Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Құттықожа ауылы
№164 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі
Әшімбекова Нұргүл Қайыпбекқызы
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры. Microsoft Excel - мен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсінікте мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің бетібойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдын биіктігін өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау.
Баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
Компьютер, оқулық, практикум, интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлцы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.
Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған.
Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1) Microsoft Excel қалай қосылады?
2) Microsoft Excel –дің жұмыс парағы дегеніміз не?
3) Microsoft Excel –дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз?
4) Microsoft Excel –де жаңа құжатты қалай құрамыз?
5) Excel –де құжатты қалай сақтаймыз?
V. Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel кестелік процессоры. Microsoft Excel - мен танысу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |