Ќызылорда облысыныњ 2016 жылѓЫ



жүктеу 218,5 Kb.
бет3/5
Дата25.01.2020
өлшемі218,5 Kb.
#27310
1   2   3   4   5
Кәсіпкерлікті дамыту
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы кәсіпкерлікті қолдауға және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1,7 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде:

Жалпы кредиттік портфелі 29,1 млрд теңгені құрайтын 401 жоба (субсидиялаудың қолданыстағы келісімшарты бойынша 319 жоба, субсидиялаудың жаңа келісімшарты бойынша 82 жоба) 1,3 млрд теңге субсидия алса, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 48 субъектісі жалпы құны 170 млн теңгеге қосымша кепілдік алу мүмкіндігін пайдаланды.

Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтерінің микробизнестің 21 субъектісі жалпы құны 19 млн теңгеге қайтарымсыз гранттар алды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өңірде жүзеге асуы барысында 2016 жылы алғаш рет шағын кәсіпкерлік субъектілерін «шағын несиелендіру» бағыты жүзеге асырылды. 200 млн теңгенің шағын несиелері Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтерінің 47 кәсіпкерлік субъектісіне ұсынылды.

Оған қоса, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты «Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» аясында Қызылорда қаласының индустриялық аймағында инфрақұрылымды дамыту мақсатында қуаттылығы 35/10 кВт болатын трансформатор орнатылды және 4 шақырымдық ВЛ-35 кВт электр желісі мен 14,7 шақырым жоғары қысымдағы газ құбыры салынып, Қызылорда АГТС-2 кеңейтілді.

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2016 жылы «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын бастады. Бір жылда 774 млн теңгенің 124 жобасы іске асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Негізгі акцент – жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдалану, олардың базасында ет және сүт бағытындағы ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту.

Екі жылда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы елді мекендерден түскен 184 жоба 1 млрд теңгеден астам қаражатпен қаржыландырылды. Олардың басым көпшілігі (70 пайызы) – кәсіпкерлікті енді бастағандар. Нәтижесінде, елді мекендерде 650-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

«Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберін­де құны 1,5 млрд теңге тұратын 48 жоба несие­лендірілді. «Байқоңыр-Инвест» VII Инвестициялық форумында облыс әкімдігі мен «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы келісіміне сәйкес, оның 500 млн теңгесі облыстық бюджеттен және 1 млрд теңгесі «Даму» қорынан бөлінді.
Туризм
Жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойынан қызмет көрсету нысандарының құрылысы үшін 37 орын белгіленді.

16 нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылдың аяғына дейін тағы 20 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында қызмет көрсету нысандарының қызметін реттеу бойынша жұмыс тобы жұмыс жасауда.

Жалпы, шағын және орта бизнесті қолдауға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнім өндірушілеріне 2016 жылы 16 млрд теңге қаржы бағытталды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 45 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы
2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79 млрд. теңгені құрады немесе өсім 7,3% болды. Салаға тартылған инвестиция 2,3 есеге артып, 3,8 млрд теңгені құрады.

Аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мақсатында өткен жылы 9,1 млрд теңге бөлінді немесе 2015 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Мал басының барлық түрлері бойынша өсім байқалады. Мүйізді ірі қара саны 0,4%, қой мен ешкі 8,4%, жылқы 0,8%, түйе 3,2%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақта) 3,6%-ға, сүт 1,1%, жұмыртқа 0,9%-ға артты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір жыл ішінде 746 фермерлік шаруашылықтарды біріктіру жолымен 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.
Өсімдік шаруашылығы
2016 жылы облыс бойынша барлығы 168,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1212 гектарға артық (2015 жылы – 167,3 мың га).

Егіс көлемін әртараптандыру аясында күріш егу көлемі 4 мың га азайтылып, мұнымен бірге жоңышқа (780 га), бидай (3,7 мың га), картоп (570 га), көкөніс (215 га), бақша өнімдерін (760 га) егу көлемі ұлғайды. 20377 га жаңа жоңышқа, 3348 га жаздық бидай, 507 га дәндік жүгері, 160 га жаздық арпа, 407 га тары, 210 га сұлы, 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ және 710 га сүрлемдік жүгері егілді. Негізгі дақыл – күріш көлемі 79598 га құрады.

2016 жылы күріш егісі алғаш рет жоғары 100 пайыз репродукциялық тұқыммен егілді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Сыр диқандары рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, гектарына 54,9 центнер, жекелеген шаруашылықтар гектарына 80 центнер өнім алды. Бұл күріш шаруашылығының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бүгінде күріштің өнімділігі 1991 жылғы көрсеткіштерден төрттен бір есеге артық. Тек соңғы 3 жылдың ішінде күріштің жалпы өнім көлемі егіс көлемі аумағының көбеюінен емес, өнімділікті арттыру есебінен үштен бір еседен (32%) астамға дейін көбейді.

Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу нарығында өңір тарихында алғаш рет кешенді маркетингтік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі Агрокартасы әзірленіп, экспорттық потенциалды арттыру және нарықты кеңейтудің негізгі мақсаттары айқындалды.

Тәжірибе негізінде Иран нарығында үлкен сұранысқа ие «Тором Хошеми» күріш сор­ты егіліп, сапа мен көлемі жағынан жақсы өнім берді. Нәтижесінде күрішті экспорттау үшін Иран бизнесмендерімен келісім жасалды.

Бақша дақылдары өндірісін қалпына келтіруді жүргізудеміз. 2016 жылы көп жылдардан бері тұңғыш рет жергілікті қауындарды Ресей және Қырғыз елдеріне экспортқа шығардық.
Мал шаруашылығы
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділікті және өнімнің сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 2709 млн теңге бөлініп, 520 шаруашылық мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мемлекеттік қолдаудың есебінен 2016 жылы 1288 бас асылтұқымды ірі қара малы, 8453 бас қой, 324 бас жылқы және 25 бас асыл тұқымды түйе сатып алынды.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жеңілдетілген несиелерін алуға облыс шаруашылықтары­ның қатысуы жалғасуда.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 114 шаруа қожалығы 910,0 млн теңге несие қаражатын алып, 5259 бас сиыр (жоспар – 4200) және 245 бас бұқа (жоспар – 142) сатып алып, жоспар 125,2% орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1200 бас қой және 42 бас қошқар сатып алу жоспарланып, 18 шаруашылық арқылы 61,7 млн теңге несие қаражатына 2470 бас қой, 98 бас қошқар сатып алынып, жоспар 2 есеге орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 1025 бас аналық жылқы және 72 бас айғыр сатып алу жоспарланды. 41 шаруашылық 300,8 млн теңге несие қаражатын алып, 1013 бас аналық жылқы және 106 бас айғыр сатып алып, жоспар 99% орындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілуде.

2016 жылы Шиелі ауданында тәулігіне 400 литр шұбат өндіру цехы іске қосылды.

Қызылорда қаласында жартылай ет фабрикаттарын өндіру фабрикасы, Сырдария ауданында жылдық қуаты 250 тонна ет комбинатымен 10 мың бас қозы өсіру кешені салынды.

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының қаржысы есебінен Сырдария ауданында қаз және үйрек өсіру құс фермасын салу несиелендірілді. Қазіргі таңда 10 мыңнан астам құс өсірілуде.

Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС 3000 бас мүйізді ірі қара малды бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, мал бордақылау жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы ауданында «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңын іске қосты. 2016 жылы 500 бас малды етке сойып, 100 тоннадан астам сиыр етін сатуды қамтамасыз етті. 2016 жылдың 14 қарашасында «Сыр маржаны» ЖШС ЕАЭО (ЕАЭО мүше елдерінің ветеринариялық талаптарға сәйкес шаруашылықтар тізімі) реестріне енгізіліп, кәсіпорын өзінің өнімдерін Ресей Федерациясына экспортқа шығаруға мүмкіндік алды.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Азық-түлік тауарларының 2016 жылдың желтоқсан айындағы бағаларын алдыңғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғандағы индексі облыс бойынша 110,1% (Респуб­лика бойынша – 109,7%) құрады. Азық-түлік тауарлары бағалары индексінің өсуі сырттан тасымалданатын, облыста өндірілмейтін (алкогольді ішімдіктер, темекі, көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері, қант және т.б.) өнімдерге бағаның өсуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша индекс 110,9% құраса, рес­пуб­лика бойынша 112% құрады.

Тұрақтандыру қоры жұмысын жалғастыруда. Қорда 2304,7 тонна өнім бар, 13 «Дәмді» әлеуметтік дүкендері және аудан орталықтарында операторлардың сауда нысандары арқылы сатылуда.

Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Мирас» сауда үйі арасында жасалған әріптестік келісім негізінде 2016 жылы 15042,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды (2015 жылы – 17 792 тонна).

2016 жылы 60 жәрмеңке өткізіліп, 823,1 млн теңгеге 6 362,7 тонна өнім нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Ветеринария
Эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында жылда ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. 2016 жылы аса қауіпті 15 түрлі жұқпалы ауруға қарсы іс-шараларды атқару үшін 635,9 млн теңге бөлінді, сонымен қатар жануарлардың энзоотиялық (МІҚ тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фациолез, жылқының сақау, гасторфилез, түйенің трипаносомоз) ауруларына қарсы егу үшін облыстық бюджеттен 167,9 млн теңге бөлінді.

Сібір жарасы індетінің орындарын нақтылау жұмыстары жүргізілді. 60 ошағы белгіленді. Заң талаптарына сәйкес қоршалып, қауіпсіздік сілтемелері орнатылды.

Жалпы облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Облысты аусыл ауруынан буферлік аймақтан шығару жұмыстары жалғасуда.

Облысты буферлік аймақтан шығару мақсатында бекітілген жоспарға (572,2 мың доза МІҚ, 1508,9 мың доза уақ мал және 6,0 мың доза шошқа) сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары аусыл ауруына қарсы толық алдын ала егілді. Аусыл ауруына қарсы Ресей Федерациясында дайындалған тазартылған А, О, Азия-1 үш валентті вакцинасы қолданылды. Аусыл ауруына қарсы мүйізді ірі және уақ малға алдын ала егу жұмыстары жылына 2 рет (көктем, күз ) жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыс аумағын аусыл ауруынан қорғау мақсатында, сырттан келетін және облыс көлемінен шығарылатын жануарлардың қозғалысына бақылау орнатылған.
Экология және мелиорация
Облыс елді мекендерінің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін 5 каналды тазалау жұмыстары жүргізілді (Қазалы ауданының Сарыбұлақ ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі «Ақарық» каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Жыңғылдыкөл» каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Базар арығы» каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Бозарық» каналы) 2 дана насос қондырғылары алынып берілді (Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті). Нәтижесінде облыстың 5 елді мекені аяқ сумен қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысының суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу және апатты су қоймаларды жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттары негізінде қаржы көздерін тарту, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 238,6 мың гектар суармалы жердің 188,4 мың гектарын қалпына келтіру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта, Дүниежүзілік банктың қаражаты есебінен ПУИД-2 жобасын іске асыру көзделіп отыр, жобаға жалпы құны 7 млрд теңге құрайтын Жалағаш ауданының (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтері) инженерлік жүйеге келтірілген 15,1 мың га суармалы жерлері енгізілген. Жоба аймақтарында зерттеу және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының 144 мың гектар жерін ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру жобасының 3-кезеңіне қосылу мәселесі пысықталуда.

Ислам банкімен 29 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші фазасын жүзеге асыру мәселесін пысықтау жұмыстары жалғасын табуда.

САРАТС-2 жобасына енгізілген жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын апаттық жағдайдағы Қызылорда су торабының шлюз реттеуішін қалпына келтіру компонентін басымдылық ретінде республикалық бюджет есебінен шешу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, қалған 5 компонент Дүниежүзілік банкпен келіссөздерді жалғастыру арқылы Дүниежүзілік банк заемы есебінен жүзеге асырылатын болады.

2016 жылдың қараша айында Сырдария өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану мен қорғау жөнінде Өзбекстан тарапымен бірлескен жұмысшы тобы құрылды. 2016 жылдың желтоқсан айында Ташкент қаласында бірлескен жұмысшы тобының бірінші кездесуі өтіп, келесі отырысы 2017 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Осы кездесу барысында САРАТС-2 жобасының жүзеге асыру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады деп жоспарлануда.
Балық шаруашылығы
САРАТС-1 жобасын жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 4 жылда балық аулау 65%-ға көбейді. 2016 жылы облыс бойынша ауланған балық көлемі 7883 тоннаны құрады (Кіші Арал теңізінен 7106 тонна ауланды).

Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 500-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Барлық кәсіпорындар халықаралық стандарттарға сәйкес құралдармен жабдықталған.

2 кәсіпорын өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін «Еурокод» эскпорттаушының тіркеу нөмірін алған.

Балық өнімі (балық филесі, ысталған, қақталған, мұздатылған) алыс-жақын шетелдерге – Ресей, Грузия, Дания, Польша, Әзербайжанға экспортталды.

2016 жылы барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, соның ішінде Ресей Федерациясына – 2191,2 тонна, Данияға – 453 тонна, Польшаға – 259 тонна, Әзербайжанға – 420 тонна, Грузияға – 280 тонна.

2015 жылмен салыстырғанда балық өнімдерінің экспорты 2 есеге, ал 2012 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. Балық өңдеу көлемі соңғы 4 жылда 2,5 есеге артты.

Еуразиялық экономикалық одақ Қызылорда облысының кәсіпкерлеріне көршілес мемлекеттердің кәсіпкерлерімен ешқандай кедергісіз байланыстар орнатып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашты.

Солардың бірі Арал балықшыларының Ресей кәсіпкерлерімен бірлесіп ашқан «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауыты.

2016 жылы 8-9 шілдеде Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өткізілді. Онда облыстағы балық шаруашылығының даму мәселелері жан-жақты талқыланды.
Төтенше жағдайдың алдын алу
2016 жылы облыс тұрғындары мен облыс аумағындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы қысқы инженерлік-техникалық, ұйымдастыру іс-шаралары кезеңінде 410,8 млн теңге қаржы бөлінді. Осының негізінде, Сырдария өзенінің зақымдалған қорғаныс бөгетінің жалпы ұзындығы 33,4 км құрайтын 28 қауіпті учаскелеріне жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жасалынды.

Сонымен қатар, аса қауіпті індет ауруы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 166,3 млн теңге қаржыға облыстың 135 елді мекеніндегі барлық мал басы мен қораға және суат, шаңлақтарға көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2016 жылы экономика салаларында 11206 жұмыс орны құрылса, оның 9873-і тұ­рақты. Жұмысқа орналасу бойынша хабарласқан 32847 адамның 16518-і немесе 50,2%-ы жұмысқа орналастырылды.

115 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 6,2 мың бос орын ұсынған 1603 жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңке қорытындысымен 6,3 мың жұмыссыз жұмыспен қамтудың белсенді түріне жолдама алды.

Кәсіпорындарда экономикалық жағдайдың нашарлауына және жұмыс көлемдерінің төмендеуіне байланысты, жұмысшыларды жалпы жұмыстан босатуына жол бермеу мақсатында барлық ірі және орта кәсіпорындармен жұмыс орындарын сақтау және жұмысшылардың еңбегін қорғау және кепілдендіру құқықтарын сақтау туралы меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде облыс бойынша жыл ішінде барлығы 503 адам ғана жұмыстан босатылса, оның 174-і жұмысқа орналастырылып, қалғандарын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік мәселелерді шешудегі тиімді құралдардың бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуы болды. 2016 жылы оны жүзеге асыруға 6,5 млрд теңге бағытталды. Бағдарламаға 10717 адам қатысса, оның 8339-ы – жұмыссыздар.

Бірінші бағыт бойынша – инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 266 жоба жүзеге асырылды.

Екінші бағыт бойынша – 2,2 млрд теңгенің 800 шағын несиесі беріліп, 440 адам өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт бойынша – 248 мекеме мен кәсіпорындарға 859 адам жолданды.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2016 жылы елді мекендерде тұрып, жұмысқа орналасу үшін келген 307 денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына 213,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.

Тұрғын үй сатып алу үшін 1325,1 млн теңге бөлінді, 438 маман жеңілдетілген несие алды. Оның ішінде білім саласында жеңілдетілген несиені – 256 маман, денсаулық сақтауда – 140 маман, мәдениетте – 20 маман, әлеуметтік қамсыздандыруда – 2 маман, спортта – 13 маман, агроөнеркәсіп кешенінде 7 маман алды.

Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, жұмыссыздық деңгейін жыл басындағы 5,0 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік болды (2016 жылдың 3-тоқсаны). 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығы деңгейі 4,9 пайызға төмендеді (2016 жылдың 3-тоқсаны).

2016 жылы 4417 (мемлекеттік тапсырыс бойынша) колледж бітірушілердің 90,7 пайызы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, 3970-і жоғары оқу орнына түсті (64 пайыз).

Аз қамтылғандардың ішінен азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 796 адамға қысқарса, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды азаматтардың үлесі 0,2 пайыздық пунктке төмендеді (2015 жылғы 29,2 пайыздан, 2016 жылы 29 пайызға).

Әлеуметтік қорғау шаралары шеңберінде 69775 аз қамтылған азаматтарға 1507,3 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмектер мен балаларға арналған жәрдемақы төленді.

«Өрлеу» жобасы шеңберінде 1406 азаматқа шартты ақшалай көмек тағайындалып, 40,6 млн теңге төленді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтың 497 студентіне білім беру қызметін төлеуге 221,1 млн теңге бөлінді.

Мемлекетпен қарастырылған барлық әлеуметтік міндеттеме уақытылы және толық көлемде төленді.

«Сыр мейірімі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жалғасты (үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында). Есепті кезеңде өзін-өзі күте алмайтын науқас, сапалы тамақтануды қажет ететін 784 жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге 34,4 млн теңгеге 59489 рет қайырымдылық ұйымдастырылды.

Орталықтандырылған деректер қорына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс­та 29113 мүгедек есепте тұр, оның ішінде 2756 адам – I топтағы мүгедек, 11411 адам – II топтағы мүгедек, 10156 адам – III топтағы мүгедек, ал 4790-ы – мүгедек балалар.

«Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз етудің Жол картасы» шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін сапалы деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасын тапты.

2016 жылы 9248 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, 13630 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Жұмыспен қамту органдары арқылы 671 мүгедек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 409 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 33 мүгедек әлеуметтік жұмысқа орналастырылды, 30-ы жастар тәжірибесіне жіберілді, 199 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 36 мүгедекке шағын несие берілді.

Еңбек адамдарының беделін көтеру және танымал ету, ең жақсы өндірістік және отбасылық дәстүрді насихаттау мақсатында облыста үшінші жыл қатарынан «Еңбек күні» мерекесіне орай еңбек династиясының форумы өткізілуде.

2016 жылы оған теміржолшылар, мұнайшылар, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері, құрылысшылар, дәрігерлер, ұстаздар, электриктер бар 8 еңбек династиясы қатысты.

2016 жылы Қызылорда қаласының Талсуат кентіндегі 300 орындық ересектерге арналған жүйке жүйесі аурулары үйінің құрылысы аяқталды. Бұл 2013 жылдың басынан келе жатқан 37 проблемалық нысанның соңғысы болатын.
Білім беру
2016 жылғы білім беру саласындағы маңызды басымдылық бұл апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу, 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды көбейту және еңбек нарығындағы қажеттілікке бағытталған сапалы жаңа деңгейдегі мамандарды дайындау.

2016 жылы білім беру саласына бөлінген қаражат облыс бюджетінің 38 пайызын құрап, бұл бағытқа 75 млрд теңге бөлінді, 2015 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге артқан.

жүктеу 218,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау