбарымыз сахабаларына кӛмектескен адамдарға да адалдық танытатын.
Бір күні Хабашстан билеушісінің елшілері пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи
уәссәлләм) алдына барады. Пайғамбарымыз оларға ыжыл ықылас білдіреді.
Кейбір сахабалар «Ей, Аллаһтың расулы! Біз қызметті ӛзіміз атқарамыз, сіз
демалыңыз!» десе де пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) оларға:
«Олар Хабашстанға кӛшіп барған сахабаларымды
жылы қабылдап, құшақ жайып
күтті. Енді мен де оларға қызмет еткім келеді» деп жауап береді.
Мәдинаға келген тайпаларды пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм)
жақсылап күтіп алатын. Ӛзімен танысуға келген тайпа ӛкілдерін қонақ етіп күтіп,
олармен жақын араласып, оларға арнайы мұғалімдер тағайындап,
материалдық
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, жаңа киімдер алып беретін, сыйлықтар сыйлайтын,
Ислам дініне қызығушылық танытып Мәдинаға келген бұл адамдарды ұмытылмастай
адал кӛңілімен шығарып салатын
5
.
Достарыңызбен бөлісу: