3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.1 бөлімі – Жарық жүйесі
3-3
3.1 бөлімі
Жарық жүйесі
INTERCEPT сәулелендіру құралы INTERCEPT жүйесіндегі патогенді
инактивация үдерісі үшін А спектріндегі ультракүлгін сәуленің (UVA)
реттеулі дозасын қамтамасыз етеді. Сәулелендіру құралы қан препараттары
қойылатын таза науаның үстінде және астында орналасқан флюоресцентті
шамдармен жабдықталған.
Науаның сол жағында қан препараты, ал оң жағында бекітілген жинақ
орналасқан. Бір түрге жататын екі жинақты бір уақытта сәулелендіруге
болады. Алайда, бір түрге жататын жинақтарды ғана сәулелендіруге
болады. Мысалы, үлкен көлемді және аз көлемді тромбоциттер жинағын
бір уақытта сәулелендіруге болмайды. Әр камераның үстінде төрт шамнан
орналасқан және әр қан препаратына арналған әрбір камераның астында
төрт шамнан орналасқан. Құрылғы ішінде барлығы он алты шам
қолданылады.
Сәуле толқынының тиісті ұзындығы арнайы шамдарды және шыны
сүзгілерді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, осылайша қажеті жоқ
толқын ұзындығы бар сәуле тұтылады. Сәулелендіру дозасы фотодиодтар
деп аталатын датчиктер көмегімен өлшенеді. Әрбір екі шам үшін бір
датчик орнатылады, осылайша әр қан препараты үшін төрт датчик
қарастырылған. Бұл датчиктер әрбір сәулелендіру құралы орнатылған
кезде және орнатқаннан кейін ұсынылған аралықтарда калибрленеді.
Сәулелендіру құралы тиісті сәуле дозасы шығу үшін сәулелендіру уақытын
реттейді. Пайдалану барысында, флюоресцентті шамдардан шығатын
жарық мөлшері біртіндеп азаяды. Сондықтан, жаңа шамдарды пайдаланған
кезде сәулелендіру уақыты ең қысқа болады. Уақыт өте келе, шамдардың
сәуле шығару уақыты біртіндеп ұзарады. Сәулелендіру құралында бір
уақытта екі препарат болса да, әр қан препаратына жеткізілетін УКА
сәуленің дозасы бөлек бақыланады.
Шамдар жұп күйінде жұмыс жасайды. Егер бір шам жанып кетсе, жұп
ішіндегі екінші шам да автоматты түрде сөнеді. Екі шам арасындағы
датчик олардың жанып тұрмағанын анықтайды. Егер қан препаратын өңдеу
кезінде шам жанып кетсе, тиісті сәулелендіру деңгейіне қол жеткізу мүмкін
болмайды. Осы жағдай бейнебетке шығады және өңдеу есебіне енгізіледі.
Жартылай сәулеленген қан препараттарын жойған жөн. Қан препаратын
екінші рет сәулелендіруге болмайды.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.2 бөлімі – Өнім идентификациясы және табылу қабілеті
3-4
3.2 бөлімі
Өнім идентификациясы және табылу қабілеті
Сәулелендіру құралы келесі штрихкод пішімдерін тани алады және
сыйысымды келеді:
1. Codabar (Monarch 11 және UKBTS қоса)
• 10 санды таңба : 0 санынан 9 санына дейін
• 6 бақылау таңбасы: алу (-), доллар таңбасы ($), нүкте (.), қосу (+),
қос нүкте (:), алға қисайған сызық (/)
• 8 старт / стоп таңбасы: a, b, c, d, t, n, *, e
(жоғарғы және төменгі регистр рұқсат етілген)
2. Code 128 (ISBT 128 және Eurocode қоса)
• барлық 128 ASCII таңбасы
Толық мәлімет осы нұсқаулықтың 7-ші тарауында берілген.
Әр қан препараты донорлық нөмірі мен қан препаратындағы
код жиынтығының көмегімен анықталады және табылады. Бұл
идентификациялық мәлімет сәулелендіру құралына мекемеңіздегі
ақырғы сақтау контейнеріне жапсырылатын штрихкодтарды сканерлеу
арқылы енгізіледі.
Сәулелендіру кезеңі аяқталғаннан кейін, сәулелендіру құралында әрбір
өңделген қан препараты туралы жазба сақталады. Компьютерде саны
3200 дейін баратын жазбаны сақтауға, басып шығаруға және/немесе
жіберуге болады. 3201-ші өңдеу аяқталғаннан кейін, нөмірі 1-ші өңдеу
туралы жазба қайта орнатылады.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.3 бөлімі – Сәулелендіру құралы
3-5
3.3 бөлімі
Сәулелендіру құралы
Сәулелендіру құралында оператордың қызығушылығын тудыра алатын екі
негізгі нәрсе бар:
• оператордың басқару элементтері орналасқан алдыңғы панель.
• сәулеленуге ұшырайтын қан препараттары орналасатын есік
және суырма.
Деректер порттары және электр қуатының кабеліне арналған ұяшық
сәулелендіру құралының артқы панелінде орналасқан.
Алдыңғы
панель
Есік Қуат қосқышы Штрихкод
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.4 бөлімі – Алдыңғы панель сипаттамасы
3-6
3.4 бөлімі
Алдыңғы панель сипаттамасы
Сәулелендіру құралының алдыңғы панелі төмендегі суретте көрсетілген
бөлек бөлшектерден тұрады. Жұмысын басқару арналған түймешіктер
бейнебеттің екі жағында да орналасқан.
Бұдан әрі, осы бөліктердің әрқайсысы жеке қарастырылады.
Түрлі-түсті
Бейнебет нұсқауларды және өзге хабарларды көрсетуге арналған сұйық
бейнебет
кристалды дисплей болып табылады.
Ол сенсорлы бейнебет емес. Бір бейнебет терезесінен екіншісіне өту немесе
функцияны таңдау үшін бейнебеттің жанындағы алдыңғы панельдегі
түймешіктерді пайдаланыңыз.
Бейнебеттер функциялары бойынша реттелген, бейнебеттің жоғарғы сол
жақ бұрышындағы таңбалар операторға ыңғайлы болуы үшін
функцияларға бағыт сілтейді. Бұл функциялар мен олардың тиісті
таңбалары төмендегі кестеде берілген.
Бейнебеттегі
таңбалар
Функция
Функция
Сәулелендіру
Басып шығару
Сәулелендіру құралының параметрлері
Түрлі-түсті
бейнебет
Күй шамдары
Штрихкод
сканері
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |