Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы
Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Кубашев Елдос Аскарович
Сабақтың тақырыбы: WINDOWS ОЖ жұмыс үстелі. Обьектілерді іздеу.
Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту, бағдарламаларды
іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Терезе дегеніміз не?
Терезенің қандай түрлері бар?
Терез элементтерін және олардың атқаратын қызметі айтыңдар
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметті қандай?
Жаңа түсініктер:
Бағдарламаларды іске қосудың және құжатты ашудың үш тәсілі бар:
«Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы
Бағыттауыш бағдарламасы арқылы
«Пуск» батырмасын пайдаланып
«Пуск» батырмасының көмегімен бағдарламаларды іске қосу:
Пуск батырмасын басамыз, сонда Бас меню пайда болады
Бас менюде тышқанның нұсқауышын Бағдарламалар (Программы) командасына орналастырамыз, сонда бағыныңқы меню шығады
Бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын Стандартные командасына орналастырамыз, сонда келесі бағыныңқы меню шығады
Бұл бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын қажетті қолданбаға орналастырып, оны шертсек қолданба ашылады.
«Мой компьютер» қапшығы арқылы бағдарламаны іске қосу:
Мой компьютер қапшығының терезесін ашамыз
Мой компьютер қапшығындағы диск С белгішесіне тышқанның нұсқауышын орналастырып, екі рет шертіп, С дискісінің терезесін ашамыз
Бұл терезеде Program Files қапшығының терезесін ашамыз
Бұл терезедегі қажетті қапшықрада орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Бағыттауыш қолданбасын іске қосу:
Пуск – Бағдарламалар (Программы) – Проводник
Пуск батырмасына тышқанның нұсқауышын орналастырып оң батырмасын басу, қосымша менюден Проводник командасын орындау.
Бағыттауыш қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады: оң және сол жақ.
Бағыттауыш қолданбасы арқылы бағдарламаларды іске қосу:
Бағыттауыш қолданбасын іске қосу
Терезенің сол жақ бөлігіндегі Program Files қапшығын ашу
Бұл терезедегі қажетті қапшықрада орналасқан қолданбаларды іске қосамыз
Сабақты бекіту сұрақтары:
«Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз
«Пуск» батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз
Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?
Осы үш әрекеттің ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 3.3. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
Достарыңызбен бөлісу: |