Ырғыз селосы нағашымыз жарбосынов қажығалиды



жүктеу 419,44 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата05.02.2018
өлшемі419,44 Kb.
#8764
1   2   3   4

2

23 тамыз,

2016 жыл

№34 (7896)

7

23 тамыз,

2016 жыл

№34 (7896)

Оқу  жылының  басында  ал-

тыншы  сыныптың  жетекшісі  өз 

шəкірттерінің  алдында  тұр.  Ол 

балаларға  бір  рет  көз  таста-

ды  да,  барлығын  бірдей  жақсы 

көретінін, оларды көргеніне риза 

екенін айтты. Бұл əрине, жалған 

болатын.  Өйткені  алдыңғы  қа-

тарда  өзі  жақсы  көре  қоймай-

тын бір бала бүрісіп отыр. Басқа 

оқушылар да онымен былтырғы 

оқу  жылында  танысқан.  Сол 

кездің  өзінде-ақ,  ол  баланың  өз 

сыныптастарымен  ойнамайты-

нын,  жəне  киімінің  лас 

екенін,  ешқашан 

жуынбағандай 

күлімсі 

иіс 


шығатынын 

б а й қ а ғ а н 

б о л а т ы н . 

Уақыт  өт-

кен  сайын 

мұғалімнің 

бұл  оқушыға 

д е г е н 

көзқарасы өзгере бастады. Оның 

жазба  жұмыстарын  қызыл  қа-

ламмен  шимайлап,  екілік  деген 

бағаны  аямай  қоятын  жағдайға 

жетті.

Бір күні мектептің оқу жөнінде-



гі  орынбасары  алтыншы  сынып 

оқушыларының  мінездемесіне 

талдау  жасауды  тапсырды.  Ұс-

тазы  сүйкімсіз  оқушының 

мінездемесін  жазуды 

соңына  қалдырды. 

Ол 

мінездемені 



қалай  жазу  ке-

ректігін біраз ой-

ланып,  бұрынғы 

жазылған  мінез-

демелерін 

қо-


лына  алды.  Сол 

кезде 


төбесіне 

мұздай  су 

құйып 

ж і -


бер-

ге н -


д е й 

күйге 


түсті. 

Бірінші  сыныпта  оқытқан  ұс-

тазы  былай  деп  жазған  екен: 

«Бұл – көзі нұр шашқан керемет 

бала.  Үй  тапсырмасын  керемет 

мүлтіксіз орындайды. Ұқыпты əрі 

алғыр  бала.  Осындай  талантты 

баланың ұстазы болудың өзі бір 

мəртебе». 

Екінші  сынып  мұғалімінің 

мінездемесінде:  «Ол  ғажап 

оқушы.  Жолдастарына  да  өте 

сыйлы.  Əйтсе  де  отбасындағы 

мəселе  оны  алаңдатып  жүрген 

сыңайлы.  Анасы  ауыр  дертке 

шалдығыпты.  Айықпас  аурумен 

арпалысып,  өлім  мен  өмір  ара-

сында жатқан көрінеді. Баланың 

да  жанын  сыздатқаны  аңға-

рылады.  Шамасы  оның  үйдегі 

жағдайы  ажалмен  арпалысқа 

айналған  сияқты»  деп  түйінде-

ген екен.

Үшінші  сыныптағы  тəрби-

ешісінің  жазғанын  тағатсызда-

на  қолына  алып,  оқи  бастайды: 

«Анасының  өлімі  баланың  жан 

əлеміне  ауыр  соққы  боп  тиді. 

Ішкі  дертіне  қарамастан  бала 

оқуға бар ынтасымен, ыждаһат-

пен  ұмтылады.  Əйтсе  де  үйде 

білім  алуына  əкесі  көңіл  бөлуді 

қойған. Баланың білім алу мəсе-

лесін  тездетіп  қолға  алмасақ, 

жағдай қиындағалы тұр».

Мұнан 


кейінгі 

жағдайды 

төртінші  сыныптағы  ұстазы  бы-

лай деп жалғастырыпты: «Бала-

ның оқуға құлқы жоқ. Достары да 

жоқ.  Сабақ  үстінде  жиі  ұйықтап 

қала береді» депті. 

Мінездемелерді оқып шыққан 

мұғалімнің осы сəтте жүрегі сы-

здап қоя берді. 

Əдеттегідей  келесі  оқу  жылы 

келіп жетеді. Сол баяғыдай, бар-

лық оқушылар ұстаздарына сый-

лық  ұсынып  жатыр.  Жаңа  оқу 

жылының  басталғанымен  құт-

тықтап, əлгі бала да бір затты ұс-

таздың  қолына  ұстатады.  Мыж-

мыжы  шыққан  қағазға  əлденені 

орап  əкелген  екен.  Түйіншекті 

көрген  сыныптастары  жарыса 

күледі. Тек мұғалім ғана қағазды 

ашып, ішінен көзі сынған білезік 

пен құтысында бітуге таяған аз-

даған  исіссуды  көріп,  ерекше 

қуанды.  Баланы  құшағына  қы-

сып,  «мынау  тамаша  сыйлық 

қой» деп, білезікті қолына тағып 

алды.  Баланың  қуанышында 

шек  жоқ.  Ұстаздың  тосын  мі-

незіне  қайран  қалған  оқушылар 

да күлкілерін сап тыйған. Кейін-

нен  көпшіліктің  көзінше  мұғалім 

құтыдағы  иіссуды  үстіне  септі. 

Осылайша  сабағын  да  бастап 

кеткен.  Сабақ  соңында  көзінде 

нұры ойнаған бала ұстаздың жа-

нына  келіп,  ерекше  мейіріммен 

«Білесіз бе, сізден анамның иісі 

шығады» деді. 

Бала кеткен соң мұғалім ұзақ 

жылады.  Осы  күннен  бастап  ол 

тек  математика  мен  əдебиетті 

ғана  емес,  ізгілік  пен  қайырым-

дылық жайлы дəріс беруді қолға 

алды.  Біраз  уақыт  сырғып  өт-

кенде  сұрықсыз  баланың  ажа-

рына нұр тола бастады. Өмірдің 

мəні мен сəні жанарынан айқын 

сезілетін болды. 

Мұнан  кейін  мұғалім  оқушы-

лардың  барлығын  бірдей  жақ-

сы  көремін  дегенімен,  енді  əлгі 

баланы  өзгелерден  айқрықша 

жақын  тарта  бастаған.  Осылай-

ша  жыл  да  зулады.  Бірде  əдет-

тегідей  көп  қағаздарын  ақтарып 

отырып, көзі бір тілім хатқа түсті. 

Ашып  оқығанда  жүрегі  елжіреп 

кетті.  «Сіз  өмірімдегі  ғажап  ұс-

тазсыз!»  деп  жазылған  екен. 

Осылайша аттай зулап бес жыл 

артта қалды. Бұл кезде мұғалім 

де  басқа  сыныпты  қолға  алған. 

Əйтсе  де  осыдан  біраз  жыл 

бұрынғы  шəкірті  тағы  бір  хат 

жолдапты.  Өмірдегі  ең  асыл 

ұстазы  болып  жүрегінде  қала 

беретінін  жазыпты.  Араға  уақыт 

салып,  əлгі  оқушыдан  тағы  бір 

хат  алады.  Оқушысы  колледжді 

үздік  тəмамдап,  университетті 

үздік  оқып  жүргенін  жазыпты. 

Кейінірек  келген  хатында  оқу 

орнын  ойдағыдай  тəмамдағаны 

айтылады.  Сондай-ақ,  əкесінің 

дүниеден озғанын, жақын арада 

отау құрғалы отырғанын да жет-

кізіпті. Əрі үйлену тойында əкесі 

мен  шешесінің  орнына  мəрте-

белі  ұстазының  жайғасқанын 

қалайтынын  білдірген.  Тойдың 

төрінен ұстазын көргісі келетінін 

оқығанда  жүрегі  елжіреп  сала 

береді.  Əрине,  мұғалім  қуана 

келісім де білдірді. 

Осылайша  той  күні  де  таяй-

ды.  Той  болатын  күні  мұғалім 

баяғы  бала  сыйлаған  көзі  жоқ 

білезікті  тағып,  анасының  құты-

сының  түбіндегі  иіссуды  септі. 

Алыстан ұстазын көрген бала қу-

аныштан  төбесі  көкке  жетердей 

жүгіріп  келіп,  құшақтай  алды. 

Сол  мезетте  балалық  шағынан 

жадында  қалған  тамаша  иісті 

сезді.  Анасының  хош  иісі.  Көзі-

нен  ыстық  жас  ыршып  шыққан 

бала  ұстазын  құшағына  қатты 

қысып,  «Менің  осы  өмірге  ке-

ректігімді сезінуге, өз күшіме се-

нуіме  мүмкіндік  бергеніңіз  үшін, 

сізге ризамын» деді даусы діріл-

деп.  Сонда  мұғалім  көзіне  жас 

алып, «Керісінше, сен мені бəрі-

не  үйреткен.  Сенімен  таныспай 

тұрып, ұстаз болудың сыры мен 

мəнін,  ғажап  қадірін  сезінген 

жоқпын» деп жауап береді.                                       

                                                                    

Б. МƏЛІМ

Анамның иісі

Қарбалас тіршілік. Қайда бар-

саң да ығы-жығы адам. Бəз біре-

улерінің жүздерінен  күлкі көрсең, 

біреулердің  қабағы  салыңқы, 

қысқасы    «тойып  та  ,тоңып  та 

секіріп  жүргендердің»  кебін  ки-

гендер.  Бейқам бара жатқан боп   

бос  жүрмей  кімнің  қалай  қарай-

тынын  елеп өтетініміз тағы бар. 

Бірде  қыс  мезгілінде  автобусқа  

егде  жастағы  жүзі  сыныңқы,  қа-

рапайым  киінген    апай  кіріп  еді, 

ешкім  оңайлықпен  орын  ұсына 

қоймады. Апай отырғысы келген-

дей  сыңай  танытса  да,  ол  кісіге 

кішіпейілдік көрсетер жан табыл-

мады.  Келесі  аялдамадан  беті 

əп-əсем əрленген,үстінде құндыз 

тоны  бар      орта  жастағы  апай 

енгені  сол  еді,  өре  түргелген-

дер  қатары  көбейіп  сала  берді. 

Көңілімді  күдік  жайлап,санамды 

түсініксіз  ойлар  еріксіз  шырмап 

алды.  Құндыз  тонның  құдіреті 

ме,сонда?   

Бұл  нүкте  қояр  бір  ғана  мысал 

емес. Еденін басып,есігін қаққан 

кейбір  мекемелерде  де    бұл 

жағдайға жиі ұшырасып тұрамыз. 

Жүзінен  бір  қиындық  тауқыметін 

тартып  жүрген  жан-ау  шамасы, 

бір апай : « адам талғайды,дұрыс 

жауап  бермейді»  ,  деп  дəрігер-

ге    ренжулі  кейіппен    қолын  бір 

сілтеп  кетіп  бара  жатқанының 

куəсі  болдым.  Бақсам,əлгі    ақ 

халатты  абзал  жанымыз    сəнді 

киінген,бет-əлпетінің  күтімі  «ке-

ремет»    сұлуға  сұқтана  қарап, 

сұрағына  егжей-тегжейлі    жауап 

беріп  əлек.    Сауда  орындарына 

бас  сұға  қалсаңыз  да  ,    сатушы 

алушының  ең алдымен  басынан 

аяғына  дейін    сұқтана  қарап 

алып, алатын адам ба,  қалтасы 

қалың ба,жұқа ма  деген   ой түй-

еді.  Ойлағаны  болмаса  «алма-

саң  неге  сұрайсың?»  деп      жеки  

жөнеледі.  .Ал    қымбат,  сəнді  

киініп  барсаңыз  алдыңызда  құр-

дай жорғалап  шыға келеді. Сон-

да арзан мен  қымбаттың көлең-

кесінде  өмір  сүретін  заманға 

ауысқанбыз  ба?  Біреулер  заман 

өзгерді  дейді,біреулер  адам  өз-

герді      дейді..Меніңше,заманды 

жасайтын –адамдар.  

Əрлі болу үшін де, сəнді болу 

үшін  де    «қалтаң  томпақ»  бо-

луы    керек.Адамның  əлеуметтік 

жағдайына қарамай, ішкі жан-дү-

ниесіне  үңілсек    құба-құп  болға-

ны...  Рухани  адамгершіліктің 

ауылынан алыстап,материалдық  

машақаттың  тұңғиығына  батып 

бара  жатқанымыз  қынжылтады. 

Қымбатты бағалап,арзанды  ала-

лап,алалай  отырып  жүрегін  жа-

раламасақ деймін.  

                                                                                                          



Н.МЕЙРАМҚЫЗЫ

Арлы беттен əр

лі бет 

қымбат боп тұр...

«Атың  жемқор  болса-берді 

құдай,    əйелің  жемқор  болса-ұр-

ды  құдай»  -дейді  екен  бұрынғы-

лар.  Бұл  сөз  өмірден  алынған 

шындық.  Ер  қанаты  саналатын 

ат  жемқор  болса,  тез  тойынып, 

тез  күйленіп,  иесін  жолда  қал-

дырмай  жетер  жеріне  уақытын-

да  жеткізіп,  мəртебесін  асырып, 

мерейін  тасытса,  отбасының  ұй-

ытқысы- əйел жемқор болып тек 

өз  ауызын  тапса,ағайыны  келе 

алмай жат болады, үйінде үнемі 

жұт  болады,  жағдайы  қиындай-

тынын  сезген  сұңғыла  ата-баба-

ларымыз жемқорлық жанға емес 

тек  малға  ғана  жарасады  деп 

санап,  жемқорлықты  адамға  көп 

тели бермеген.

Ал,  қазір  ше?  Кезіндегі  атын 

жемдеген  ерлеріміз    енді  ха-

лықтың  несібесінен  қарпып  жеп, 

халқының  жағдайын  нашарла-

тып, өмірі көрмегенін көріп, ішпе-

генін  ішіп,  мінбегенін  мініп  тай-

раңдап жүрсе, алды шет елдерге 

қашып  жатқанын  көріп  те,  естіп 

те,  оқып  та  жүрміз.    Жемқорлық  

қоғамды  жайлаған  дерт  болып 

тұрғаны шындық. Жемқорлық ін-

дет-күресу міндет деген ұрандай, 

мақал-мəтелдей  болып  кеткен 

жалындаған  сөз  де  бар,  бірақ 

сол  сөздерді  айтып  жүргендері-

не,  жемқорлықпен  күрес  жүргелі 

де қанша жылдың жүзі болса да 

жойылып жатқан жемқорлық жоқ, 

кейде кім-кіммен күресіп жүргенін 

түсінбейтін  халге  түстік,  кей  кез-

дері  қасқырға  қой  бақтырғандай 

болады.,  Жемқорлық  жойылса  : 

бір  үйдегі  3-4  адамның  бəрі  жұ-

мыссыз болмас еді, сондай-ақ бір 

үйдегі 3-4 адамның бəрі жұмысқа 

тұрмас  еді,  бір  топта  қылмыс 

жасаса  да  бейшараның  баласы 

түрмеге  түсіп,  бай-бағланның 

баласы  көшеде тайраңдап жүр-

мес  еді,  осы  жақын  арада  бір 

кеңшарға  бардық,  сол  жерде 

бір  отанасынан    қайда  жұмыс 

істейсің,  еңбек  ақың  қанша  деп 

сұрағанымда  –  бала  бақшада 

жұмыс істеймін, еңбек ақым 6000 

деді,  енді  оны  естігенде  қайран 

қалмасқа  болмайды,  екі  сағат 

қана жұмыс істеп, қалған уақытта 

демалатын  шығарсың  дегенде, 

қайдағы,  ертеден  кешке  дейін 

барамыз ғой дейді. Сонда 24000 

мың еңбек ақыны 4 адамға беріп, 

аулымызда  жұмыссыздық  жой-

ылған, бəрі жұмыспен қамтылған, 

жағдайымыз  жақсы  деген  ақпа-

рат  та  жақсы,  өсіп  келе  жатқан 

өндірдей  балалары  бар  от  ана-

ның жағдайы жақсарып, балала-

ры  жарқырап  кейініп,  тоя  тамақ 

ішіп, құрбыларымен тең болғаны 

одан  да  жақсы  емес  пе,    Ел  ба-

сымыз біздің басты байлығымыз 

адам  құндылығы  деп  жатқанда, 

отананың 6000 айлыққа таңылға-

ны дұрыс емес əрине, енді біреу 

100000  нан  аса  еңбек  ақы  алса 

да  жетпейді,  бала  оқытам,  үй-

лендірем, ұзатам, емделем  оған 

ақша  жетпеді  деп    зар  жылаған-

да, 6000 еңбек ақы алған апаның  

да басында дəл сондай тірліктер 

бар бола тұра, үні шықпай барға 

қанағат  қылып  жүрген    жаны 

мықты  екен  деп  ойлайсың,    т.б. 

айта берсең таусылмайтын жыр.

Осындай  жағдайларды  жəй 

адамдар көреді, жан-жақты ойла-

нып аяйды, жылы сөзбен жұбата-

ды,бірақ і тиісті адамдар мұндай 

жағдайларды  көрмейді,  сезбей-

ді,  ол  адамның  жағдайына  жан-

жақты талдау жасап, ең болмаса 

жылы сөзін де аяйтыны өкінішті. 

Жемқорлықтың 

да 

түр-


түрі  бар.  Бірін-бірі  жебеп,  жең 

ұшынан  жалғасып,  бір-біріне 

шаң жуытпай жейтіндерді- ресми 

түрде сыбайлас жемқор дейтінін 

білеміз. Ең қатерлісі де осы жең 

ұшынан  жалғасқан  сыбайлас 

жемқорлар екен.Оның өзіндік се-

беп-салдары бар,бұл экономика-

лық  қылмыс  елдің  əл-ахуалына, 

халықтың тұрмыс-тіршілігіне зар-

дабын молырақ тигізетін, ел бай-

лығын  сүліктей  соратын  да  осы 

сыбайлас жемқорлық екен.

Сыбайлас  жемқорлық  дегенің 

адамгершілікке  жат,  арайлы  ер-

теңіңе қарсы қылмыс Сондықтан 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес қажет...



М.ДАРХАНҚЫЗЫ

 Ырғыз селосы

ЖЕМҚОРЛЫҚ - ДЕРТ

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы 

30  желтоқсандағы  №1131  қаулысымен  сыбайлас 

жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабар-

лаған  немесе  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қи-

мылда  өзге  де  жолмен  жəрдемдесетін  адамдарды 

көтермелеудің арнайы қағидасы бекітілді.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылда  жəр-

демдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау 

фактісі туралы хабарлауды;

2)  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жа-

саған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат 

беруді;


3)сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықты 

анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу үшін кейіннен 

маңызы болған өзге де жəрдем беруді қамтиды.

Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзуш ылық  фактісі 

туралы  хабарлаған  немесе  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимылда  өзге  де  жолмен  жəрдемдескен 

тұлғаларға біржолғы ақшалай сыйа қы түрінде жүзе-

ге  асырылатын  көтермелеу  белгіленді.  Сыйақының 

мөлшері 60-тан 210 мың теңгеге дейін өзгереді:

1)сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  ту-

ралы  əкімшілік  істер  бойынша  -  30  айлық  ес ептік 

көрсеткіш (бұдан əрі - АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмы-

стар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3)  ауырлығы  орташа  сыбайлас  жемқорлық  қыл-

мыстар  туралы  қылмыстық  істер  бойынша  —  50 

АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы 



қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар ту-

ралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.

Қағидаларда  грамотамен  марапаттау  немесе 

алғыс  жариялау  арқылы  қосымша  көтермелеу  түр-

лері көзделген.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  ұлттық 

бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

 

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 93



сенім телефоны: 8 (7132) 567-410,  

8 (7132) 728-240

Call-center 1424

anticorruption.gov.org.kz

Сыбайлас 

жемқорлықпен 

күреске 

ҮЛЕСІҢДІ ҚОС

Қазақстан Республикасының 

Конституциясы күнін мерекелеуге  

арналған аудандық іс-шаралар жоспарын 

жасау үшін өз салаңыз бойынша төмендегі 

үлгіге сəйкес ақпаратты 

25 шілде сағат 

14:00-ге дейін аудандық ішкі саясат 

бөліміне жолдауыңыз сұралады.

№ Шаралардың 

атауы

Өткізілетін 

уақыты

Өткізілетін 

орын

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  25 

жылдығына  жəне  30  тамыз  –Қазақстан  Респу-

бликасының Конституциясы күніне байланысты,  

ағымдағы жылдың  26 тамызы күні сағ. 15.00-де  

Халыққа  қызмет  көрсету  орталығының  ғимара-

тында «Ашық есік күні»  акциясы  өтеді. 

Аудандық  мүлікті  жария  ету  комиссиясының 

төрағасы, аудан əкімінің орынбасары Н.Қызбер-

генов, төрағаның орынбасары, аудандық қаржы 

бөлімінің басшысы  Ə.Аяпберген, мүшелері:  ау-

дандық əділет басқармасының басшысы Ж.Төре-

жанұлы,  аудандық  жер  қатынастары  бөлімінің 

басшысы  А.Ералин,  аудандық    құрылыс,  сəу-

лет,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы, 

жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолдары 

бөлімінің  басшысы  Ж.Қайыров,    Жер  кадастры  

Жылжымайтын  мүлікті  техникалық  тексеру  Де-

партаментінің    Ырғыз  аудандық  бөлімшесінің 

басшысы  А.Бақтыбаев,    сонымен  бірге  ХҚКО 

Ырғыз  бөлімінің  басшысы  М.Сейтов,  нотариус 

Ж.Балданова,      сот  орындаушысы  Д.Қойлыба-

ева, Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы-

ның өкілдері тұрғындарға заңды қызмет көрсету 

жəне құқықтық түсіндірушілік жұмыстарын жүргі-

зеді.


Мүлікті  жария  ету,  нотариаттық  іс-əрекеттер, 

жылжымайтын  мүлікті  тіркеу,  заңды  тұлғалар-

ды  тіркеу,  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу,  жер, 

тұрғын үй,  құрылыс салу, несие алу, шағын жəне 

орта кəсіпкерлік ашу, зейнет ақы төлеу т.б. мəсе-

лелері    бойынша  көкейлеріңізде  жүрген  жəне 

қызығушылық  туғызған  сұрақтарыңыз  бойынша 

жауаптарын алуларыңызға болады.    



Ырғыз аудандық əділет басқармасы

Қазақстан  Республикасының 

2013  жылғы  15  сəуірдегі  «Мем-

лекеттік  көрсетілетін  қызметтер 

туралы»  Заңына  сəйкес  ауыл-

дық  округтердің  əкімдері  «Округ 

аумағында  мемлекеттік  қызмет-

тер  көрсету  сапасын  арттыруды 

жəне  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтер  стандарттары  мен 

регламенттерінің  қолжетімділігін 

қамтамасыз етеді», - делінген. 

Сондай-ақ  көрсетілетін  қыз-

метті  алушылардың  мемлекеттік 

қызметтер  көрсету  мəселелері 

бойынша  өтініштерін,  олардың 

бұзылған  құқықтарын,  бостан-

дықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қалпына  келтіруге  бағытталған 

шараларды қолданады. 

Мемлекеттік қызметтер көрету 

сапасын  бағалау  жəне  бақылау 

жөніндегі  уəкілетті  органға  мем-

лекеттік қызметтер көрсету сапа-

сын бағалауды жүргізу үшін ақпа-

раттың,  сондай-ақ  мемлекеттік 

қызметтер  көрсету  сапасын  ішкі 

бақылау  нəтижелері  бойынша 

ақпараттың  Қазақстан  Респу-

бликасының  заңнамасында  бел-

гіленген  тəртіппен  жəне  мерзім-

дерде ұсынылуын қамтиды.

Мемлекеттік қызмет тегін көр-

сетіледі  жəне  мемлекеттік  көр-

сетілетін қызметтер, мемлекеттік 

көрсетілетін  қызметтер  тізіліміне 

енгізіледі.

«Қызылжар  ауылдық  округі 

əкімі аппараты» мемлекеттік ме-

кемесі  арқылы  20  мемлекеттік 

қызмет  көрсетіледі.  Мемлекеттік 

қызмет  алушыларға  мекемеде 

толық  жағдай  жасалған.  Атап 

айтсақ,  дене  мүмкіндігі  шекте-

улі  жандардың  кіруіне  арналған 

пандус,  қызмет  алушыларға  ар-

налған  ақпараттық  стенд  жəне 

күтуге  арналған  орындармен 

қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда 

мемлекеттік қызметті «Электрон-

ды  үкімет  веб-порталы»  арқылы 

көрсетудің  мəртебесін  арттыру 

мақсатындағы  жұмыстар  атқа-

рылып жатыр.



Аслан ЖƏНІБЕКҰЛЫ,

 Қызылжар ауылдық окру-

гі əкімі аппаратының бас 

маманы

Мемлекеттік 

қызмет алушыларға 

көрсетілетін сапалы 

ҚЫЗМЕТ

Ұлы  Отан  соғысының  жаңғырығы  күні 



бүгінге дейін адамзат санасында сақталып 

келеді.  Осы  бір  қасіретті  жылдардың  та-

рихы тереңдесе де соғыс шежіресінен сыр 

шертер деректер легі таусылар емес. Оған 

редакциямыздың  қоржынында  жатқан  хат-

тар куə. 

«Құрметті  Редакция,  сіздерге  жолдап 

отырған өлеңдердің авторы Ұлы Отан соғы-

сының  ардагері,  бұл  күнде  ортамызда  жоқ 

Беден  Сейтекенов.  Ол  кісі  сұрапыл  соғыс 

кезінде  Смоленскіне,  Москваны  қорғауға 

қатысқан.  Соғыста  жараланған.  Беден-

нің  майдан  даласында  жүріп  жазған  мына 

өлеңдерінде  соғыс жылдарындағы жауын-

гердің көңіл-күйін, толғанысын баяндайды.»  

Майдангер өлеңдерін қағазға 

түсірген Кəріш Ешімов, зейнеткер, 

Құрлыс ауылы.

Туған жерге сағыныш

Қалам алып хат жаздым,

Еске түсіп еліміз.

Сағыныш толы сөз жаздым,

Туып өскен жеріміз.

Азырақ сөз айтайын,

Құлақ салып көріңіз.

Жатыр ма екен аман-сау,

Ырғыздай туған жеріміз.

Темірастау, Бесоба,

Мəні  –  əулие шыңымыз.

Бұл да аман жатыр ма,

Айдын шалқар көліміз.

Табындап малды айдаған,

Асқар төбе беліміз.

Қызылқабақ, Қызылжар,

Жаманқұм – дарқан жеріміз.

Сарықопа, Сарысай,

Айырқызыл беліміз.

Сол жерлерде шалықтап,

Ойнап жүрген күніміз.

Сол жерлерді жайлаған,

Жағалай бие байлаған,

Аман ба халық, еліміз.

Алыста жатып сарғайып,

Сағындық, халық сені біз.

Жыл басында кетіп ем,

Айналып міне келді күз.

Қысқаша айтам сөзімді,

Үлгі болсын балаға,

Жалғандық емес рас сөз,

Далада сірə, қала ма.

Алты ай жаттым соғыста,

Оборонда, далада.

Бір сүйем Отан жері үшін,

Жауменен талай шайқастым.

Артта қалған ел үшін,

Жан аямай айқастым.

Елде қалған қарттарға арнау

Аман ба, барлық шалдарым,

Амандықта ма мал-басың,

Жақсы ма сенің қалдарың?

Бұрынғы өзім көргендей,

Аман ба кемпір, балдарың?

Аман болса жан басың,

Қиынсынбай жұмысын,

Баға бер колхоз малдарын.

Елде қиын жұмыс көп,

Келмесін жүрмей əлдерің.

Құлданбаңыз ерініп,

Кəріліктің салдарын.

Бас-басына айтуға,

Менің де жоқ қал-жайым.

Амандықты білуге,

Хат білмей ме балдарың?

Жылына бір хат салмай,

Ұмыттың ба шалдарым?

Мен сияқты алыста,

Сенің де жүр ғой балдарың.

Тыңдамайды дəм мен тұз,

Жердің алыс жақынын.

Жел аударған қаңбақтай,

Айдай береді ақырын.

Əр жерден татып дəм мен тұз,

Павло деген қалада,

Госпитальда жатырмын.

Хат соңында айтарым,

Сенімдіміз Жеңіске.

Болыңдар аман шалдарым,

Қарттыққа əзір беріспе.

Беден Сейтекенов.



Смоленск, Москва түбі. 

1941-1942 жылдар

Ол күндердің өшпес даңқы



Отты жылдардағы 

өлеңдер


жүктеу 419,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау