"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

қорғауды бірігіп қамтамасыз ететін техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталады.

      20. Тәжірибелік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізумен, сондай-ақ 

патогендігі I-II топты ПБА сақтаумен айналысатын объектілерде рұқсат беру режімі белгіленеді

.

      21. Үй-жайлардың ішкі әрлеуі олардың функционалдық мақсатына сәйкес орындалады.



      Зертханалық үй-жайлардың едені, қабырғасы, төбесі тегіс, саңылаусыз, оңай өңделетін, 

дезинфекциялау және жуу құралдарының әсеріне төзімді болуы тиіс, едені тайғанақ болмайды.

      22. Патогендігі I-IV топты микроорганизмдермен жұмыс жүргізуге арналған «жұқпалы» 

үй-жайларда еден жабынының шеттері көтеріліп, қабырғаның бетімен бірдей болып бекітілуі тиіс

. Траптар болған жағдайда еденде еңіс болуы тиіс. Жұқпалы аумақтың үй-жайларында аспалы 

төбелелер салуға рұқсат етілмейді.

      23. Санитариялық-химиялық зертханада еден қышқылға төзімді материалмен жабылады.

      24. Радиологиялық зертхананың едені, төбесі және қабырғасы жуу құралдарына төзімді, 

нашар сіңіретін материалмен жабылады.

      25. От-жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істейтін үй-жайларда екі шығатын есік 

көзделеді.

      Жұмыс үстелдері жанбайтын, тотығуға төзімді материалмен қапталады, қышқылдармен және 

сілтілермен жұмыс істеу үшін ернеу құрылғысы болады.

      26. Улы заттармен жұмыстар бөлек үй-жайларда (бөлмелерде) немесе бөлек сору шкафында 

жүргізіледі.

      27. Бокстардың және басқа бөлмелердің есіктері мен терезелері саңылаусыз тығыз жабылуы

тиіс. Желдеткіштер жәндіктерден тормен қорғалады. Бокста және бокс алды бөлменің есігі 

әйнекті, көрінетін болады.

      28. Барлық бокстарда бокс кіреберісі болады, онда қол жууға арналған раковина (қол 

жуғыштар), айна және дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады. Қол жуғыш 

болмаған жағдайда қолдану нұсқаулығы бойынша тері антисептиктерін пайдалуға болады.

      29. Микробиологиялық зертханалардың үй-жайларын жоспарлау таза және жұқпалы ағындардың

қиылысуын болдырмайды. Кіре беріс есікте зертхананың атауы және «Биологиялық қауіптілік» 

халықаралық белгісі болуы керек. Үй-жайлардың есігінде олардың тағайындалуы көрсетілген 

тақта ілінеді.

      30. Сынамаларды алуға және тіркеуге арналған үй-жайлар зертханаға кіре берісте 

орналасады. Зертханада материал алуға арналған пункт болған жағдайда персонал және 

тексерілетін адамдар үшін бөлек дәретханалар көзделеді.

      31. Жұмыс орындарына өтетін негізгі жолдардың ені немесе екі қатар орналасқан 

жабдықтардың арасы шығып тұратын конструкцияларды есепке алғанда 1,5 метрден кем болмайды.

      32. Өрт болған жағдайда патогендігі І-ІІ топты ПБА-сы сақталатын тоңазытқыштар (

термостаттар, сейфтер) шығарылмайды.

      33. ПБА-мен жұмыс жасау үшін қауіптілігі 2-сыныпты БҚБ пайдаланылуы тиіс, ПБА-мен 

жұмыс жүргізілетін үй-жайлар бактерицидті сәулелегіштермен жабдықталады. Әрбір сәулелегіштің

жұмыс уақытын есепке алу журналда белгілеу арқылы жүргізіледі.

      34. Зертхана жұмысында қолданылатын аспаптар, жабдықтар және өлшеу құралдары 

, техникалық жарамды болуы тиіс, техникалық паспорты және 



аттестатталуы

тексерілуі

қауіпсіздік талаптары ескерілген пайдалану жөніндегі жұмысшы нұсқаулығы болады.

      35. Зертханалық жабдықтарды және бөлімшенің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік

жүйесін жөндеуді инженерлік-техникалық қызметтер және мамандар өндірістік қажеттілікке 

сәйкес жүзеге асырады.



3-тарау. Зертханадағы сумен жабдықтауға, кәріз жүргізуге, жарық

беруге және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар

      36. Зертхананың орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз жүргізу, 

электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болады.

      37. Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры және кәріз жүргізу болмаған жағдайда, 

автономды сумен жабдықтау және кәріз жүйелері орнатылады.

      38. Зертханада персоналдың қолдарын жууға арналған раковина және араластырғыш арқылы 

ыстық және суық су келтірілген ыдыстар мен мүкәммалды жууға арналған ванналар жабдықталады. 



Қолды жуу диспенсордан сұйық сабын берілуімен жүзеге асырылады және бір жолғы сүлгімен 

кептіру арқылы жүргізіледі.

      39. Зертхана жабдықтары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен 

және сыртқа шығару шкафтарынан ауаны соруға арналған жеке (автономды) желдеткіш 

құрылғыларымен жабдықталады, аудандық деңгейдегі зертханалар үшін механикалық іске қосылатын

желдеткіш рұқсат етіледі.

      40. Жұмысшы үй-жайлары ауасында жарылыс қаупі бар және улы газдардың, булардың және 

шаңның болуы рұқсат етілген шекті шоғырланудан аспайды.

      41. Зиянды және ыстық булар мен газдар бөлетін заттармен жұмыстар жүргізілетін сыртқа 

шығару шкафтары будың тығыздығына байланысты автоматты іске қосылатын жоғарғы және төменгі 

сорғыштармен және сұйықтықтың еденге ағып кетуін болдырмайтын ернеулермен жабдықталады.

      42. Сыртқа шығару құрылғылары 15-20 сантиметрге (бұдан әрі – см) ашық тұрған 

шкафтардың қайырма жақтауларында ауаны сору жылдамдығы секундына шамамен 0,5-тен 0,7 метр ( 

бұдан әрі – м/сек) дейін жылдамдықты қамтамасыз етуі тиіс. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа 

жататын аса қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде ауаның жылдамдығы 1 м/сек дейін 

көбейтіледі.

      43. Сыртқа шығару шкафтарының жүйесін ажыратқыштар оларға жақын орналасады, шкафтарда 

орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде, газ шүмектері алдыңғы ернеуінде, 

штепсельдік розеткалар сыртқа шығару шкафынан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде немесе шкафтың 

ішінде орналастырылады.

      44. Сыртқа шығару шкафтарының және БҚБ-ның желдету жүйесінің ажыратқыштары оларға 

жақын орналасуы тиіс, шкафтарда және БҚБ-да орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы 

панелінде; газ шүмектері алдыңғы ернеуінде; штепсельдік розеткалары сыртқа шығару шкафтан 

немесе БҚБ-дан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде орналасады.

      45. Сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары (есіктері) жұмыс кезінде төменгі жағында 

кішігірім саңылаумен жабылады. Көтеріңкі жақтаулары олардың құлап кетуін болдырмайтындай 

құрылғылармен мықтап бекітіледі.

      46. Зертхана үй-жайларындағы жұмыс бөлмелерінде ауаның температурасы плюс 18-21 градус

Цельсий (бұдан әрі -  С) шамасында, салыстырмалы ылғалдығы 40 пайыздан (бұдан әрі - %) 70 %-

о

ға дейін ұсталады, егер зерттеу әдістемесінде басқасы көзделмесе, температуралық режімді 



және ылғалдық белгісімен құжаттаманы жүргізу қажет.

      47. Үшінші және төртінші климаттық аймақ аудандарында орналасқан ғимараттарда жазғы 

кезеңде ауа баптағыштар, микробиологиялық зертханаларда қосымша дезарлар орнатылады. 

Жұқтырылған материалмен жұмыс істеген кезде ауа баптағыш ажыратылады. Ауа баптағыштардың 

сүзгілеуші элементтері механикалық бөлшектерден тазартылып тұрады(үш айда кемінде 1 рет) 

және дезинфекцияланады.

      48. Зертхана үй-жайларының табиғи және жасанды жарығы болуы тиіс. Жұмыс бөлмелерінің 

терезелері оңтүстікке бағытталған кезде жұмыс үстелдері мен оптиканың күн сәулесінің тікелей

түсуiнен қорғалуы дезинфектанттарға төзімді күн көзінен қорғайтын үлдiр, жалюзи пайдалану 

арқылы қамтамасыз етіледі.

      49. Люминесцентті микроскоппен жұмыс жүргізілетін үй-жайда, фото бөлмеде, себезгі 

бөлмелерінде, санитариялық тораптарда және қойма үй-жайларында табиғи жарықты көздемеуге жол

беріледі.

4-тарау. Зертханаларды күтіп-ұстауға, пайдалануға, ондағы жұмыс

жағдайларына және радиациялық, химиялық, токсикологиялық,

бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық

қауіпсіздікті (оның ішінде аварияларды жою кезінде) қамтамасыз

етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1-параграф. Зертханаларға қойылатын жалпы талаптар

      50. Жұмысқа кіріскенде және әрі қарай тоқсан сайын барлық зертханалардың жұмыскерлері 

үшін 

 қажет.


нұқсаулар жүргізілуі

      51. Зертхана бекітілген номенклатура және өткiзiлетiн зерттеулердiң көлеміне сәйкес 

жеткiлiктi саны зертханалық ыдыспен, жабдықпен, шығын материалымен жасақталуы керек. 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау