Диагностикасы. Фельдшер тек клиникалы белгілері бойынша диагноз қойып, науқасты ауруханаға жіберу керек. Ауруханада алдымен эзофиброгастроскоп деген аспаппен асқазанның ііпкі сілемейлі қабығын қарайды, ультрадыбысты аспаппен зертгейді, рентгенконтрасты дәріні ішкізіп, рентгенге тұсіреді. Асқазанның қышқылын зонд арқылы алып, зертгеуге зертханаға жібереді. Қышқылдың жоғарылағаны немесе төмендегені ойық-жара аурудың дәлелдейтін белгісі болып саналады.
Емі. Ауруханада, ойық-жараның көлемі аса улкен болмаса және саны аса көп болмаса, онда консервативті әдістермен емдейді. Қышқылдығы жоғары болса - оған қарсы, сілті қасиеті бар дәрілерді және асқазанның сілемейлі қабығын қорғайтын, сілемейлі қасиеті бар дәрілерді тағайындайды (мысалы, алмагель, сода). Сондай қасиеті бар шөптің тұндырмаларын береді (мысалы, туймедаққтың, сәлбеннің, сұлының тұндырмаларын). «В»-тобының дәрумендерін тағайындау керек, себебі қышқыл жоғарылағанда «В-12» деген дәруменнің қорытуы бұзылып, анемия тұзіледі. Спазмды жоятын дәрілерді: но-шпа немесе папаверин тамақ арқылы, ал никотин қышқылын бұлшықетке егеді. Қышқылдығы томен болса, онда қышқылдықты көтеретін заттарды береді, мысалы, ацидин- пепсин. «С»- дәрумені бар тамақты береді және жоғарыда көрсетілген барлық дәрілерді тағайындайды.
Егерде, ойық-жара улкен болып ұлғайып кетсе, созылмалы көп жыл ауырса, тесіл іп-жарылып кетуге қауыпты болса - онда ота арқылы емдейді.
Асқазанның ойық-жарасын емдейтін өте көп әдістер ұсынылған, олардың бәрі жоғары білімді дәрігер-оташының Қабілетіне жатады, сондықтан фельдшерге оларды білу қажеті жоқ.
Болжамы. Жағымды.
Асқазанның тесілген ойық-жарасы
(прободная язва желудка)
Этиологиясы. Созылмалы коп жыл ауырғанда, біртіндеп ойық-жара асқазанның қабырғасын езіп, тесіп кетеді. Оған себеп болатын қайталанатын стресс жағдайлар, арақ-шарап көп шікен, байкамай улы затгарды ішіп-жеп койған, спортпен немесе жұмыспен шұғыл айналасқан тағы да басқажағдайлар. Әдетте, асқазанның алдынғы қабырғасы тесіледі, сол жерге улкен шарбы (сальник) жақындап, тесікті жабады, сонымен асқазанның ішіндегі кышқыл бұткіл асқазанның құысына жайылмайды, перитониттың алдын алып. Егерде, ондай жағдай болмай қалса, онда жайылған перитонит болады. Бұндай перитонит өте қауыпты, өйткені ішперде химиялық кұйдіргіге ұшырайды. Содан кейін, ірінді перитонитке ауысады, ал кұйген ағзалар бір-біріне жабысып қалады. Егерде, асқазанның артқы қабырғасын тесіп кетсе, онда сұйықтық шарбының құысына құйылып, жайылмайды. Сол себептен клиникалы белгілер аса жақсы анықталмайды, оны білмеген фельдшер байқамай басқа диагнозды қойып, науқасты асқындырып алуы мүмкін.
Шарбының құысы сұйықгыққа толғаннан кейін, «Винцлюев тесік» деген тесік арқылы іштің қүысына жайылып, перитонитың нағыз белгілерін анықтатады.
Клиникасы. Клиника ұш кезеңге бөлінеді:
1) бірінші кезең - шок кезеңі, 2) екінші кезең - жалғын жақсарған кезең, 3) ұшінші кезең — жайылған перитониттың кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |