3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.4 бөлімі – Алдыңғы панель сипаттамасы
3-11
Пернетақта
түймешіктері
Бұл түймешіктер бейнебеттің сол жағында орналасқан. Штрихкодты
сканерлеу мүмкін болмаса, оларды мәліметті енгізу үшін пайдалануға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қажет болса, өңдеу туралы деректердің қолмен енгізілуіне
жол бермеу үшін пернетақтаны ажыратуға болады.
Пернетақтаны ажырату үшін техникалық қолдау көрсету
қызметінің өкіліне хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның көмегімен тек бас әріптерді енгізуге болады.
Қажетті таңба
Түймешікті қанша рет басу қажет
Сан
Бір рет
Бірінші әріп
Екі рет
Екінші әріп
Үш рет
Үшінші әріп
Төрт рет
Төртінші әріп (7 мен 9
арасындағы сандарда)
немесе санға оралу үшін.
Бес рет
Арнайы таңбалар
Келесіні таңдау үшін «1» дегенді басыңыз:
«-», «+», «*», «$», «.», «/», «:»
ЕСКЕРТПЕ: Егер түймешікті ұзақ бассаңыз, ол сандар және әріптер
арасымен жүгірте өтуді ДОҒАРАДЫ.
Санды пернетақта
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.5 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-14
Бір қан препараты мен өңдеуге арналған жинақ алдыңғы, 1-ші камераға
салынады. Сәулелендіру контейнерінің ішіндегі қан препараты камераның
сол жағына, ал жинақтың қалған бөлігі камераның оң жағына салынады.
Екінші қан препараты және жинақ артқы, 2-ші камераға салынады.
Сәулелендіру контейнері сол жақта, жинақ оң жақта болады.
Қалыпты жағдайда, тек бір қан препаратын сәулелендіріп жатсаңыз,
оны алдыңғы камераға қою қажет. Егер де алдыңғы камера дұрыс жұмыс
жасамаса және оны пайдалану мүмкін болмаса, онда бір қан препаратын
артқы камерада сәулелендіруге болады.
Ақырғы сақтауға арналған контейнерлердің бірінде жазылған INTERCEPT
жинақтарының кодтарын сәулелендіру құралына сканерлеу кезінде,
сәулелендіру құралы берілуі тиіс сәулелендіру дозасын анықтайды.
Төменде дозалары және өңдеу уақыты шамамен берілген:
Дозасы
Өңдеу уақыты
• Үлкен мөлшердегі
3,5 – 4,3 Дж/см
2
4 - 6 минут
тромбоциттер
жинағы
• Кіші мөлшердегі
3,2 – 4,0 Дж/см
2
4 - 6 минут
тромбоциттер жинағы
• Плазма жинағы
5,8 – 7,0 Дж/см
2
6 - 8 минут
Өңдеу дозасын екі ондық деңгейге дейінгі дәлдікпен көрсетуге болады.
Егер екі түрлі қап препараттары бар болса, сәулелендіру құралы өңдеуді
бастамайды.
ЕСКЕРТПЕ: Екі контейнерді бір уақытта сәулелендіруге болады, бірақ
олар жинақ кодының бірдей түрін қамтуы тиіс. Мысалы,
үлкен көлемді және кіші көлемді тромбоциттер
жинағын бір
сәулелендіру циклы барысында сәулелендіруге болмайды.
Бір сәулелендіру циклы кезінде бір плазма контейнерін және
бір тромбоциттер контейнерін сәулелендіруге болмайды.
MAN-KZ 00901, v1.0