|
Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий
|
бет | 30/67 | Дата | 14.02.2023 | өлшемі | 7,99 Mb. | | #41304 | түрі | Инструкция |
| Пиза тапсырма жинағы NAO16-есеп. Таулар.
15-кестеде әр континент бойынша ең биік таулар туралы мәліметтер көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар.
15-кесте – Таулардың биіктігі
№
|
Таудың атауы
|
Тау орналасқан материк
|
Мәліметтер
|
Биіктігі
|
1
|
Эверест
|
Азия
|
|
8852 м
|
2
|
Аконкагуа
|
Оңтүстік Америка
|
Аконкагуа тауының биіктігі Эверест тауы биіктігінің 79%-ын құрайды
|
|
3
|
Мак-Кингли
|
Солтүстік Америка
|
Аконкагуа тауының биіктігі Мак-Кингли тауынан 798 м-ге биік
|
|
4
|
Килиманджаро
|
Африка
|
Килиманджаро тауының биіктігі Мак-Кингли тауынан 199 м-ге аласа.
|
|
5
|
Эльбрус
|
Еуропа
|
|
6642 м
|
6
|
Винсон массивіндегі Сентинел жотасы
|
Антарктида
|
Сентинел жотасының биіктігі Аконкагуа мен Эльбрус тауларының биіктігінің айырымын 13,98 есе арттырғанға тең
|
|
7
|
Косцюшко
|
Аустралия
|
Косцюшко тауының биіктігі Сентинел жотасының биіктігінен 2666 м-ге аласа
|
|
17-есеп. Әшекейлеу.
Ұзындық өлшемдері 4м және 2,5м қабырғаны 36-суретте көрсетілгендей плиткамен әшекейлеу қажет.
36-сурет
1-сұрақ. Берілген қабырғаның ауданы қанша?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Бір плитка қанша жерге жетеді?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу үшін шамамен қанша осындай плитка керек?
Жауабы: ___________ .
4-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу кезінде сурет симметриялы болу үшін кем дегенде қанша осындай бүтін плитка керек?
Жауабы: ___________ .
18-есеп. Әшекейлеу .
Қабырғасының ұзындығы 45 см ромб пішінді фигураны 37-суретте көрсетілгендей ромб пішінді плиткамен әшекейлеу қажет.
37-сурет
1-сұрақ. Берілген фигураның ауданы қандай?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Берілген фигураны плиткамен толық толтыру үшін плитканың қабырғасы қанша сантиметр болуы керек?
19-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді?
Жауабы: ___________.
20-есеп. Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны?
Жауабы: ___________.
21-есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы – отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны?
Жауабы: ___________.
22-есеп. Спортшылар саны.
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар.
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
23-есеп. Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды 4 қатарға әрқатарда 5 талдан болатындай етіп отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|