2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2-1
2-ші тарау. Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
БӨЛІМДЕР
БЕТІ
2.1
Жұмысты бастау
2-3
2.2
Таңбалар
2-5
2.3
Осы нұсқаулықтағы шартты белгілер
2-9
MAN-KZ 00901, v1.0
2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2-2
Бұл бет әдейі бос қалдырылған.
MAN-KZ 00901, v1.0
2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2.1 бөлімі – Жұмысты бастау
2-3
2.1 бөлімі
Жұмысты бастау
Бұл бөлімде сәулелендіру құралының нұсқаулығын қалай қолдану қажеттігі
түсіндірілген.
Бұл нұсқаулықта INTERCEPT сәулелендіру құралын пайдалануға қатысты
егжей-тегжейлі мәлімет берілген. Ол қан компоненттерін өңдеуге арналған
INTERCEPT жинақтарымен бірге жіберілетін бүктеме қағазға қосымша
болып табылады. Сәулелендіруге дейін және одан кейін орындалуы тиіс,
осы нұсқаулықта сипатталмаған бірақ өңдеуге арналған әрбір жинақпен
бірге жіберілетін бүктеме қағазда сипатталған өңдеу әрекеттері бар.
Нұсқаулар қан препаратының түріне қарай сәл өзгеше болуы мүмкін,
сондықтан тиісті жинақтың нұсқауларымен таныс болу маңызды
болып табылады.
Нұсқаулық әрбір тарауды сипаттайтын мазмұнмен басталады. Мазмұн
ішінде әр тараудың бөлімдері де толық берілген. Әр тарау сәулелендіру
құралының белгілі бір қызметі немесе іс ретін түсіндіретін бөлімдерге
бөлінген және ішінде суреттер мен бейнебет кескіндері берілген. Кейбір
тараулардың соңында «сұрақ және жауап» бөлімі бар. Нұсқаулық мына
тарауларды қамтиды:
• 1-ші тарау Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
Бұл тарауда сәулелендіру құралының қандай қызмет атқаратынына,
қолдануға болатын жағдайларға, қолдануға болмайтын жағдайларға,
сонымен қатар осы нұсқаулықта кездесетін барлық ескертулер мен
сақтандырулардың қысқаша сипаттамасына түсініктеме берілген.
• 2-ші тарау Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
Бұл тарауда осы нұсқаулықты және нұсқаулықта, сәулелендіру
құралында және тасымалдау қорабында кездесетін таңбаларды
қалай қолдану керектігі туралы түсініктеме берілген.
• 3-ші тарау Сәулелендіру құралының сипаттамасы
Бұл тарауда сәулелендіру құралының құрамдас бөліктеріне және күн
пішімі мен тіл сияқты зертхана үшін орнатуға болатын сәулелендіру
құралының қызметтеріне түсініктеме берілген.
• 4-ші тарау Сәулелендіру құралын пайдалану реті
Бұл тарауда сәулелендіру құралымен байланысты процедураларды
орындау ретін түсіндіретін құрылғының күнделікті қолданысының
толық түсініктемесі қамтылған.
• 5-ші тарау Ақауларды жою
Бұл тарауда әр тараудағы сұрақтар мен жауаптардың жалпы шолуы,
ақауларды жоюға қатысты хабарлар және операторға ұсынылған
әрекеттер берілген.
• 6-шы тарау Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау,
кепілдік және күтім көрсету
Бұл тарауда тазалауға және жалпы техникалық қызмет көрсетуге қатысты
толық мәлімет және сәулелендіру құралын сақтау және жылжыту реті
туралы мәлімет берілген. Тарау ішінде кепілдік мәлімдемелері мен
қызмет көрсету нұсқаулары берілген.
MAN-KZ 00901, v1.0
2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2.1 бөлімі – Жұмысты бастау
2-4
• 7-ші тарау Техникалық талаптар
Бұл тарауда сәулелендіру құралына арналған техникалық
талаптар берілген.
• 8-ші тарау Қосымша
Бұл қосымшада терминдер сөздігі және оператор орындайтын
әрекеттердің қысқаша шолуы берілген.
MAN-KZ 00901, v1.0
2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2.2 бөлімі – Таңбалар
2-5
2.2 бөлімі
Таңбалар
Осы нұсқаулық
Осы нұсқаулық барысында келесі таңбалар қолданылды.
ішінде
Әр таңба мен оның мағынасы төменде көрсетілген:
қолданылған
таңбалар
Таңба
Таңбаның мағынасы
Ескерту
Сақтық ескертуі
Жазба
С және Ж (сұрақтар және жауаптар)
• Ескертулер жарақатқа әкелуі мүмкін әлеуетті қатерлер туралы
хабардар етеді.
• Сақтық ескертулері сәулелендіру құралының зақымдануына,
контейнерлердің сәуле алуына әсер етуіне немесе сәулелендіру
құралының орынсыз дабыл қағуына әкелуі мүмкін жағдайлар
туралы ескертеді.
• Жазбаларда қызуғышылық тудыратын мәселелер қамтылған.
• Сұрақтар және жауаптар бөлімдері кең таралған сұрауларға арналған.
MAN-KZ 00901, v1.0
2-ші тарау – Осы нұсқаулықты қалай қолдану қажет
2.2 бөлімі – Таңбалар
2-6
Сәулелендіру
Сәулелендіру құралының сыртқы тасымалдау қорабында келесі таңбалар
құралының
қолданылады.
қаптамасында
қолданылған
таңбалар
Таңба
Таңбаның мағынасы және нұсқаулар
«Каталогтағы нөмірі»
«Сериялық нөмірі»
«Өндірілген күні»
Нұсқаулықты қараңыз
«Құрғақ жерде сақтаңыз» (Тасымалдау қорабын
және ішіндегі бөлшектерді МІНДЕТТІ түрде
құрғақ жерде сақтау қажет)
«Мортсынғыш өнім! Абайлап көтеріңіз!»
(Тасымалдау қорабы мен ішіндегі бөлшектерді
абайлап көтеру қажет)
«Мына жағын жоғары қарата» (Қаптаманы тиісті
жағын жоғары қарата сақтау қажет)
«Температура шектеулері» (Тасымалдау қорабы
мен ішіндегі бөлшектерді тасымалдаған кезде
белгілі бір температура ауқымында сақтаған жөн)
«Салыстырмалы ылғалдылық» (Тасымалдау
қорабы мен ішіндегі бөлшектерді тасымалдаған
кезде белгілі бір ылғалдылық ауқымында сақтаған
жөн)
Бұл таңбалау Еуропа қауымдастығы
Кеңесі таратқан Медициналық жабдықтар
директивасының 93/42/EEC талаптарына сай
екендігін білдіреді.
«Өндіруші»
«Еуропадағы өкілетті маман»
Арнайы электрлі және электронды өнім
қалдықтарын жинау мүмкіндігін қажет етеді.
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |