Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий


«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер



жүктеу 7,99 Mb.
бет34/67
Дата14.02.2023
өлшемі7,99 Mb.
#41304
түріИнструкция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Пиза тапсырма жинағы NAO

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер
3-мәтін сұрақтарының сипаттамасы

Сұрақтардың
нөмірі

Сұрақтар типтері

Мәнмәтін

Құзыреттілік

Көп таңдауды қажетететін сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Өзіндік

Өзіндік

Көпшілік

Мектеп

Кәсіби

Ақпаратты іздеу және табу

Өзіндік

Тұжырымдау

1







+

+













+




2




+







+







+







3




+







+













+

4







+

+
















+
3-мәтін

«Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді.



  1. 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.

  2. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.

  3. Жасалған келісімшарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.

  4. 1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді.

  5. Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.

  6. «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.

  7. 130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.

  8. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.

  9. 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ, 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды.

  10. 2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды.

  11. Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды.

  12. 2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.

  13. Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді.

  14. Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған.

Дереккөзі http://e-history.kz/kz/publications/view/1183
Тапсырмалар:

1-сұрақ.


Өзің үшін қандай ерекше қызықты мәлімет алдың? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
2-сұрақ.
Қай мәліметте әлемдік біріншілік туралы айтылған? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.
3-сұрақ.
Екінші және төртінші мәліметтерге сәйкес неге ғарыш айлағы орналасу жерінің екі нұсқасы болған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
4-сұрақ.
Мына сурет (38-сурет) қай мәліметке сәйкес келеді? Мәліметтің нөмірін жазыңыз.






38-сурет – Ғарышкер Т. Әубәкіров


Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-тапсырма

  1. Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.

  2. Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.

  3. Кіріспедегі «тұңғыш әрі ең ірі» деген сөздер тіркесіне назар аударыңыз.

  4. Бір сөйлеммен жауап беріңіз.

2-тапсырма



  1. Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.

  2. Мәтіннен санға қатысты мәліметтерге назар аударыңыз.

  3. Әлемдік біріншілік туралы мәліметке мән беріңіз?

  4. Реттік нөмірін жазыңыз.

3-тапсырма



  1. Тапсырманы мұқият оқыңыз.

  2. Мәтіннен 2 және 5-мәліметтерді тағы бір оқып шығыңыз.

  3. 2 және 4-мәліметтердегі микротақырыптарды белгілеңіз.

  4. Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.

4-тапсырма



  1. Суретті мұқият қараңыз.

  2. Оның детальдарына назар аударыңыз.

  3. Оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысы бар екенін ойланыңыз.

  4. Мәліметтің нөмірін жазыңыз.



Бағалау кестесі.
Ең жоғары балл – 4

  1. Жауапта кем дегенде келесілердің біреуі ескерілген:

  • әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы;

  • халықаралық маңызы бар нысан.

  1. 12-мәлімет.

  2. Дұрыс жауапта айтылатын мағына: құпиясын сақтау үшін.

  3. Оныншы мәлімет.




жүктеу 7,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау