КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.
Жасалған сараптама бойынша 2007 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында аудандық көлікпен 17300 тонна жүк тасымалданған, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 13%ке артық. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.
2007 жылдың 12 айында 55 мың жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15% артық. Жолаушы тасымалдаудың негізгі бөлігі жеке меншік иелерінің үлесіне тиеді.
Ауданда бүгінгі күні 2118 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 233 телефон нүктесі мекемелер мен кәсіпорындардікі, 1885 жеке тұрғындар. Осы жылдың 12 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 28076,0 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда болжам 21,6%-ға артығымен орындалды.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,
СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2007-2008 жылдардағы күзгі-қысқы от жағу маусымына дайындау мақсатында аудандық топ құрылды, ауыл әкімдеріне және мекеме басшыларына нысандарды жылу мерзіміне дайындау үшін нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде:
13 білім нысандарын, оның ішінде 11 орта мектеп, 1 балабақша, 1 спорт мектебі;
14 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде 1 емхана, 8-ЖДА, 5-ФП;
- аудан бойынша 11 жылу қазандығын дайындау тапсырылды.
Қысқа отын дайындау аудан бойынша: 24644 тонна көмір түсуі қажет, оның ішінде:
халық – 15500 тонна;
бюджеттік мекемелерге – 3444 тонна;
басқа мекемелерге - 5700 тонна.
Ауданда жылдан жылға шаруа қожалықтары өз күштерімен тұрғын үй мен мал қораларын салуда. Ауылдық округтерде шағын дүкендер, тұрғын үйлер, жанар-жағар май құю станциялары және наубайханалар салынуда.
Сонымен қатар жәке кәсіпкерлерге тұрғын үй құрылысы, мал қораларын, жанар-жағар май құю станцияларын, шағын дүкен, наубайхана ғимараттарын салу үшін үнемі құрылыс нысандарына рұхсат қағаздары жасалынып отырады. .
Орда елді мекенінде шағын комплектілі мектеп құрылысы аяқталып, 2007-2008 оқу жылына пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы орта мектебі қайта кәсіптік-техникалық мектепке жабдықталып, қосымша құрылыстар жасау жұмыстары қолға алынуда.
Ауыз су бағдарламасы негізінде Көкбай, Саржал, Тоқтамыс ауылдық округтерінде су құбыры жүйелерінің құрылысын салу үшін сметалық құжаттары дайындалып, келесі жылы жөндеу жұмыстары басталмақшы.
5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
1 қаңтар 2008 жылға ауданымызда 887 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 30124,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 1591 адам жұмыс жасайды. Салалар бойынша: 2007 жылдың 12 айында 589 шаруа қожалығы тіркеліп, 1333 адам жұмыс атқарды және 11008,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 102 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, түскен салық түсімі 9068,0 мың теңге. 171 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарып, 4039,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 11 кәсіпорын қызмет атқарады және онда 187 адам жұмыс жасайды. бұлардан түскен салық көлемі 6128,0 мың теңге. Ауданымызда шағын кәсіпкерліктің негізгі салалары: сауда-саттық, нан өнімдерін шығару, дәмханалар, жолаушы тасымалдау, шаштараз қызметтері болып табылады.
БАҒАЛАР
Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. 2007 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұнның және ұннан жасалатын басқа да тағамдардың бағасы көтеріліп кетті. Еттің бағасы 400-450 теңгені құрайды. Май, сүт, басқа да тағамдардың, ұннан жасалатын тамақтардың бағалары, сондай-ақ жеміс-жидектердің, бақша өнімдерінің бағалары да күннен күнге өсіп келеді. Жанар-жағар майға келетін болсақ, оның бағасы да тұрақсыз, өсу тенденциясы қалыптасуда.
Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады.
Тағамдардың бағасы
Р\с
|
Тағамның атауы
|
өлшем бірлігі
|
бағалары
|
2004ж
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж
12 айы
|
1
|
Нан
|
Дана
|
35
|
35
|
35
|
45
|
2
|
Ұн
|
Кг
|
37
|
39
|
39
|
64
|
3
|
Шәй
|
қорап
|
120
|
120
|
120
|
250
|
4
|
Сүт
|
Литр
|
30
|
30
|
30
|
80
|
5
|
Ет
|
Кг
|
300
|
400
|
370
|
450
|
6
|
Қант
|
Кг
|
85
|
85
|
85
|
110
|
7
|
сары май
|
Кг
|
300
|
300
|
350
|
400
|
8
|
өсімдік майы
|
Литр
|
130
|
130
|
135
|
300
|
9
|
Картоп
|
Кг
|
35
|
35
|
35
|
70
|
10
|
Пияз
|
Кг
|
35
|
35
|
55
|
60
|
7. БЮДЖЕТ
2007 жылдың 12 айында жергілікті бюджетке (субвенция мен ағымдағы трансфертпен қоса) 638324,3 мың теңге түсу керек болса, орындалысы 637685,1 мың теңге болды немесе 99,9 %. Жергілікті бюджетке түсетін кірістің жоспары 12 айда 105306,0 мың теңгеге бекітіліп, 107211,0 мың теңге болып орындалды немесе 102,0 пайыз. 12 айдың қорытындысы бойынша салықтың көп мөлшері әлеуметтік салықтан түсіп, 59437,0 мың теңгені құрады, яғни осы салықтың түрінен жоспар 100 пайызға орындалды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
2007 жылдың 12 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 107 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. 75 адам жұмысқа орналасқан. 01.01.2008 жылға жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызды құрайды. 212 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 29 адам оқуға жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылы осы уақытта 1,4 пайыз болды.
Аудан бойынша зейнеткерлер:
а) Жасына байланысты зейнеткерлер - 2430 адам,
б) Мүгедектер - 568 адам,
в) Асыраушысынан айырылғандар - 251 адам,
г) Әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 13 адам,
д) Ұлы Отан соғысына қатысушылар - 14 адам.
2007 жылдың 12 айында аудан бойынша 140 отбасына және 484 отбасы мүшелеріне 7260,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 47 жанұяға 575,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 2194 балаға есептеліп, 23282,0 мың теңге төленді.
Жұмыссыздық деңгейі
БІЛІМ
Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 3127 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 класс, 165 класс комплектісі болып отыр. Кластар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 19,43%.
Абай ауданы мектептерінде 546 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 417, арнаулы орта – 118, орта білімді–11. Жоғары санатты 14 разряд – 29, 1 санатты /13 разряд/ – 135, 2 санатты /12 разряд/ - 155, Санатсыз /6-11 разрядты/ – 227.
Мектептердің барлығы да арнаулы типтік жобадағы ғимараттарға орналасқан. Биылғы оқу жылында Орда ауылында 120 балалық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріледі, Кеңгірбай би ауылында кәсіптік-техникалық училищенің филиалы ашылды.
Мектептерді компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі жылдан жылға жақсаруда. Олар лингафон, физика, химия, мультимедиялық кабинеттерімен жабдықталуда. 1997 жылы 150 балаға 1 компьютер болса, қазір 15 балаға 1 компьютерден келеді.
Биылғы 2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінен ҰБТ-ке 175 оқушы қатысты. ҰБТ өткізу шығындарына республикалық бюджеттен 418000 теңге, жергілікті бюджеттен 200000 теңге қаржы бөлінді.
ҰБТ қорытындысы әрбір мектептегі білім сапасын айқындап берді.
2007 жылы 227 мектеп бітіруші болса, оның 77%-і – 175 оқушы Семей қаласындағы тест орталығында ҰБТден өтіп, 52 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды.
ҰБТ-дің қорытындысы бойынша орташа балл 61,3 болды. 4 оқушы «Алтын белгі» белгісімен, 2 оқушы үздік аттестатпен бітірді.
4-49 балл аралығында – 53 оқушы
50-59 балл аралығында – 45 оқушы
60-70 балл аралығында – 31 оқушы
71-89 балл аралығында – 29 оқушы
90-100 балл аралығында – 7 оқушы
101-110 балл аралығында – 6 оқушы
111-120 балл аралығында – 4 оқушы
Бұл көрсеткіш жылдағы көрсеткіштен жоғары. Орташа балл 2005 жылы – 52,9 болса, 2006 жылы – 58,9 болған, биыл – 61,3.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда 1 орталық аурухана мен 8 ЖДА, 3 ФП және 2 ФП медициналық ғимаратсыз жұмыс атқарып отыр.
Орталық емханаға құны 15 мың доллар тұратын жаңа рентген аппараты берілді. Осы рентген аппаратын құру мақсатында рентген бөлмесі күрделі жөндеуден өткізілді.
Барлық жанұялық-дәрігерлік амбулаторияларға портативті ИВЛ аппараты, хирургиялық жабдықтар, электронды салмақ өлшегіштер, бактериоцидтік лампалар және басқа да қажетті құралдар алынды.
Ауданда санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау бағдарламасын реформалау тұрғындарды ФГ тексеруі мәселелерімен тығыз байланысты. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың басты міндеті.
11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 43 қылмыс тіркеліп, 84,4 пайызы ашылды. Ауыр қылмыстардан 2 іс тіркеліп, 66,7 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, 81,8 пайыз ашылды.
12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, ауданда халық санының азаюы байқалады. 2007 жылдың 12 айында туған бала саны – 190, қайтыс болғандар саны – 107 адам, табиғи өсім 83 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі – 2. Аудан бойынша келген адамдар саны – 192 адам, ал кеткені - 596 адам. Көші-қон сальдосы - 404 адам. Аудан бойынша 01.01.2008 жылға халық саны – 16766 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |