1.Дене шынықтыру
Еңбектеу
Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу.
|
Сөйлеуді дамыту «Мен және менің дене мүшелерім»
Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын
қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.«Сол жақта – оң жақта. Заттарды сәйкестендіру.» Сол жақта – оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру, өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету. Саны жағынан әркелкі заттарды салыстыруды; қағаздың оң жақ – сол жақ бетін таба білуді; қайсысы оң қол, қайсысы сол кол екендігін ажыратуды; қоршаған ортада дөңгелек пішінді заттарды сезім-қозғалыс және көру қабілеті арқылы табуды қалыптастыру. Педагогтің тапсырмасын орындауға үйрету. Өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
|
|