Орындаған:Қазеке Нұрболат.
Аралық бақылау (Рубежная контрольная)
Топ: Информационные системы 21 (ИС-21)
Жобаның басты беті
1-сурет. Басты бет
Басты бет “Тауардар”, “Біздің мекенжайлар”, “Қызметкерлер”, “Байланыс”, “Бренд”, “Бонустық карта”, “Шығу” батырмаларынан тұрады. Әр батырманы басу арқылы басқа формаларға өтуге болады.
2-сурет. “Спорт түрі” формасы
“Тауарлар” батырмасын басу арқылы “Спорт түрі” формасына өтуге болады (2-сурет).
Бұл формада спорт түрлері көрсетілген. Спорт түрлерінің аты жазылған батырмаларды басу арқылы сол спорт түрінің тауарларын көруге болады.
3-сурет. “Футбол” формасы
Футбол батырмасын бассақ, жоғарыда көрсетілгендей форма ашылады. Бұл формада футбол спортына қатысты тауарлардың типтері көрсетілген. Осы формадағы батырмаларды басу арқылы сол типке тиісті тауарларды көруге болады.
4-сурет. “Доптар” формасы
Мысалы, “Доптар” батырмасын бассақ, “Доптар” формасы ашылады(4-сурет). Бұл формада әртүрлі доптар туралы ақпарат берілген. Мысалы, тауар коды, тауар аты, суреті, бағасы, өлшемі және дүкендер желісіндегі саны берілген.
4.1-сурет. Тауарларды іріктеу
Сонымен қатар, формада тауарларды іріктеуге арналған тізім берілген. Мысалы, тауардың бағасы бойынша, бренді бойынша және өлшемі бойынша іріктеу(4.1-сурет).
4.2-сурет. Тауарды бренді бойынша іріктеу
Егер “Бренд” тізіміндегі бір элементті таңдайтын болсақ, онда сол брендтің тауарлары шығады (4.2-сурет). Формада 3 батырма көрсетілген. Бұлар “Қолдану”, “Өшіру”, “Артқа” батырмалары.
4.3-сурет. “Қолдану” батырмасы
Егер іріктеуге арналған барлық тізімді пайдаланатын болсақ, осыған сәйкес тауар туралы ақпарат шығады (4.3-сурет).
4.4-сурет. “Өшіру” батырмасы
“Өшіру” батырмасы басылса іріктеу тоқтатылады да, барлық тауарлар қайтадан тізімге қосылады(4.4-сурет).
“Артқа” батырмасы осы форманың алдындағы форманы ашуды жүзеге асырады.
5-сурет. “Мекенжайлар” формасы
Басты бетте орналасқан “Біздің мекенжайлар” батырмасы басылса, “Мекенжайлар” формасы ашылады (5-сурет). Бұл формада “Спортмастер” дүкендер желісінің Қазақстандағы барлық қалаларындағы мекенжайлары, телефон нөмірлері көрсетілген. Сонымен қатар, қала бойынша іріктеуге болатын тізім көрсетілген.
5.1-сурет. Қала бойынша іріктеу
Егер “Қала” тізімінен қаланың атауын таңдасақ, сол қаладағы “Спортмастер” дүкендер желісінің мекенжайлары шығады (5.1-сурет).
6-сурет. “Қызметкерлер” формасы
Басты бетте “Қызметкерлер” батырмасы басылса, “Қызметкелер” формасы ашылады. Бұл формада дүкендер желісінде қызмет атқаратын жұмысшылар туралы ақпарат берілген (6-сурет). Мысалы қызметкердің жеке коды, қызметкердің аты-жөні, қызметі, жұмыс атқаратын қаласы және жұмысқа қабылданған уақыты көрсетілген.
6.1-сурет. Қызметі бойынша іріктеу
Бұл формада жоғарыда көрсетілгендей қала бойынша және қызметі бойынша іріктеуге болатын тізім көрсетілген. Егер жұмысшының қызметін таңдайтын болсақ, таңдалған қызметті атқаратын қызметкерлер тізімі шығады (6.1-сурет).
7-сурет. “Байланыс” формасы
Басты бетте “Байланыс” батырмасы басылса, сәйкес есеп ашылады (7-сурет). Бұл есепте “Спортмастер” дүкендер желісінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына өтуге мүмкіндік беретін сілтемелері көрсетілген. Сонымен қатар, ресми сайтының сілтемесі, дүкендер желісінің телефон нөмірі көрсетілген.
7.1-сурет. “Спортмастер” дүкендер желісінің ресми Facebook парақшасы
Егер кез-келген гиперсілтемені бассақ, сол сілтемеге сәйкес сайт ашылады.
8-сурет. “Брендті ізлеу” формасы
“Басты бет” формасында “Бренд” батырмасын бассақ, “Брендті іздеу” есебі ашылады (8-сурет). Бұл есепте “Спортмастер” дүкендер желісі сататын тауарлардың брендтері көрсетілген. Сонымен катар, алфавит бойынша жазылған батырмалар және “Өшіру” батырмасы қойылған.
8.1-сурет. Бренд бойынша іріктеу
Егер таңдағыңыз келетін брендтің бас әріпін бассаңыз, сол әріптен басталатын брендтердің атаулары шығады. Сонымен қоса, брендтердің тауарларын көруге болатын сайттың сілтемесі және сол бренд өндірген “Спортмастер” дүкендер желісіндегі тауарлардың саны көрсетілген.
9-сурет. “Спортмастер” дүкендер желісінің бонустық карталары
Басты бетте “Бонустық карта” батырмасы басылса, “Бонустық карта2” есебі ашылады (9-сурет). Бұл есепте дүкендер желісінің бонустық карталары туралы мәлімет көрсетілген. Мысалы, картаның нөмірі, картаның атауы, суреті, қандай жағдайда берілетіні, артықшылықтары көрсетілген.
10-сурет. “Шығу” батырмасы
Басты бетте “Шығу” батырмасы басылса, сәйкес хабарлама шығады (10-сурет).
10.1-сурет. Деректер қорынан шығу
Егер “OK” жағдайы таңдалса деректер қорынан шығу жүзеге асырылады (10.1-сурет)
11-сурет. Деректер қорына кіру
Егер деректер қорында “Басты бет” формасы ашылса, “Спортмастер” дүкендер желісінің деректер қорына қош келдіңіздер” хабарламасы шығады (11-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |