Ќырыќбай аллаберген


Ел қамын ойлаған (Ғұмар Қарашев)



жүктеу 1,1 Mb.
бет4/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,1 Mb.
#28361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.7 Ел қамын ойлаған (Ғұмар Қарашев)

Ғұмар Қарашев 1875 жылы қазіргі Орал облысы, Казталовка ауданының Құрқұдық деген жерінде туып өскен. Әкесі Қараштан жеті жасында жетім қалған ол ауқатты ағайын – туыстарының көмегімен ауыл молдасынан хат таниды, кезінде есімі алты алашқа мәшһүр болған Ғұбайдолла Ғалікеев қазіретке шәкірт аталады. Бұл оқу орнын 1902 жылы бітірген ол әуелі өзі туған еліне, одан кейін Тіленшісай деген жерде мешіт, медресе салдырады. Кейбір деректерге қарағанда Ғұмардың Шәңгерей Бөкеевпен осы тұста дос болғандығы айтылады. Болашақ ақынның Шәңгереймен таныстығы оның орысша сауатын ашып, саяси ой- өрісінің кеңеюіне бірден-бір сеп болады.



Сөйтіп, сергек те сезімтал Ғұмар 20- ғасырдың бас кезіндегі қазақша, арабша, түрікше, орысша, татарша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын аңғара бастайды. Әсіресе тарихи, философиялық ой айтылған еңбектерге ден қояды.

Осыдан кейін ислам қағидаларын жетік меңгеріп, ол медреседегі, ескіше «ислам», «шарт»оқуларын тоқтатып, шәкірттерін жәдитше (жаңаша) оқыта бастайды. Бұған тағы бір себеп болған нәрсе, осы кезге сай келген 1905 жығы бірінші орыс революциясы. Оның идеясын жетік түсінген ойшыл ақын, ұлттық ояну, ағартушылық қозғалыстардың толқуымен өзінің медресесіндегі жастарды ғылымға, өнер-білімге тарта бастайды. Өзі ұстаздық етіп жүрген қазақ балаларына орыс және қазақ тілін толық меңгеруді үйретеді. Медресеге орыс, татар мұғалімдерін шақыртатады. Бірақ, Ғұмардың бұл сияқты прогресс жолына мықтап берілген әрекеттеріне елдегі қожа, молдалар мен Уфадағы мұсылман муфтиінің басқармасы шу көтеріп, оны дінді бұзды, «кәпір» деп жариялап, ишандықтан, мешіт төңірегінен қуады.

Жоғарыда айтқанымыздай Ғ. Қарашевтің саяси көзқарасының өсіп- жетілуіне 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы мол әсер етеді. Өйткені, Орталық Ресейде болып жатқан ереуілдер ұлттық езгінің тепкісінде жүрген қазақ халқын да бей-жай қалдырмайды. Ол осы жылдары татар тіліңде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді басылымда өзінің алғашқы мақалаларын жариялады.

Ал, 1910 жылы Уфа қаласында Ғұмардың «Ойға келген пікірлерім» атты еңбегі жарық көреді. Бұл кітабында сөз еткен мәселелері оқырман қауымының жүрегіне жол тауып, тез арада библиографиялық сирек кездесетін басылым қатарына қосылады.

Сондай-ақ, 1911-1913 жыддарын оның «Қазақстан» газетінде түрлі тақырыптарға жазылған көптеген мақала, очерк, фельетон, өлеңдері жарияланады. Мысалы «Қазақстан» газетінің 1911 жылғы 15 қараша күнгі нөмірінде басылған «Бұл қай заман?» атты бас мақаласында тарихтың даму процессіне қысқаша шолу жасай келе, қазақ жастары ғылымның әр саласын жетік меңгерсе деген ниет, өсиет айтады. Онда ол : «Бізде бір қалыптасқан қате пікірдің барлығын, ол біз ғылымды орыстікі деп бөлеміз, мейлі, солай – ақ болсын, онда басқа дін, жағрапия, тарих, т.б, ғылымдарды басқа тілде оқыған күннің өзіңде, мамандығын жақсы біліп, халқына жақсы пайда келтірсе, болды емес пе? «- деген ой, тұжырымын айтады.

Екінші бір «Газет деген не зат?» атты мақаласыңда баспасөздің қажеттілігі жайыңда оқырман қауымға : «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат - газет! Сол себепгі газет біздің басшымыз! Газет біздің достар аддыңдағы - көркіміз! Дұшппаңдарға қарсы құралымыз! Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!»- деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтің шығармашылық жолы өте күрделі. Ескішілікке кетпей үнемі ілгерілеп отырады. Ол өз дәуірінің ең жақсы, жаңашылдық армаңдарын мықтап қамти білген және оны өзінің шығармаларына арқау етіп, халыққа жеткізіп айта білген ақын.



Ғұмардың 1905 жылғы дейінгі және содан кейінгі шығармаларының басты тақырыбы-патша үкіметінің отаршылдық қысымына қарсылық, қазақ халқының жақсы жер, ата қонысынан айырылғанын, саяси бостандықты аңсау, халықты ғылым - өнер жолына үндеушілік, елді билеу жүйесіндегі әділетсіздікті әшкерелеп, батыл сынау, әйел теңдігі меселелері болып келеді.

Осыған орай оның қаламынан туған еңбектер саны да мол. Бәрі де халық мүддесін көксеп, қазақтың елдігін, ерлігін паш етуге арналған. Мәселен, ол :
Білімсіз қазақ күнің жоқ,

Күн көретін түрің жоқ.

Өзіңді - өзің зор көріп,

Мен қазақ деп жүрсең де,

Білімсіз қазақ болған соң

Бір тиыңдық құның жоқ,

Білімсіз халық ел болмас,

Болғанменен тең болмас,

Қулықтан басы арылмас,
- деп қазақ еліне сол дәуірдегі ең қажеті басты нәрсе - оқу, өнер білу екеңдігін айтады.

Ақын «Замана жайында» деген жырында туған жер туралы :


Еділ, Жайық суынан,

Жем сағыздың бойынан,

Қысырақтап жаз жайлап,

Көше, қона жүргенің,

Алатаудан өткенше,

Ыстықкөлге жеткенше,

Кіңдік кесіп кір жуып,

Мекен еткенжерлерің,


- дей келе, бүл жерлердің бүгінгі күнін :
Көкше бұйра белдерің,

Белдерге енген елдерің...

Күңдердің күн болғаңда,

Мұндайда болар дер ме едің?


– деп күйзеле де, күңірене жырлайды.

Ғұмардың еңдігі бір топ өлеңдері ел билеу тәртібіне арналған.

Ол :

Ел ішінде осы күн,



Алымнан басқа ақы жоқ.

Жұрт жайыңда қамы жоқ,

Сыңарық бұқа пішінді,

Әкімге қалған күн құрсын,


- дей отырып, обыр байлардың, залым, парақор ұлықтардың, болыс билердің озбырлығын Абай, Жармағамбет т.б. сияқты Ғұмар да айнытпай әшкерелеп, осылай қатты сынға алады.

Ғұмар өз өлеңдерін тарихты шолу, тарихқа көз жіберу әдісімен жазады. Оның басты кейіпкері өткен ғасырда патша үкіметінің езгісіне, жергілікті байлардың қысымына қарсы азаттық туын көтеріп, халыққа бостандық әперуді көксеген Сырым Датов сияқты ерлер.

Ақын оңдай жаужүрек ерлердің халық үшін ауадай қажеттілігін әбден езіліп, жаншылған оқырман атынан :
Ойдағыға жете алмай,

Ешбір лаж ете алмай,

Екі көзден жас парлап,

Налып тұрған көзіміз.

Бізге дағы күн туып,

Қанды жүрек ұл туып,

Жігерленіп бел буып,

Ашылар ма екен көзіміз,


- деген жолдарыңда нақты түрде көрсете білген.

Ғ. Қарашев - ағартушы. Қулық - сұмдықты білмейтін, жаны жас баладай жайсаң ақын. Соңдықтан ол елдің көзін ашса, өз-өзінен әділетсіздік жойылады деп біледі. Осы мақсатты жүзеге асыру ниетімен бар талантын, асыл сөздерін жыр тізбегін тек ғылым, білім, өнер үйренем деген жастарға арнап, оларды :
Бәрін айт та, бірін айт,

Өнерменен білім жоқ.

Білімсіз қазақ күнің жоқ,

Бәрінен де тілеймін,

Ғылымның жүзін бері қыл,

Надандықтың сүр түсін



Жақындатпа әрі қыл,
– деп, оқуға шақырады.

Ал, еңді Ғ. Қарашевтің публицистикалық еңбектеріне келетін болсақ, онда ең алдымен «Ойға келген пікірлерім» деген мақаласына тоқталамыз. Мұны автор Луфти деген кісіге жауап хат ретіңде жазған : «Қымбатты Луфти мырза! Сіз жіберген хатыңызда : - Бұл заманда сопы атты біреулер өте көп болса да, қарапайым халқымызға олардан тиген пайда көрінбейді, яғни қай жақта сопы мен мүрид аттылар көп болса, сол жақтағы халқымыз арасындағы ұрлық, қиянат, арақ ішу сияқты келісімсіз мінездер көп?»,деп сұрапсыз.

Мырзам! Мұндайлық жаман әдеттердің түп - тамырымен құрымауы ғылым мен ағартушылардың ықпал тигізбеуінен болады. Бұл жолда надан сопылардың таспиқтарын сыртылдатып, түймелерін жылтыратуынан ешқандай пайда жоқ» деп жауап береді ол. Ғұмар Луфти мырзаға осындай жауап беру арқылы сол заманның сопы, молдаларының халықтың барын жеп, өтірік күліп, ағайынды бір - бірімен шағыстырып таспиғын сартылдатқаннан басқа білгені жоқ, арамдық, қулықты ойлайтынын әшкерелей отырып, олардың сана - сезімдеріне әлі күнге ғылым - білімнің айналасыңда болып жатқан өзгерістердің аз да болса әсер етпегенін айтады.

Ал, адамның бір-біріне қамқоршы болып, жақсылық көрсету қасиетін ол : «жақсылық дегеніміз екі тарауға бөлінеді. Мұның бірі заттық, тағы бірі - моральдық. Заттық жақсылық - мұқтаж адамдарға мал беру, ішкізіп - жегізу, киіңдіру. Моральдық жақсылық әр адамның мұқтаж болған уақытында ғылым мен ағарту және тәрбиелеуге керек қажетін өтеу»..., – деп түсіндіреді.



Сөйтіп, жақсылықтың қай түрін болса да жазушы қоғам өмірінен бөліп әкетпейді. Көпшілік болып тәлім – тәрбие жұмысына ат салысудың мақсатын «моральдық мұқтаждықта қалған туысқандарын құтқару», - деп санайтын ол, әрбір адам баласы қоғамның білім тұрғысынан көзін ашып, көкірегін оятса санасына өзі білетінін жеткізсе, онда ол моральдық жақсылық жасап, басқаның ғұмырын ұзарта түсетінін дәлелдейді.

Ғ. Қарашев нақ соңдай-ақ, жас ұрпақ туралы оған үйрететін тәлім -тәрбие хақыңда, оңдағы мұғалімнің өзіндік орны жөніңде сөз қозғайды. Осы орайда ұстазға қойылатын талаптың да күшті екенін, оның оқыту, ұқтыру ісіне жеңіл қарамай, жауаптылық, тиянақтылық қажет екендігін ескертеді.

«Жансыз түсіңдіру», - дейді ол «...тыңдауға тартымсыз және естуге ауыр болудың үстіне тез ұмытылатын болады... Мұғалім болған адамның шәкірттері риза боларлықтай мінезі, оларды толық қанағаттандырарлық білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ педагогтан шәкірт пайда көре алмайды. Соны есте ұстау керек. Шәкірт өзі сүйген мұғалімнен ғана білім ала алады»...



Бұған керісінше Ғ.Қарашев сол қиын - қыстау кезеңнің өзінде ақ мансапқорлыққа салынып, адамгершілік қасиеттен айырылып бара жатқаңдар туралы : «Біздің қазақ халқыңда орта және жоғары мектептерде оқып шыққан жігіттер көп. Бұны ойлағанда келешектен біраз үміт туғызады. Енді бұл жігіттердің халыққа қызмет ету жағына келсек, әкімшілік дәрежесіне белгіленіп, тағайындалса баяғы айлық алу, сансыз дау - жанжалдардан табыс тауып, арақ ішіп, мас болу, күн -түн қарт ойнап, есіл өмірін еш қылу» немесе «Оқымыстылар қанша көбейсе, халықтың сезімі соншалық артып, мектептер салынып, газет - журналдар басылып, дау – жанжалдар азайып, жалпы халық жақсы болуы керек еді. Жоқ... бұлардың біреуі де жоқ. Күн сайын тіршілік батпағына батуда. Оқымыстылар бұл жағынан қайғырмайды да, халықтың махаббатын тартып, ағарту - өнер жолына жетектемейді. Мұның соңы қайда барып тірелетіңдігі әркімге белгілі... Міне, осылардың барлығына да негізгі себеп, баяғы «дүниеде ішіп - жеу үшін ғана жасау» делінген хайуаңдық бір пікірде тәрбиеленгендіктен деп ойлаймыз» деп жазды.

Келесі, Ғ. Қарашевтың «Тіршілік таласы» еңбегіне тоқталсақ... Бұл шығармасында ол патшалық заман кезіңде ешбір зұлымдық - зұлматпен ісі жоқ, бейқам жатқан өзгерістерге көзіңді ашып, көкірегіңді оят дегісі келеді. Одан әрі дүниенің өзі талас - тартыстан тұрады, адам баласы сен де қарап жатпай болашақ үшін, ертеңгі көретін күнің үшін күресуің керек дегенді меңзейді. Сондай-ақ, қазақ даласындағы болып жатқан түрлі жаңалықтар, оларға деген елдің көзқарасы жайлы : «Дүниедегі жан-жануарлардың тіршілігінен ілтипат салып қарасаң талассыз, тәртіпсіз тұрған заман көрінбейді, даладағы аңдар, ауадағы құстар, судағы балықтар бірін-бірі жеуде, бірін-бірі тонауда, адам баласының тіршілігіне қарасақ талас - тартыстан бұлар да құр емес» дей келе бұл тартыстарға сипттама бере отырып, олардың мән-мағынасын : «жан-жануарлар бір-біріне тырнағын батырса, адамдар көкіреқ, ақыл қаруын жұмсайды», деп тағы бір сырын ашады.

Қазақ халқьның мұңдай халге түскені, жоғарыда айтылған тірішілік таласына әзірленбей, наданшылық торында жатқанында. Егер ұйқымыздан бас көтермей бұрынғыша жата берсек, шексіз тез заманнан, дүниежүзіне көшпекпіз. Сол себепті дүниежүзінде қалғымыз келсе, адам баласын, ғайырым жан иесінен, бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап етуге тиістіміз».

Бұл жерде Ғұмардың айтып отырған ой-пікір, мақсат -мүддесінің барлығы да бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі. Қалың ұйқыда жатпаса да, қалғып - мүлгіп жүрген, ескі өмірдің бір қалыпта өтіп жатқан тыныс-тіршілігіне бейімделіп кеткен қазақ жастарын қайткен күнде де білімге, өнерге қарай сүйрелеу, жетектеу. Елде болып жатқан өзгеріске елең еткенмен неден, қайдан, қайтіп бастарын білмей жүрген ауыл жастарына жол көрсету.

Автор осы арада егер өз билігіміз өзімізде болып, өнер ғылым үйренсек, басқа халықпен тереземіз тең болып, өзіміздің қадір - қасиетімізді, ұлттығымызды, елдігімізді, салт - санамызды сақтап қалар едік деп алыста тек сағым боп елестейтін тәтті қиялға беріледі.

Сөйтіп, болашаққа үмітпен қараған қаламгер білім мен өнерді жан -жақты насихаттаудан бір талмайды. Бұл тұрғыда ол өз шығармасында : «жоғарыдағы тіршілік таласы хақыңда бір-екі ауыз сөз жазғанымның себебі біздің қара халық түгел ғылым иесі, жастарымыздың да көбісі төрт жағы құбыла болып, заманымыздың түбінен бихабар ғұмырын ойын - күлкімен өткізіп жүр. Басшылардан үлгі көрмеген соң қара халық бағытынан адасулы.

Құйрықсыз, желкенсіз тіршілік теңізінде бағытсыз жел айдап жүрген кемемізді жұрт кетіп жатқан ғылым, өнер жолына қарай жүргізуді кемешілерімізге де, мінушілерімізге де міндет деп білеміз, қазіргі бағытта жүрумен тасқа соғылып, су түбіне кетуімізге де шек-шүбө жоқ», деп бейқам жатқан қазақ даласындағы қазақтың бас көтерер ұлдары тек арзан күлкіге беріліп, уақытгарын босқа өткізіп жүргендіктерін өткір сынға салады.



Осылайша, заманның ащы шындығың толғана, тебірене жазған Ғұмар, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздейді. Тіршілік етудің оңай еместігін айта келіп, оны теңіз бен кемешіге теңейді. Мұңдағы ойы теңіз - өмір, сол өмірдегі аз ғана ғұмырымызды бостан - босқа өткізбей, өнер - білімге қарай бұрайық дегені. Ол туған жер топырағында болып жатқан қоғамдық өзгерістерді көлденең көзбен көріп, бейтарап суреттеп қоя салмаған. Жазушылық, халықтық көзбен көріп, алға апарар өз ойын ұсынды. Міне, осылайша өз дәуірінің жыршысы, келешек заманның жыршысы ұрпағына өлмес мұра, ұмытылмас қазына қалдырып кетті.

Оның осындай шығармасының тағы бірі «Өрнек» кітабы. Бұл еңбегіңде ол қала халқы мен ауыл адамдарын салыстырады. Жазушының : «Қалада әркім өз ісінің соңында жүр. Енді мұны біздің қазақ халқының әдет - ғұрыптарымен салыстырып қарасақ, біздегі көптеген жігіттер алты ай қыс ғұмырын босқа өткізіп тек жүреді. – Дүниеде не арзан? - деп сұраушыларға - Біздің қазақ жігітгерінің ғұмыры-деп жауап берілсе дұрыс болар еді. Сол бос жүруден көп залалды бұзықтық туады, сөз тасиды» деп налиды.



Бұған керісінше «Қазақстан» газетіңде жарияланған «Тәнсіз жан жоқ» атты екінші бір мақаласында ол адам баласының тіршілік есігін ашқаннан кейінгі өмірі күреспен, тартыспен өтетіндегі жайлы : «Ғажап бала ананың құрсағында әуелі қан болады. Анадан соң тән болады. Анадан соң барып жан болады... Қан мен тән жанның болушылығына себепкер болып тұр. Адам баласына жаннан тәтті не зат бар? Осы тәтті жанымыздың, яғни ғұмырымыздың болуына себеп болып тұрған қан, тәнімізді біз қайдан алдық? Әлбетте халықтан алдық. Сөйтіп, халық біздің дүниеге келуімізге себеп болды. Ғылым да тәрбие алды. Бұны бізге кім берді? Әлбетте халық, оған берді» - деп толғанады.

Ғ. Қарашевтың келесі бір ауызға аларлық «Педагогика» атты еңбегі 1918 жылы «Мұғалім» журналында жарияланған. Мұнда автор «өзіме келсем мешіт, діни медреселер салғаннан гөрі мұғалімдердің міңдетін күшейгу үшін ғылыми кітаптарды өз тілімізге аударуға, кітаптар сатып алып бастырып тұратын фирмалар ашуға, газет жөне журналдардың басылып тұруына көмектескен болар едім», дей келе «кімде-кім өзінің мінезі және істейтін жұмысы туралы ойланбай тұра алмайды. Бұл жолда баланың ақылы бірте-бірте өспекші, міне осы мезгілде балаға жолбасшылық ету тәрбиенің басты бір шарты. Үйренудің жол көрсетудің қай орында тұрғандығы бұдан көрінсе керек», - деп жас ұрпақты тәрбиелеудің қыр – сырына тоқталады. Одан әрі бала тәрбиесіне, оның айналасындағы адамдарға, мінез – құлығына толық мән беріп, жолын әдісін үйретіп отырған публицист – психолог жас жеткіншекке тәрбиені кімдер, қалай беру керектігін : «Ата – аналар, мұғалімдер баланың көзіне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болғанша басқа да түсіндіру жолдарын қолданулары керек. Әсіресе, ата – аналар бәрінен бұрын балалардың мінезін жақсы жолға салуға бейім келеді, олар әр нәрсені тексеріп, балаға себебін түсіндіріп, ерте бастан, мынау жақсы, мынау жаман, мынаны істеуге болмайды деп ұғындырады. Бұған балалардың көз алдындағы нәрселерден мысал келтіріп, жақсы – жамандығын түсіндіріп, істеуге тиіс деп көрсеткен істің қарсы жағын да баяндап береді», - деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтың публицистикасындағы тағы бір басты тақырып – тіл мәселесі. Өйткені, оның осындай көрегенді көкірегі мен өз еліндегі болып жатқан небір жан түршігерлік жайларға немқұрайлы қарап, бейхабар отыра алмағандығы белгілі. Ақынның мұндай кеселмен білек сыбана күресуіге әлі жетпесе де, оған уытты тілінің найзасын қадап қалуға дәрмені жеткен. Мәселен, ол бұл тұрғыда өзінің «Ұлт һәм туған тіл» мақаласында : «Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, соларды көгертіп, көркейтумен ісі болмайды. Ол әрдайым да халыққа көтере алмайтын, оларды өзінің мейрімсіз тырнағында тәлегенше жаншумен болды һәм миллиондаған халықты, әсіресе шет ұлттарды қалайша қараңғылықпен меңгеру надандықты өз пайдаларын білместей, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданды», - деп жазды.

Жалпы, Ғ. Қарашевтың творчестволық еңбек жолын қорыта келе айтарымыз, ол өзінен кейінгі ұрпаққа көп жақсылық әкелетіндей, елеулі мұра қалдырып кеткен. Тағы бір ескерілмей жүрген жәйт, ақын көптеген өлең, мақалалар жазумен қатар, аударма ісімен де шұғылданға ұқсайды. Оның дәлелі Некрасовтың атақты «Ана жыры». Ол бұл өлеңді баласы Бәсерге беріп тұрып : «Маған бата оқи келгенде құран шығартпа, орнына ғиндаш мақамымен осы өлеңді оқы», - деп тапсырыпты.


1.8 Елім деп еңіреген ер (Сәбит Дөнентаев)

Белгілі қазақ жазушысы С.Машақов өзінің «Ақын Сәбит Дөнентаев» деген естелігінде : «Сәбитті 1933 жылдарға дейін сыншылар түрлі саққа жүгіртіп, біреулері ұлтшыл, біреулер жолбике, енді біреулер кедей шаруа ақын деп ат қойып, айдар тағып жүрді. Сәбитке шын дұрыс баға тек соңғы жылдары ғана берілді. Оның алғашқы кейбір өлеңдерінде ұлтшылдық сарын болғанымен, кейін Совет үкіметі мен большевиктер партиясының саясатын оның шын пейілмен қостағанын көреміз», - деп жазған. Олай болса, алдымен Сәбиттің «ұлтшыл бағытта» шығарған өлеңдеріне назар аударып көрелік.
Ем таба алмай жеріңе мен ертеден,

Сол бір қайғың өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай!


Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,

Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

«Сақтан» деген сөзді жан жоқ шын ұғар,

Жемге шашқан қармақ құрса, елім-ай!


Қандай едің қара киіп қайрылып,

Қандай едің тұрсың одан айрылып.

Мүгедек боп қос қанатың майрылып,

Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!


Мұны құр бос өлең десең өзің біл,

Жұрт болмаймын, өлем десең өзің біл.

Не болса да көнем десең өзің біл,

Босағада жүрген құлша, елім-ай!


Түзелесің қашан, жұртым, оңалып,

Тіл алмасаң кетпеймісің жоғалып.

Кайтер едің өткен дәурен оралып,

Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!


Сол күнінді көрсем менің арманым,

Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.

Сұм жүрегім селт етпейді жалғанын,

Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!


Ақынның «Елім-ай» деп аталатын бұл өлеңі XX ғасыр басындағы қазақ халқының ауыр хал-ахуалына арналып жазылған. Автор бұрынғы еркіндік, тәуелсіздігінен мүлде айырылып, бодандықтың ауыр қамытын киген қандастарының оянбай, калың ұйқыда жатқанына налып, олардың бұл тығырықтан шығуына тілектестік білдіреді. Әрине, бұл шығарма патша тіпті, Кеңес үкіметі тұсында да ұлтшылдықтың исі мүңкіп тұрған еңбектердің қатарына жатқызылуы заңды болатын.
Рас, менің қазақ деген атам ба,

Не болмаса бұл адасқан қатам ба?

Туғандығым анық болса сол жұрттан,

Мұнша лағып айдалаға қашам ба?

Қайырылсам қызмет қылып халқыма,

Соныменен зор кінәға батам ба?

Ондық өнер, өнер жинар күш болса,

Құр тілменен жоқты – барды шатам ба?

Өнер жоқ деп, қуат жоқ деп талапсыз,

Сары уайым саламын да жатам ба?

О жағым - жар, бұ жағым –ор, алдым – тау,

Құр денімді соямын ба, асам ба?

Неткен нәзік жаратылған адаммын,

Аяғымды мертігемін басам да.

Күресінде көкке шыққан қияқтың,

Мойным созып, басын шолып жатам да.

Көрінгенге көзім сүзіп қараймын,

Жан көрмейді, жұрттың бәрі қатаң ба?

Деймін – дағы өзімі өзім айтамын :

Сірә, азықсыз шығу қате сапарға.


С. Дөнентаевтың «Дал болу» деген бұл өлеңінің мән-мазмұны осыдан 90 жыл бұрын жазылса да, күні бүгінге дейін ескірмеген дер едік. Шығармада отарлау саясатының зардаптарынан ғылым, білімнен артта қалып, туған халқына қызмет қылуға жарамаған бос денесін қайда жіберерін білмей дал болған адамның шарасыздығы суреттеледі. Біздіңше бұл еңбектің бүгінгі таңға тән екінші жағы да бар. Ол оқып, тоқуға, жоғары білім алуға мүмкіндігі бола тұрып, өнер, білімге ұмтылмайтындар және жаңа өмірге сай жоғары білімдері болса да, халқына қызмет еткісі келмейтіндер, яғни өздерінің жеке бастарының қамдарын күйттейтіндер. Ақынның осының барлығын да алдын-ала сезіп, біліп, көңіл күйін ақ қағаздың бетіне бар жан-тәнімен беріле түсіргендігі сезіледі.
Жаңа жыл құтты болсын, алашым,

Мал мен басың өссін-өнсін тарасын.

Жаңа талап, жаңа дәулет, жаңа бақ,

Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.

Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен,

Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.

Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,

Төрт түлікпен бақырлатсын даласын.

Жанын, малын аямайтын ұлты үшін,

Етіп берсін мұнда туған баласын.

Ақ көңілдік,ақ бейілдік нәсіп қып,

Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.

Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір,

Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.

Біреу аяқ, біреу ауыз, біреу қол,

Болып әркім қызметіне тарасын.


Ұлтжанды ақынның «Жаңа жыл құтты болсын!» дейтін бұл өлеңінен өз халқының болашағына деген ыстық ықылас, сезімін, балалық махаббатын, жанашырлық көңіл ниетін байқаймыз. Ол тек жаңа жылдық тілек, құттықтау айтып қана қоймай, елдің бас көтерер азаматтарының ауызбірліктерінің сақталуын, халық үшін, оның болашағы үшін қызмет істеу кімге болсын үлкен абырой екендігін көрсеткен.
Ел биледім неше жыл,

Бергеніңе мың шүкір,

Қылдым тәубе – ай, сұбықан!

«Жемқор болыс, жалмауыз!»

Деген сөзді бір ауыз

Естігем жоқ халықтан.

Басқа бәле тілден ғой,

Оны халық білген ғой.


Осы бір «Ескі болыстың тәубесі» дейтұғын шағын өлеңде де көп мағына бар. Бұрынғы ел билеушілердің қалай болғанда да халықпен санасып отырғандығын, ең алдымен солардың қамын ойлағандықтарын көрсете отырып, кейінгілердің де солардай болуы керектігін меңзейді.

С. Дөнентаевтың бұлардан да басқа ел бірлігі, өткенге қайтып оралу, заман, қоғам, ұлт тағдырына арналған «Заман кімдікі?», «Бірлік», «Жұмыскердің өкініші», «Талап», «Жүрекке», «Менің жайым», «Сыр», «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап», «Сағыну», «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға» сияқты шығармалары бар. Егер осылардың барлығы біз кеңес кезеңіндегідей, бүгінгі таңда да тек бір-ақ ұлттың, яғни қазақтардың қамын ойлап жазылған еңбектер болғандықтан, оның авторы да ұлтшыл болған деуге ешбір негіз жоқ.

Бұл жерде кезінде С. Дөнентаевқа «кертартпа ақын» деп қатты шүйліккен академик жазушы С.Мұқановтың да 1932 жылы шыққан «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» кітабында оның шығармашылығына 23 бет арнап, алғашқы райынан қайтып қана қоймай, С. Дөнентаевты халықтың қамын ойлайтын ұлтжанды ақын ретінде мойындағанын да айта кеткеніміз орынды болар.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Уақ-түйек» деген атпен екі кітап болып 1915 жылы Уфа қаласында жарық керген. Мұны айтып отырған себебіміз бұрынғы және кейінгі зертгеушілер де С. Дөнентаев ірі шығармалар жазбаған, оның өлеңдерінің көпшілігі уақ-түйек тақырыптардан тұрады деп жаңылысып келді. Шын мәніңде олай емес еді. Сәбит алғашқы кітабының атын солай деп қойғанмен, кезінде ел, жер, ұлт, тіл, қоғам, саясат, білім, ғылым, өнер, мәдениет сияқты мәңгі өлмес ірі-ірі тақырыптарға бара білген.


Біз келдік биік таудың панасына,

Жиһанның сыймай сақfра даласына.

Құйын мен жел, дауылдан аман-есен,

Биік тау, бізді сақтап қаласың ба?

Келген тау панасына оны қылса,

От болып есіл жүрек жанасың да!


«Биік тау» деп аталатын осы бір – екі шумақ өлең жолдарында қаншама философиялық ой, сол кездегі шыңғырған шындық, бодандықтан түңіліп әбден титықтаған халықтың болашаққа деген сенім-нанымы жатыр.
Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген,

Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген.

Сол төрттің үшеуі - су, бірі - ақ құрғақ,

Бекер деп айтпас мұны қағаз көрген.

Екінші : ол құрылықты беске бөлген,

Айырып әрбіріне есім берген.

Бәрінде бес құрғақтың адам болып,

Еждиһат етіп кәсіп күнін көрген.

Суларда кеме мініп сайран етіп,

Жоқ емес, тағы да адам дәурен сүрген.

Бір жарым миллиардтан көбірек жан,

Шамасы мыңнан аса тіл сөйленген.

Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап өлген.
«Жер» деген бұл өлеңнің мазмұнымен таныс әрбір адам ақынның білімдарлығымен, ойлылығына тәнті болып қана қоймай өз халқының басқалардан оқу, білім, ғылым жағынан артта қалғанына намыстанып, намыстарын қайрауға ұмтылғанын байқайды.
Тіл- көңілдің тілмәші,

Көңілдің жоқ сырласы,

Тілмәшіңді оң жұмсап,

Теріске, көңілім, бұрмашы,

Айтқанын кыл қожаңның,

Тілім, қарап тұрмашы!

Аңғырттанып бет алды,

Масқара мені қылмашы!

Тым құтыртпай тыл ұста,

Тілмәшіңді, мырзасы.


«Көңіл мен тіл» - әрбір жанның бет бейнесі, сонымен қатар ақыл, ойынан хабар беретін салмақ таразысы да. Бұл жерде ақын қазіргідей өз тілін білмей масқара болғандар туралы емес, өз тілін дұрыс пайдалана алмай, жұрт алдында мүдіріп, көпшілік талқысына түскендер жайлы толғанады.
Әуелі етіп бірлік басыңды қос,

Сонан соң әр мұраттан қалмассың бос.

Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,

Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар»...

Болады тұрсаң тұтас дұшпан да дос.

Алтауың ала болып тұрған күнде,

Асыңның аузыңдағы кетуін тос.

Таласты алалықпен тастамасаң,

Бір күні туған жерге айтарсың «қош».

Бірлікпен илеу салған құмырсқа да,

Қазағым, ісің оңбас бірікпей бос.


«Бірлік» туралы бұдан артық не айтуға болады. Бұл тақырыпты мәңгілік емес деп кім айта алады? Ру-руға, жүз-жүзге бөлініп, партия құруға бейім тұратын қандастарына осы мәселені қатты ескертіп, егер алауыздықты қоймасаңдар, ел, жерден айырыласыңдар деп налиды.
Қазақ біздің түпке жеткен надандық,

Надандықтың шеңгеліне қамалдық.

Сол еркенің арқасында болып тұр,

Болса бізде не секілді жамандық.

Сайлау деген бір жақсы ырыс табылып.

Бірлік деген бәлекеттен тазардық.

Ұйым болып шын ұмтылсақ ғылымға,

Не орын бар қазақ бүйтіп азарлық?

Лажын тап надандықтан безудің.

Бәрекелді, әне сонда адамдық.

Надандыққа су беретін бұлақтар –

Жалқаулық пен кәдігүнгі сараңдық.

Көзі бітіп бұлақтардың осындай,

Бізден күні болар ма екен қаларлық.

Кежірленбей, іс қылайық аңғарып,

Пайда бермес тартыншақтық, алаңдық,

Аз, жаман деп ұрсып жүрме, замандас,

Барым осы қолдан келген шамамдық.

Ақырыңда жатсақ, тұрсақ тілек сол,

Казақтыққа берсін Алла амандық.


Ақын «Соңғы сөзінде» надандықтың шеңгеліне қамалған туған халқының болашағына алаңдап, одан құтылудың жолын қарастырады. Жалқаулық пен сараңдық, алауыздық, білім, ғылымнан артта қалушылық, осының бәрі де надаңдықтың қайнар көзі. Егер осындай 7жаман қасиеттерден құтылсақ, онда азып, тозудан құтылып, рухани байлыққа қол жеткізер едік деп армандайды.

Тақырып тереңдігі, қоғамның жақсы және жаман жақтарын айырып көрсете білу, жеке адамның басына қатысты құндылықтарды саралау, заман ағымына қатысты мәселелерді дер кезінде көтеру - С. Дөнентаевтың кеңес дәуіріндегі шығармашылығына да тән қасиет. Оның «Атылғандарға», «Кім не ойлайды», «Қазақ тіліне», «Әйелдер мейрамына», «Дәуітбек», «Құсайынның арманы», «Қазақстанның алты жылдығына», «Ерікті Айша», «Он жылдың жемісі», «Жаңа ауыл болайық, жаңаруға қарауыл болайық», «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл», «Біздің колхоз бәйге алады» сияқты бірталай өлеңдері бүгінгі таңда да өзінің мән – мазмұнын жоймаған шығармалар деп білеміз.

Жоғарыда біздер кезінде С. Дөнентаевтың шығармашылығын зерттеуші сыншылар оны ұлтшыл ақын деумен ғана шектелмей, «Жолбике» әрі «шаруа акыны» деп те айыптаған болатын дегенбіз. Енді осы мәселе төңірегінде біраз ой қозғап көрелік. Сәбит өлең жазуды 8-9 жасынан бастаған, сондықтан да ауылдастарының арасында жастығына қарамастан өте сыйлы болған. Бұған Қ. Ақижановтың «Есімдегілер» атты естелігіндегі «Сәбең жас күнінен, тіпті жасөспірім шағында елдің үлкендерінің, азаматтарының, өзінің замандастарының қадірлісі болған екен. Сол кездің бірнеше адамдарының аузынан естігендерім осыны анықтайды. Мен өзім 11-12 жасымнан Сәбең ағайдың сөзін құмарлана тыңдап, ол кісінің болған жеріне жиі баратын едім» деген сөзі дәлел. Оның үстіне небәрі 21-ақ жасында алғашқы екі өлең кітабын шығарып, «Айқап», «Қазақ», «Уақыт», «Шора» басылымдарында шығармаларын жариялатып, М. Горький, Д. Бедный, В. Маяковскийді түпнұсқадан оқып, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Белинскийлерді қазақ тіліне аударумен қатар, «Сарыарқа», «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл» газеттерінде де қызмет істеп, тәжірибе жинақтап, өзінен кейінгі жастарға қамқоршы бола білген, әдебиетке деген дайындықпен, өзіндік жолмен келген шын мәніндеп талантты ақынды қалай ғана «Жолбике», «шаруа ақыны» деуге аузымыз барады. Мұның барлығын да кезінде «қызыл империя» жүргізген біржақты солақай саясаттың салқыны деп қана қабылдауымыз керек.

Екіншіден, ауылдан шығып шаруа –тақырыбына өлең арнамаған ақынды бұрын да, қазір де табу өте қиынға түсері ақиқат. Оның үстіне Қазан төңкерісіне дейін, одан кейін де 1930 жылдарға дейін Қазақстанда дамыған өндіріс, өркендеген өнеркәсіп болмағандығы да белгілі. Сондықтан С. Дөнентаев тек қана шаруа ақыны болды деу әбестік. Ал егер олай болса ақынның «Жұмыскердің өкініші», «Екібаста», «Қазақстанның алты жылдығына», «Капиталшының сорына жасаймыз», «Пролетариат жыршыларына» және т.б. шығармаларын кімдерге арналған деп түсінуіміз керек.



Ақынның күні бүгінге дейін еленбей, тіпті назардан тыс қалып келе жатқан тағы да бір ерекшелігі, оның сатирасы дер едік. Абайдан, Сұлтанмахмұттан соң қазақ әдебиетінде сатира жанрын орнықтырып, іргетасының бекуіне айтарлықтай үлес қосқандардың бірі де, бірегейі де - осы С. Дөнентаев.

С. Дөнентаевтың 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі жазған сатирасы көбінесе мысал түрінде болып келеді. Себебі, ол кездегі бай, манапты, патша шенеуніктерінің қарапайым халыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылықтарын тура көрсетіп, әжуалауға болмайтын. Сондықтан, ақын олардың адамгершілік шеңберіне сыя бермейтін кері қасиеттерін жан-жануар бейнесіне салып келекелеуден тура жолын тапқан.

Егер сіздер сықақшының «Ауырған арыстан», «Екі теке», «Көзі тоймайтын ит», «Көк төбетке», «Бит пен бүрге», «Бір көлдегі үш балық», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға», «Тотыға» деген шығармаларымен таныс болсаңыз, онда жоғарыда айтылған пікірлермен келісерсіз деп білеміз.

«Ауырған арыстанда» сырқаттанған аң патшасының көңілін сұрауға түлкіден басқасының бәрі келеді. Осы жерде түлкіні мұқатпақ болған қасқыр оның келмей қалғанын жеткізеді. Ал қу түлкі болса ертеңінде Арыстанға келмей қалған себебін айтып, сырқатынан қасқырдың артқы аяғын сіңірін жеп айыққанын хабарлайды. Мұнан соң аң патшасы қасқырдың сіңірін қанын судай ағызып суырып алғанын, ал түлкі болса қасқырды әжуа қылып, барша жұртқа күлкі еткенін автор :


Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,

Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп.

Сөз жүгіртіп, шағыстырған қасекеңдер,

Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп


- деп корытындылайды. Сатирик жазушының «Көк төбетке» дейтін өлеңі :
Көк төбет, неге мұнша арсылдайсың,

Қабудан басқа шапшып тартынбайсың.

Үйір боп, күнде көріп жүрсең-дағы,

Өшігіп, өршеленіп, барқылдайсың,


- деп басталады да, көк төбеттің зияны жоқ адамдарды егер өзіне ештеңе бермесе талап тастаудан да тартынбайтынын нақты мысалдар арқылы жеткізеді. Әрине, бұл жерде көк төбеттің ит емес, адам екенін оның іс-әрекетінен әркім-ақ түсінеді.

«Сұңқар мен қарғалар» өлеңінде де көп қарғаның арасына түскен тәкаппар сұңқардың қалай қайғылы күйге душар болғаңдығы :


Қарғаның түсіпті әбден жүрісіне,

Кім білсін шыны сол ма, күн үшін бе?

Болыпты іс пен түсі айырғысыз,

Ісімен онда жұрттың жұмысы не?


- деп жырланады.

Ақынның қалың жұртқа кеңінен тарап, лайықты бағасын алған тұщымды еңбектерінің бірі – «Бозторғай»туындысы.


Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,

Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.

Болыпты мұңын шақпай, зарын айтпақ,

Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан,


- деп басталатын жыр жоддары бишара торғайдың шыңдықтың түбіне жетем деп талай зорлық-зомбылықтың куәсі болғандығын баяндайды. Ақыры ол қырғидан да, қаршығадан да, лашыннан да қолдау таппай құс патшасы бүркітке шағымданбақшы болады. Оны автор :
Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын,

Шаққанын ішкі мұңын, шақпағанын.

Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,

Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын,


- деп екіұшты күмәнмен аяқтайды. Себебі, патша үкіметі тұсында қарапайым адамға әділдіктің түбіне жету мүмкін емес еді. Автор осыны бозторғайдың образы арқылы жеріне жеткізе ащы мысқылмен көрсете білген.



Түстің бе мұндай күйге, көкжал арлан,

Жолдасқа қалай екен мынау жалған?

Кешегі дер күніңде бүйтемін деп,

Жоқ едің түсте көріп, ойға да алған,


– деп басталатын «У жеген қасқырға» деген мысалында өмір бойы әлсіздерге тырнағы батып, жалғызды да, жарлыны да, қимасты да зар қақсатқан у жеп қақпанға түскен қасқырдың аянышты сәтін суреттей келіп, осының бәріне өзің кінәлісің, жарлы-жақыбайға жасаған қиянатың үшін жауап беретін кезің жетті дегенді айтады.

Енді С. Дөнентаевтың Кеңес кезеңінде жазған сатирасына көңіл аударалық. Бұрынғы өлеңдеріне қарағанда көп ерекшелік бар. Біріншіден тақырыпқа байланысты. Ақын арыстан, қасқыр, түлкі, бозторғайды қойып, тікелей сынайтын кейіпкерінің нақты атауын «Елшілге», «Жолдама сандуғаш», «Шошқа мен саудагер», «Бешкенің зары», «Драмашыға», «Нағиманың өкпесі», «Портпел», «Бір адвокаттың мінезінен», «Жәкең молда» деген сияқты алдыңғы катарға шығарады.

Екіншіден, кейіпкерінің теріс мінездерін көрсете отырып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның кем-кетігін алақандағыдай ашып тастайды. Мысалы оның «Шошқа мен саудагер» деген сықағы - бүгінгі таңға да тән нәрсе.

Шықты тысқа бай-патша,

Шашы, мұрты күзелген.

Жалт-жұлт қарап жан-жаққа,

Ішкен бе әлде бір жерден.
Көзі түсті кешікпей,

Боқтық қазған шошқаға.

Қояр емес өшікпей,

Шошқа түгіл басқаға.


Боқтығын жеп жай тұрған,

Сорлыға ұрсып жатты ақыр.

«Мынаны жейді ант ұрған,

Ой, лағынет, нас кәпір!


Жер дүниенің боқтығы,

Осы арада үйілген.

Адалдығың, жоқтығы –

Осы ғой жұрт түңілген!»


Қорс етті де тіл бітіп,

Керемет пе, сиқыр ма?!

Деді шошқа : «Бос қыртып,

Боқ қарының, құтырма!


Өзіме адал жегенім,

Ақысы емес адамның.

Сенің адал дегенің –

Нақ әкесі арамның.


Оңға сатып, бірге алып,

Бейшараны тонайсың.

Байып алып, ырғалып,

Ақ малым деп борайсың.


Адал ма екен безгендік,

Рақымнан, нысаптан?

Кем-мұқтажды езгендік,

Кешіле ме мал тапсаң?»


Қазір қолы байлық пен билікке жаткендер өздерін басқалардан жоғары санап, не айтсам сол болады деген күйге көшкен. Оған сенің білімің де, ел арасыңдағы қадыр-қасиетің де бес тиын. Бұрынғы «аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген заманға қайтып оралдық. Міне, осы жайды Сәбиттің «Бір адвокаттың мінезінен» атты өлеңінен айқын байқаймыз.
- Айналайын қарағым,

Арағың бар ма, арағың?

Полный бөтелке

Әй, атаңның, бабаңның...

- Темекі ме? Мә, саған!

- Койдым, қойдым, нет. «Не вам»

- Шорт тебя знает, ақша жоқ,

Все равно пополам.

- Твю язвитый вставою!

Қый-қый, қый, Итбай, Итбай-ай.

«Ой»... қа-қа-қа-қа...

Кой дейм, қой дейм, қой енді-ай.

- Кешерва шервонца,

Е без конца...

Ей бүгін ұстап қойдым...

Ты уйдешь таң атса.


Осыдан жастардың бойындағы қисық мінезді көреміз. Жоғары білімі, атақ – абыройы болса да қу құлқынды толтырудың соңына түсіп, халық үшін, оның болашағы үшін түк ойламайтын жатып ішер жалқау, автордың сөзімен айтқанда «бит, бүргелердің» шамадан тыс көбейіп кеткендіктерінің куәсі боламыз.

С. Дөнентаев - ақын, жазушы, сатиригімен қатар көркемсөз шебері де. Осы жазушының «Көркемтай» деген әңгімесіне, және газет, журнал беттерінде түрлі тақырыпқа жарияланған «Кекесіңді кою керек», «Баспасөз күшейсін», «Газет көпке тарасын», «Тілшілікке назар салынсын», «Әуелі шаруа оңдалу керек», «Қолқабыс комитеті», «Әркім өз котырын өзі қасу керек», «Есте болатын іс», «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігін калай ұғу керек» сияқты көптеген ұсақты-ірілі мақаларынан айқын сеземіз.



«Көркемтай» - әкесі мен шешесінен жастай айырылғаннан соң жетімдіктің құрбанына айналған жас баланың қайғы-қасіретін көрсетуге арналған шығарма. Ә дегеннен «Көркемтайдың әкесі ерте өлген. Оны асырап-тәрбиелеп отырған шешесі, байы өлген соң, баласы үшін бір жақын әмеңгеріне тиіп, орнын күтіп отырып қалып еді. Тиген әмеңгері Ысқақ деген кісі, мейірімсіз катты адам болғандықтан, тек «мен саған бай болдым» деп коқақтағаннан басқа қылар жақсылығы болмады» деп басталатын әңгіме бірте-бірте шарықтау шегіне жетіп, шиеленісе береді. Ақыр соңында мәпелеп, күтіп, ешкімге күнін түсірмей тәрбиелеп отырған шешесі кайтыс болған соң үйден, күйден, малдан айрылып күтусіз калған Көркемтай көп ұзамай қайғылы жағдайға ұшырайды. Осы бір адам жаны түршігерлік оқиғаны жазушы : «...Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай, жаратылыстың каһарына көне алмай, жаңа тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай, қорғансыз, бақытсыз, жоқтаусыз ескен Көркемтай айдаладағы көк моланың бір бұрышында қызарып батқан күнмен бірге ақтық дем алысын бітіріп, қайтпас сапарға кетті. Талайлардың түбіне жетіп, көкейін кескен рақымсыз уын жас ағаштай тамырланып келе жатқан есіл жасқа да жіберіп, жауыз өлім көңілін тындырды» - деп суреттейді.

Кезінде С. Дөнентаев қарапайым халық арасында баспасөзді үгіттеп, насихаттап қана қоймай, оны тарату жолында да көп істер тыңдырған. Ол өзінің «Баспасөз күшейсін» деген макаласында : «Асса барлық дүниеде, қалса өз мемлекетінде не болып жатқанынан хабар беретін, кімдер нені істеп жақсылыққа, нені істеп жамандыққа ұшырап жатыр; қай жерде қандай елігерлік қызық бар, қандай жеркенерлік бұзық бар - солардың бәрінен мағлұмат беретұғын баспасөз, газет, журналдар екені жұрттың бәріне мәлім» - дей отырып, бұрынғы кезде баспасөз тек қана әлділер мен күштілердің ғана сойылын соқса, енді қара халықтың да қамын ойлайтын болды деп, сөзінің соңын : «Ал, еңбекшіл шаруалар! Жалпақ жұмыскер тобы! Сендер де жасай біліңдер, жазыңдар! Жазылыңдар! Күшейсін баспасөз!» деген ұранмен аяқтайды.

Оның «Газет көпке тарасын» атты екінші мақаласы да осы мазмұндас. Алдымен автор баспасөздің қоғамнан, жеке адамның өмірінен алатын орнын : «Газет жұрттың айнасы» дейміз. Газет жұрттың керегіне жауап береді дейміз. Газеттен жұрт асса дүниеде, қалса айналасындағы елде не болып жатқанын біледі дейміз. Жақсы хабарды есітіп қызығып, қолынан келгенше сондай іс істеуге тырысып, жаман хабарды есітсе, ондай жұмыстан бойын сақтап ұстайтын болады. Қысқасы, адам қатарына кіріп, басқалардай өмір сүруге жарау үшін газет, журнал-баспасөзсіз мүмкін емес дейміз» деп түсіндіріп алады да, одан әрі бұрын қандай да бір басылым болмасын үстем таптың қамын ойлағандығын, ал ендігі шығатын газет, журналдардың барлығы да езілген еңбекшіл таптың жоқтаушысына айналмақ, сондықтан «Езілген еңбекшіл ел қатарына кірем десе, оның газеті көпке тарасын!» деген корытындыға келеді.

Енді С. Дөнентаевтың газеттің жаны, тіпті жүрегі деп атауға тұрарлық тілшілер, олардың мақсат – міндеттері туралы жазған «Тіршілікке назар салынсын» деген қыска да болса нұсқа боларлық баспасөз тақырыбына арналған тағы да бір мақаласымен танысып көрелік.

«Осы күнде елдегі тілшілеріміздің жүзден бірі болмаса, көбі газетке не жазуын білмейді. Кейде көпке жанасы жоқ, жә біреудің жайын ертегілейді : кейде көзі жетпеген бір «қатын өсекті» қойып қалады. Кейде біреумен араз болса, соны жамандап газет бетін босқа толтырады, болмаса, елдің партиясына кіріп, қарсы жағының қылп еткенін қойдай тоғытып, дүние пәлені орнатады : не жүрген жерінде «ұлтшылдық» түтін бықсытып, түймедей нәрсені түйедей қылып, «ел көшті, жау жеттілеп» аспанның астын жаңғырықтырады. Бұл сияқты тілшілер еңбекшіл елге газетті айна қылып көрсете алар ма? Әрине, жоқ. Олай болса, тілшілердің әуелі міндетін білсін. Көрінген «өсекті» газетке ала жүгірмесін, қалпынан асырып, біреуді мақтап, біреуді боқтамасын. Қысқасы, болған оқиғаның дәл шынын жазсын».

Бұдан біз журналист Сәбиттің басқаларға үлгі-өнеге боларлықтай бастама көтеріп, сол кездегі қоғамның ең бір шешілуі қиын мәселесін күн тәртібіне алып шығып қана қоймай, оның жүзеге асу жолдарын да көрсете білгенін байқаймыз. Соңдай-ақ жазушы осы тақырыпқа арнап «Жаңа кітаптар», «Тілшілер ұйымы туралы», «Тілшілер хабарын шаруа мұңына жақындастырсын», «Тілшілер шаруа мұңына қайткенде жақындаспақ», «Тілшілер хабарды қалай жазулары керек», «Газетке хабар жазушы жастарға», «Баспасөз күнінің қаңдай әсері қалу керек», «Жазушыларға» деген көптеген мақалаларын арнаған. Осыдан-ақ оның қарапайым халықтың шын жанашыры болып қана қоймай, жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін қызмет еткен күрескер болғандығын да көреміз.

ХХ ғасыр басында казақ қоғамыңда басқа да шешуі қиын деген істердің қатарында әйелдердің бас бостандығы, теңдігі сияқты мәселелер де тұрды. Бұған сол кездегі саяси істердің бел ортасында жүрген С. Дөнентаевтың да немқұрайды қарамағаны байқалады. Ол әйелдер теңдігі тақырыбына арнап «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігін қалай ұғу керек?», «Ұялып жүрмейік», «Қалыңмал мен көп қатын алудың тарихы», «Қазақ әйелдері әм сауатсыздық», «Загске тіркетіп қайтса болғаны», «Әйелге жаны ашыған кісі оқыту жағына жәрдемдес болсын», «Қазақ әйелдері туралы» деген бірталай еңбектер жазған.

Енді солардың кейбіреуіне қысқаша болса да тоқталып өтелік.

Мысалы, жазушының әйел теңдігі тақырыбына жазған «Естен тастамау керек» атты мақаласы бар. Онда автор қазақ әйелдерінің өз құқықтарын білмейтұғыңдығын, сондықтан да төмен етек саналып, қоғамнан өз орнын таппай отырғандығын, олар үшін ел болып қызмет жасап, әйелдердің абырой, даңқын арттырмасақ... Дәрігерге барған ауру кісі «жарты денемді оңдасаң болады, қалғаны не болса, сол болсын депті» дегеңді естіген кісінің күлмейтіні, әлгі ауруды ақымақ демейтінін қалар ма еді? Олай болса, бәріміздің де ақымақ атануымыздың жөні жоқ. Еліміздің жартысы болып отырған әйел тобының тілегін бүркеп қойып, өзіміз жетілуді ғана ойласақ біздің де әлгі аурудан артық жеріміз қалмайды. Біздағы тарих бетінен ақымақ деген орынды алуымыз айдан жарық» деп жас пен кәріні, оқыған мен билік басында отырғандарды ойланып, толғануға, аналары мен апаларының, қарындастарының тағдырына немқұрайды қарамауға шақырады.

Оның «Қазақ әйелдері туралы» деген көлемді туындысында қазақ әйелдері қаңдай болу керек, оларға тәрбие берудің қандай жолын тандап алуға болады, ең бастысы ғылым, білімге иек арту кажеттігі : «Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмыска, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Және солардың ішіндегі татымды, таңдаулысын өрнек қылып ұстауымыз керек болады. Бізге Европаның еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымдағынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа - бір, тұрмысы үйлеспейді - екі. Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді. Оның себебі оларда әрқайсысы әртүрлі тұрмыста және шариғатқа жала жауып, әлі күнге жасырынбақ пердеден құтыла алмай келеді. Енді былай болғанда ғылым туралы өрнекті кімде ғылым болса, сонан алып, тұрмыс жайында өзіміздегіні өңдеп, еркіндікті мол кіргізуге кұлаш ұруымыз керек» деп анықталған.

Жазушының тағы да бір ерекше назар аударып, қадала жазған тақырыбы - оқу, білім мәселесі. Оның «Әркім өз қотырын өзі қасу керек», «Оқу - ойыншық емес», «Оқу-ағарту жабдығы», «Сауатсыздықты жою жөнінде ұялмайтын болыңдар» атты мақалаларынан туған халқының болашағы үшін отқа да, суға да түсуге даяр, жанашыр адамның іс-қимылын көреміз.



Мысалы ол бұл тұрғыда өзінің «Оқу-ойыншық емес» деген материалында : «Осы күнде қазақ балаларының көбі оқуға сусап жүргені рас. Кіңдік губерния, уезд қалаларында оқу мезгілі түгіл, қыс ортасына шейін оқуға деп келіп жатқан, орын таба алмай кетіп жаткан балаларды көресің.

Бірақ өкінішке қарай, біздің оқуға сусап жүрген жастарымыздың арасыңда бір көңілсіз әдет бар; қанша жерден келіп, қанша бейнетпен қірген мектебінде үзбей екі жыл оқып шығатын қазақ балалары шамалы болады. Мәселен, Семейдегі қазақ педтехникумынан оқушылардың биылғы оқу жылына 50-ақ пайыз келетін түрі бар» деп мәселенің мән-жайын түсіндіріп алады да, одан әрі : «Онан соң әрбір мекеме әм қызмет адамдары сол баланың кірген мектебін бітіріп шығуына міндетті болатын болсын. Олай болмаған уақытта оқуға алынбайтын болсын. Толық себепсіз оқуға келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарландырмаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жиғызылып отыратын болсын.

Мектепке кірген бала, оқуын бітірмей шықпасын. Аяқсыз шықкан бала зерттеусіз бетімен жіберілмейтін болсын. Оқу – ойыншық емес, міңдетті болу керек» деген қатаң талап қояды.

Ал «Оқу-ағарту жабдығы» атты еңбегінде мұғалім деген кім, ол қаңдай болу керек, оған қойылатын талаптар туралы әңгіме қозғайды. Мұғалімнің қоғамнан алатын орнын : «Бұл күңде оқу жұмысы 3-майдан атанып, оқу жұмысына шамадан келгенше күшті қазына көтергенше пұл жұмсалу керектігі сөйленіп өтті. Оқытушылардың тұрмысын көтеруге де байлау болды (еңбек ақылары 40 сомнан кем болмасын деген сияқты). Мұғалімдер міңдетін жалғыз оқытуға ғана емес, Коммунистер партиясы еңбекшілер үкіметінің елдегі қолқанаты болуға қазіргі салынып «бетті ауылға» деген ұранның бірсыпырасы солардың танысуымен орындалатынын айтып өтті. Өйткені елдегі көзі ашық топ - мұғалім. Олар жас буынды әлеуметшілдік (социалистік) тұрмысқа лайықты қылып тәрбиелеуге қандай міндетті болса, ел мен үкіметтің арасына дәнекер болуға, қара бұқараның білмегенін үйретуге, басшылық қылуға, онан да үлкен міндеттерді атқару керек. Мұғалім деген сөз үйретуші деген сөз болатын болса, жалғыз балаға ғана емес, кім білмесе соны үйрететін болса, соңда мұғалімдіктің атын ақтай алады» деп белгілейді.

Кезінде сыншылар С. Дөнентаевты ауыл ақыны, ауыл жазушысы деп кінәлаған. Бірақ ол кезде қазақтан шыққан зиялылардың барлығы да ең алдымен кедей, бай, тап тартысы, шаруашылық жайына тоқталып, одан кейін барып саясат, өндіріс, өнеркәсіп мәселелеріне біртіңдеп көшіп отырған. Бұл тұрғыда С. Дөнентаевтың «Әуелі шаруа оңалу керек», «Қолқабыс комитеті», «Бағай тоғаны», «Тағы да Қарқаралының шаруашылық жайынан», «Балқашқа көңіл бөлінсін», «Қарның тояр тіленбей деген осы», «Биыл шаруа тәуір», «Жалшылар ұйымына көңіл қойылсын», «Кооперация өзі ағармай, елді ағарта алмайды», «Наурыз мейрамы», «Ауылдағы шаруаның күзетшісі - ауылдық кеңес», «Қаракүйеден кашан да болса сақтану керек», «Май қорытатын жаңа лаборатория», «Қосшының басындағы қызметкерлері қайратты болулары керек» деген сияқты бірталай туындыларын атап өткеніміз жөн.

Мысалы, ол «Әуелі шаруа оңалу керек» деген мақаласыңда жаңа үкімет орнаса да, кедейлердің жай-күйі әлі оңалмай отырғандығын тілге тиек етіп «Тегінде кедейлердің өзара ұйымдары күшті болса, олар жауапты қызметкердің аузына карамай, жауапты қызметкерлер «Тілектерімен калайтындарың не? Орындай беретін?» деп жылмаң-жылмаң етер еді. Жүз кедейді шұбыртып, бір байдың ертіп жүретін сұмдығы да қалар еді. Бірақ, амал бар ма? Әзір ол халге жетіңкіремей келеміз» деп, бұл тығырықтан шығудың жолын карастырады.

Ал, екінші бір «Бағай тоғаны» атты шағын материалында автор маңдай тер арқылы келген қуаныштың жемісі де мол болатындығын «Қарқаралының Ақшатау елінде Жамшы деген өзен бойында Құлжамбек баласы Бағай деген ақсақал бар, жасы 60-қа келіп қалған.

Бағай ақсақал өміріңде өзінің еңбегін ғана сүйген адам, казақ ішінде отырып, өзі қазақ бола тұрып, шақырмай бұл жасында бір адамның есігін ашқан емес» деген сөзбен дәлелдей келіп, өз ойын одан әрі Бағай тоғанының кей жерлері, тереңдігі кісі бойы, колұсыным, Бағай ақсақалдың екі жылдай ерні кезеріп қазған тоғаны былтырдан бері алтын берді. «Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды» деген осы. Көп қазақ жаздай бос жүреді. Қыдырып ішкен қымызға мәз болып, қысқы өмірді ойламайды, ойласа қара суды теріс ағызып Бағайдай болу керек. Екі жыл екі баласымен қазған Бағайдың арығын осы күні ел «Бағай тоғаны» деп жүр. Үш адамның еңбегі 30 үйлі жанға өмірлік азық болды», - деп өрбітеді.



Жалпы С. Дөнентаевтың бұл тақырыпқа арналып жазылған еңбектерінің көпшілігі арада көптеген жылдар өтсе де, бүгінгі таңға да сабақ боларлықтай мазмұнды да маңызды мәселелер деп білеміз. Бұдан басқа жазушының саясат, тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 1916 жыл оқиғалары, жастар проблемаларына арнап жазған бірталай құнды туындылары тағы бар. Ол - өз алдында бөлек зерттелетін бағыт-бағдар. Олай болса, біз С. Дөнентаев сынды ақын, жазушы, көркемсөз шебері әрі сатириктің шығармашылығын зерттеу болашақтың ісі деп білеміз.
жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау