Интернет-ресурсында орналастыру үшін 04. 10. 2019 ж. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты»



Дата18.02.2020
өлшемі68 Kb.
#29319

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

04.10.2019 ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс: 8(715-35)22-449, электрондық пошта btabarova@sko.kz, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы төменгі емес болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына ішкі конкурс жариялайды:


1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің білім бөлімі» КММ бөлім басшысының орынбасары

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-2, 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127418 теңгеден 172368 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім бөлімі қызметін қорытындылау және ағымдағы, перспективті, жылдық жұмысын жоспарлайды.

Білім саласындағы заңнаманы қадағалау бойынша бақылауды ұйымдастыру. Мемлекеттік стандартты орындау мен оқушылардың оқу үлгерімі сапасын бақылайды. Білім ұйымдарының кешенді, тақырыптық тексерістерін, қызметінің мониторингін, рейтингтік бағалауын ұйымдастырып жүргізеді.

Білім бөлімі Кеңесін дайындап ұйымдастырады.

Педагогтік қызметкерлердің Тамыз конференциясын ұйымдастырады.

Аудан әкімі тапсырыстарын орындау жұмыстарын ұйымдастырады.

Білім мекемелерінің мемлекеттік стандартты, оқу жоспарларын, бағдарламаларын енгізу жұмыстарын қадағалайды.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Білім» бейіні бойынша.       

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

       2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ экономикалық саясат және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-3, 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 106359 теңгеден 142815 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Сектор жұмысына бақылауын жасау. Қаржы жылына бюджеттің табыс бөлігін жоспарлау және әзірлеу. Аудан бюджетінің кіріс бөлігін түсімдерінің мониторингін жасау, ауылды округтердің қолма-қол есеп бақылауының түсімдері (ҚЕБ). Аудан бюджетінің кіріс бөлігіне байланысты, аналитикалық материалдарды дайындау және ауылдық округ ҚЕБ түсімдері. Қаржы басқармасына, Экономика басқармасына уақытында есептерді дайындау және тапсыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту төлқұжатын әзірлеу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарды дайындау, ресми статистикалық мәліметтермен жұмыс. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын орындау және әзірлеуге қатысу, облыс ауылды елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін өткізуіне қатысу. Ауылды елді мекендерінің кешенді даму жоспарының құруы және орындалуы. «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына сәйкес Тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру жолымен орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бақылау және жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді дайындау мен тапсыруды бақылау. Өткізілген Мемлекеттік сатып алуға талдау, мониторинг жүргізуді бақылау. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау. Аудан әкімдігінің өкімдері мен қаулыларын орындау. Бөлім басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг, немесе статистика, немесе әлемдік экономика) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ www. gm.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде қолма-қол, пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150400, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб. немесе btabarova@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық құрылымына, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________



(мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені___________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________

____________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


2019 ж. "___"_______________

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау