78. Қысыммен жұмыс
істейтін ыдыстарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Ыдыстар мен
баллондар таңбалануы және арнайы журналда еркін түрде тіркеледі.
79. Автоклавтар мен термостаттарды пайдалану кезінде мынадай талаптар орындалады:
1) автоклавта жұмыс істейтін адамға, егер онымен екі және одан көп жұмыскер айналысса,
пломбыланған бактар мен басқа да жұқпалы материал бар ыдысты қолхат арқылы тапсыру;
2) автоклав жұмысын бақылау журналын жүргізу;
3) термостатқа тез жанатын заттарды қоймау;
4) реттейтін құрылғылардың сақтандырғыш қалпақтарын алмау.
80. БҚБ өтетін жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан алыс орында орнатылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсетуге қол жетімді болу үшін шкафтың артынан және екі бүйірінен кемінде
30 см бос кеңістік қалдырылады.
81. БҚБ-да жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытталып ұйымдастырылуы тиіс.
БҚБ-ның ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау
құралдарымен өңделеді. БҚБ-да сүзгіштер жұмысының тиімділігіне жыл сайын бақылау жүргізу
қажет.
82. ИФТ жүргізілетін бөлмелерде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өңдеу 70% этил
спиртімен жүргізіледі, ИФТ зерттеулер, ПТР жүргізген кезде 70% этил спиртін (күн сайын) және
осы мақсаттарға қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып,
өндірушінің нұсқаулығына сәйкес (ай сайын) жүргізіледі.
83. Вирустарды индикациялау бойынша жануарларда зерттеулер жүргізу кезінде мынадай
шарттар сақталады:
1) зертханалық жануарларды жұқтыру және сою, жұқтырылған жануарларды күтіп-ұстау,
центрифугалау, кептіру, аэрозоль түзуі мүмкін басқа да операциялар; жасушалардың
өсірінділерін және тауықтың эмбриондарын жұқтыру; суспензиялар дайындау; лиофилизацияланған
ПБА-мен жұмыс; коллекциялық штаммдарды жүргізу бойынша жұмыс зертхананың жұқпалы аймағындағы
боксталған үй-жайларында БҚБ-да жүргізіледі;
2) ПБА бар сыйымдылықтар дезинфекциялау ерітіндісіе батырылған көп қабатты салфетка
жабылған табаққа немесе астауға орналастырылады;
3) тірі вирустармен серологиялық зерттеулер, тін өсіріндісінің әртүрлі алғашқы және
қайта себілетін желілерін дайындау, клиникалық материалдарды алғашқы өңдеу БҚБ-да
жүргізіледі.
3-параграф. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар
84. Орындалатын жұмыстардың сипатына байланысты қорғаныш костюмдерінің мынадай түрлері
пайдаланылады:
1) 1-тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен
орамал (капюшон), обаға қарсы халат, оң қысымды респиратор-капюшон, мақта-дәке бетпердесі (
шаңға қарсы респиратор, сүзетін немесе оттегі-оқшаулағыш газтұтқыш), көзілдірік, резеңке
қолғаптар, орамал, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
2) 2-тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен
орамал (капюшон), обаға қарсы халат, мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғаптар, сүлгі,
шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
3) 3-тип – пижама, медициналық қалпақ, үлкен орамал, обаға қарсы халат, резеңке
қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, галоштар;
4) 4-тип – пижама, қалпақ (кішкентай орамал), обаға қарсы халат (хирургиялық),
шұлықтар, аяқ киімдер.
85. Комбинезондар және пижамалар тығыз матадан тігіледі (бөз немесе кенеп мата),
алдыңғы жағынан тұмшаланып түймеленеді.
86. Обаға қарсы халат хирургиялық типі бойынша, бірақ одан айтарлықтай ұзындау (
балтырының төменгі үштен біріне дейін) етіп тігіледі, бұл ретте оның етегі біріне бірі
тереңірек кіріп қабысуы тиіс; белдігі және жағасындағы байламдары екі жаққа бөлек тігілген
екі бөліктен құралады, жеңін байлау үшін бір ұзын таспа тігеді.
87. Обаға қарсы орамалды 90х90х125 см өлшемімен дайындайды.
88. Мақта-дәке бетпердесін ұзындығы 125 см және ені 50 см. дәкенің кесіндісінен
дайындайды. Дәкенің кесіндісін сыртқы жиегінен ортасындағы екі жағынан 50 см ұзындықпен
кеседі, содан соң дәке бөлігінің ортаңғы бөлігіне ұзынынан тұтас тегіс ұзындығы 25 см ені 17
см мақта қабатын салады. Дәке бөлігінің жиектері айқастырылып қайырылады.
89. Көзілдіріктің жалпақ, жиектері тығыз жанасатын, олардың герметикалығын қамтамасыз
ететін иілген шынымен немесе кез-келген басқа құрылымдағы «жаздық» түрін қолданады.
90. Обаға қарсы костюмді жұқпалы материалмен жұмыс істейтін үй-жайға кіргенге дейін
мынадай тәртіппен киеді: пижама (комбинезон), шұлық, аяқ киім, медициналық қалпақ, капюшон (
үлкен орамал), обаға қарсы халат және етік. Халаттың жағасындағы жіптерді және халаттың
белдігін алдыңғы жағынан сол жақ бүйірінде міндетті түрде ілмектеп байлайды, содан кейін
жеңіндегі жіптерді байлап бекітеді. Респиратор (бетперде) ауызды және мұрынды жабуы тиіс,
бетперденің жоғарғы жіптерін желке тұсында ілмектеп байлайды, төменгісі мұрынның қанаты
жақтарына мақта тампондарын қойып, айқастырып байлайды. Көзілдірік нығыздалып орналасуы тиіс
және ауа жібермеуіне тексеріледі.
91. Костюмді зарарсыздандыру үшін өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар бөлек
сыйымдылық көзделеді: етікті немесе галошты, костюмді шешу үдерісінде қолғаптағы қолдарды,
мақта-дәке бетпердені, халатты, орамалды (капюшонды), сүлгіні, қолғапты. Көзілдірікті 70
о
спиртке батырады.
92. Автоклавтаумен, қайнатумен немесе дезинфекциялау камерасында зарарсыздандыру
кезінде костюмді тиісінше бикске, қабатталған қапқа салады.
93. Қолғап киілген қолдарды костюмнің әрбір бөлігін шешкеннен кейін дезинфекциялық
ерітіндіге батыра отырып, костюмді мынадай тәртіппен шешеді:
1) етік немесе галошты жоғарыдан төмен қарай дезинфекциялық ерітіндіге молынан
батырылған мақта тампонмен сүртеді, сүлгіні шығарады;
2) егер олар жұмыс барысында қажет болған жағдайда, жеңқаптарды және қолғаптың екінші
жұбын шешеді;
3) етікті шешеді;
4) дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонмен костюмде болған жағдайда
алжапқышты сүртеді, сыртқы бетін ішіне қаратып бүктейді;
5) көзілдірікті екі қолмен алға қарай, жоғары және басының артына тартып шешеді;
6) қолғапты шешеді (қолғаптың тұтастығы сақталмағанына күдік болған кезде оларды
дезинфекциялық ерітіндіде тексереді (бірақ ауамен емес);
7) қорғаныш костюмді шешкеннен кейін қолдарын 70Ү спиртпен өңдейді, содан кейін
сабынды сумен мұқият жуады;
8) мақта-дәке бетпердені оның сыртқы жағын бетке тигізбей шешеді;
9) халаттың жағасындағы жіптерді, белдікті шешеді және қолғаптың шетін төмен жіберіп
жеңнің байламдарын ағытады, халатты шешіп, сыртқы бетін ішіне қаратып орайды;
10) орамалдың шеттерін бір қолмен желкеге жинап, абайлап шешеді.
4-параграф. Патогендігі I-II топты бактериологиялық
зертханадағы жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар
94. Микробиологиялық зертхананың
І-ІІ топтардың микроорганизмдерін
патогендігі
жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізу үшін жұқпалы, шартты таза және
таза аймақтары болуы тиіс. «Жұқпалы» және «таза» аумақтардың шекарасында, жаңадан салынып
жатқын немесе құрылып жатқан зертханаларда санитариялық өткішгіштерді орнату көзделеді.
95. Жұмыс күнінің соңында 1-2 топтардың патогендері сақталатын термостаттар,
тоңазытқыштар, шкафтар пломбаланады, өндірістік үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады.
96. Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау
қажет:
1) буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы
дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе өртеледі.
Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар сулы-сабынды
ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы дезинфекцияланады;
2) жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1% формалин
ерітіндісінде 12-18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;
3) жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-жайларда (
инсектарийде) шарбақтарда немесе банкілерде ұсталады. Инсектарийді толықтыру үшін ауланған
бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде ұсталады;