Басқарма басшысының міндетін атқарушысының 2017 жылғы
« 19 » маусымдағы № 50/1-Ө бұйрығымен бекітілген
«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік ахуалын қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу мақсаты Басқарманың қызметі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнату болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) Басқарма қызметінің жекеленген саласында жұмыс істейтін тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында айқындау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:
1) заңдылық;
2) төзімділік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
1. Қоғамдық қарым-қатынастар саласының атауы: кәсіпкерлік, туризм және сауда қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ.
3. Қоғамдық қарым-қатынастардың жекеленген салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлығы (іс-қимылы) ережелері:
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
қарастырылмаған құжаттарды сұратуға жол бермеу, яғни функцияларды атқару барысында сөзбұйдаға салуға жол бермеу (төрешілдік);
басқарма қызметі саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, жазбаша түрде уәкілетті органға дереу хабарлау;
тұрғындардың сұранысына бағдарлана отырып, басқарманың міндеттері мен функцияларының орындалу сапасын арттыру бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдау;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
мүдделер қақтығысын болдырмау, ал олар туындаған жағдайда, заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды қарастыратын өзге де іс-әрекет жасаған кезде мәселелерді объективті қарау, шешімдерді тек заңнамаға сәйкес қабылдау.
мемлекеттік қызметшінің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдау кезінде ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен өзінің заңнамалық міндеттерін орындаумен байланысты артықшылықтарды қабылдамау;
берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қатаң сақтау;
олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын жағдайларда, алдын ала қоғамдық талқылаусыз нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдауға жол бермеу;
өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;
- құқықтық актілер белгіленбеген тұлғалар тобына немесе дербес белгілі бір тұлғаларға бағытталуы тиіс;
3.4. қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:
мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе төмендететін
іс-әрекеттерге қарсы тұру;
жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтарды жасауға жол бермеу.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.
4. Сыбайлас жемқорлық фактілерін кездестірген жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті:
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы мәліметке ие болған жағдайда, ол осындай құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауы тиіс, соның ішінде жоғары тұрған басшысын, жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші басқа тұлғалардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға тартқан жағдай туралы аталған тұлғалар мен органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |