Информатика


Word – Windows жүесіндегі құжаттарға мәтінді енгізуге, оларды редакциялауға, графиктерді безендіруге, суреттерді, формуларды, кестелерді, фото орналастыратын графикалық редактор



жүктеу 0,7 Mb.
бет3/6
Дата20.02.2018
өлшемі0,7 Mb.
#10284
түріКонспект
1   2   3   4   5   6

Word – Windows жүесіндегі құжаттарға мәтінді енгізуге, оларды редакциялауға, графиктерді безендіруге, суреттерді, формуларды, кестелерді, фото орналастыратын графикалық редактор.

Word іске қосу ПУСК + Программы + Microsoft Word.


Word-тан шығу – Файл + Выход. немесе ALT + F4

Курсорды мәтін бойынша жылжыту.

Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін келесі пернелерді қолдануға болады:



  • ағымдағы жолдың басына қою

  • ағымдағы жолдың аяғына қою

  • құжаттың басына

  • құжаттың аяғына

Құжатпен жұмыс


  • Жаңа құжатты құруФайл + Создать + Обычный + ОК. немесе құралдар тақтасында «Создать» батырмасын басу.

  • Шаблон бойынша жаңа құжатты жасау - Файл + Создать + құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы).

  • Құрылған файлды не құжатты ашу - Файл + Открыть, дискіден керекті файлды тауып оның атына екі рет шерту немесе құралдар тақтасында «Открыть» + ... батырмасын басу. WORD құжатының кеңейтілуі – .DOC

  • Басқа ашық құжатқа ауысу үшін менюден Окно + керекті құжатқа шерту. Немесе құжаттардың тізімін қарау үшін Ctrl + F6 пернелерді басу керек.

  • Тез сақтау– Shift + F12.

  • Құрылған құжатты сақтау– Файл + Сохранить как, құжатты сақтайтын қапшықты таңдау, «Имя файла» өрісінде құжаттың атын енгізу.

  • Автосақтау. - Сервис + Параметры + Сохранение + Автосохранение каждые және уақытты минутпен беру + ОК.


Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28]
Тақырып 5 Кестелік процессор. Excel кестелік процессоры

Microsoft Excel-де кесте құру.

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.



  1. Жұмыс кітабы:

Excel құжаттары Книга деп аталады. Ол кез келген сан беттерден тұруы мүмкін.

    • Жаңа жұмыс кітабын құру: Файл – Создать.

    • Жұмыс кітабын сақтау: Файл – Сохранить как.. – сақтайтын қапшықты таңдау – атын беру – ОК. Excel құжаттарының кеңейтілуі “.XLS” болады.

  1. Беттер – жұмыс кітабындағы құжаттар.

Бет – мәліметтерді енгізуге арналған өріс. Бұл өріс бағандар және жолдар бойынша координаттары бар ұяшықтардан тұрады.

    • бетті қосу. Вставка – Лист

    • бетті жою: Оның атына маустың оң батырмасын шертіп, Правка – Удалить лист

    • беттің атын өзгерту: оның атына маустың оң батырмасын шертіп, Переименовать – атын енгізу – Enter басу.

  1. Ұяшықтар – кестенің координаталары бар элементі. М-ы: А1, ВК43. Ұяшықтар диапазоны қос нүктемен ажыратылады. М/ы: А2:А5

Ұяшықтар келесі типті мәліметтерді қабылдай алады:

  • Сандар, егер ұяшыққа сан толық симаса, оның орнына «#» символдары шығады.

  • Мәтін. Ұяшықтағы мәтін 255 символдан тұра алады.

  • Күн, уақыт. М-ы: 4-4 не 4/4 енгізсеңіз оны 4 сәуір болып есептейді, ал 10:00 таңғы сағат он деп есептейді. Excel – ді күндерді есептеуде қолдануға болады. Екі күннің айырмасын санауыңызға болады.

  • Формулалар. Формулалар «=» символынан бастап жазылады.

Жұмыс беті жол мен бағандардан тұрады.
  1. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер


Ұяшықтардың салыстырмалы адресі-бұл кестені беттің басқа жеріне көшіргенде өзгеретін адрес. Ұяшықтың абсолютті адресі-кестені беттің басқа жеріне көшіргенде өзгермейтін ұяшық адресі. Мысалы : $A$1 деп жазылады.Егер $ белгісі қойылмаса, адрес аралас болып есептеледі.Мысалы: Егер $А5 болса,А-тұрақты,ал жол номері салыстырмалы немесе А$3 болса,3 жолы тұрақты, ал А бағаны кестені басқа жерге көшіргенде өзгеріп отырады.

Беттерді байланыстыру

Excel-де 256 беттерді қолдануға болады.

Мысалы : = А1+В1 файлдар адрестер ағымдағы беттен алынады.

= Лист1! А1+ Лист2!В1- мұнда А1 ұяшығының адресі Лист1-ден алынады, ал В2 ұяшығының адресі Лист2-ден алынады.


  1. Логикалық функциялар


Логикалық функцияларға ЕСЛИ, И, ИЛИ, НЕ функциялар жатады.
  1. ЕСЛИ функциясы


Есеп шығарғанда егер шарт ақиқат болса онда ИСТИНА мәнін береді, ал егер шарт жалған болса ЛОЖЬ мәнін шығарады.

Синтаксис:

ЕСЛИ(лог_выражение;значение_если_истина;значение_если_ложь)

Лог_выражение - бұл есепті шығарғанда ИСТИНА немесе ЛОЖЬ мәндерін беретін кез келген мән немесе өрнек.

Значение_если_истина - бұл мән. Егер шарт ИСТИНА мәнін қаблыдаса, онда сол мәнді шығарады.

Значение_если_ложь - бұл мән. Егер шарт ЛОЖЬ мәнін қаблыдаса, онда сол мәнді шығарады.

7. Автофильтр


Тізімнін ішінде кез келген ұяшықты шерту – Данные – Фильтр Автофильтр таңдау.

10. Диаграммалар

Мәліметтер қатары – бұл диаграммалардың графикалық элеменнтері: сызық, сектор, түзу және т.б.

Категориялар – қатарында орналасқан элементтер санын көрсетеді.

Легенда – диаграммалардың бөлек элементтерін сипаттау.

Excel-де диаграммаларды құру

1-қадам


Вставка – Диаграммы коммандасын орындау. Шыққан сұхбат терезесінде Excel тұрғыза алатын диаграмма түрлерінің ішінен өзімізге қажетті тек біреуін таңдап алуымыз керек. Келесі батырмасын басамыз.

2-қадам


Бұл Excel-дің бұрын белгілеп алған мәліметтерді қалай пайдалана алатынын көрсетеді.

Бұл қадам мәліметтердің қайда орналасқанын –қатарда ма, бағанада ма –көрсетіп, олардың түсіндіру мәліметтерін қай интервалдан алатынымызды да көрсету керек. Түсініктеме диаграммадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатын нұсқауыштарын-маркерлерін бейнелейді.

Мысалға, біздің экранымызда, Диаграмма шебері мәліметтердің қатарларда орналасқанын дұрыс анықтағандықтан, ешнәрсені өзгердудің қажеті жоқ.

Түсініктеме беретін миәлімет ретінде біз ешнәрсе енгебіздіктен, оң жақтағы белгілі тұратын орында келісім бойынша авлынатын

«1-қатар» деген сөз тұр.Түсінік беретін текст үшін бағаналар санын өзгерту қажет емес. Сонымен, бәрі ойдағыдай болса, «Келесі» батырмасын тағы да басамыз.

3-қадам


Мұнда түсініктемеге қосымша атаулар, нұсқауыштар қажет болса соларды және диаграмма атын, x пен y остерін бойынша жазылуға тиіс мәлімет енгізу талап етіледі.

4-қадам


Диаграмманы қай бетке орналастыратынын көрсету керек.
Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28]
Тақырып 6 PowerPoint презентацияларды құруға арналған программа.

Power Point – презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35 миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен қатар, мультимедияның басқада мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз – компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.

Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдараламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа құралдарды пайдалану керек.

Power Point менюлері оффистің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Мастер автосодержания сұхбат терезесін іске қосқаннан кейін Файл-Создать-Презентации командасы көмегімен презентация түрін таңдау сұхбат терезесіне кіріп, презентация шаблондарының бірін таңдау керек.

Презентация шаблоны дегеніміз – белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.


Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 1) Power Point–ты іске қосу. Файл-Создать командасын таңдау. 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау. 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру. 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану. 5) жазбалар режіміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру. 6) құрылым режіміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу. 7) слайдтарды сұрыптау режіміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту. 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау. 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау. 10) презентацияны сақтау.

Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін мыналарды жасау қажет:

1. Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу.

2. Вставка-Фильмы и звук командасын беру.

3. Мына әрекетттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Зву из файла тапсырмасын беріп, қажетті файлды табу.

4. Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.

Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов-настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша қайталау керек.

PowerPoint презентацияны жоспарлауға, жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады, Excel, Lotus 1-2-3 және ASCII файлдарына қоса көптеген импорт/экспорт пішімдер қолданылады.

PowerPoint презентацияның барлық құрауышарын шығаруға немесе басуға және де презентацияларды кейін Web-серверде басып шығару үшін Web-бет ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
Презентция жасау үшін мына әрекеттерді орындау талап етіледі:


    1. PowerPoint-ті іске қосу. Егер ол жұмыс істеп тұрса, жақын презентация шаблонын таңдау.

    2. Презентации қосымша бетінде оның тақырыбына ең жақын презентация шаблонын таңдау.

    3. Слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңды теру.

    4. Әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану.

    5. Жазбалар режиміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру.

    6. Құрылым режиміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.

    7. Слайдтарды сұрыптау режиміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту.

    8. Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін PowerPoint терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен алмастыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау.

    9. Дайын презентация көрсетуін аяқтау.

    10. Презентацияны сақтау-Файл-Сохранить командасын орындап, презентацияға ат меншіктеу, кейін Сохранить батырмасын басу (презентация файлы .ppt кеңейтуін иеленеді).

PowerPoint презентацияларды нақты стильдежасауға мүмкіндік береді. Презентация стилін басқарудың үш әдісі бар: безендіру шаблондары, түстік схемалар және үлгілер.

Әр презентацияда төрт үлгі пайдалануға болады – слайдтар, титул беттері, берілетін беттері, мәлімдеуші жазбалары.

PowerPoint слайдтары объектіледен (мәтін, график, сурет, ұйымсхемасы, бейнеклип; Excel электрондық кестесі, Word кестесі және басқалар слайдқа қосқанда объект болып кетеді) тұрады. Объектімен жұмыс істегенде оны алдын ала ерекшелеу керек, кейін оның өлшемдерін, орналасуын, түсін, шекарасын өзгертуге болады.

Слайд жасалғаннан кейін, оны өзгерту үшін мына әрекеттерді орындау қажет:


  1. PowerPoint терезесінің төменгі жағында орналасқан Разметка слайда батырмасын басу;

  2. Разметка слайда диалог терезесінде жаңа белгілеу таңдау.

Слайд көрсетуінің үш әдісі бар:

    1. Көрсету өткізудің баяндамашы басқаратын әдеттегі әдісі, мұнда слайдар толық экранды режимде бейнеленеді.

    2. Пайдаланушы басқаратын әдіс. Презентация кішігірім терезеде бейнеленеді (бір пайдаланушы желі бойынша немесе Интернет арқылы қарағанда), слайдтарды алмастыру, слайдтарды редакциялау, көшірмелеу немесе басып шығару командалары бар.

    3. Автоматты-презентация толық автоматты түрде толық экранға өткізіледі. Бұл режимде көрмелік стендте немесе жиналыста пайдалануға болады. Бұл жағдайда көптеген меню мен командаларды пайдалануға тыйым салып, циклдік көрсету режимін іске қосуға болады.



Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28]
Тақырып 7 Мәліметтер қоры. Access мәліметтер қорын басқару жүйесі

Access – бұл мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ), яғни анықталған форматта мәліметтердің үлкен массивтерін сақтай алатын, оларды қолданушыға ыңғайлы түрде көрсететін және өңделетін бағдарлама комплексі. Access жиі қолданылатын операцияларды автоматизациялауға мүмкіндік береді. Access көмегімен мәліметтерді енгізудің және қараудың ыңғайлы формаларын жасауға болады.

Access – реляциялық мәліметтер қоры, яғни мәліметтер қорындағы бірнеше байланыстырылған кестелермен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Шебер көмегімен дайын кестелерді, формаларды немесе отчеттарды құруға болады.

Кесте құрылымы. Мәліметтер қорының барлық құрастырушылары (кестелер, отчет, сұраныстар, формалар және объектілер) бір диск файлында сақталады.

Кестенің құрылымын жасағанда алдымен оның өрістерінің аттарын, типтерін және олардың размерлерін анықтау керек. Кестенің әр өрісіне 64 символдан тұра алатын, ат меншіктеледі.



Access-те бос кестені құрудың 4 тәсілі бар:

  • Мәліметтер қорының бәрін бір операция жасап құру үшін мәліметтер қорының шеберін қолданады;

  • Кестеге бұрынғы кестелерден өрістерді таңдау. Оны мәліметтер қорының шебері жүзеге асырады;

  • Таблица режимінде бос кестеге мәліметтерді енгізу. Кестені сақтаған кезде мәліметтер талданады және әр өріске керекті мәліметтер типі және формат меншіктеледі;

  • Конструктор режимінде кесте макетінің барлық параметрлері анықталады.

Конструктор режимін кесте макетін өзгерткенде көп қолданады, мысалы жаңа өрістерді қосу үшін, енгізу маскасын құру үшін қолданады.

Мәліметтреді сұрыптау. Мәліметтерді қарау ыңғайлы болу үшін кестедегі жазуларды анықталған тізбек ретінде сұрыптау керек. Мәліметтерді сұрыптау үшін Записи - Сортировка командасын орындау керек.



Сүзу көмегімен мәліметтерді іріктеп алу. Сүзу – жазбаларды ірікетеп алу үшін колданылатын, шарт жиыны. Access-те төрт типті сүзу болады: фильтр по выделенному фрагменту, обычный фильтр, расширенный фильтр және фильтр по вводу (команда Записи —› Фильтр).

Формаларды бірнеше тәсілмен құруға болады. Ол үшін Формы қосымшасына шертіп, Создать батырмасын басу керек, шыққан терезеден керектісін таңдау.

Конструктор көмегімен форманы өзіңіз жасауыңызға болады. Форма шебері таңдалған өрістер негізінде форманы автоматты түрде жасайды. Керек болса форманы конструктор режимінде өзгертуге болады. Автоформалар автоматты түрде өздері формаларды жасайды.

Жаңа сұранысты құру үшін мәліметтер қорының терезесінде Запрос қосымшасын таңдап, Создать батырмасын басып және ашылған терезенің ішінде 5 пункттан біреуін таңдау: Конструктор, Простой запрос (қарапайым сұраныс), Перекрестный запрос (Қиылысқан сұраныс), Повторяющиеся записи (қайталанатын жазулар), Записи без подчиненных. Конструктормен әртүрлі сұранысты құруға болады, бірақ бұл сұраныс тек қана сұраныстарды жасайтын тәжірибесі бар қолданушыларға ұсынылады. Қарапайым сұраныс шебер көмегімен анықталған өрістен немесе басқа сұраныстардан құруға мүмкіндік береді. Қайталанатын жазулар пункті қарапайым кестеде немесе сұраныста қайталанатын жазуларды іздейтін сұраныстарды жасайды, ал записи без подчиненных пункті – бағынышты кестеде бірде - бір сәкес келмейтін жазуларды іздейтін сұраныс.

Еспетерді құру. Есеп – бұл қортынды ақпаратты қарауға және баспаға шығаруға арналған құрал. Есептерде күрделі есеп-қисапты, статистикалық салыстыруларды алуға болады және де оған суреттерді және диаграммаларды орналастыруға болады.

Есептерді құру үшін Отчеты қосымшасын ашып, Создать батырмасын басу керек. Новый отчет терезесі ашылады, онда есепті құрудың 6 тәсілі келтірілген: Конструктор, Мастер отчетов, Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный, Мастер диаграмм және Почтовые наклейки. Конструктор есепті өзідігінен құрылуға мүмкіндік береді. Мастер отчетов кестенің (сұраныстардың) таңдалған өрістері негізінде есептерді автоматты түрде құрады. Автоотчет в столбец және Автоотчет ленточный – есептерді құрудың қарапайым тәсілдері: тек кесте (сұраныс) атын көрсетсе болды, қалғанын есептер Шебері өзі жасайды. Диаграммалар Шебері есепті диаграмма түрінде құрады.



Мәліметтерді организациялау.

"Реляциялық" сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен шыққан.

Access-те үш типті кілттік өрістер қолданылады: қарапайым кілт, құрамды кілт, сыртқы кілт.

Логикалық топталған мәліметтерді әр түрлі кестелерде сақтау мүмкіндігі бар және оларды бір базаға біріктіру арқылы арасында байланыс орнату. Байланыс орнату үшін кестелер өрістерінің аттары немесе мәліметтер форматы бірдей болуы керек. Кестелер арасындағы байланысты осы өрістердегі сәйкес мәндер арасында қатынас орнатады.

Access - те кесте арасында 3 түрлі байланыс орнатуға болады: бірді көпке, көпті көпке, бірді бірге (один ко многим, многие ко многим, один к одному)

Бірді көпке байланысы-көп қолданады.Ондай байланыста А кестенің әр жазбасына В кестенің бірнеше жазбасы сәйкес келуі мүмкін.Бұл жазбалардың өрістері- кілт деп аталады.

Бірақ В кестенің жазбасы А кестенің бір ғана жазбасына сәйкес келеді.

Көпті көпке байланысы А кестесінің бір жазбасына В кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келеді, ал В кестесінің бір жазбасына- бірнеше А кестесінің жазбасы сәйкес келеді. Осында схема тек үшінші кестемен жасалады. Оның кілті ең азы екі өрістен тұрүы мүмкін. Оның бір өрісі А кестесінің өрістеріне , екіншісі В кестесінің өрістеріне сәйкес келеді.

Бірдің бірге байланысы. Бұл байланыс көп қолданылмайды. А кестесінің жазбасы В кестесінің бір ғана жазбасына сәйкес келеді, және керісінше.
Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28], [31-32]
Тақырып 8 Антивирустік программасы. Архитеу программасы.

Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемібойынша кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программаларда «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар.

Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:



  • Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар.

  • Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.

  • Вирус жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шаралар:

        1. Информацины әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірсмесін сақтау.

        2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

        3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дауындап қою.

        4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді тексеріп отыру.


Файлдарды архивтеу

Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса, оны қысуға мүмкіндік беретін арнайы бағдармалар қолданылады.

Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның көлемін кішірейту оны архивтеу деп атайды.

Архивтеу файлды бөгде адамдардың орынсыз қатынауынан информацияны парольмен қорғайды және файлдарды компьютерлік вирустардан бүлінуден жартылай қорғайды.

Архивтеу қарапайым қапшықтар мен файлдарды буып-түйіледі және арнайы архивтік файлға орналастыру

Архивтік файл дегеніміз өзінде бір немесе бірнеше файлдар немесе қысылған түрде қапшықтар арнайы түрде ұйымдастырылған файл.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда орналасуы мүмкін. Мұндай архивті көптомды деп атайды.

Егер архивтеу процессі бар болса онда кері процесс архивтен шығару болуы қажет.

Архивтік файл құру үшін ондаған арнайы архиватор-бағдарламалар бар. Кең тараған бағдарламалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP атауға болады.

Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:


  1. Жаңа архивтерді құру;

  2. Архивтерден файлдарды алу;

  3. Бар архивке файлдарды қосу;

  4. Өзі шешілетін архивтерді құру;

  5. Көп томды архивтерді құру;

  6. Архивтерді бүтіндігіне тестілеу;

  7. Зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;

  8. Бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

Өзі шешілетін архив . EXE кеңейтілуін алады. Қолданушы архивті бағдарлама сияқты жүктейді, содан кейін архивтің шешілуі автоматы түрде жүреді.


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау