4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды басып шығару
4-19
Төмендегі басып шығару опцияларының барлығына ‘Select a report to
print’ (Басылып шығатын есепті таңдау) бейнебетінен қол жеткізуге
болады. Бұл бейнебетке кіру үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Сәулелендіру құралын қосып, көрсетілгеннен кейін ‘Enter’ (Енгізу)
түймесін басыңыз. ‘Select a function’ (Функцияны таңдау) бейнебеті
пайда болады.
2. Көрсеткі түймелер көмегімен ‘Print Records’ (Есептерді басып
шығару) опциясын таңдап, ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Select a
report to print’ (Басылып шығатын есепті таңдау) бейнебеті пайда
болады.
Осы қадамдарды орындау арқылы есептерді басып шығару опцияларына
қол жеткізіңіз немесе ‘Back’ (Кері өту) түймесін басып, алдыңғы
бейнебетке, ал есептерді басып шығару кезінде ‘Select a report to print’
(Басылып шығатын есепті таңдау) бейнебетіне оралыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өңдеудің күйі белгісіз болса, өңдеу есебін қарап шығып,
күйін тексеру керек.
Соңғы өңдеу
«Соңғы өңдеу» сәулелендіру құралында орындалған соңғы процедураны
білдіреді. Бұл есепті басып шығару үшін, төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. ‘Select a report to print’ (Басылып шығатын есепті таңдау)
бейнебетінде тұрған кезде, көрсеткі түймелер көмегімен ‘Last
Treatment’ (Соңғы өңдеу) опциясын бөлектеңіз.
2. ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басып, опцияны таңдаңыз. ‘Print the last
treatment report’ (Соңғы өңдеу есебін басып шығару) бейнебеті пайда
болады.
MAN-KZ 00901, v1.0
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды басып шығару
4-20
3. Бұл бейнебет қате болса, ‘Back’ (Кері өту) түймесін басыңыз. ‘Select a
report to print’ (Басылып шығатын есепті таңдау) бейнебеті пайда
болады. Көрсеткі түймелермен ‘Specific Treatment’ (Арнайы өңдеу)
опциясын таңдаңыз. (Төмендегі «Арнайы өңдеу» бөлімін қараңыз.)
4. ‘Print the last treatment report’ (Соңғы өңдеу есебін басып шығару)
бейнебеті дұрыс болса, ‘Print’ (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Басып шығару орындалып жатқанын растау үшін ‘Printing Last
Treatment Report’ (Соңғы өңдеу есебі басылып шығуда) ақпараттық
бейнебеті пайда болады.
5. Есеп басылып шыққан кезде ‘Select a report to print’ (Басылып
шығатын есепті таңдау) бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өңдеу есебінде таңдалған белгілі бір өңдеуге қатысты
ақпарат беріледі. Бұлардың қатарына сәулелендіру
құралының идентификациясы (ID), донорлық нөмірі, қан
препаратының коды, оператор идентификаторы, өңдеудің
басталу күні/уақыты және өңдеу күйі кіреді.
Арнайы өңдеу
Арнайы өңдеу опциясы сәулелендіру құралымен өңделген таңдаулы
препаратты білдіреді. Бұл есепті басып шығару үшін, төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. ‘Select a report to print’ (Басылып шығатын есепті таңдау)
бейнебетінде көрсеткі түймелер көмегімен ‘Specific Treatment’
(Арнайы өңдеу) опциясын таңдаңыз.
2. ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басып, опцияны таңдаңыз. ‘Select a
treatment to print’ (Басылып шығатын өңдеуді таңдау) бейнебеті
пайда болады.
3. Қажетті өңдеуді таңдау үшін көрсеткі түймелерін қолданыңыз. Өңдеу
бейнебетте берілмеген болса, өңдеулердің келесі беттерін көрсету үшін,
пернетақтада алға жылжу (
) немесе артқа жылжу (
) түймелерін
қолданыңыз. Қажетті өңдеу берілген тиісті бетті тапқанша, осы
түймелерді қолдануды жалғастыра беріңіз. Содан кейін, қажетті өңдеуді
таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өңдеулер күні, уақыты және донорлық нөмірімен бірге
хронологиялық ретте (ескісінен бастап жаңасына қарай)
беріледі.
MAN-KZ 00901, v1.0
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды басып шығару
4-21
4. Қажетті өңдеуді таңдау үшін, ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Print
the displayed treatment report’ (Пайда болған өңдеу есебін басып
шығару) бейнебеті пайда болады.
5. Есеп қате болса, ‘Back’ (Кері өту) түймесін басып, ‘Select a treatment
to print’ (Басылып шығатын өңдеуді таңдау) бейнебетіне оралыңыз.
Басылып шығуы қажет өңдеуді таңдау үшін әрекеттерді қайталаңыз.
6. Есеп дұрыс болса, ‘Print’ (Басып шығару) түймесін басыңыз. Басып
шығару орындалып жатқанын растау үшін, ‘Printing Selected
Treatment Report’ (Таңдалған өңдеу есепбі басылып шығуда)
ақпараттық бейнебеті пайда болады.
7. Есеп басылып шыққан кезде, ‘Select a report to print’ (Басылып
шығатын есепті таңдау) бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00901, v1.0
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды басып шығару
4-22
Ауысым есебі
Ауысым есебі опциясы сәулелендіру құралында өңдеулер жүргізілген
белгілі бір 24 сағаттық күнді білдіреді. Бұл есепті басып шығару үшін,
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. ‘Select a report to print’ (Басылып шығатын есепті таңдау)
бейнебетінде көрсеткі түймелермен ‘Multiple Treatments’ (Бірнеше
өңдеу) опциясын таңдаңыз.
2. ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басып, опцияны таңдаңыз. ‘Select treatments’
(Өңдеулерді таңдау) бейнебеті пайда болады.
3. Көрсеткі түймелер көмегімен ‘Shift Report’ (Ауысым есебі) опциясын
бөлектеңіз.
4. ‘Enter’ (Енгізу) түймесін басып, опцияны таңдаңыз. ‘Select a shift
report to print’ (Басылып шығатын ауысым есебін таңдау) бейнебеті
пайда болады.
5. Көрсеткі түймелер көмегімен қажетті күнді таңдаңыз. Егер күн
бейнебетте жоқ болса, күндердің келесі бет(тер)ін шығару үшін
пернетақтадағы алға жылжу (
) не артқа жылжу (
) түймелерін
басыңыз. Қажетті күні бар бетті тапқанға дейін осы түймешіктерді
пайдалануды жалғастыра беріңіз. Содан кейін, қажетті күнді таңдау
үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ауысымдар күні және өңдеулер санымен бірге кері
хронологиялық (ескісінен бастап жаңасына қарай) ретте
беріледі.
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |