Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет12/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,61 Mb.
#16032
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

 

27 


қылмыстандырылмаған.  Қылмыстық  кодекс,  егер  арандатушылық  сарыны 

қоғамдық тәртіпке қатер төндірсе, мемлекетке немесе тайпаға, халыққа, белгілі 

бір  нәсіл  тобына  болмаса  шіркеу,  нақты  діни  қауымға  қарсы  дұшпандық 

әрекеттер  жасауға  ашық  нәсілдік  арандатушылық  болса  ғана  қылмыс  деп 

табады. 

lxxiii


 

Өшпенділік  насихатына  қарсы  санкция  ендіру  қажеттігіне  қандай 

факторлардың маңызы бар? 

Бұған дейін айтылғандай, өшпенділік насихаты мәселесі бойынша сот шешімін 

шығарушы  сот  алқалары  және  басқа  да  органдар,  санкцияның  сәйкес    және 

қажет  екенін  түсінулері  керек.  Әрбір  жекелеген  жағдайларда  олар  айтылым 

контексті  мен  тәсілі,  келтірілген  залал,  айтушының  пиғылы  сияқты  нақты 

жағдайды  қарастырулары  тиіс.  Ойды  білдіру  еркіндігіне  қойылған  шектеуді 

ақтап  шығу    үшін,  сот  орындары  мен  төрешілер  тиісті  және  жеткілікті  негізді 

алға тартулары тиіс. 



БАҚ өшпенділік насихаты бар репортаждарға жауапкершілік артауға тиіс 

пе? 

Мемлекет  өшпенділік  насихатын  шектеу  барысында  БАҚ-қа  өшпенділікті 

тұтату  және  нәсілдік  сынды  қоғамдық  қызығушылық  тудыратын  мәселелер 

жайлы ақпараттандыруға кедергі жасамауы тиіс. 

Ұлттық заңнама және оны қолдану тәжірибесі  бір жағынан,  «өшпенділік ойын 

білдіруші 

автордың 

жауапкершілігін», 

екінші 

жағынан 


«қоғамдық 

қызығушылықты  білдіретін  мәселелер  бойынша  пікірлер  мен  өзінің 

ақпараттарды  беру  миссиясы  шеңберінде  оларды  таратуға  септігін  тидірген 

бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары 

жауапкершілігін айыра білуі қажет.

 lxxiv


  

Өшпенділік  насихатын  таратудағы  БАҚ  жауапкершілігін  қалай  анықтау 

керек? 

Өшпенділік  насихатын  таратқаны  үшін  БАҚ  жауапкершілігі  ісін  қараушы  сот 

және  басқа  органдар,  сот  қаулысын  шығарушылар  келесілер  жайлы  хабардар 

болулары шарт: 

•  нәсілдік жайлы репортаж, ксенофобия,  және басқа түрдегі төзімсіздіктер 

халықаралық құқықпен толықтай қорғалғанын; 

•  БАҚ-қа қарсы тиісті жазалау шаралары әр бір нақты іс жағдайын есепке 

ала  отырып  дәлелденуі  тиіс,  мұнымен  қоса  «берілген  мәліметтердің 

мақсаты мен мәнмәтіні, мазмұны, сипаты» есепке алынуы шарт; 

•  «сонымен  қатар  журналистік  еркіндікке  құрмет,  мемлекеттік  билік 

немесе төрешілер журналистер қолданатын репортаж талдамалары тәсілі 

мен сипаты жағынан  БАҚ-қа өз пікірін таңбауды білдіреді». 

lxxv

 


 



 

 


 

28 


Терроризмге арандатушылыққа шектеу 

Интернет терроризм әрекетіне арандатушылыққа белсенді қолданылады. Кейбір 

елдерде  терроризмге  қатысты  контент  тарату,  қылмыстық  іс  болып  қаралады. 

Басқа  елдерде,  кім  ондай  контентті  жүктеп  және  террористік  материалдары 

болса, оларға террористік заңнама шеңберінде айып тағылады. 

Терроризмнің  алдын  алу  үшін,  қандай  айтылым  заңнан  тыс  деп 

жариялануы қажет? 

Терроризмнің  алдын  алу  туралы  Еуропа  Кеңесінің  Конвенциясы  мемлекетті 

терроризмнің алдын алып және келесі әрекеттермен:  

•  террористік қылмысқа көпшілікті арандатушылықпен; 

•  рекрутинг және террористерді дайындаумен күресуге міндеттейді.

lxxvi


  

Осы  әрекеттер  және  олар  интернет  арқылы  жасалған  жағдайда  қылмыстық 

жауапкершілік қолданылады. 

Блогерлер мен интернет-БАҚ-қа терроризмге қарсы заңнама қандай түрде 

қолданылуы тиіс? 

Терроризм  туралы  заңнама  ойды  білдіру  еркіндігінің  негізгі  қағидаттарына, 

соның ішінде баспасөз еркіндігіне қайшы қолданылмауы тиіс. 

Блогерлер немесе интернет-БАҚ-қа қарсы терроризмге арандатушылық айыбын 

қарастыру  барысында,  төрешілерге  олардың  ниеті  және  олар  келтірген  нақты 

залалға  көңіл  бөлгендері    жөн.

lxxvii

  Мәлімдеме  мен  залалдың  арасындағы 



қатынас  түсінікті  де  үйлес  болуы  шарт.  Жарияланған  мәлімдеме  оқшау  түрде 

емес,  айтылым  мен  барлық  мәнмәтін  жарияланымында  және  іс  жағдайындағы 

барлық мәнмәтінде қаралуы шарт.

lxxviii


 

Терроризмге арандатушылық қалай реттеледі? 

Мемлекетте терроризмге арандатушылықтың, террористік насихат және/немесе 

террористердің интернетті қолдану қылмыстылығының әр түрлі тәжірибесі бар.  

Мысалы,  Финляндияда,  Қылмыстық  кодексте  терроризмге  арандатушылық 

қылмыс  деп  саналғанымен,  терроризмге  үгіттеуші  материалдарды  ұстау 

қылмыстық  жазаға  жатпайды.  Ал,  Албанияда  бұдан  өзгешелігі,  терроризмге 

үгіттеуші материалдарды ұстау қылмыс теп табылады.

 lxxix


 

Кейбір,  Словения,  Ұлыбритания  және  Франция  сынды  елдер,  террористік 

әрекеттерді  жариялау  және  қоғамдық  насихаттау  үшін  қылмыстық 

жауапкершілік ендірсе, басқа елдер оны жасаған жоқ. 



Балалар порнографиясына шектеу.   

Балалар порнографиясына қатысты халықаралық стандарттар қандай? 

ЕО  киберқылмыстық  мәселелер  бойынша  конвенциясы,  мемлекеттен 

қылмыстық жауапкершілікті  мыналар үшін ендіруін талап етеді:    



 

29 


 

Балалар  порнографиясы  бағдарламасын  өндірген,  таратқан  немесе 



жариялаған; 

 



Балалар  порнографиясын  сатып  алған  және  сақтаған,  көпшілікке 

қолжетімді жерге орналастырған, ұсынған.

lxxx

 

Балалар порнографиясын көзбен шолуды бейнелеуші:   



(a)  ашық  сексуалдық  әрекеттерге  қатыстырылған,  кәмелеттік  жасқа 

толмағандарды; 

(b) ашық сексуалдық әрекеттерге қатыстырылған, өзін кәмелеттік жасқа 

толмаған ретінде көрсетуші тұлғаны;   

(c)  ашық  сексуалдық  әрекеттерге  қатысқан,  кәмелеттік  жасқа  толмаған 

тұлғаның шынайы бейнесі, порнографикалық материалдар ретінде қаралады.

lxxxi

 

 



Мемлекет балалар порнографиясымен қалай күреседі? 

 Барлық  мемлекеттер  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  қатысуымен  болған 

порнографиялық  материалдарды  насихаттау  немесе  сату,  жарнамалау,  тарату, 

өндіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік ендірген. 

lxxxii

  

Мемлекеттер  шынайы  емес  кейіпкерлермен    (суреттер,  картиналар, 



мультфильмдер  және  т.б.)  жасалған  балалар  виртуалдық  порнографиясына  әр 

түрлі қарайды: Австрия мен Ұлыбритания сияқты елдер, мұндай суреттемелерді 

жасап  шығаруға  қылмыстық  жауапкершілік  ендірді.  Ал  оларды  жеке 

қолданысына  ұстауға  болады.  Албания,  Болгария,  Беларусия  және  басқа 

елдерде мұндай ережелер жоқ.    

Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке шектеу. 

Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке қатысты 

қандай халықаралық стандарттар бар? 

Ойды  еркін  жеткізу  құқығы  «мазалап  және  ұятқа  қалдырып,  қорлауы»  мүмкін 

пікірлер  мен  ақпараттарға    да  таралатындығына  қарамастан,  халықаралық 

құқық мемлекеттің  сенім мен ойды білдірудің  еркіне шектеудің заңдылығына 

қатысты,  АСХҚП  3-бабында  айтылған  үш  өлшемді  міндетті  түрде  сақтағанда 

ғана, қоғамдық адамгершілік мүддесіндегі сөз еркіндігін шектеуін қабылдайды. 



Келеңсіз  контент  және  ашық  сексуалды  мазмұндағы  контентке  нелер 

жатады? 

Халықаралық  құрылымдар,  келеңсіз  қылықтың  жан-жақты  концепциясын 

қабылдаудың,  сонымен  қатар  оны  абсолюттік  нақтылықпен  құраудың 

қиындығын  мойындауда.  Олар  барынша  кең  көзқарасты  ұстанады  және 

адамгершілік мәселесінің жергілікті және ұлттық мәдениет пен дәстүрге тығыз 

байланыстылығын  мойындайды.

lxxxiii

  Осыған  байланысты,  мемлекеттерде 



келеңсіз қылықтарды анықтаудың әр түрлі жолдары мен қөзқарастары бар.       


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау