Ырғыз селосы нағашымыз жарбосынов қажығалиды



жүктеу 419,44 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата05.02.2018
өлшемі419,44 Kb.
#8764
1   2   3   4

6

23 тамыз,

2016 жыл

№34 (7896)

3

23 тамыз,

2016 жыл

№34 (7896)

«Адамның  басшысы  ақыл,-

шолушысы  ой,жетекшісі  тала-

п,қорғаушысы 

сабыр,соның 

бəрінен  ардақтысы,ішіндегі  ең 

тəттісі-сыйластық»  деген  екен 

ғұламаларымыз.  Ұлағатты  ұс-

таз  Қама  апаймен  көп  жылдар 

бойы сыйластықта болғанымды 

мақтан  тұтамын.Ал,  осындай 

сыйластыққа  адалдығымды  ол 

кісінің тоқсанға толуын баспасөз 

бетінде  жариялау  деп  есептей-

мін. 

Қама  апай  өмір  қиындықта-



рын  басынан  өткерумен  қатар 

,ұлтымыздың  барлық  жақсы 

қасиеттерін  бойына  жинап,  ар-

дақты  ана  болудың  ерекше  үл-

гісін көрсеткен жан.

Тектіден  текті  туады,ата  жо-

лын  қуады-демекші  елі  үшін 

имандылыққа  қызмет  еткен 

Əбдіхалық  ақсақалдан  тараған 

апайымыз:бармыз  деп  тас-

паған,жоқпыз  деп  саспаған, 

балаларын  қарапайым  ең-

бекқорлық  пен  адалдыққа,а-

дамгершілікке  баулып,тəрбие-

леген ана.

Қама  апайдың  жүзінен  нұр 

шалқып,шəкірттерін 

елжірей 


өзіне  тартып  тұратын.  Соғыс 

жылдарындағы  асқан  қатал  та-

лапшылдық  пен  тəртіпте  өскен 

ұстаз  өз шəкіртерінен де дəлдік-

ті талап етті. Оқушылардың та-

ланты  мен  бағдарын  айқындай 

білуге  баулу,  оларға  жақсылық 

жасау,жастардың жігері мен на-

мысын  жасытпай,адамшылық 

пен  парасаттылықтың  пернесін 

теңдей  басып,жеткіншектердің 

жүрегіне  жол  табу-ұстаз  апай-

дың  берік  ұстанған  қағидалары 

болды.  Алдынан  өткен  талай 

шəкірттері: Асқар Дəулетов,Ела-

ман Байгожин,Хамит Өтеуов т.б. 

соның қазіргі куəсі. 

Тəрбие  берудегі  жетістіктері 

ешқандай алтынмен өлшенбей-

тінін  Құмтоғайдың  қалың  жұрт-

шылғы жақсы түсінеді.

Ол  өз  тəлімін  кіші  немересі-

не  де  дарытып,дара  жолмен 

тəрбиеледі.  Сөйтіп  2016  жылғы 

мектеп  бітіруші  Мейірбек  орта 

мектепті алтын медалмен аяқта-

п,қазір Астанадағы Л.Н. Гумилев  

атындағы  Еуразия ұлттық уни-

верситетінің студенті атанды.

Елдің 


бейбатпасы,ауыл-

дағы  имандылықтың  көшбас-

шысы-Қама  апайдың  ұстаздық 

тұлғасына  бас  ие  отырып,оған 

зор  денсаулық  жəне  жастары-

мыздың  даму  бағыттарына  ру-

хани белгі бола бер-демекпін. 

Қ.АЙТҚҰЛОВ,

зейнеткер,

 Қазақстан Республикасы  

білім беру ісінің үздігі

АУДАН  МҰҒІЛІМДЕРІНІҢ  ТАМЫЗ  МƏСЛИХАТЫ ҚАРСАҢЫНДА

Ұлағатты ұстаз –тоқсанда



Ақтөбеде осымен  үшін-

ші рет бауыр транс-

плантациясы жасалды. 

Бұл жолы 48 жастағы 

Сапабек Алхановтың 

бауыры ауыстырылды. 

Науқасқа  26 жастағы 

ұлы  Жалғас Қайырбек 

донор болды.  Отаны 

облыстық ауруханада 

Сеул ұлттық универси-

тетінен келген профес-

сор Кванг Вунг Ли жəне 

ҚР Ұлттық медицина 

орталығы жанындағы 

республикалық транс-

плантология орта-

лығының басшысы, 

академик, профессор, 

медицина ғылымының 

докторы  Жақсылық 

Досқалиев бастаған 

ақтөбелік хирургтер 

жасады.

 Сапабек Алханов Ырғыз ау-

данының тумасы. Ұзақ жылдар 

бойы    бірінші  ретті  билиарлы 

бауыр циррозынан зардап ше-

гіп келген. Аурухананың табал-

дырығын тоздырған Сапабекке 

дəрігерлер  бауырды  ауыстыр-

маса болмайтынын айтады.

Сапабектің екі ұл,  бір қызы 

бар. Əкесінің жағдайын естіген-

де балалары қатты алаңдапты. 

Үлкен ұлы Жарас бірден донор 

болуға  келісіп,  Алматыдағы 

А.  Сызғанов  атындағы  меди-

циналық  орталықта  тексеру-

ден  өтеді.  Алайда  бауырының 

көлемі  кіші  болып,  тəуекелге 

бара  алмайды.  Осыдан  кейін 

екінші  ұлы    Жалғас  донор  бо-

луға шешім қабылдайды. Бар-

лық  медициналық  тексеруден 

өтеді.

Жалғас  биыл  жиырма  ал-



тыға толды. Отбасылы, бір ұл, 

бір қызы бар.

—  Жалғастың  бауыры  сəй-

кес келген соң, отаға дайындық 

басталды.  Барлығымыз  қатты 

уайымдадық.    Ота  жасайтын 

сəт жақындаған сайын  қорқы-

нышымыз үдей түсті.  «Отадан 

кейінгі  жағдай  қалай  болар 

екен»  деген  күдік  көкейімізден 

кеткен  жоқ.  Жалғастың  ден-

саулығына  алаңдадық.  Бірақ 

үмітіміз  үзілмеді.    Дəл  қазіргі 

сəтте  қайғымыздан  қуанышы-

мыз  басым  болып  тұр.  Дəрі-

герлер  отаның  сəтті  өткенін 

айтып, қуантып тастады. Отаға 

қатысқан  барлық  ақ  халатты 

жандарға  алғысымыз  шексіз. 

Алла  олардың  отбасын  осын-

дай  қайғыдан  сақтасын,  — 

деді  Сапабектің  апасы  Ажар 

көзіне  жас  алып.  Сапабектің 

отбасы  мен  ағайын-туыстары, 

келін-балаларының  барлығы 

таңертеңнен  ауруханада  жүр. 

Барлығының  көңіліндегі  мұң 

сəл болса да сейілгендей.

Хирургтер бауыр трансплан-

тациясы  бойынша  алғашқы 

отаны  Сапабекке  жасауды  ұй-

ғарады.  Алайда  соңғы  шешім 

қабылдар сəтте науқас та, до-

нор  да  тəуекелге  бара  алмай, 

отаны кейінге қалдырыпты.

— Бұл отаны наурыз айын-

да  жасамақ  болдық.  Бірақ  на-

уқас  тəуекелге  бара  алмады. 

Сəті  бүгін  түсті.  Ота  өте  сəтті 

жасалды.  Қазір  ақтөбелік  хи-

рургтер  көп  нəрсені  үйренді, 

сенім  артуға  болады.    Əлі  де  

бірнеше  отаны  бірігіп    жасай-

мыз.  Себебі  бұл  өте  күрделі 

операция. Бұған дейін ота жа-

саған  екі  адам  мен  бұл  жолғы 

науқастың  ауруы  əр  түрлі,  — 

деді профессор Кванг Вунг Ли.

Ота  алты  сағатқа  созыл-

ды.  Екі  бригада  жұмыс  істеді. 

Облыстық  денсаулық  сақтау 

басқармасының басшысы Əсет 

Қалиев  бастаған  ақтөбелік  хи-

рургтер  Жанəділ    Əділғазы, 

Базылбек  Жакиев  жəне  Аста-

надағы    ҚР  Ұлттық  медицина 

орталығынан    келіп,  жұмыс 

істеп  жатқан  маман  Ермахан 

Асылханұлы  секілді  бірне-

ше  хирургтер  отаға    қатысты.   

Кванг  Вунг  Ли  мен  Жақсылық 

Досқалиевтан  отаның  қыр-сы-

рын үйренді.

— Бауыр трансплантациясы 

— өте күрделі ота. Бұл — науқа-

стың  өмірін  ұзартуға  берілетін 

бір  ғана  мүмкіндік.  Ота  сəт-

ті  немесе  сəтсіз  жасалуы  да 

мүмкін.  Себебі  əр  адамның 

ағзасы,  денсаулығы  əр  түрлі. 

Оның  үстіне  бауыры  бұзылған 

адамның  барлық  дене-мүшесі 

сау  болмайды.  Оның  бүйрегі, 

жүрегі  тіпті  бас-миына  дейін 

зақымданады. Себебі ағзадағы 

негізгі  тазартушы  мүше  істен 

шыққанан  соң,  барлық  дене 

мүшенің қызметі бұзылады. Біз 

—  Құдай  емеспіз.  Сондықтан 

науқасқа  алдын  ала  ескертіп, 

барлығын  түсіндіріп  айтамыз. 

Адам денесіндегі ең тез жетіліп 

шығатын  мүше  —  бауыр.  До-

нор бауырының жетпіс пайызын 

алып науқасқа саламыз. Жарты 

бауыр  алты  айдың  ішінде  қал-

пына келеді.

Ақтөбелік хирургтердің  қада-

мы өте сəтті жүріп жатыр. Қазір 

дəрігерлер көп нəрсені меңгерді. 

Алда əлі де бірнеше ота жаса-

лады. Жалпы бұл — Сеул ұлт-

тық университеті мен облыстық 

əкімдік  арасындағы  келісімнің 

нəтижесі.  Соның  негізінде  ба-

уыр  трансплантациясы  дамып 

келеді.  Қазір  бұл  жерден  Ақтө-

бе халқы ғана емес, батыс өңір 

бойынша  науқастар  көмек  ала 

алады,  —  деді  Жақсылық  До-

сқалиев  отадан  кейін  журнали-

стерге берген сұхбатында.

Əсет  Қалиев  ағза  транс-

плантациясы  бойынша  өңірде 

барлық  мүмкіндіктің  жасалып 

жатқанын  айтты.  Биыл  Астана-

дағы  ҚР  Ұлттық  медицина  ор-

талығынан  келген  маманға  бір 

бөлмелі пəтер беріліпті.

—  Бұндай  күрделі  отаны 

ақтөбелік  хирургтер  ешкімнің 

көмегінсіз  жасай  алуы  керек. 

Қазір  біз  осы  мақсатта  жұмыс 

істеп жатырмыз. Біздің дəрігер-

лер  көп  нəрсені  үйренді.  Қазір 

бүйрек  трансплантациясын  өз-

дері жасай алады. Енді бауыр-

ды меңгерсек, бұл үлкен жетістік 

болар еді, — деді басқарма бас-

шысы.


Жыл  басынан  бері  10  бүй-

рек, 3 бауыр трансплантациясы 

жасалды.  Сондай-ақ  биыл  қа-

зан  айының  басында  халықа-

ралық  тəжірибелі  хирургтердің 

қатысуымен 

республикалық 

конференция өтеді. Осы жиын-

да бауыр ауыстыру отасын ла-

пароскопиялық  əдіспен,  яғни 

3D  аппаратымен  жасау  тəсілі 

айтылады.  Бұл  əдіс  бойынша 

донордан  бауыр  лапароскопи-

ялық  əдіспен  алынады,  яғни 

денеге  түсетін  тілік  өте  аз  бо-

лады.  Жаңа  аппарат  бір  айдан 

кейін келеді. Бұл əдіс əлі еліміз-

ге енгізілген жоқ. Бірінші болып 

ақтөбелік мамандар тəжірибеде 

қолданбақ.

 

 Кəмшат ҚОПАЕВА.

(«Ақтөбе»   газетінен)

Ырғыздық азаматтың 

бауыры ауыстырылды

Құқықтық сауат

Бұл айдарды 

заңгер

 

Серік 

Жолдыбай 

жүргізеді



Толық екі жалақымен жұмыс істеуге 

бола ма? 

Біржарым  айлық  мөлшерлемемен 

жұмыс  істеу  –  ұшырасып  тұратын 

жəйт. Ал, екі жұмысты қатар атқарып, 

толық  екі  жалақымен  жұмыс  істеуге 

болады ма? Еңбек заңдылығында оған 

қандай да бір тəртіппен мүмкіншілік бе-

ретін қағидаттар орын алған ба?   

Маржан

     


Еңбек 

кодексінің 

1-бабының 

1-тармағының  56)  тармақшасында  қоса 

атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі 

қызметінен  бос  уақытында  еңбек  шарты 

жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа 

жұмысты  орындауы  деген  т үсіндірме 

бе ріледі. Ал, 32-бабында қоса атқаратын 

жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс 

берушімен  жасағысы  келген  жұмыскерге 

негізгі  жұмыс  орны  бойынша  еңбектің 

сипаты  мен  шарттары  (жұмыс  орны, 

лауазымы,  еңбек  жағдайлары)  туралы 

анықтама ұсыну міндеттеледі.

Бұл  негізгі  қызметіне  қосымша  басқа 

ұйымда  қызмет  атқарғысы  келушіге 

қойылатын талап. Сон ымен бірге кодекстің 

111-бабы сол бір ұйымда, еңбек шартында 

көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар 

басқа  қосымша  жұмыс  орындаушыға 

не  уақытша  болмаған  жұмыскердің 

міндеттерін  өзінің  негізгі  жұмысынан 

босатылмай  орындаушыға  қосымша  ақы 

төленуін көздейді. Егер уақытша болмаған 

жұмыскерді алмастыру алмастырушының 

лауазымдық  міндеттеріне  кіретін  болса, 

онда  ол  үшін  қосымша  ақы  төленбейді. 

Сондай-ақ,  он  сегіз  жасқа  толмаған 

жеткіншектерді,  ауыр,  еңбек  жағдайлары 

зиянды жəне қауіпті жұмыстарда істейтін 

жұмыскерлерді  қоса  атқаратын  жұмысқа 

орналастыруға жол берілмейді (ЕК-нің 26-

бабы).


Кодексте  қоса  атқарылатын  жұмыс 

төленімінің  шекті  межесі  көрсетілмеген. 

Жоғарыда  аталған  111-бапқа  сүйенсек, 

оның 


мөлшерін 

жұмыс 


беруші 

орындалатын  жұмыс  көлемін  негізге  ала 

отырып,  жұмыскермен  келісім  бойынша 

белгілейді.  Ендеше  заң  жүзінде  жұмыс 

істеушінің  атқарған  қызметіне  толық  екі 

жалақы алуына тыйым салынбайды.



Талап қою мерзiмi қандай?

Мемлекеттік 

кіріс 

инспекторы 

маған  салық  жөніндегі  үш  жыл  өтіп 

кеткен  берешегімді  өтеу  жөнінде  хат 

жолдапты.  «Үш  жыл  өткеннен  кейін 

қандай берешектің де болса талап қою 

мерзімі  ескіреді,  өтеуге  жатпайды» 

деп  естігесін  мəн  бермей  жүре  беріп 

едім.  Бір  күні  соттан  шақыру  қағазы 

келіп тұр. Солардың талабымен менің 

үстімнен азаматтық іс қозғалыпты. Сот  

талапты қанағаттандыруы мүмкін бе?  

Асқарбек

Азаматтық  кодекстің  178-бабында 

талап  қоюдың  жалпы  мерзiмi  үш  жыл 

болып  белгiленген.  Бірақ,  сонымен  бір-

ге,  талаптардың  жекелеген  түрлерi  үшiн 

басқа  заңдарда  талап  қоюдың  жалпы 

мерзiмімен салыстырғанда қысқартылған 

немесе  неғұрлым  ұзақ  арнаулы  мерзiм-

дерi  де  белгiленуi  мүмкiн  екені  көрсетіл-

ген. Ендеше Салық кодексінің 46-бабына 

сəйкес  салық  мiндеттемесi  мен  талабы 

бойынша  талап  қою  мерзiмi  —  бес  жыл. 

Салық  мiндеттемесi  бойынша  талап  қою 

мерзiмi  заңда  арнайы  көзделген  жағдай-

ларды  қоспағанда,  тиiстi  салық  кезеңi 

аяқталғаннан кейiн басталады.

Өмірзақ  Қожамұратов  –  қазақ  поэзи-

ясының  асқарына  Жұмекен  Нəжімеде-

нов,  Жүсіп  Қыдыров,  Құдаш  Мұқашев, 

Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов 

сынды  тарландармен  қатар  шыққан  та-

лантты  ақындардың  бірі.  Кезінде  əйгілі 

жыр алыптары Əбділда Тəжібаев пен Əбу 

Сəрсенбаевтан  бастап  белгілі  аға  буын-

мен  қатарлас  қаламгерлер  оның  ғажай-

ып  ақын  екендігін  мойындап,  байсалды 

көзқарастарын,  жылы  пікірлерін  бітірген 

болатын. Ақынның көзі тірісінде 3-4 кіта-

бы  шықты.  Ақын  сонау  Өзбекстанның 

Тамды  ауданында  1936  жылы  дүниеге 

келген. Мектепте, аудандық газетте еңбек 

етті. Ол 1986 жылы бар болғаны 47-жаста 

қайтыс болды. 

Өмірзақ  ақынның  жақтаушысы  да, 

іздеушісі  де,  зерттеушісі  де  өзінің  досы, 

қазақтың  қалаулы  перзенті,  сыншы-ға-

лым  Зейнолла  Серікқалиев  еді.  Ол  кісі 

Тамдыға  барып  ақынның  қолжазбала-

рын  саралап,  «Ой  кешу»,  «Күн  астында 

– құдрет» кітаптарын жарыққа шығарып, 

достық парызын адал атқара білген. Жер-

лестері де ақынның мұрасын қастерлеп, 

есімін  ескерусіз  қалдырған  жоқ.  Мерей-

тойлары  сол  туған  жерінде  –  Кенимех, 

Үшқұдық аудандарында салтанатпен ата-

лып  өтіп,  екі  мектепке,  көшелерге  атын 

берген. 

Бүгінде  Өмірзақ  Қожамұратовтың 

80-жылдық мерейтойы аталып өтуде. Со-

нау алыстағы туған жерінен бастап, Алма-

ты  қаласында  да  іс-шаралар  өткізілуде. 

Өмірзақтың  ауылы  «Тамды»  бұлағының 

бойында болған. Ал, ата-тегі – Шөмекей, 

Бозғыл, Қайқы (Балқы) баласы болады. 

Ақынның  өлеңдері  мен  əндері  қазақ 

классикалық үлгілері ретінде қазақ мəде-

ниетінен  өз  орнын  алған.  Осы  мақсатта 

Өмірзақ  ақынның  80-жылдығына  арнап, 

ол туралы айтқан пікірлерді ұсынып оты-

рмыз. 


«Өмірзақ арналы да ойлы лирик бола-

тын нышан білдіреді. Жақсы үні мен жақ-

сы сырлары бар əуезді өлеңдері оқушы-

ны  сезімге  бөлейді,  əсем  ырғақтар 

бесікше  тербейді.  Əр  алуан  суреттер 

елестеп,  əр  алуан  дыбыстар  ойнайды. 

Өмірзақ  əлі  жас.  Оның  қазіргі  жырлары 

қуантса, болашағы зор үміт күттіреді.»                        

            

 

Əбділда Тəжібаев.

«Өмірзақтың  бойында  ақынға  тəн 

байқағыштық,  суреткерлік  бар.  Лео-

нардо  до  Винчи  айтқандай.  «Ұстаздың 

ұстасы  табиғаттың  үнін  ұғып,  содан 

қажетін ала білуге» талпыныс бар. Ол 

теректі терек, өзенді өзен деп өте бер-

мейді.  Өлі  табиғаттың  əрбір  құбылы-

сынан жанды бейне тауып, лайықты мі-

нез  беріп  отырады.  ...Дала  табиғатын 

суреттеумен бірге сол тарихқа да үңіл-

ген  жан.  Бұл  тек  Өмірзаққа  ғана  емес, 

бəрімізге  ортақ  ой.  Өмірзақтың  «Жи-

делібайсыны»  бізді  қанағаттандырған 

жинақтардың бірі. Бір кезде жырдың ше-

бері  Михаил  Святлов  Лев  Озеровтың 

жинағын  оқып  шыққаннан  кейін:  «Мен 

жақсы адамның биязы даусын тыңдаған-

дай болдым. Бір жинақтан сүйсініп оқы-

рлық  отыз  өлең  табылды.  Қуанарлық 

жағдай» - деген екен. Сол сияқты мен де 

«Жиделібайсыннан»  асып-таспайтын 

жас  ақынның  байсалды  ойын,  азамат-

тық үнін тыңдадым.»             

                           



Əбу Сəрсенбаев.

«Жақсы  жырларыңды  қуанып 

оқыдым. Жас болуың керек. Мына-

дай  жақсы  шумақтар  əсіресе,  жас 

адамнан естілгенде бөлек қуанта-

ды.  «Қазақ  əдебиеті»  газетіндегі 

шумақтарын  да  оқыдым.  Жақсы, 

əжептəуір жақсы.»                                          

              

Зейнолла Шүкіров.  

«Өлеңдері  ұнады.  Ғафуға  (Қай-

ырбеков), Қанахинге де өте ұнады. 

Мақтап  жатыр,  қуануға  болады  де-

ген.»

                   



Құланбай Көпішев.

«Газетте шыққан өлеңдеріңді редак-

тор аздап өзгертіпті, өксіме. Маған сал-

са, үтір, нүктесіне де тимес едім. Өлең-

дерің өте жақсы. Жаза түс, тарланым.»

  

 



Оспанхан Əубəкіров.

«Өмірзақ  мықты  ақын.  Солай  бола 

тұрса да осы пақыр əзірге пойызға би-

летсіз  мінген  жолаушы  тəрізді...  Ақын 

да  адам.Оның  шығармашылық  тағды-

рына да бірауыз көңіл аударған жөн ғой 

дейміз.  «Ақындарды  аялау  керек!»  -  де-

ген  Маркстің  сөзі  бар.  Өмірзақ  та  ая-

лауды қажет етеді. Ол Бұғардан қалған 

сынық қой...»

            

Мұқағали Мақатаев.

«...6 өлеңің басылды. Өте жоғары деп 

мақтады. Мен оларға сен туралы, сенің 

творчествоң  туралы  айтып  бердім. 

Өлең  жазуда  сенің  ұстаздық  еткеніңді 

айттым.  Өте  күшті  жазатын  ақын 

екен деп бағалады.»

                           

Тыныштықбай.

«Орта  Азия  республикаларындағы 

қазақ совет əдебиетінің ең үздік ақында-

рының бірі  - Өмірзақ.

 Өмеке!

Мініп ал да шабытыңа ырғып бір,

Бүгінгідей тамашалау тірлік құр.

Жəне де сен нажағайлы жырыңмен,

Дұшпаныңды  дүр  сілкінтіп,  дүрлік-

тір!»      

                                    

Свет Оразаев.

«Өмірзақтың  өлеңдерінің  тілінде 

жатықтық,  еркіндік,  жылылық  сезім 

сезіледі.»

                            



Ізтай Мəмбетов.

«Ақындық дегеніміз бір есептен сұлу-

лыққа  ғашықтық  шығар  деп  қаласыз. 

Айналадағы  көрікті  дүниені  көкірегіне 

тоқыған, нəзік əуенді жанымен сезінген 

ақын «Аққулар» атты өлеңінде сұлу су-

рет  арқылы  оқырманын  баурап  алады. 

Сенің де сол аққу жүзген көлге барғың, 

аққу күй төккен айдынды көргің келеді. 

Бұл  да  Өмірзақ  таланты  ауқымының 

кеңдігін байқатса керек.» 

                      

 Сəрсенбі Дəуітов.

«Өлеңдеріңді  оқыдым.  Жақсы  екен. 

Бекенге,  Мұқағалиға,  Ғаббасқа  оқып 

бердім. Мұқағали сен жөнінде өте жақсы 

пікірде. Өлеңдерің оған қатты ұнады.»  

                       



Дулат Исабеков. 

«Өмірзақ  Қожамұратовтың  ақын-

дық  өз  концепциясы  бар,  көзқарасы 

бар.  Қалыптасқан  қарымды  концепция. 

Табанды, тегеурінді көзқарас. Ол – қан-

дай  да  бір  құбылыстың,  табиғат  құ-

былысының,  өмір  шындығының  сəнінен 

гөрі  мəнін  ашуға  апаратын,  қатал  да 

қарабайыр, тар жол-тайғақ кешулі тағ-

дырдың  көзіне  жалтақсыз  тура  қарап, 

қажет  болса  қаймықпай  белдесіп,  оны 

жеңуге баптайтын күрескерлік ақындық 

рух-қуат.  Сондықтан  да,  Қожамұратов 

қандай  бір  мəселеде  де  айтары  бар 

ақын. Жəне сол айтатынын адал, анық 

айтатын ақын.» 

Бақыт Сарбалаұлы.

«Сұлулық  сөз  қадірін  қалтқысыз 

сезінетін  кез-келген  жүрек  Өмірзақ  Қо-

жамұратовтың  «Ой  кешу»  кітабының 

алғашқы  жолынан  бастап,  соңғы  нүк-

тесіне дейін асықпай бір ойланып оқып 

шықса болды, ақылман ауыл қариясынан 

албырт  сезім  шəкірт  жастарға  дейін-

гі  тұтас  бір  қауым  арман-мұраты  үн-

дес, жанашыр жан серігіндей тебіреніп, 

толғантар ғажайып қазақ ақынын жол-

басшысыз өздері де жазбай тануға тиіс. 

Тума  талант  туындыларынан  бұрын-

нан  хабары  барлар,  əрине,  жоғалтқан 

асылымен  қайта  табысады.  Ал,  жет-

кіншек  буын  өздерімен  етене  туыста-

сар тыңнан тұмса тағы бір жыр əлемін 

ашады.»

    

  Зейнолла Серікқалиев. 

«Өмірзақ Қожамұратов айтады:

«... біле кет,

Ақылдан адасқандардың,

Ажалдан адаспайтынын.

Тақ үшін таласқандардың,

Табытқа таласпайтынын.»

Тағы бірде былай дейді:

«... Жетеді соры ақынның,

Айдайды атты тасқынға.

Өлең дегенім қарағым,

Жетіқат жердің астында.

Айдаһар азуларында,

Мен соған кетіп барамын.»

Осы  Өмірзақ  пен  Төлеген  Айберге-

новтың  өлеңдерінде  ерекше  бір  «туы-

стық» бар. Кімнің кімге ұқсайтындығын 

айыру қиын. Өкініштісі – Өмірзақ ақынды 

бағалау кешеуілдеп барады. 

                          

Жарас Сəрсек.

«Мен өзімнен өзгені биік көрем,

Биік көрем,

Əрине, қызғанбаймын.

Шеңберлерін сан рет

Сызғандай ай, күн – 

Қаңтар емес.

Шілдеде қар тараған

Арман қанша

Алатау арқалаған...

Осы  шумақта  қаншама  кеңістік, 

қаншама дархандық, қаншама мəрттік, 

қаншама сағыныш жатыр... Өмірзақтың 

«Аққу  жыры»  бір  кезде  бірге  жүрген 

Мұқағалиға қанат бітірмеді деп кім айта 

алады.  Мұқаңның  «Аққулар  ұйықтаған-

да»  поэмасы,  байқап  отырсақ,  осы 

өлеңдерден  кейін  туындаған  сияқты. 

Ол бірін-бірі көшірді деген сөз емес. Ол 

ақындардың  ашық  көкіректеріндегі  ай-

дынның  аруағын  шақырып,  бұлар  да 

киелі  аққу  құс  ұқсап  бірін-бірі  оятқаны 

деп білу керек. Сонда ғана біз бұлардың 

бағасын дұрыс береміз. Ал, Өмірзақтың 

осыларға  көшбасшылық  еткенін  əсте 

жасыра алмаймыз. Олай болса ақындар-

дың  үлгі  алған  ұстаздарының  бірі,  бірі 

емес-ау,  бірегейі  –  осы  Өмірзақ  десек, 

оған ешкімнің де таласы бола қоймас

                             

  Сейфолла Оспан.

«Өмірзақ аға!

Жырыңмен жаным жайқалар.

Ашыққан өңір,

Кеш ұққан көңіл жай табар.

«Өлгендер қайтып келеді» деген өзің 

ең,

Кетіп ең самғап,

Өтінем зарлап, қайта орал!

                                     Серік Шұқын.

Демеймін кемеңгері дүниенің,

Демеймін көп алдында иілемін.

Мен бірақ,

Ей, Өмірзақ жырларынан,

Керемет бір от көріп сүйінемін.»

                

 Құрал Тұңғышбеков.

Өмекең «Сезім сəттерін» толғап қайта 

оралды. Мен де Өмірзақ Қожамұратовтың 

өлеңдеріне сусындап өскендердің бірімін.



 

Ауезхан АМАНДЫҚ. 

«Үзіліп түскен сәуле 

жүрегімнен...»

Жазушы, ақын Өмірзақ Қожамұратовтың 

туғанына 80 жыл

Өмірзақ ҚОЖАМҰРАТОВ

Ата Қазақ

1

Кең далада босып жүрген көшпелі,



Көзге ілінер дүниесі – бөстегі.

Бар бақыты маңыраған мал болып,

Жалпақ жонда жалғыз дəн де өспеді.

Өмір бойы байлық болып аңсары,

Мал соңында шалдықты да шаршады.

Ат шалдырып жерұйықтың үстінде,

Көзін жұмып жерұйықты аңсады.

2

Ай, Шолпанға көзін бабам мол сүзген,

Аспан жайын аз білмейді ол сізден.

Түзеп алып бетін «Темірқазыққа»,

Айсыз түнде тарта берер жолсызбен.

Адаспайды, жаңылмайды жолсыз да,

Адастырып қойған тағдыр онсыз да

(1958)

Туған жердің топырағы

Туған жер, қиялыма қанат бердің,

Ой бердің, тал бойыма талант бердің.

Тыңдашы жүрегімнің дүрсілдерін,

Үмітпен қалам тартқан талапкермін.

...Бауыры ыстығына күйіп жүрген,

Аруанаң аңсағанда иіп жүрген.

Қонысын аударғанда қайран бабам,

Бір уыс топырағыңды түйіп жүрген.

Қаратпай дүниенің бар-жоғына,

Ұзатқан ақ сағымның аржағына.

Анамның аузындағы сен едің ғой – 

Аңсары, арман-айы, «жар-жары» да!

Алысқа сапар шексем талаптанып,

Аңсаумен жүре алмаймын тағат тауып.

Əйтеуір өлең құсы көкірегімнен,

Сен десе дүрілдейді қанат қағып.

Дəмесі зор болатын менен көптің,

Ел танып, тұлпарыңды елеңдеттім!

Өзіңе омырауымды ашып тұрып,

Қуансам, қайғырсам да өлеңдеттім.

Туған жер, айналайын шам-шырағым,

Ұлыңның ар-намысын қамшыладың!

Сарғайған баба жұрттың сақалынан,

Үзіліп, жүрегіме тамшыладың!..

Перзентімін елімнің

Көкжиекке батып шығып балық – күн,

Ой қармағын күнім жоқ қой созбаған.

Тірлігінде тынбай өтер халықпын,

Табан тіреп, жермен бірге қозғалам.

Біздің жерге қараңызшы абайлап,

Бақ өсірген топырағым құнарлы.

Жүрек тыңнан тамырыма қан айдап,

Қимылдап бір қандырамын құмарды.

Шөл сілкініп, қанат жайса жапырақ,

Тамыр тартып жемісін бақ жегізген – 

Ой, еңбексіз құнарлы емес топырақ,

Адам миы – тіршілікті емізген.

Мен – тіршілік, мен – құдірет, мен – адам!

Табиғатқа өң беріп, нұр таратқан.

Менің миым, мендік ой мен санадан – 

Ракета күнге ұшып баратқан.

Жермен бірдей ауыр ойды көтеріп,

Миым менің кей күндері шаршады.

Өз басыма қуаныш, мұң жетерлік,

Самайымда өткен күннің бар шаңы.

Керегі не маған атақ, даңқтың,

Еңбегіммен өз жолымды таныппын.

Мен перзенті – қызыл күнді көтерген,

Қазақ елі деген ұлы халықтың!

 

Адам туралы жыр

Кел, қалқам, кеңесейік заман жайлы,

Жыр жайлы, жырға айналған Адам жайлы.

Ұлылықтың мəңгілік көшін тартқан,

Меніңше: Адам – шаттық, Адам – қайғы.

Үніңді жеткізетін замандарға,

Ой терең, қуатты өлең – Адам барда.

Адамсыз аспан асты сұп-суық көр,

Жарбиған жапалақ пен жаман қарға.

Əжімді маңдай, жарық табандарға,

Жазылған тарихты оқыр шамаң бар ма?

Көшіріп бере алсам мен өздеріңе,



Барлығы өлеңімнің – Адамдарда!

жүктеу 419,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау