Ќызылорда облысыныњ 2016 жылѓЫ



жүктеу 218,5 Kb.
бет1/5
Дата25.01.2020
өлшемі218,5 Kb.
#27310
  1   2   3   4   5

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2016 жылғы oблыс дамуының негізгі бағыттары «5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, облыс әкімінің 2016 жылға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарында белгіленді.

Облыс әкімінің Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары ретінде әлеуметтік даму, ең алдымен, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындау және жаңа жұмыс орындарын құру, өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру және тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, сырттан инвестиция тарту, сонымен қатар, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері айқындалды.

Іс-қимыл жоспарына 207 іс-шара еніп, оның 70 пайыздан астамы толық орындалды. Ал, жүзеге асуы ұзақ мерзімге арналған іс-шаралар, келесі 2017 жылғы Іс-қимыл жоспары аясында жалғасын табады.

Инвестициялардың өсу қарқынын жан басына шаққанда 103 пайызға дейін жеткізу, белгіленген Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) бойынша көрсеткішін 98,3 пайызға жеткізу жөніндегі 2 тармақ объективті себептерге байланысты орындалған жоқ.

Соның өзінде, тікелей жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыру жұмысының нәтижесін сипаттайтын, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіштерінде оң динамика бар.

Атап айтқанда, 2016 жыл көлемінде өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар бойынша өзге өңірлермен салыстырғанда республикадағы ең жоғары даму қарқыны қамтамасыз етілді (нақты көлем индексі – 122 пайыз). Сөйтіп, шикізаттық емес секторда 2016 жылғы өсім 15 пайызды құрады, орташа республикалық көрсеткіш – 0,7 пайыз. Қазір, Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы бойынша көшбасшылар қатарына кірді.

Осы кезеңде, еңбек өнімділігі өңдеу саласында шамамен 6 есеге (ҚР – 2,4 есе), ал өңдеу өнеркәсібінің ЖӨӨ-дегі үлесі – 3,5 есеге (2012 жылдың 9 айындағы 2,2 пайыздан 2016 жылдың 9 айында 7,8 пайызға дейін) артты.

Агроөнеркәсіп кешенінде де жыл бойы тұрақты даму үдерісі сақталды. Мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсуі байқалуда. 2016 жылы күріштен рекордтық өнім алынды. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 2,3 есеге артты.

Экономиканың әр саласында бір жыл ішінде 11206 жұмыс орны құрылды, оның 9873-і тұрақты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайыз шегінде ұстап тұруға мүмкін болды (3 тоқсан қорытындысымен – 4,8 пайыз).

Әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша тұрғындар алдында қарыз жоқ.

Тұтыну бағаларының индексі аздаған өсімге қарамастан, жыл бойы республикалық орташа көрсеткіштен төмен болды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 108,4 пайызды құраса, ҚР бойынша – 108,5 пайыз. Бұл ретте көптеген өңірлермен салыстырғанда біз әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасын және оның өсу динамикасын 110,9 пайызда ұстап отырмыз, орташа республикалық көрсеткіш – 112,2 пайыз.

Жыл ішінде 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылға қарағанда 16,8 пайызға артық. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3 жылда 2 есеге артты.

48 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді (білім саласында – 22, денсаулық сақтау саласында – 14, әлеуметтік салада – 1, мәдениетте – 3, архив – 1, спортта – 1, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 4 жоба, мемлекеттік органдарды дамыту бойынша – 2), оның 25-і пайдалануға берілді (білім саласында – 6, денсаулық сақтауда – 12, әлеуметтік салада – 1, мәдениетте – 2, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша – 3, мемлекеттік органдарды дамытуда – 1), 23 нысанның құрылысы 2017 жылы аяқталады. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына басымдылық ретінде 12 мектептің құрылысы жүргізілді.

2016 жылы облыс бюджеті 238 млрд теңгеге жеткізіліп, 2015 жылға қарағанда 55 млрд теңгеге артты. Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығына қарамастан, өңірді дамытуға 62 млрд теңгеден аса қаржы бағытталды, бұл 2015 жылдан 19 млрд теңгеге көп.

жүктеу 218,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау