25
5 ТАРАУ
Интернет-контент шектеуі
Балалар порнографиясы ОБСЕ-нің барлық 56 мүше-елдерінде қылмыс болып
саналады. Бірақ басқа онлайндық айтылым категорияларында әр мемлекеттерде
әр түрлі түсіндіріледі. Бір елдердегі қорлаушы немесе орынсыз деп саналатын,
бірақ заңға қайшы келмейтін жайт, басқа бір елде қылмыс деп саналады.
Онлайн-айтылым тәсілі ерекшелігінің негізі, абыржыту және есеңгірету, зәбір
көрсетілетін деңгейді қосқандағы, ойды білдіру еркіндігіне әр түрлі деңгейдегі
төзімділік болып табылады.
АҚЕС еуропалық мемлекеттері демократиялық дәстүрін есепке ала отырып,
«демократиялық қоғам» сипаттамаларына көзқарас кеңдігі және төзімділік,
плюрализм енетінін айтты.
lxiii
Сондықтан, демократиялық мемлекеттер,
демократиялық болып табылмайтын зиянды мазмұндарға барынша төзімді.
Мемлекет ойды білдіру еркіндігіне қатысты айырмашылықтар себебінен,
интернет-контентентке қолданыла алатын шектеуді келісе алмайды. Дегенмен
де, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы сөз еркіндігі мәселесі бойынша,
халықаралық заңнамаға сәйкес шектелуі мүмкін ойды білдіру еркіндігінің
келесі түрлерін атап өтті:
балалар порнографиясы (балалар құқығын қорғау үшін);
өшпенділікті тұтату (өзге тұлғалар құқығын қорғау үшін);
диффамация (негізсіз шабуылға қарсы өзге тұлғалар беделін және
құқығын қорғау үшін);
геноцид жасауға тікелей және ашық азғырушылық (өзге тұлғалар
құқығын қорғау үшін);
өшпенділік және зорлық, кемсітушілікке азғырушылық болып
табылатын діни немесе нәсілдік, ұлттық жек көрушілікті қолдауға
шақыратын айтылымдар (өмір құқығы сынды, өзге тұлғалар құқығын
қорғау үшін).
lxiv
Өшпенділік және расизм насихаты туралы контент шектеуі
Өшпенділік насихаты қатынасына халықаралық стандарттар қандай?
Еуропалық мемлекеттер келесі әрекеттерге қылмыстық жауапкершіліктер
енгізулері шарт:
1. Компьютерлік жүйе арқылы тарату
а. расистік және ксенофобиялық материалдарға;
б. расистік және ксенофобиялық дәлелді қауіптерге;
с. расистік және ксенофобиялық дәлелді қорлау;
26
d. адамгершілікке қарсы қылмыс немесе геноцид ақтауы болмаса мақұлдауы,
кеміту, бас тарту.
lxv
2. Зорлық пен зомбылыққа азғырушылық.
lxvi
Барлық мемлекеттер БҰҰ деңгейінде кез келген формадағы кемсітушілікті және
нәсілдік жек көрушілікті көтермелеп болмаса ақтауға тырысқысы келетіндерді,
этникалық шығу тегі немесе белгілі бір түстегі тұлғалар тобын, болмаса бір
нәсілдің жоғарылығы теориясына немесе идеясына негізделген барлық ұйымдар
мен кез келген насихытты кіналауға міндетті
lxvii
.
Барлық ОБСЕ-ге мүше-елдердің ксенофобия және нәсілшілдік мазмұндағы
контентке тыйым салатын белгілі бір құқықтық ережелері бар. Әлем елдерінің
жарым бөлігінде адамгершілікке қарсы қылмыс немесе геноцидті ақтау немесе
қолдау, кемсіту, бас тартуға тиым салатын ережелері бар.
lxviii
Өшпенділік насихаты дегеніміз не?
Халықаралық құқықта «өшпенділік насихаты» деген термин анықталған да,
бекітілген де жоқ. Еуропа Одағы 97 (20) Ұсынымына сәйкес, өшпенділік
насихатына кіретіндер:
нәсілдік жек көрушілік, ксенофобия, антисемистік және басқа да жек
көрушілікке, төзімсіздікке негізделген формалары, соның ішінде:
шыққан тегі шетелдік адамдар мен мигранттар, азшылық ұлттарға
жауластық
пен
кемсітушілік,
агрессиялық
түрде
көрсетілген
этноцентризм мен ұлтшылдық.
lxix
Өшпенділікті насихаттауды шектеу қажет пе?
«Ойды білдіру еркіндігі құқығы әдетінше залалсыз деп есептелетін ақпараттар
мен ойларға ғана емес, тіпті, алаңдатып немесе мұқалтып, жәбірлеуі де
мүмкіндеріне
таралатындықтан»
lxx
,
мұндай
мәлімдемелерге
қатысты
мемлекеттің араласу қажеттігі әр іс жағдайына қатысты болады. Бұл дегеніміз,
кейбір өшпенділік насихаты түрлері төзімді, ал қайсібірі төзімсіз болуы мүмкін
дегенді білдіреді.
Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот, мемлекеттің төзімсіздік негізіндегі
өшпенділікті ақтап немесе ынталандырып, арандатып, тарататын кейбір әрекет
түрлеріне немесе бәріне қатысты санкция енгізу керек пе деген мәселеде, кең
көлемде шешу еркіндігі бар екенін растады.
lxxi
Мемлекет онлайн өшпенділік насихатын қалай санкциялайды?
Кейбір мемлекет онлайнда өшпенділікті насихаттағаны үшін арнай
жауапкершілік жүктейді. Мысалы, Албанияда интернет арқылы нәсілдік
төзімсіздік немесе ксенофобия, сонымен қатар ксенофобтық сарындағы болмаса
нәсілдік негіздегі қорлау, қылмыс болып табылады. Интернет арқылы
жіберілген нәсілдік және ксенофобтық қоқан-лоқы да қылмыстық
жауапкершілікке жатады.
lxxii
Бұнымен салыстырғанда, Австриядағы интернеттегі өшпенділік насихаты нақты
қылмыс болып табылмайды. Онымен қоса, насихат түрлерінің бәрі бірдей