Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет6/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

14

на пайызбен белгіленеді. Соңғы бірнеше жылда Үкімет тиісті шешімді алдыңғы жылдың 

желтоқсанының соңында қабылдайды

17

, кейіннен бекітілген квотаны Еңбек және халықты 



әлеуметтік қорғау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында 

қысқа мерзімде таратып бөледі

18

.     


                                                           

3.1-кесте 



Үкімет бекіткен шетелдік жұмыс күшін тарту квоталары

Жылдар


2001

2002


2003

2004


2005

2006


2007

2008


экономикалық 

белсенді халыққа 

шаққанда %

0,15


0,14

0,14


0,28

0,32


0,70

0,98


1,60

Мың адам


10,5

10,7


10,5

21,2


25,6

56,0


79,5

132,7


Дерек көзі: ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша. 

Астана, 2008.

Еңбек көші-қонын квоталау жүйесі Қазақстанда ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында 

енгізілді. Бастапқыда мақсат шетелдік заңды тұлғалардың жоғары және орта білікті жұмыс 

орындарына  (басқарушы  қызметкер,  жоғары  және  орта  арнаулы  білімді  мамандар,  білік-

ті  жұмысшылар)  шетелдік  еңбекшілерді  тартуын  шектеу  болды.  Соңғы  жылдары  елде 

қолданылатын  шетелдік  жұмыс  күшін  квоталау  жөніндегі  талаптар  елеулі  өзгерістерге 

ұшырады. Біріншіден, олар қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың немесе азаматтығы жоқ 

тұлғалардың бір қатарына

19

 қолданылмайды, соның ішінде:



шетелдік  заңды  тұлғалардың,  олардың  филиалдары  мен  өкілдіктерінің,  сондай-ақ 

банк және сақтандыру ұйымдары мен өзге де кейбір ұйымдар-инвесторлардың бірінші 

басшылары болып істейтіндерге;

жұмыс істейтін спортшылар мен әртістерге;



жеке кәсіпкерлерге

20

;



«Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметіне байланысты, халықаралық шарттарға сәйкес 

Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушыларға; 

білім беру мекемелерінің оқытушыларына;



Оралмандарды,  босқындарды  және  Қазақстан  Республикасының  аумағында  босқын 

мәртебесін алған және саяси пана тапқандарды қоса, Қазақстан Республикасын тұрақты 

мекендейтін тұлғаларға;

еңбек  көші-қоны  жөніндегі  заңнама  талаптары  бойынша  осы  топтарға  жатпайтын 



тұлғаларға.

Екіншіден, 2006 жылдан бастап, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне арналған квоталар 

Қырғызстан мен Өзбекстаннан еңбекші-мигранттар көптеп тартылатын маусымдық ауыл 

шаруашылығы жұмыстарын ескереді. Еңбекші-мигранттардың осы санаттарына рұқсат беру 

үшін тиісті шығу елдерімен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-

мигранттарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  келісімнің  болуы  талап  етіледі

21

.  Қырғызстанға 



қатысты,  шекара  маңындағы  облыстарда  ауыл  шаруашылығы  жұмыстарымен  айналыса-

тын еңбекші-мигранттар үшін еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған өзара квота беру ту-



17  2008 жылға арналған квота Үкіметтің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен  бекітілді.   

     18  2007 жылға ол 2006 жылғы 29 желтоқсанда, ал 2006 жылға – 2005 жылғы 30 желтоқсанда бөлініп 

таратылды. 

     19  Мұндай шығарулардың қолданыстағы толық тізбесі Үкіметтің 2001 жылғы 19 желтоқсанда 

қабылданған қаулысына 2003 жылғы 20 қаңтарда, 2004 жылғы 17 наурызда, 2006 жылғы 14 наруызда ен-

гізілген өзгерістерге сәйкес құрылды.. 

    20  Халықтың көші-қоны туралы Заңның 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасына уақытша келуші  

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табыла алады, бірақ бұл 

ретте олар  заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмайды.  

    21  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысының 11 және 12-

тармақтарын қараңыз.


1

ралы ереже, ауылшаруашылық еңбекші-мигранттары жөніндегі 2002 жылғы 9 шілдедегі

22

 

үкіметаралық екі жақты келісімде көзделген болатын; Өзбекстанға қатысты, мұндай келісім 



жоқ және маусымдық ауылшаруашылық көші-қоны реттелмейтін сипатқа ие. Үшіншіден, 

ұлттық заңнама бойынша квоталау жөніндегі талаптар біздің аумағымызда заңды тұлға құра 

отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы бизнес-иммигранттарға қолданылмайды

23



3.3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру

Шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  қатысты  заңнамалық  жалпы  талаптар  жоғарыда 

аталған Халықты жұмыспен қамту туралы Заңмен белгіленеді. Бұдан да толығырақ, олар 

Үкіметтің  2001  жылғы  19  маусымдағы  №  836  қаулысымен  бекітілген  ережелермен  рет-

теледі

24

.  Қазақстанда  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  рұқсат  жұмыс  берушіге  шетелдік 



қызметкерлердің мынадай санаттарына беріледі:

1)  бірінші санат – ұйымның басшылық құрамы;

2)  екінші санат – белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар, жоғары және орта кәсіптік 

білімі бар мамандар;

3)  үшінші санат – білікті жұмысшылар;

4)  төртінші  санат  -  еңбек  көші-қоны  саласындағы  ынтымақтастық  және  еңбекші-

мигранттарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  келісімдерге  сәйкес  маусымдық  ауыл 

шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу жұмыс берушінің дәйекті түрде мынадай не-

гізгі сатылардан өтуін талап етеді:

1)  ұйғарымды нысандарды міндетті түрде пайдаланып және оларды өткізудің белгіленген 

мерзімдерін сақтай отырып, ішкі еңбек нарығында ұсыныстар іздестіру;

2)  онда көрсетілген санаттар мен біліктіліктер бойынша шетелдік қызметкерлердің белгілі 

бір санына рұқсат алу;

3)  рұқсат берген мемлекеттік органның шақырылатын шетелдік қызметкерлердің атаулы 

тізімін куәландыруы.

Қазіргі уақытта Қазақстан заңнамасы жұмыс берушілерден ұлттық кадрларды жұмысқа 

орналастыруға қатысты артықшылық қағидасын сақтауды және шетелдік қызметкерлерді 

тартуға рұқсат алуға өтініш берген кезде ішкі еңбек нарығында қолда бар бос орындарға 

лайықты  үміткерлерді  таба  алмауының  дәлелдемесін  беруді  талап  етеді.  Ішкі  еңбек 

нарығында алдын ала ұсыныстар іздестіру жөніндегі талаптардың орындалуы заңнамамен 

реттеледі және төменде келтірілген үш тәсілдің барлығының міндетті түрде орындалуын 

көздейді:

бос  орындар  туралы  ақпаратты  өтініш  берген  барлық  үміткерлермен  міндетті  түрде 



әңгімелесулер жүргізе отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

25

 



веб-сайтындағы республикалық деректер базасында тіркеу және орналастыру;

аймақтық  деректер  базасында  (рұқсат  беретін  жергілікті  атқарушы  органның)  тиісті 



ұсыныстар іздестіру; 

қолда бар бос орындар туралы республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдарда 



хабарландыру жариялау.

22  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекараға 

іргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекші-мигранттардың еңбек 

қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы 2002 жылғы Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің  

2003 жылғы  16 қаңтардағы № 29 қаулысымен  бекітілген. 

    23  Еңбек көші-қонын қолдайтын бірқатар мемлекеттерде, мәселен, Канада мен Испанияда бизнес-им-

мигранттар үшін  квота көзделген.  

    24  Бұл ережеге өзгерістер мен толықтырулар ұдайы  енгізіледі. Оларға соңғы  түзетулер Үкіметтің  2007 

жылғы 19 желтоқсандағы № 1242 қаулысымен енгізілді және 2008 жылғы 1 маусымда күшіне енеді. 

    25  www.enbek.kz


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау