Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы «__» желтоқсандағы
№ ___ -ө-м бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы (56-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (56-шығарылым) «Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінен тұрады.
Жұмыс разрядтары олардың күрделілігіне қарай, әдетте, еңбек жағдайлары ескерілмей белгіленген. Қажет болған жағдайларда еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы және тағыда басқа) тиісті органдар бекіткен, арттырушы тарифтік ставкаларды белгілеу жолымен ескеріледі.
Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядтық тарифтік торға сәйкес әзірленген.
Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да (56-шығарылым) алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
«Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1987 жылғы редакциясында берілген.
2-бөлім. Көрнекті құралдар өндірісі
1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы
Параграф 1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
Ботаника бойынша блоктарды тіні тұрпайы өсімдіктерді сусыздандырумен, целлоидинмен және парафинмен қоректендіріп фиксациялай отырып дайындау. Құйма алдында ботаникалық материалдарды іріктеу және өңдеу. Рецепт бойынша фиксаторларды жасау. Жасалған блоктардағы сынама қималарды микроскоппен бақылау.
Білуге тиіс:
органикалық және органикалық емес химия мен өсімдіктер анатомиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, целлоидин ерітіндісін, целлоидинді және парафинді блоктарды жасау тәсілдерін, препараттарды құрауды, қолданылатын реактивтер мен фиксаторлардың құрамы мен химиялық қасиеттерін, препаровальдік лупаның, микроскоптың, термостаттың құрылымын, зиянды және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін.
Жұмыс үлгілері:
Бидай дәндері – блок дайындау.
Параграф 2. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
ботаника бойынша блоктарды тіні нәзік өсімдіктерді өңдеп фиксациялай отырып дайындау. Тоқыма өсімдіктер мен ағаш бөліктерін мацерациялау. Ботаникалық материалды өңдеу бойынша эксперименталдық жұмыстарды орындау. Өңделетін материалдың нысанына қарай фиксаторларды таңдау және жасау. Дайын блоктардан сынама препараттар әзірлеу. Тапсырыс бойынша препараттар әзірлеу.
Білуге тиіс:
өңделетін өсімдіктердің микроскопиялық құрылымын, парафинді және целлоидинді блоктарды микротомада кесу техникасын, микроскопирлеуді, микротом құрылымын.
Жұмыс үлгілері:
маршанция антеридийі – блоктарды дайындау;
вошериялар - фиксациялау, өңдеу.
Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктарды дайындаушы
Параграф 1. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша қарапайым және күрделілігі орташа блоктарды дайындау. Жануарларды наркотизациялау, ішін жару. Жұқа цитологиялық құрамдар мен жүйке тіні элементтерін күмістеу үшін ыдыс дайындау. Жануарлдардың ішін жаруға құралды әзірлеу. Целлоидин ерітіндісін жасау. Қан, сүйек жұлынын және қабықты препараттарды жағуға слюда әзірлеу. Оңай кесілетін целлоидинді блоктарды микротомада қималарға кесу. Сынама препараттарды түрлі орталарда құрамдау.
Білуге тиіс:
органикалық және органикалық емес химия мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы жөніндегі негізгі деректерді, жануарларды наркотизациялау және ішін жару тәсілдерін, дайындау, микротомада кесу, микроскопирлеу техникасын, микроскоптың, микротоманың, термостаттың, препаровальдік лупаның құрылымын, зиянды және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін.
Жұмыс үлгілері:
пигмент жасушалары - өңдеу (цитология);
адамның кіндігі - өңдеу (эмбриология);
май тіні – мысықтың тінін өңдеу (гистология).
Параграф 2. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық және цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нәзік препараттау және фиксациялау. Қалыпты және патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дәрігер-патологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру және оларға целлоидин немесе парафин құю. Күрделі кесілетін блоктарды кесу және сынама препарат қималарын бояу. Жануарларға витальді бояу инъекциялау жолымен тірідей бояу. Қабық препараттар мен жақпаларды дайындау және фиксациялау.
Білуге тиіс:
гистология, цитология, эмбриология, адамдар мен препаратталатын жануарлар патологиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, блоктар мен препараттарды дайындау микротехникасын, қолданылатын фиксаторлардың, химиялық реактивтер менбояулардың құрамы мен химиялық құрамын, гистологиялық препараттарды бояу әдістемесін, гистологиялық материалды өңдеуге арналған автоматтың құрылымын.
Жұмыс үлгілері:
тауық аллантоисы - өңдеу, фиксациялау, бояу (эмбриология);
ит қуығының тегіс жерлері - өңдеу, фиксациялау (гистология);
аксолотель бауыры (хондриосомдар) - өңдеу (цитология).
Параграф 3. Гистология, цитология, эмбриология бойынша
блоктарды дайындаушы, 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
гистология мен эмбриология бойынша ерекше күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен эмбриологиялық материалды нәзік, ерекше күрделі препараттау жөніндегі экспериментальдік жұмыстарды орындау. Жаппай өндірістің арнаулы шарттары үшін гистологиялық теехника ұсынған әдістерді модификациялау.
Білуге тиіс:
адамдар мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы мен гистологиялық құрылымы туралы,жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді
Жұмыс үлгілері:
гольджи аппараты - қоян гипофизін өңдеу, фиксациялау, бояу (цитология);
дамушы амфибия уылдырықтары - өңдеу (эмбриология);
патологиялық органдар;
жүйке тіні – мүшелеу және бояу (гистология).
Геологиялық үлгілерді дайындаушы
Параграф 1. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
табиғи шикізаттан қарапайым және орташа күрделі геологиялық үлгілерді дайындау және жасау. Минерал және кен жынысы кесектерін қолмен уату. Қатпаларды препараттау. Бөлініп қалған бөліктерін арнаулы желіммен жабыстыру.
Білуге тиіс:
геологиялық және палеонтологиялық коллекциялардың құрамы мен атауларын, оларға орналастырылатын үлгілергее қойылатын техникалық талаптарды, коллекцияға енетін минералдар және кен жыныстарының ғылыми атауын, түзілу ерекшеліктерін мен физикалық-химиялық қасиеттерін, препаратталатын нысандардыі атауын, олардың түзілу ерекшеліктерін, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды және оларды пайдалануды, үлгілерді жасаудың жолдары мен тәсілдерін, минералдармен жұмыс істеу ережесін.
Жұмыс үлгілері:
Минералдар:
бокситтер, темір рудалары, кальцит, тас көмір, кварц, опал, дала шпаты - дайындау және үлгі жасау;
өсімдік таңбалары – препараттау;
кен жыныстары: ыстық сланец, гранит, әкшелер, мрамор-дайындау және үлгі жасау;
моллюск раковиндері – препараттау.
Параграф 2. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
табиғи шикізаттан күрделі геологиялық үлгілерді дайындау және жасау. Минерал және кен жынысы кесектерін сынық бетіндегі олардың түзхілу ерекшеліктерін анықтай отырып қолмен және пневматикалық балғамен уату. Минерал және кен жынысы кесу, тегістеу және жылтырату. Шлифтерді жасау. Бағалы кристаллдарды, жартылау және қымбат тастарды оқу маққсаттары үшін өңдеу. Нәзік, ұсақ нысандарды лупамен және микроскоппен препараттау. Қатпа қималарын жасау.
Білуге тиіс:
көрнекті құралдар үшін минералдар мен қатпаларды өңдеу әдістерін, минералдарды анықтаудың әдістері мен жолдарын, пневматикалық балғаның және тегістеп жылтырату станогының құрылымын, оларды пайдалану ережесін, шлифтер мен жылтыратылған үлгілерді жасау технологиясын.
Жұмыс үлгілері:
амманиттер – препараттау;
минералдар- авгит, берилл, киноварь, корунд, күкірт кристаллдары, малахит, наждак, топаз және тағыда басқа - дайындау және үлгі жасау;
кен жыныстары: габбро, диабаз, лабрадорит, порфирит, яшма - дайындау және үлгі жасау;
трилобиттер – препараттау.
Сүйектерді жинақтаушы
Параграф 1. Сүйектерді жинақтаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
адамның немесе ірі жанаурдың толық скедетін жинақтау және жиналған сүйектерді дәке қапшықтарға салу. Адамның қолдары мен табанының, ірі жануарлардың жоғарғы және төменгің буындарының препараттарын жасау үшін жекелеген сүйектерді іріктеу. Аюдың, бұғының, маймылдың және басқа да жануарлардың скелеттерін арнаулы тапсырыстар бойынша жинақтау. Түпкілікті өңдегеннен кейін сүйектерді бөлектеу, анатомиялық атласқа және қолда бар бекітілген эталондарға сәйкес арнаулы жәшіктерге салу.
Білуге тиіс:
адамның және жануарлардың скелеттерін жинақтау ережесін, анатомиялық атласқа және жалпы зоология курсынаа сәйкес адамның және жануарлар скелеттерінің құрылымын, скелеттердегі сүйектердің атауы мен нысанын, олардың орналасатын жерін.
Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы
Параграф 1. Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
құрғақ зоопрепараттарды жинақтау. Кептірілген жануарларды, өсімдіктерді, қораптарды, плакаттарды, этикеткалар мен коллекциялар мен берілген тақырыптағы құрғақ зоопрепараттарды жинақтауға қажетті басқа да материалдарды жинақтау. Жиналған материалдарды оларды монтаждау үшін қораптарға салу.
Білуге тиіс:
энтомологиялық коллекциялар мен құрғақ зоопрепараттардың мазмұны мен атауын, жиналған матераилдардың сапасына қойылатын талаптарды, оларды коллекциялар мен препараттарды жинақтау кезінде қораптарда орналастыруды, аяқ мүшелілердің негізгі топтарын, энтомологиялық коллекциялар мен зоопрепараттарды жасауға пайдаланылатын аяқ мүшелілердің ғылыми атауын, құрылым ерекшеліктерін, дамуын және өмір сүруін.
Көрнекті құралдарды бақылаушы
Параграф 1. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді біліктілігі анағұрлым жоғары бақылаушының басшылығымен көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Сынама іріктеу. Шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығаруға қатысу.
Білуге тиіс:
өнім партиясын қабылдау және ресімдеу ережесін, сынама іріктеу, өлшеу және таңбалау ережесін.
Параграф 2. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Өнімнің, тараның және таңбалаудың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сәйкестігі туралы қортынды беру. Материалдар мен өнімді бақылау нәтижелері кәртішкесіне енгізе отырып сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығару.
Білуге тиіс:
қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды, бақыланатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін.
Параграф 3. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді бақылау аспаптары мен лупаны қолдана отырып бақылау. Бақылау журналын жүргізу. Сапасыз өнімге акті ресімдеу. Тұтынушылардың шағымдары мен талаптарын қарауға қатысу.
Білуге тиіс:
қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологияны, жөнелтілетін партияларды бақылау және ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықты, іріктеу өткізу әдістемесін.
Параграф 4. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді шамалы үлкейтетін микроскоптар мен күрделі өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау. Жекелеген ұсақ сынық нысандарды шамалы қалпына келтіру және бракқа шығарылғандарын ауыстыру. Біліктілігі төмен бақылаушылардың жұмысына басшылық жасау.
Білуге тиіс:
көрнекті құралдар өндірісі технологиясын, брак түрлерін және оларды жою тәсілдерін, гистологияның, эмбриологияның, зоологияның, геологияның және тағыда басқа ғылымдардың тиісті бөлімдерін шығарылатын құралдар номенклатурасы көлемінде, микроскоптың құрымы мен жұмыс істеу принципін.
Жұмыс үлгілері:
Микропрепараттарды бақылау:
маршанция архегониясы;
атеросклеротикалық нефроцирроз;
малярия плацмодиті.
Зоология бойынша жиынтықтарды бақылау:
бақ зиянкестері;
бақша зиянкестері;
кодоскопқа арналған диапозитивтер.
Параграф 5. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттарға сәйкес шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімді көп үлкейтетін микроскоптардың көмегімен бақылау. биологиялық нысандар қатарының қалыпты даму сатыларын (онтогенезді) анықтау және іріктеу. Арнаулы тапсырыстар бойынша және экспортқа арналған көрнекті құралдарды бақылау.
Білуге тиіс:
цитологияны, генетиканы, микробиологияны, жеке даму биологисын шығғарылатын препараттар номенклатурасы көлемінде, аса нәзік цитологиялық құрыымдарды анықтау технологиясын, митотикалық хромосомдарды (кариотиптерді) зерттеуге арналған генетика жөніндегі препараттарды әзілеу әдістемесін, дрозофилдердің мутация түрлерін. Экспорттық орындауға арналған көрнекті құралдарды дайындау технологиясын және иехникалық шарттарын.
Жұмыс үлгілері:
Преапарттарды таңдау, анықтау және бақылау:
аскарида, жетілу бөлігінің екінші айналымы, пронуклеустар;
балапан, хордальдік өсім.
Бақылау:
гольджи аппараты;
крепис карнотиптері;
фридлендер таяқшасы.
Глобустарды лактаушы
Параграф 1. Глобустарды лактаушы, 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
глобустарды алдын ала тегістей отырып лакпен қолмен лактау. Қажеттің құрылым мен тұтқырлықтағы лакты дайындау.
Білуге тиіс:
лактаудың жолдары мен тәсілдерін, грунтовканың рецептурасы мен жасау тәсілдерін, қолданылатын материалдар мен оларға қойылатын талаптарды, еріткіштерді сақтау ережесін.
8. Мацератор
Параграф 1. Мацератор, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
сүйектерді және сүйектің ішкі беттерін жұлыннан және майдан сумен жуу. Кептіру шкафында дұрыс режим мен қажетті ауа ағындарын белгілеу. Жаенуарлардың түріне қарай шкафтың өткізу қабілетін ескере отырып, сүйектерді кептіру шкафындағы щиттер мен бикстерге қою. Кептіру режимінің дұрыстығы мен сүйектің осал бөліктерінің: қабырғаларының, құйрығының, буындарының сақталуы мақсатымен сүйек сапасын қадағалау. Сілті ерітінділерін жасау.
Білуге тиіс:
ұсақ жануарлар скелетінің құрылымын орындалатын жұмыс көемінде, сүйектерді кептіру техникасын, электр қыздырғы мен кептіру шкафындағы желдеткіш қондырғыларының құрылымын, аспаптар бойынша түрлі сүйектерді кептіруге арналған қажетті температураны.
Жұмыс үлгілері:
Жуу және кептіру:
мысықтар;
қояндар;
бақалар.
Параграф 2. Мацератор, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ жануарлардың скелеттерін мацерациялау және мусыздандыру. жұлын мен майды кетіру үшін бұрғылау және ұсақ трубалы және пластиналы сүйектерді сумен шаю. Автоклавтардағы майсыздандыру процесін реттеу.
Білуге тиіс:
майсыздандыру кезінде қолданылатын бензиннің маркасын, скелеттерді безнинге салудың кезектілігі мен болу мерзімдерін, майсыздандырылған сүйектердің дайындық дәрежесі мен сапасын, автоклавтарды реттеуді, моторды, насосты және тарту құрылғыларын пайдалану ережесін, өртке қарсы шараоар кешенін және бензин, бензол буынан қорғануды.
Жұмыс үлгілері:
Мацерациялау және сусыздандыру:
мысықтар;
қояндар;
көртышқандар;
бақалар;
құстар.
Параграф 3. Мацератор, 6-разряд
Жұмыс сипаттаммасы:
ірі жануарлар мен адамның скелеттерін мацерациялау, сусыздандыру. Қансыздандырылған сүйекті мацерециялау ыдысына салу және су толтыру. Электр ұқыздырманы қосу және қыздыру температурасын реттеу. Мацерациялау процесін қадағалау. Ыдыстан мацерациялау сұйығы мен майды кетіру. Жекелеген сүйектерден сіңір қалдықтары мен байламдарды тазарту. Ірі сүйекттерді етсу және майсыздандыру. Технологияға сәйкес ағартушы сұйықты жасау және оған скелеттің майсыздандырылған сүйектерін салу. Ағарту процесін қадағалау. Сүйектерді ағартқаннан кейін жуу және кептіру. Ірі жануарлар мен адамның скелеттерін іріктеу және жинақтау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық және цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нәзік препараттау және фиксациялау. Қалыпты және патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дәрігер-патологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру. Көрнекті құралдар шығаруға жарамдылығын ескере отырып сүйектерді іріктеу.
Білуге тиіс:
мацерациялаушы ерітінділердің құорамын, қасиететрін және оларды жасау тәсілдерін, скелеттердің түріне қарай олардың қонцентарциясын, шиикізаттың түріне, жануардың жасына және ерекшеліктеріне қарай сүйектерді химиялық өңдеу мерзімдерін, мацерациялаудың химиялық және биологиялық тәсілдерін, скелеттегі патологиялық ауытқуларды, сүйекті мацерациялауға арналған аппаратураның құрылымын және реттеуді, зиянжы және улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін, адам мен жануарлар скелетін жасау үшін мәйіт материалын өңдеу технологисын, бензин буынан және басқа да улайтын заттардан қорғану тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері:
қойдың, шошқаның, сиырдың скелеттері – мацерациялау;
адамның скелеттері – мацерациялау;
мысықтың, қпянның, көртышқанның скелеттері – ағарту.
9. Көрнекті құралдарды үлгілеуші
Параграф 1. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыптарың жұмысшы беттерін майлау. Қалыпқа желім-гипс массасын жағу. Мастиканы тегістеп жазу және қалыптарға салу. Үлгіге қағазды қабаттап жапсыру. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу және оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру және желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу және тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларрын жою. Модульдерді қолмен терілендіру Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |