30
3.4. Бұрандалардың белгіленуі
Бұрандалар параметрлерін бекітетін стандарттар олардың
шартты белгіленуін де қарастырады. Бұранданың шартты
31
белгіленуіне оның түрін анықтайтын әріптік белгіленуі, сонымен
қатар бұранда өлшемі, яғни оған (конустық және құбырлық
цилиндрлік бұрандалардан басқа) барлық бұрандалар үшін
бұранданың сыртқы (үлкен) диаметрін жатқызады. Бұл өлшем
конустық және құбырлық цилиндрлік бұрандаларда шығарма
сызық сатысына жазылады.
3.8 суретте жиі кездесетін стандарт бұрандалар түрлері мен
стандарт емес бұрандалардың белгілену үлгісі көрсетілген:
а) оқу сызбасындағы тетікбөлшектердегі метриялық
бұрандалардың белгіленуі:
М10 – ірі адымды метриялық;
М16 х 1, М24 х 2 – ұсақ адымды;
М20LH – солақай;
б) трапециялық және тіректік бұрандалардың белгіленуі;
в) конустық және құбырлық цилиндрлік бұрандалардың
белгіленуі;
г) стандарт емес профильді бұрандалар.
2.6. Бұрандалардың қолданылуы
Барлық бұрандаларды шартты түрде бекіту және жүрістік
бұрандалары деп бөлуге болады.
Бекіту бұрандалары тетікбөлшектерді өзара біріктіру үшін
қолданылады.
Бекіту
бұрандасының
профилі
(қалыпты
үшбұрыш) ά = 60º және 55º болатын үшбұрыш болып келеді,
себебі мұндай жағдайда тетікбөлшектер арасындағы үйкеліс күші
қатты болады да, бөлшектердің өздігінен бұралып ашылып
кетпеуіне кедергі жасайды. Барлық бекіту бұрандалары
стандартталған. Жүрістік бұрандалар ось бойымен жылжып
айналу қозғалысын туындату қызметін атқарады. Мұндай
бұрандалардың профилі винттік жұптың арасындағы ең аз
үйкеліс күшін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Осы тұрғыдан
алып қарағанда тік бұрышты профиль дәл келеді деуге болады
(үйкеліс күші 0-ге тең), бірақ ол стандартталмаған.
Винттік жұпта қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін бұранда
ойығының қатаңдығын арттыру керек, ал бұл көп кірісті
бұрандаларды қолдану арқылы жүзеге асады.
32
2.7.Бұрандалы қосылыстар
Бірде бір машина, не механизм бұрандалы біріктірулерсіз
жасалмайды. Бекіту бұрандаларының ішіндегі ең кеңінен
қолданылатыны метриялық бұранда. Ол негізінде стандарт
бұйымдарға жататын болт, винт, шпилька, гайка т.б.
тетікбөлшектерде орындалады.
Техникада жиі кездесетін бұрандалы біріктірулер – винттік,
болттық және шпилькалық. Болттық және шпилькалық
біріктірулердің үлгісі 3.9, 3.10 суреттерде келтірілген.
«Инженерлік сызба» қашықтан оқыту пәнінің әдістемелік
нұсқауындағы 2-9 қосымшаларда жеке тапсырмалар нұсқалары,
анықтамалық таблицалар мен жұмыстардың орындалу үлгілері
берілген.
4. ТЕТІКБӨЛШЕКТІҢ ЭСКИЗІН ОРЫНДАУ
4.1. Жалпы түсінік
Өндірісте бір рет қана пайдалануға болатын сызбаларды
эскиз
түрінде
орындауға
рұқсат
етіледі.
Тетікбөлшек
элементтерінің пропорциясын сақтай отырып, көзмөлшерлік
масштабта,
кез-келген
материалға
сызба
аспаптарының
33
көмегінсіз, қолмен орындалған уақытша сипаттағы сызба
эскиз
деп аталады. Эскиздер жаңа жобаларды жасауда және
қолданыстағы бұйымдарды жетілдіруде қолданылады. Эскиз
тетікбөлшек дайындауда немесе оның сызбасын орындауда
маңызды құжат болып есептеледі. Сол себепті ол сауатты, айқын
орындалған болуы шарт, әйтпесе дайындалған бұйым ақаулы
болып шығуы әбден мүмкін.
Эскизді нәрсе кескінін орындауда қолданылатын тік және
көлденең сызықтарды жүргізуге қолайлы болу үшін шатыраш
қағазға жұмсақ қарындашпен орындаған дұрыс.
Эскизде кескіндермен қатар, тетікбөлшекті дайындауға және
бақылауға арналған барлық мәліметтер болуы керек, яғни:
а) өлшемдер;
ә) бет бұдырлығы;
б) материал туралы мәлімет;
в) термоөңдеу түрі;
г) дөптілік және (отырғызу) посадка;
д) пішіндердің орташа ауытқулары мен тетікбөлшек
беттерінің орналасуы.
Негізгі жазуда тетікбөлшек атауы, материал және оның
белгіленуі көрсетіледі.
Оқу сызбасында в, г, д бөлімдерін басқа пәндерден
оқытылатын арнайы білімді қажет ететіндіктен, орындамауға
болады. Ал ә, б бөлімдері анықтама әдебиеті бойынша
орындалады. Машинажасауда жиі қолданылатын материалдар
туралы мәліметтер қосымшада келтірілген.
4.2.Эскиздеу кезеңдері
Эскиздеу процесін өзара тығыз байланысты жекелеген
кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. 4.1 суретте тетікбөлшекті
кезеңдеп эскиздеу көрсетілген.