Бірінші кезең 2-5 сағатқа дейін созылады, оның алдында құсу тұзіледі, содан кейін пышақ салғандай өте қатты ауырған сезімшыдатпай, бұткіл ішкетарайды, ішперденің кұйгендігінен. Ауырғаны соншама қатты болғандықтан, шок тұзіледі. Науқастың жағдайы шоктың клиникасын көрсетеді: беті ағарып- бозарып кетеді, суық тер басады, екі тізесін екі қолмен ішіне жақындатып, құшақтап отырады. Дененің қызуы өзгермейді, жүректің соққысы азаяды, минутына 50-60 рет соғып, артериальді қысым төмендейді.
Тынысы тарылып, іші демалған қимылға қатыспайды. Объективті қарағанда іштің алдынғы қабырғасы тартылып, бұлшықетгері қатайып кетеді - тақтай сияқгы. Саусақпен сипап зерттегенде іш өте қатты ауырады. Перкуссия ретінде саусақтармен соғып зертгегенде, бауырдың пішінінде дыбыс шығып тұрады, себебі асқазанның тесігінен ауа ішке кіріп кетеді. Рентгенге тұсіргенде бауырдың ұстінде «орақ» тәрізді ауаның көлеңкесі пайда болады.
Екінші кезең - « жалған жаксарған кезең» 6 сағат болмай басталады. Оған себеп болатыны - іштегі сарысу - «экссудат» көп мөлшерде шығып, асқазанның қышқылын ерітіп азайтады. Науқастың жағдайы жаксарады, іштін, ауырғаны басылады, кішкене сандырақтайды. Объективті зерттегенде басталған перитониттың белгілері анықталады: дененің қызуы жоғарылайды, тыныс тарылып жиі-жиі демалады, пульс жиіленеді, тілі құрғақтанады, іші кеуіп кетеді - ауа кірген себебінен. Фонендоскоппен тыңдағанда іштің құысында сұйықтық болғаны естіледі, ішектердің қимылы естілмейді, Щеткин-Блюмбергтың белгісі оң болады.
Ұшінпіі кезең - жайылған перитониттың кезеңі. Әдетте асқазанның қабырғасының ойық-жарасы тесілгенінен 6 сағаттан кейн басталады. Бұл кезде перитониттың барлық белгілері анық көрінеді: науқастың жағдайы ауырланады, іш ауырады, демалатын қимыл жиі, терең емес, пульс жиі және әлсіз. Артериальді қысым төмендейді, кейде коллапсқа дейін тұсіп кетеді. Беттің терісі бозарып кетеді, «Гиппократ беті» деген белгіге сәйкес. Объективті қарағанда ішперденің қабынғанын дәлелдейтін барлық белгілер оң болады, іпітің қабырғасының алдынғы аймағындағы бұлшықеттер тартылып, қатайып, тақтай тәрізді болады. Қанның анализында лейкоциттардың саны өте жоғарыға көтеріледі, нейтрофильды формуласы сол жаққа жылжиды, гемоглобин және гематокрит өте биікке көтеріледі, оған себеп болатыны қанның қоюлануы. Қанда калий көбейеді, қышқылдығы жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |