ЕСКЕРТПЕ
Көбіктің пайда болуына жол бермеңіз!
Тазартқыш заттарды пайдалану көбіктің қажетсіз пайда болуына әкеледі.
➢ Тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.
3. Бакқа (max, D) белгісінен су толтырыңыз (10 л-ге жуық).
ЕСКЕРТПЕ
Беткейлердің зақымдалуы!
Жылтыратуға арналған DENTATEC заты сұйылтылмаған күйінде пластикалық беткейлерді улауға қабілетті және түсін өзгертеді.
➢ DENTATEC затын аппаратқа қоймаңыз. ➢ DENTATEC-ті төгіп алмаңыз.
4. Бакқа 250 л-ге жуық DENTATEC құйыңыз. Компоненттердің арақатынасы: 1 л суға 0,025л DENTATEC заты.
5. Бакқа сүзгіні орнатыңыз.
6. Бактың қақпағын жауып, құлыпты бекітіңіз.
7. Үлкен диаметрлі бакқа (А) суытқыш сұйықтықтың ағуына арналған шлангіні және бакқа суытқыш сұйықтық беретін жіңішке шлангіні (В) қайта жалғаңыз
Аппаратты қосу мен өшіру
ЕСКЕРТПЕ
Аппаратты төмен температурада пайдалануға тыйым салынады!
Егер аппарат салқын жердег жұмыс бөлмесіне келтірілсе, мұнда ылғал конденсациясы басталуы мүмкін, мұның өзі қысқы тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Аппаратта төмен температурада кейде қателік туралы хабарлама бере алатын бөлшектерді майлау үшін майлау жинақтағыштары қарастырылған.
✔ Аппаратты бөлме температурасында орнатыңыз.
Аппараттың температурасы бөлме температурасымен теңесуін және аппараттың толық кебуін күте тұрыңыз (кемінде бір сағат).
Аппарат құрғады, енді оны пайдалануға беруге болады.
ЕСКЕРТПЕ
Желілік кернеуді баптаудың қажеті жоқ. Аппарат желілік кернеуді автоматты түрде баптайды.
64 78 791 D3608
|
45
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
Аппаратты қосу
✔ Аппарат электр қорегі желісіне қосылған.
1. Аппараттың артқы қабырғасындағы бас ажыратқышты сол жақтан І қалпына (Қосу) келтіріңіз.
10-15секундтан кейін алыңғы жарықдиод жасыл түспен жанады.
2. Алдыңғы панелдегі бас ажыратқышты басыңыз.
Аппарат қосылады, өңдеу камерасы ақ немесе сары
түспен жанады (егер дайындаманы ұстағышы консоль қапсырмасымен бірге бір деңгейде тұрса ғана ақ түспен жанады).
Аппаратты ажырату
✔ Аппарат өңдеу үдерісін аяқтады.
➢ Алыңғы панелдегі қорек ажыратқышты басыңыз.
Сіз оны жібере салысыңызбен, аппарат өшеді.
Аппаратты орнату мен пішіндік үйлесімі
Аппаратты орнату
Аппаратты пайдалануға беруден бұрын, сіз ДК-мен қосылысты орнатуыңыз керек. Бұл „ДК/ интерфейстерді қосу [→34] тарауында сипатталған“.
МАҢЫЗДЫ
inLab MC X5 бағдарламасын статикалық және динамикалық ІР-мекенжаймен пайдалануға болады.
inLab MC X5 дайындаушы-заводта әрқашан статикалық ШР-мекенжаймен пішіндік үйлеседі. Стандартты IP-мекенжай: 192.168.230.xy. Х және y орындарында әрқашан аппараттың соңғы нөмірінің соңғы екі цифры көрінеді. Сериялық нөмір артқы қабырғадағы жапсырмада келтірілген. Егер сериялық нөмір "00"-ге аяқталса, xy мағынасы әрқашан "100"-ге тең болады.
Желілік картаның MAC-мекенжайы аппараттың пішіндік үйлесім мәзірінде көрінеді.
IP пішіндік үйлесімін өзгерту үшін, ДК желілік картасын статикалық ІР-мекенжаймен тікелей қосу керек. inLab-4 бағдарламасын пайдаланылатын ДК желілік мекенжайы – 192.168.230.101. Желі тармағының бетпердесі
255.255.255.0.
46
|
64 78 791 D3608
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
5 Пайдалануға беру
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
5.2 Құрылғыны пайдалануға беру
|
Құрылғыны автоматты іздестіру
Аппарат тікелей Ethernet ДК кабельмен қосылған
"inLab CAM" бағдарламасын іске қосыңыз.
Тінтуірдің курсорын терезенің үстіңгі жиегіне бғыттаңыз немесе Іске қосу терезесі түймешігін шертіңіз.
Жүйелік мәзірдегі "Пішіндік үйлесім" түймешігін шертіңіз.
" Машинаны және аспаптық науаны басқару " түймешігін шертіңіз.
"Жаңа құрылғыларды іздестіру" түймешігін шертіңіз.
ДК-ға қосылған барлық құрылғыларды тану іске асырылады.
Жаңа құрылғының атын енгізіңіз.
Құрылғыны қолмен іздестіру
✔ Аппарат тікелей Ethernet ДК кабельмен қосылған.
. ✔ Аппарат қосулы.
"inLab CAM" бғдарламасын іске қосыңыз.
Жүйелік мәзірдегі "Пішіндік үйлесім" түймешігін шертіңіз.
"Машинаны және аспаптық науаны басқару " түймешігін шертіңіз.
"Құрылғыны қосыңыз (қолмен)" түймешігін шертіңіз.
"Желіні" таңдаңыз.
Желілік мекенжайды енгізіңіз.
"Ok" түймешігін шертіңіз.
Бағдарлама құрылғыға жүгінуге тырысып жатыр.
Егер қосылысты орнату мүмкін болмаса, қосылыс сапасын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда, білікті техникке жүгініңіз.
Аппаратты жою
Егер аппарат енді қажет болмаса (мысалы, ауыстырған жағдайда), сіз оны тізімнне жоя аласыз.
✔ Құрылғы пайдаланудан шығарылды.
Жүйелік мәзірдегі "Пішіндік үйлесім" түймешігін шертіңіз.
" Машинаны және аспаптық науаны басқару " түймешігін шертіңіз.
Өзіңіз жойғыңыз келген аппаратты шертіңіз.
"Құрылғыны жою" түймешігн шертіңіз.
Жүйе сізден аппаратты жою керек пе деп сұрайды.
"Иә" түймешігін шертіңіз.
Аппарат жойылады.
64 78 791 D3608
|
47
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
5 Пайдалануға беру
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
5.2 Құрылғыны пайдалануға беру
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
Аппараттың пішіндік үйлесімі
"inLab CAM" бағдарамасының"Машинаны және аспаптық науаны басқару" тарауында кейіннен аппараттың түрлі баптауларын өзгертуге болады.
Жүйелік мәзірдегі "Пішіндік үйлесім" түймешігін шертіңіз.
"Машинаны және аспаптық науаны басқару" түймешігін шертіңіз.
Пішіндік үйлестіргіңіз келген аппаратты шертіңіз.
inLab MC X5
Мәзірдің "inLab MC X5" / тармағының көмегімен аппараттың атын келесі баптаулармен өзгертуге болады:
– ІР автоматты түрде баптау
– ІР қолмен баптау
– Sirona сорғышы (сорғыш агрегат)
– Сыртқы сорғыш (сорғыш агрегат)
Қосылыстарды баптау ІР қолмен баптау
Аппаратты желіге ықпалдастыру үшін ІР-мекенжайды өзгертуге болады. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Аппаратты ДК inLab 4-пен тікелей жалғаңыз (Аппаратты орнатуды [→46] қараңыз).
2. Егер сіз статикалық IP-мекенжайды өзгерткіңіз келсе,
"Құрылғының баптауларын басқару" түймешігін басыңыз.
3. Жергілікті желінің пішіндік үйлесіміне сәйкес желілік баптауларды енгізіңіз.
4. Желінің жаңа баптауларын растау үшін, өзгертілген баптауларды сақтамау мақсатында "Ok" түймешігін басыңыз – "Болдырмау".
5. Ethernet кабелін ДК-дан ажыратыңыз және аппаратты жергілікті желінің ағытпасына қосыңыз (ДК/ интерфейстерді қосуды [→34] қараңыз).
48
|
64 78 791 D3608
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
5 Пайдалануға беру
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
5.2 Құрылғыны пайдалануға беру
|
ІР автоматты баптау
Аппаратты ІР-мекенжай DHCP серверінен автоматты түрде берілетіндей етіп DHCP серверімен желіге ықпалдастыруға болады. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Аппаратты ДК inLab 4-пен тікелей жалғаңыз (Аппаратты орнатуды [→46] қараңыз).
2. Егер сіз ІР-мекенжайды автоматты түрде қосқыңыз келсе, "Құрылғы баптауларын басқаруды" басыңыз.
3. Содан кейін "ІР автоматты басқаруды" шертіңіз.
МАҢЫЗДЫ
Аппарат қосылатын желіде ШР-мекенжайларды беруге арналған DCHP белсенді сервері бар екендігіне көз жеткізіңіз.
Желінің жаңа баптауларын растау үшін, өзгертілген баптауларын сақтамау үшін "Ok" түймешігін басыңыз - «Болдырмау».
Егер сіз баптауды "Автоматты баптауға" ауыстырсаңыз, Ethernet кабелін ДК-дан ажыратып, аппаратты жергілікті желінің ағытпасына қосыңыз.
Егер сіз бұрынғы баптауларға оралғыңыз келсе,
" IP қолмен баптауға" көшіңіз.
МАҢЫЗДЫ
Егер аппарат "ІР автоматты баптау" режимінде тұрса және DHCP белсенді серверін таппаса, IP-мекенжай автоматты түрде 192.168.230.1-ге оралады. Содан кейін аппаратты тікелей ДК-ға қосуға, "Құрылғыны қосу (қолмен" функциясының көмегімен қосуға және пішіндік үйлестіруге болады.
64 78 791 D3608
|
49
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
5 Пайдалануға беру
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
5.2 Құрылғыны пайдалануға беру
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
Сорғыш
"Сору" параметрінің көмегімен пайдаланылатын сору түрін көрсетуге болады.
"Sirona": Сіз inLab MC X5 үшін қосымша сорғышты пайдаланып тұрсыз. Осы нұсқаны таңдап, сорғышты аппаратқа қосыңыз (интерфейстік кабельмен бірге). Сорғышты қосу мен өшіру үшін inLab MC X5 бағдарламасымен байланыс автоматты түрде іске асырылады.
"Басқалар": Сіз басқа өндірушінің сорғышын пайдаланып тұрсыз. Осы нұсқаны таңдап, сору жүйесі талаптарға сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз (Сорғышқа қойылатын талаптарды [→29] қараңыз). Бұл жағдайда сорғышты әр үдеріс сайын қолмен қосу және өшіру керек.
МАҢЫЗДЫ
«Сыртқы соруғыш» нұсқасын таңдаған кезде, бір үдерістің аясында ылғал және құрғақ өңдеу арасында ауыстыру (мысалы, пластмассаларды өңдегенде) бұл жағдайда белсенді емес екендігін ескер керек.
Сыртқы бак
Егер сіз суытқыш сұйықтықтың багын жалғасаңыз, ылғал өңдеуді пайдалану үшін осы нұсқаны таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ
Егер осы нұсқа белсендірілмесе, ылғал өңдеу үдерісін іске қосуға (мысалы, шыны керамика) болмайтынын есте тұтыңыз.
50
|
64 78 791 D3608
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
6 Басқару
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
6.1 Белсендіру
|
Басқару
Белсендіру
ЕСКЕРТПЕ
Пайдаланушының нұсқаулығын сақтау керек.
inLab CAM SW бағдарламасын пайдаланушының нұсқаулығындағы нұсқауларды ұстаныңыз.
Белсендіру қадағалардың қызметін тексеру және өңдеу камерасындағы жылжитын компоненттердің орнын тексеру үшін қажет. Белсендіру тігілген БЖ арқылы автоматты түрде атқарылады. Толық белсендіру әрқашан машинаны алғашқы тапсырманы тікелей іске қосу алдында қосқан соң орындалады. Қысқартылған белсендіру әрбір жаңа тапсырма алдында жүргізіледі.
ЕСКЕРТПЕ
Дайындаманы ұстағыштың орналасқан орнын сақтау керек.
Дайындаманы ұстағыштың жылжымалы екі өсі бар. Орнын қолмен өзгерту кезінде, әр белсендірген сайын аспапты ұстағыш көлденең қалыпта, яғни консольдың қапсырмасымен бір деңгейде тұрғанына көз жеткізу керек. Осыдан кейін камераның жарығы ақ түске енеді.
64 78 791 D3608
|
51
|
|
D3608.201.01.02.12 11.2014
|
|
6 Басқару
|
Sirona Dental Systems GmbH
|
6.2 Өндірістік үдерістер
|
inLab MC X5-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық
|
6.2 Өндірістік үдерістер
Әр үдеріс алдында барлық қажетті қосылыстар тиісті дәрежеде орындалғанына көз жеткізіңіз, сору жүйелерінің қызмет атқаруын, сығымдалға ауа мен су берілуін тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |