Емі. Тек ота арқылы.
Болжамы. Жағымды.
¥лтабардың ойық-жара ауруы
Этиологиясы. Ұлтабардың ойық-жарасы қақпасыныН аймағында орналасады, бір немесе бірнеше дана болуы мүмкін. Ойық - жараның себептері асқазанның ойық-жарасыныи себептерімен сәйкес, бірдей болады.
Үлтабардың сүйықтығы қышықыл емес, сілті болады. Асқазанмен үлтабардың екеунің ортасында қақпа ретінде бұлшықетті қысқыш бар, сол қысқышты камытатын нерв талшығының қызметі төмендесе немесе бұзылса, ондақысқыш қызметін толық орындай алмайды, қақпасы толық жабылмайды. Сондықтан, керісінші қимыл болғанда, ұлтабардағы тамақты сұйықтық асқазанға қайта өтіп кетеді. Жәй кезде, қақпаның толық жабылмағанынан асқазаннын, қышқылы өзінен-өзі ұлтабарға ағып, кіріп іұрады. Сол себептең, ұлтабардың сілемейлі қабығы жоғары концентрациялы қышқылдың әсерінен, кұйіп, ойық-жара болуға жағдай жасалады. Оған қосымша, үлтабардың әлсізденген нерв талшық қамытатын жерінде қан тамырларда спазм болып, саңылаулары жабылып, ойық-жара болғанға жағдай тұғызады. Ал, нерв талшықтары әлсізденуге және ойық-жара болуға жағдай тұғызатыны - науқастың қатты ренжіп, стресс болғандықтан, немесе созылмалы қайғы болғандықтан. Асқазанның қышқылымен бірге, ұлтабарға инфекциялық қозғыш (Helicobacterpilori) сіңіп, ойық-жараны тұзейді.
Клиникасы. Үлтабардың ойық-жарасынын, клиникасы асқазанның ойық-жараның клиникасымен сәйкес, бірдей болады. Бірақта, ұлтабардың ойық-жара ауруы болғанда, олар көктем-жазда шиеленіседі, кұіпейеді. Тамақ ішкеннен кейін, 1,5- 2 сағат өтіп қана ауырған сезім басталады. Ал, асқазанның ойық-жарасы болғанда, ауырған сезім тамақ іше салысымен басталады. Тағы бір ерекшілігі — ұлтабарда ойық-жара болғанда міндетті түрде ұйқыбез қоса аурады, қызметі бұзылады, бас жағы ісініп кетедіқ. Қанда амилазаның саны көбейеді, ал асқазанның ойық-жарасы болса~ амилазаның саны көбеймейді.
Диагностикасы. Фельдшер клиникалы белгілері бойынша Диагноз қойып, жедел ауруханаға жіберу керек. Ауруханада эзофагогастроскопия жасап, ұлтабардың сілемейлі қабығын зерттеп, ойық-жараны табады. Ондай аспап болмаса, зонд жіберіп, өтгі сорып алып, зертханаға жібереді. Аспаптар бар болса, ультрадыбысты зерттеу жасайды, рентгенге тұсіреді, компьютерлі томография жасайды. Қанның анализында амилазаның саны өте жоғарыда болса — ол нағыз дәлелді болады.
Емі. Аурудың басында емді консервативті әдістермен жұргізеді. Сол ұшін тамақтың диетасын сақтау керек, қабынған сілемейлі қабықты емдейтін дәрілерді, шөптердің тұңдырмасын, В-тобының дәрумендерін тағайындайды.
Қышқылдың «Helicobacterрііогі» деген қозғышқа қарсы дәрінің ең жақсысы - «метронидазол», оны «трихопол» деген аты бар дәріні таблетка ретінде ауыз арқылы тағайындайды. Орталық нерв жұйесінің қобалжуын басатын дәрілерді және ұйқыбездің қызметін орнына келтіретін дәрілерді - трасилол, контрикал, панзиорм, фестал дегендерді тағайындайды. Ауру созылмалы болып, жазылмаса, онда ойық-жара ұлтабардың қабырғасын тесіп өтеді. Ондай жағдайда, ота арқылы емделеді, өйткені ойық-жара малигнизацияға ауысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |